Дау-дамайларды
басқару
ерекшеліктері
Орындаған: Абаева Н.,
Айтымбет А., Алдабергенова Л.,
Байсал Ш., Бердіхан Ж., Ербол Ұ.
Ол дау-дамайлық жағдайдың ашық күреске айналып кеткенге дейін
оны шешу процесін басқару іскерлігін болжайды. Дау-дамайды
басқару – басшының дау-дамайлық жағдайды көре білуі, оны жете
түсініп, шешу бойынша бағытталған әрекеттерді іске асыра білу
қабілеті.
Дау-дамайды басқару басқарушылық қызметінің
саласы ретінде мынадай әртүрлі кезеңдері бар:
1) дау-дамайды қабылдау және жағдайды
алғашқы бағалау;
2) дау-дамайды зерттеу және оның себептерін
іздеу;
3) дау-дамайды шешу жолдарын іздеу;
4) ұйымдастыру шараларын іске асыру.
Ұйымдағы дау-дамайдың алдын алу
Ұйымдағы дау-дамай іс жүзінде әрдайым байқалып тұрады, өйткені, ол
белгілі бір және сырттай көрінуге ие: ұжымдағы шиеленістің жоғары
деңгейі; жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі; өндірістік және қаржылық
көрсеткіштердің нашарлауы; жеткізушілер мен сатып алушылар
арасындағы өзара қарым-қатынастың өзгеруі және т.б.
Дау-дамайдың
объективті деңгейі және оны қабылдау адекватты болуы керек екенін
ескеру қажет, өйтпеген жағдайда мыналар туындауы мүмкін:
− жалған дау-дамайлар (іс жүзінде жоқ дау-дамайлар);
− дау-дамайдың маңыздылығын тым артық бағалау
немесе жете бағаламау;
− бар дау-дамайды қабылдамау, елемеу.
Дау-дамайды зерттеу және оның себебін іздеу
1) қарама-қайшылық мәнін
анықтау, тек сылтауды ғана
емес, себептерін де анықтау,
кейде оны дау-дамай
қатысушылары жасырады;
ұйымдағы «сезгіш нүктелер»
деп аталатын жағдайларды
ашу және оларды жою
бойынша жұмыстарды өз
уақытында жүргізу;
2) қатысушылардың мүдделері мен
мақсаттарын, олардың
позицияларын анықтау . Мұнда жеке
талаптарын бекітумен байланысты
мінез бітістерін және ұжымдық
міндеттерді шешумен және
міндеттемелерді орындаумен
байланысты әлеуметтік өзара
әрекеттесу мақсаттарын бөліп алып
көрсету маңызды;
3) мүмкін
болатын соңғы
нәтижені және
күрес салдарын,
мақсатқа
жетудің
альтернативті
нұсқаларын
бағалау;
4) жанасу
нүктелерін, дау-
дамайға
түсушілердің ортақ
мақсаттары мен
мүдделерін
анықтау.
Бұл ұйымдағы дау-дамайды басқарудың келесі маңызды кезеңі – кез
келген практикалық іс-әрекеттің алдында дау-дамайлық жағдайға
талдау жасау болады, ол мыналарды болжайды:
Достарыңызбен бөлісу: |