Өзіндік білімді тексеру жүйесі



бет1/2
Дата14.04.2017
өлшемі341,37 Kb.
#13956
  1   2
Адамзат ХХІ-ғасыр есігін - әлемдік жаһандану дәуірінде, ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың өте жоғарғы деңгейде қарқын алып дамудың жағдайында – ашты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткен жылғы – «Әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру»- стратегиясының маңызы ерекше болса, биылғы- «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдаған жолдауында оқыту үрдісінде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды – білім беру сапасын жақсартуда қолданыс аясын кеңейтуге баса назар аударды. Бұл білім саласына көптеген жаңалықтар тасқынын әкелуде. Сонымен қатар әлемдік ақпараттық даму жүйесіне еркін енуге жол ашуда.

Ақпараттық – коммуникативті технологияларды білім беру саласында үйлесімді пайдалану оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне негізделініп, өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, талғап білуіне үйретеді.

Мектеп қабырғасында физика пәнін ақпараттық – коммуникативті технологияны жүйелі қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қана қоймайды, оның логикалық ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Оқушы ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады.



  • Мектебіміздің физика кабинеті биыл мультимедиялық жабдықтармен қамтылды. Физика пәнінің барлық тарауына арналған электрондық оқулықта: оқу материалының толық баяндалуы (кескіндер; кестелер; графиктер; бейнелер);

  • өзіндік білімді тексеру жүйесі;

  • өзіндік бақылау жүйесі;

  • мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы;

  • авторлар тізімі;

  • терминдік сөздер;

  • оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;

  • оқулықпен жұмысты басқару жүйесі

енгізілген.

Мысалы, 9 сыныптағы «Динамика негіздері» тарауындағы Ньютонның І-ІІ-ІІІ заңдарын оқытуда электрондық оқулықтағы тәжірибелерін, тестік анықтамалықтар мен есептерін, термин сөздерді оқушыларға қолданып көрсетемін.


Сабақтың тақырыбы: Ньютонның үшінші заңы.

Мақсаты:


білімділік. Ньютонның заңдары туралы мағлұматтарды тереңдету, есте қалдыру, жете меңгерту.
тәрбиелік: оқушының ғылымға қызығушылығын арттыру, еңбекке, ұжымшылдыққа, халық дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
дамытушылық: өмірмен байланыстыра отырып алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу, оқушының ой - өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, электронды оқулық, мультимедиялық жүйе, қосымша әдебиеттер.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ньютонның ІІ заңы.


  1. Еске түсіріп ой шақыру (видеопроектормен камера арқылы А.Қ.Қаймолдинаның Физика есептер жинағының 11 бетінен үзіндіні мәнерлеп оқу.)

«Шақырды мысық тышқанды,

Тышқан келіп мысықтан,

Мысық болса күшіктен,

Күшік қыздан ұстады.

Қыз әжесін,ал әжей

Көмекке шалын шақырды.

Шал ұстады шалқаннан.

Бәрі тартып жабылып,

Жұлып алды ақыры”.
Сұрақ: координаталар осін таңдап алып, шалқанға байланысты Ньютонның екінші заңын жазыңдар. Қандай жағдайда шалқан үдеу алады?

Жауабы:


  1. Электронды оқулықты іске қосып Ньютонның екінші заңының анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін, тестік есептерді барлық оқушыларға беріп, жауаптарын партаға таратылған қосымша қағаздарға түсіртемін.

1. Денеде туындайтын ; оған әрекет етуші тура пропорционал, ал
кері пропорционал.

«орнына қой: массасына, үдеу, күшке».

2. Ньютонның екінші заңы:

a = ; F=m* ; m= ;



m a

№1 есеп.



Шешуі:

Бер: F=400 кН=4*10Н;

a=0,2м/с m=; m=

Т/к=m



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет