Ф-ӘД-001/046
№10 Практикалық caбaғының тaқыpыбы: XVIII-XIX ғғ. аралығындағы қазақ
мәдениеті.
Caбaқ жocпapы:
1.
XVIII-XIX ғғ. қазақтың музыкалық мәдениеті және алғашқы қазақ жеріндегі қазақ
тіліндегі мерзімдік басылымдар.
2.
ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақтың демократ-ағартушылыры.
Caбaқ мaқcaты:
XVIII-XIX ғғ. аралығындағы қазақ ағартушылығы және оның көрнекті
өкілдері барысында толығымен мағлұматтар беру.
1.
XVIII-XIX ғғ. қазақтың музыкалық мәдениеті және алғашқы қазақ жеріндегі қазақ
тіліндегі мерзімдік басылымдар.
XVIII ғас. қазақ халқы үшін тағдыры өте ауыр да
қасіретке толы іздерін қалдырды. Жоңғарлар мен қазақтар арасындағы сойқанды соғыс,
шайқастар жүз жылдан астам уақытқа созылған еді.
XVIII
ғас Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сыр сияқты өзендерден жаяу-жалпы
шұбырған халық Ходжент, Бұқара, Самархандқа қарай бет алды. Осы тұста шамамен
/1723/ Қожаберген жырау «Елім-ай» әнін шығарды.
Қаратудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-жұртынан айырылған қиын екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді...
Осы жоңғар шапқыншылығына байланысты мүңлы да, зарлы өлеңдер елдің ерлігін,
адамгершілікті,
қайырымдылықты, батырлық пен батылдықты дәріптейтін өлең-жырлар,
толғаулар, аңыз-әңгімелелер ел арасында кеңінен тараған болатын. XIII-ғас. Жоңғар
шапқыншылығы кезінде өмірге келген қазақ күйшілері: Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл,
Байжігіт күйші.т.б.Ал XIX -ғас. Қазақтың музыкалық мәдениетіне үлес қосқан
композитор-күйшілер: Тарақұлы Абыл, Назарұлы Қожеке,
Шоқманұлы Тоқа, Қазанғап,
Ерназарұлы Дайрабай, Сарымалай, қобызшы Ықылас, Қазанғап, Өскенбай, Дина, Мәмен,
Махамбет .т.б.
1870-1917 жжылдары аралығында Ресейдің бодандығында болған қазақелі үшін баспсөз
өнері қолға алынған жылдар болды. Ең алғашқы қазақ тілінде жарыққа шыққан мерзімді
басылым – «Түркістан уалаяты» /1870-1882/ газеті «Туркестанская ведомости» атты
газетіне қосымша ретінде 1870 жылдан бастап Ташкент қаласынан шықты. Газетте қазақ
елінің тұрмысы, тарихы туралы мағлұматтар, оның ішінде қазіргі Қызылорда, Оңтүстік
Қазақстан, Талдықорған, Алматы облысының қоныс
еткен қазақтардың тұрмыс-
тіршілігнен хабардар етті. Газеттің редакторы Ш.М.Ибрагимов болды. 1883 жылы
Түркістан генерал-губернатордың бұйрығымен газетті қазақ тілінде шығару тоқтатылып,
газет өзбек және орыс тілдерінде шыға бастады. 1888-1902жж. Аралығында «Дала
уалаяты» газеті, Омбы қаласындағы «Акмолинские областные ведомости» атты газеттің
қосымшасы ретінде жарыққа шықты. Бұл газетте орыс ғалымдарының еңбектерін қазақ
тіліне аударып қазақ ағартушылары жазып отырды. Сонымен бірге қазақ қоғамындағы
басты мәселе сауаттандыру мәселесі де газет бетінен орын алды. Осындай қоғамдағы
болып жатқан маңызды мәселелерді ашып жазғаны үшін қазақ зиялылары билік
тарапынан жер аударылды немесе ату жазасына кесіліп халық жауы деген атқа ие болды.
Осындай қиын кезеңдерді басынан кешірген қазақ елі
десе де еш мойымай қазақтың
ағартушылары өздерінің шығармаларын жазудан еш тайынбады. Қазақ тіліндегі мерзімді
басылымдар тек газетпен қана шектелмей журналдар шығары бастады және қазақ
ағартушылары оқу-әдістемелік құралдарын, өздерінің шығармалар жинағын, кітаптар да
шығы бастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым
салынған «Қазақ газеті» жарық көрді. Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара
арасында
насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская
степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы
Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен
идеялық дем берушісі Мұхаметжан Сералин болды.
2.
ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақтың демократ-ағартушылыры.
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда ақын-жыраулық поэзиямен қатар шығыстық ақындық дәстүр үлкен
орын алды. Қазақтың дастандары араб-парсы әдебиетімен, фольклорымен байланыста
болды. Абай қазақтың классикалық әдебиетіне дастандар алып келді. Абайдың бүкіл
шығармашылығы әрекетсіздік пен жалған ұятқа деген ымырасыздық идеяларына толы. Ол
ел ішінде бірлік пен татулық болғанда ғана қоғамның негізгі күштері - ғылым, алдыңғы
қатарлы идеялар, мәдениет толық көлемде дами алады және бүкілхалықтық игілік әкеледі
деп санады. Қоғамды алға дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды. Яғни, бұл даму
егіншілікті, қолөнерді, сауданы дамытумен тығыз байланыстырылды.
Осы кезеңнің дара тұлғаларының бірі ретінде Ш.Уәлихановты (1835-1865) атаймыз. 1856
жылы Ш.Уәлиханов екі экспедицияға қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы
Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі - дипломатиялық
тапсырма бойынша Құлжаға
сапар. 1857 жылы Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қырғыз
халқының энциклопедиялық дастаны “Манасты” көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция
кезінде Ш.Уәлиханов тарихи деректермен қатар көненің көзі - ерте заман бұйымдарының
құнды үлгілерін жинады. “Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі”, “Қытай
империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы”, “Қырғыздар туралы жазбалар”
деген тарихи-этнографиялық туындылары жоғарыда аталған сапарларының нәтижесі
болатын. Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын
аудартып, 1857 жылдың ақпанында ол қоғамның толық мүшелігіне қабылданады. Оның
ғылыми мұрасы Қазақстанның
және көп ұлтты Ресейдің, басқа да халықтардың
проблемаларының өзекті тұстарын қамтиды. Ыбырай Алтынсарин /1841-1889/ қазақтың
аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы,
қоғам қайраткері
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің
қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында
дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа
Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз
бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді
адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым
В.В Григорьевпен жақын танысып алды.