Сабақтың технологиялық картасы №
Күні:
Тобы:
Пән атауы: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Пікір алмасу (Дискуссия)
Сабақтың мақсаты: Пікір алмасу (дискуссия) жөнінде түсінік беру. Олардың жүргізудің талаптарын жүйелі меңгерту.
Міндеті:
Білімділік міндет: Ой-пікірді ортаға сала отырып, мәселенің ортақ шешімін қалыптастыру, оқушылардың жан-жақты қарау мен талқылау арқылы көпшілік көтерген мәселенің түйінін тауып, ортақ пікірге келуін қалыптастыру.
Тәрбиелік міндет: Оқушыларды таза, жүйелі, шешендік сөздерді қатыстыра отырып сөйлеуге баули отырып кәсіби мамандыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық міндет: Талданатын тақырыптың ерекшелігі мен оған қойылатын талаптарын айқындау, ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту.
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес
Сабақ типі: жаңа білімді хабарлау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, дәріс оқу, айналым парақшасы, постер қорғау, АКТ
Сабақтың жабдықталуы: бағдарлама, оқулық, білім стандарты, әдістемелік нұсқау хат, слайд
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Ж.Дәулетбекова, Қ.Рай, Ш.Есмағанбетова «Қазақ тілі сөз мәдениеті және шешендік» (қоғкамдық-гуманитарлық бағыт) 11 сынып. Алматы, 2007ж
Сабақ жоспары (кезеңдері)
Ұйымдастыру
Үй жұмысын тексеру
БДІ тексеру
ЖБНИ
Бекіту
Үйге тапсырма беру,
Қорытындылау, бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) кіріспе әңгіме
ә) түгендеу
ІІ. Үй жұмысын тексеру
$ 27 оқу, мазмұндау.
229 – тапсырма. «Біздің қоғамдағы адам факторы», «Жастар ұйымын құру: көзқарастар, пікірлер» тақырыптарының бірін таңдап алып, мектепте «Дөңгелек үстел» ұйымдастырыңыздар. Соңынан пікірталасы туралы өз ойларыңызда жазбаша білдіріңіздер.
Өткен сабақ бойынша сұрақтар қояды
Пікірталас түрлеріне не жатады?
«Дөңгелек үстелдің» мақсаты не?
«Дөңгелек үстелді» ұйымдастырудағы маңызын ата?
Әңгіме мен «Дөңгелек үстелге» қандай талап қойылады
ІІІ. ЖБНИ кезеңі
Пікір алмасу (дискуссия)
Пікір алмасу (дискуссия) туралы түсінік
Пікір алмасудың мақсаты
Пікір алмасудың мәдени талаптары
Дискуссия (лат. discussio) - пікірталас, белгілі бір мәселе бойынша пікір сайысы, қандай да болсын мәселені немесе өзара байланысты мәселелер тобын білікті тұлғалармен бір мәмілеге келу үшін талқылау.
Топпен жұмыс. Сыни ойлау.
Қазір, балалар, сіздер мынадай тапсырмаларды орындайсыздар.
Пікір алмасу қалай жүргізіледі? Тақырып аясы қандай болады.
(Оқушылар берілген тапсырмалар аясында ойланады сұраққа жауап беру мақсатында ізденеді. Есіне түсіреді.)
Арнайы сұрақтар құрастыру. Диалогтік оқыту. Оқушылар оқулықтың көмегімен тақырыптарға сүйеніп, қойылған сұрақ төңірегінде жұмыстар атқарады. Бірімен – бірі пікір алмасады.
ІV. БДІ тексеру.
233 – тапсырма. Сыныпта өздеріңізді толғандырып жүрген, пікір алмасу өткізуге лайық тақырыпты таңдаңыздар. Оның жоспарын жасап, уақытын, тәртібін белгілеңіздер. Пікір алмасу өткізіңіздер.
235 – тапсырма. Мектепішілік деңгейде, егер мүмкіндік болса, мектепаралық деңгейде пікір алмасу ұйымдастырыңыздар. Ұсынылатын тақырыптар: «Мектеп киімі қандай болу керек?», «Кәсіби бағдарлы мектепте оқу не берді?», «Темекімен күресу мүмкін бе?».
Оқушыларға пысықтау сұрақтарын қоямын. Пікір алмасу неден туындайды? Пікір алмасу деген сөз қандай мағына береді?
Қорытындылау.
Пікір алмасу дегеніміз не?
Пікір алмасу қалай жүзеге асады?
Пікір алмасудың мәдени талабы қандай?
Пікір алмасу үстінде жиі көрініс беретін қолайсыз нәрсе Айналым парақшасын толтыру.
V . Бекіту
Постер қорғау
Қосымша сұрақтарға жауап беру
VІ. Үйге тапсырма.
$ 28 оқу, мазмұндау
234 – тапсырма . Бүгінгі күн тақырыбына жазылған көркем шығармалардан пікір алмасудың түрлеріне қатысты материалдарды табыңыздар. Оған талдау жасаңыздар.
VІІ. Сабақ қорытындылау, бағалау.
Топ басшыларының бағалауларын сұраймын, өзім соңғы бағасын шығарамын, журналға түсіремін. Күнделіктеріне қоямын.
Рефлексия 333
Достарыңызбен бөлісу: |