... Бірде Жанқұтты шешен Құнанабайдың үйінде отырғанада Абай келіп сәлем береді. Ол кез – Абайдың жас шағы екен. Оның тапқырлығын, өлең шығаратынын естіп жүрген шешен баланы қасына алып отырғыады.
Шырағым, Абайжан! Арзан - өтірік, қымбат - шындық, ал дауасыз деген ол кәрілік емес пе? Жанарыңның оты бар екен – ақындығың шығар, маңдайың жазық екен – ойлылығың шығар, халқыңның қалаулы азаматы бол, - деп Жанқұтты батасын беріпті.
Абай Жанқұтты шешеннен нені білгісі келеді?
Сендер шешенге қандай сауал қояр едіңдер?
Өздеріңе үлкендердің бата берген кезі болды ма?
Естеріңе түсіріп әңгімелеп беріңдер.
Шығармашылық, топтық жұмыс. тапсырма
Суретші Ә. Қастеевтің «Жас Абай» туындысы берілген. Өнер туындысына қараңдар. Оның бет бейнесінен, көзқарасынан нені аңғаруға болады.
тапсырма
Төменде берілген Абайдың нақыл сөзін оқыңдар. Күнделікті өмірде осы өсиеттерді ұстанасыңдар ма? Әңгімелеп беріңдер.
«... Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айына бір, өзіңнен өзің есеп ал! (Он бесінші сөз)» тапсырма
Абайдың «... Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» деген ойын тақырып етіп алып, төмендегі кейіпкерлерді қатыстыра отырып, шағын қойылым дайындап, сахналаңдар.
Отбасында үлгілі бала;
Жақсы, мейірімді оқушы;
Нағыз дос;
Елгезек бала.
Топпен ән айту.
«Кел, балалар, оқулық!» 10 бет
Өлеңін жазған: Ыбырай Алтынсарин
Әнін жазған: Латиф Хамиди
Үй тапсырмасы.
«Адамзаттың Абайы»Мұзафар Әлімбаев 8-9 бет оқу.
Соңғы тыныштық сәті.Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!!!
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Мектеп:№4 орта мектеп №__2__
Сабақ мақсаты: Абай даналығы туралы түсінік бере отырып, оның дүниетанымының сүйіспеншілік құндылығына негізделгенін ұғындыру.
Міндеттері:
Абай даналығын сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып үйрету;
Адалдық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;
Айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адал, жауапкершілікті болуға тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы: Ұйымдастырукезеңi.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Тыныштық сәті: Тыныштық мезеті Үй тапсырмасын тексеру
«Адамзаттың Абайы»Мұзафар Әлімбаев 8-9 бет оқу.
Ақын өлеңде Абайды неліктен «Бар қазақтың данасы», «Адамзаттың баласы» дейді?
Абайды «Адамзаттың баласы» етіп тұрған қандай қасиеттері деп ойлайсыңдар?
Өздерің Абай туралы қандай мәліметтер білесіңдер?
Ескерту
Үнтаспа
Волшевная композиция хрустальная грусть
Дәйексөз.
«... Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» Абай Құнанабаев
Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Әңгiмелеу
Мұхтар Әуезов шығармашылығынан үзінді
... Таудан соққан ызғар, қатал мінездердің ызғары тәрізді. Ызылдаған суық лептің қарсысына ана жыры, мейірім шапқат жыры үн қосады. Құшағына тартқан өзгеше бір күш, бар дүниені өзіне бағындырар орны бар, баяу да болса, басым саз. Абай бір түрлі сейіліп, іштей серпіліп алып, тау жотасынан бейіктеп, аспанға қарады. Толық ай ашық көкті қалқып, сызып келіп, бір топ шоғыр қара бұлтқа кірді. Кірді де қызық күйге түсті. Абай соған қарап өзге жайдың бәрін ұмытып, аңырап телміре қалды.
Қара қошқыл кілегей бұлттың жоғарғы жақ шетін ала кірген ай бір көрініп, бір сүңгіп, машығынан тыс жылдам жүріп, дәл жасырынбақ ойнағандай құбылады. Кейде біржолата білінбей батып кетеді, артынан тез жарық етіп, күліп шыға келед те, лезде барып тағы шомады.
Келесі сәтте көзін қысып, сығырайтып, әдейі ойнағандай боп, бір жақ шетін ғана көрсетіп, сызып қалқып отырады да, тағы да сөне қалады. Абай дәл мұндай болып құбылған ойнақы айды ең алғаш байқағаны осы еді. Тағы бі рет, ай шеті қылдырықтай боп көріне түсіп, сөне қалғанда, еріксіз күліп жіберді... Мынау ай дәл бір құлдыраған жас бала тәрізденді... «Қу шұнақ, тәтті қылығы бар бала».
Табиғаттың қандай көріністері Абайдың көңіліне шаттық сыйлады?
Табиғатқа тамсану адамды не нәрсеге шабыттандырады?
Табиғаттың қандай әсем құбылыстарын адамның мінезіне теңеуге болады? Неліктен?
Өзің табиғаттың ғажап көріністеріне куә болған кезде қандай сезімге бөленесің? Әңгімелеп беріңдер.
Шығармашылық, топтық жұмыс. тапсырма
Абайдың бір өлеңін оқып, ондағы адамгершілікті, ізгілікті ойларды тауып, айтып беріңдер.
тапсырма
Абайдың « ... Сен де – бір кірпіш, дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан!» - деген өлең жолдарын басшылыққа алып, өздеріңнің өмірге қалайтын кірпіштердің қандай құндылықтар мен қаситтерден тұратынын дәптерге жазыңдар.