Сүйек тіні және жұлынды зақымдайтын инфекциялық қабыну процесі. Ауру жедел және созылмалы түрде болуы мүмкін. Егер процесс созылмалы болса, бұл сүйектік склерозға немесе деформациясына әкелуі мүмкін. Тізе, бел, иық, омыртқа, жоғарғы және төменгі жақ қан айналымдарының ерекшеліктеріне байланысты остеомиелитке ұшырауға бейім келеді. Бірақ кез келген сүйектің абсцессі жарақаттың әсерінен пайда болады. Постжарақаттық остеомиелитке операциядан кейінгі остеомиелит,сүйек тінінде пайда болатын операциядан кейінгі остеомиелит, остеосинтез жатады.
Операциядан кейінгі остеомиелит жарақаттық операциядағы техникамен және асептикамен байланысты.
Постжарақаттық остеомиелит және операциядан кейінгі остеомиелит тірек қимыл жүйесінің жарақаттары ішінде 6,5% құрайды. Ашық жарақаттардан кейінгі іріңді асқынулар 16,3% құрайды. Науқас жедел гематогенді остеомиелитпен ауыратын сүйектерінде бірден пайда болатын ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі қатты, шаншып ауырады. Қаттылығы жоғары, ұйықтатпайды, қимылдаса қатты ауыртады. Аурулар өзінің жайсыз сезінуіне, бас ауруына, температурасының жоғарылауына, тәбетінің жоқтығына шағымданады. Жедел гематогенді остермиелит көбіне жас балаларда кездеседі. Ауру бірден пайда болады.