Өздігінен білім алу іс-әрекетіндегі жоспарлау мен мақсаттылық



Дата07.02.2022
өлшемі21,32 Kb.
#92737
Байланысты:
Тлеуберді Ә. Өздігінен білім алу
Текст для видео 9 г, МС ҚАҢТАР ҰБТ 2023, c29537384eab72d216d849b8b92b7aeb94e293f1

Өздігінен білім алу іс-әрекетіндегі
жоспарлау мен мақсаттылық
Орындаған: Тлеуберді Ә.Б.
Топ: ФК-009
ХХІ ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттерін түбегейлі өзгерту кезек күттірмес мәселеге айналып отыр. Өйткені қазіргі кезеңдегі ақпараттардың толассыз ағыны оқушыларға әрі қарай ауыр соғатыны анық. Сондықтан да қазіргі таңдағы біздің басты міндетіміз – білімді үйіп-төгіп беру емес, берілген білімді өз бетінше тиімді игеру үшін оқушыларды қажет құралдармен жарақтандыру [1].
Жасөспірімнің өздігінен оқу, білім алу біліктері мен дағдылары дегеніміз оқу-танымдық белсенділігін дамыту үшін білім алуға қабілетті қалыптасатын іс-әрекеттік қабілет, яғни біліктілік пен қабілеттің компанентіне кіретін көпқұрылымды дидактикалық категория. Оқушының өздігінен білім алу біліктілігі мен дағдысы жайлы біздің қабылдаған анықтамамыз Қазақстандық және шетелдік ғалым-педагогтар А. Темірбековтың, М. Мұқановтың, Қ. Жарықбаевтың, М. Құдайқұловтың, А. Леонтьевтің, Г. Гальпериннің, И. Талызиннің, И. Кузминаның ой-пікірлері мен тұжырымдарына сай келеді.
Оқушының өздігінен білім алу біліктері мен дағдылары білім алудың, шеберлікті меңгерудің, іс-әрекетті дамытудың басты тірегі болып саналуы керек. Әрине, бұл жерде тек оқушының ғана әрекеті емес, оған бағдар беруші, қиындықта кеңес айтушы, дұрыс жол сілтеуші маман-мұғалім болуы тиіс [2].
А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, Н. А. Менчинская және т.б. өздерінің зерттеулерінде оқушылардың біліктілігін оқу материалын тек қабылдау мен есте сақтау ретінде ғана емес, оқушылардың өзіндік іс-әрекеті арқылы қол жеткізуге болатын, берілген материалды ой елегінен өткізуге бағытталған белсенді танымдық іс-әрекет ретінде қарастыру қажеттігіне назар аударады.
Оқу – адамның дамып жетілуіндегі қажеттіліктерін өтеудегі негізгі іс-әрекет. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтармен білім қорын меңгеріп өзінің рухани дүниесін байытады, қалыптастырады. Оқу арқылы балаға қоғамда ғасырлар бойы жинаған рухани мұрасы, дағды, тәжірибесі беріледі. Жаңа буын өзінен бұрынғылардың тәжірибелерін ғылым-білім жүйесінен меңгереді, сөйтіп практикалық әрекетке дайындалады.
Оқу процесі оқушы мен ұстаздың өзара бірлесіп жасайтын іс-әрекеті. Көбінесе оқушы тарапынан көп әрекеттер болуы керек. Оқушылырдың үлгерімі, белсенділігі көбінесе олардың білім сапасы дәрежесіне: еңбек сүйгіштікке зейін қоюға, ұқыптылыққа және оқу еңбегіндегі қажырлыққа, өзін-өзі тәрбиелеуге байланысты.
Ж. Пиаже бойынша белсенділік деген интенсивтендіру, мығымдық; оқушының іс-әрекеті мен пәндік өзара байланыс дәрежесін анықтайды. Дәл қазіргі кезде білімнің кең көлемді қоры жиылған оқушының танымдық әрекетін белсендіру.
Олардың ішіндегі ең маңыздысы:
1. Оқушыларды танымдық әрекетке тәрбиелеу. Мұғалім көптеген құралдар арқылы, оқушының ойлау қабілеті, тәжірибелік шамасына әсер етуі керек.
2. Оқушылардың өзінше түсінуіне және өзінше пайдалануға ұмтылысы. Оның өзіндік түсінігін шығаратын сырт көздің берген бағасы өте маңызды, оқушының өзіндік әрекетінде мұғалім жеке бағытта оқыту жағдайында ең зор ұйымдастырушы- нұсқалық жоспарлар, дифференциалды әдістер, шығармашылық үй тапсырмалары, сабақтан тыс оқытушы әрекетін ұйымдастыру арқылы жоғары сапаға жету.
3. Оқыту процесіне деген зерттеушілік іс-әрекеттің байланысы. Өзіндік танымдық процесі оқушының оқу әрекетін қамтамасыз етеді, ойлау қабілетін дамытады, өзіндік білім алуға дайындайды.
4. Оқушының танымдық әрекетін белсендірудегі бағдарламалық оқыту. Оқушы сабақтан сабаққа бағдарланған оқулықтың мәтіні бойынша үздіксіз жүріп отырса, егерде ол оқыту техникасымен қоса жұмыс істесе, онда осы жағдайда жүйеленген оқу жүзеге асады.
5. Оқушылардың белсенділіктерінің бір бағыты болып ұжымдық, танымдық әрекет болып саналады. Бұл оқушылардың біріккен әрекеті, ортақ тапсырма орындауда өз істерін үйлестіріп, жұмысты өзара бөліп әрқайсысының міндетін мұғалім ұйымдастырады, яғни іскерлік тәуелділік жағдай пайда болады, білім меңгеруде өзара қарым-қатынас ұйымдастырылады, аса бағалы тәжірибе алмасу жүреді, ұжымның танымдық әрекеті да, сабақтан тыс уақытта да педагогикалық процесте жүріп отырады.
Оқуға, білуге деген белсенділік, қызығушылық танымдық белсенділіктің қозғаушысы екендігі белгілі. Бұл жағдайда Л.С. Выготский былай деген: «Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі белсене түсетін, ал мұғалім болса тек сол әрекетті басқарып, бағыттап отыру керек».
Орта мектеп бағдарламасындағы негізгі пәндердің бірі – математика. Математика сабағында оқушылардың пәнге қызығушылығын, құштарлығын арттыру, алдына қойылған есеп шешімін өз бетінше табуын жетілдіру, ойлау деңгейін, қабілетін жоғарылату ұстаздың басты міндеті [3].
Математика сабағында оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру үшін оқытудың жаңа технологиялары, интерактивті оқыту әдістері, оқу техникалары тиімді қолданылуы қажет. Математика сабағында оқушылардың өздігінен жұмыс істеуінің оның ақыл ойының қалыптасуына үлкен мәні бар.
Өзім сабақ беретін сыныптарда М. М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын» басшылыққа ала отырып оқытамын. Модульдік оқытудың тиімді жақтарының бірі – оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына көп көңіл бөлу. Оқыту технологиясының ерекшелігі тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталған. Сабақтың басым бөлігі оқушының өзіндік іс-әрекетіне бөлінеді. Осы іс-әрекетті ұйымдастыру үшін мәселен, оқу модулінің «сөйлесу» бөлімінде оқушыларды деңгейлік тапсырмалармен жарақтандыру керек. Деңгейлік тапсырмалар Блум таксономиясы бойынша әзірленеді. Сабақ соңында әрбір оқушы өз жұмысын бағалауға мүмкіндік алады. Өзін-өзін бағалау оқушыларда өз нәтижесіне сын көзбен қарауын, оқудағы өз мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты түсінік құра білуін қалыптастырады, өзіне сенімділігі артады. Сынып оқушыларын шағын топтарға бөліп, оқытудың белсенді формаларын пайдалану арқылы ұйымдастырылған сабақтар оқушыларды адалдыққа тәрбиелеуге, адамгершілік қасиеттерінің артуына көмектеседі.
Математика пәнінен үйірмелер, түрлі деңгейдегі сайыстар, олимпиадалардың жүргізілуі оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, өз бетінше ізденуге, үйренуге, ойлауға жетелейді. Математика ғылымының қыр-сырын жүйелі түрде меңгеру логикалық, стандартты емес есептерді шеше алмаса мүмкін емес.
Қазіргі математиканы оқыту әдістемесі оқушының танымдық қызметі мен ойлау жүйесінің ара-қатынасын анықтай түсуде. Ол оқушының дербестігін, қажеттілігін қанағаттандырумен қатар, интелектуалдық ойлау мүмкіндіктерін қалыптастырады.
Жасөспірімдердің адамгершілік-рухани қасиеттер арқылы өзін-өзі реттеуі олардың өзін-өзі тәрбиелеуі арқылы жүзеге асырылады.
«Әрекетіміз дұрыс болуы үшін, - дейді әл-Фараби, -біздің соған баратын жолымыз қандай болуы керектігін анықтап алуға тиіспіз». Демек, жасөспірімнің позитивті өзіндік сәйкестігінің қалыптасуы оның өзін-өзі тануына қолайлы жағдайлар тудырып, өзіндік білім алуына елеулі ықпал етеді.
Білім беру саласындағы жаңа идеяларды және тәрбие бағыттарын жүзеге асыру үшін жасөспірімдердің білім алуын өзін-өзі тәрбиелеу идеяларымен толықтырып, сондай-ақ оқу-тәрбие әдістерін жаңарту, оқушы мен мұғалім қарым-қатынасын өзара ынтымақтастыру арқылы адамгершілік дамудың жоғарғы деңгейіне жету шарттары көзделуі қажет деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Рудик Г.М. Ой еңбегі мәдениеті немесе оқудың 101 техникасы. Оқу құралы. – Қостанай, 2010 ж.
2. Есмағамбетов Ш. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру. Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы, 2002.
3. Тұрманова Ж.Е. Жасөспірімнің өздігінен білім алу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру шарттары // Дарын. №1- 2010ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет