Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«ПЕДАГОГИКА» ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН»
ОӘБ төрағасы
______________ Б.А.Кошимова
« ____» ________ 20 __ ж.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Маңғыстау облысы білім
басқармасының басшысы
__________ А.Ә.Сейдалиев
« ____» ________ 20 __ ж.
KTS/SKYa/SKL3305 «Қазақ тілінің стилистикасы» пәнінің
СИЛЛАБУСЫ
Мамандық: 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Оқу формасы: күндізгі
Курс: 3 семестр: 5
ЕCTS саны: 5
Оқу тілі: қазақ
Силлабус кафедраның . . 201 ж. (№. хаттама) мәжілісінде талқыланды.
Кафедра меңгерушісі _________ А.Н. Отарова
Пән оқытушысы: _________ Б.А.Каримсакова
Пән оқытушысы туралы мәлімет: Каримсакова Бактигул Абдимухановна, «Қазақ филологиясы» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты
Кеңес беру уақыты – сейсенбі, 09.00-09.50 сағ.
Тел ном.: 8 778 222 1500 Электронды поштасы: baktigul.karimsakova@yu.edu.kz
Ақтау, 2019
1. Пәннің сипаттамасы:
Стилистика тілдің мәнерлі құралдары туралы, сонымен қоса тілдік құралдарды сөйлеудің мазмұнына, қарым-қатынастың мақсатына, жағдайы мен саласына сәйкес қолдану, яғни тілдің қызмет ету заңдылықтары туралы ілім. Стилистика тілдік қарым-қатынастың әртүрлі салалары мен жағдаяттарында қолданылуының заңдылықтарын зерттейді, ол үшін тілдің функционалды аспектісі арнайы зерттеу пәні болып табылады.
2. Пәннің мақсаты:
Стилистика, сөйлеу тілі, жазба тілмен тығыз байланысты болғандықтан, қарым-қатынас, хабарлау, әсер ету құралдары болып табылатын тілдік элементтердің (дыбыс, сөз, сөз тіркестері, екпін, интонация, т.б.) сөйлеу, жазба барысындағы белгілі бір әдеби нормаға сай дұрыс та әсерлі қолданылуын, көңілдегі көрікті ойдың тіл арқылы айқын да анық жеткізілуін, эмоционалды-экспрессивтік мәні бар амал-тәсілдері орынды, тиімді болу жақтарын мақсат етеді.
3. Пәннің міндеттері:
Сөз жасау, сөздерді түрлендіру, сөйлем құрау т.б. дұрыс жұмсалу жағын үйрету стилистиканың негізгі міндеті саналады:
- студенттердің сөйлеудің әртүрлі стильдерін, қазақ тілінің синонимдік барлық байлығын, әр алуан құралдарын іс жүзінде қолдана алу дағдыларын дамытып жетілдіру;
- болашақ тілші-мұғалімдерді оқушылардың стилистикалық дағдыларын қалыптастыруға баулып, дайындау;
- студенттердің тілдік талғамын, сөйлеу мәдениетін арттыру.
4. Пререквизиттер:
1) Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы;
2) Қазіргі қазақ тілінің лексикасы;
3) Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы мен сөзжасамы;
4) Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі.
Постреквизиттер: «Жалпы тіл білімі», «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Тарихи грамматика». «Тілдік қатынас негіздері».
5. Курс саясаты:
Пән саясаты – кафедраның білім алушыға берілген пәнді оқу үрдісінде қойылатын жалпы талаптарға, білім алушыға оқу материалын неғұрлым толық меңгеруге және оқытушылар мен білім алушылар (студент, магистрант, докторант) арасында жемісті ынтымақтастыққа бағытталған.
Тәртіпке қатысты талаптар:
Оқытушыларға, қызметкерлерге және білім алушыларға құрметпен және сыпайылықпен қарау, субординацияны сақтау;
Тәртіпті және ұқыпты болу, өзін лайықты ұстай білу, сабақ кезінде оқу және олардың маңындағы бөлмелерде тыныштық пен тәртіп сақтау;
Сабақ үстінде бөгде жұмыстармен айналыспау: сөйлеспеу, сағыз шайнамау, тамақ жемеу, телефонмен сөйлеспеу, музыка тыңдамау, газет-журнал оқымау, басқа пәнге дайындалмау т.б.);
Дәріс тәжірибелік (семинарлық), зертханалық сабақтарға міндетті түрде қатысу;
Кафедраның мүлкіне мұқият қарау, үстелдерге жазып-сызбау, мүлікті бүлдірген жағдайда жөндеу
Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау;
Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау;
Оқу, дәріс уақытында ұялы телефондарды сөндіру;
Ұялы телефондарды емтиханға бірге алып кіруге тыйым салынады, оларды пайдаланған жағдайда білім алушы емтиханнан қуылады;
Дәлелсіз сабақ қалдыруға және кешігуге тыйым салынады. Қалдырылған сабақ үшін ұпай төмендетіледі;
Пәнге қатысты талаптар:
Сабақ құралдарының, дәптер-қаламдарының болуы;
Оқу процесіне белсенді қатысу (тәжірибелік сабақ конспектісін орындау, теориялық материалдар дайындау, жағдаяттық тестер мен тапсырмалар орындау, өз бетімен жұмыс жасу, жоба орындау, эссе жазу т.б.);
Білімді, біліктілікті, тәжірибелік дағдыларды және құзіреттіліктерді толық көлемде игеру;
Кафедраның БОӨЖ (білім алушының оқытушы басқаруымен өздік жұмысы) қатысты талаптарын сақтау;
Мамандығы бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлардың жұмысына қатысу;
Орындалмаған тапсырмалар үшін қорытынды ұпай төмендетіледі;
Сабақ айтқанда және жауап бергенде нақты, дәл, анық және дәлел-тұжырымдармен сөйлеу керек;
Тапсырылған жұмыстарды, тапсырмаларды, БӨЖ-дерді оқытушыға уақытында тапсыру;
Аралық бақылауды уақытылы тапсыру
Академиялық адалдық ережелерін сақтауға қатысты талаптар:
емтихан жұмысының өту кезінде тәртіп ережелерін сақтау;
бағалау жүргізілетін, емтихандық немесе өзге де жұмыстарды орындауда академиялық адалдық принциптерін сақтау;
авторлық құқықты бұзбау: қандай да бір мәліметтерді қолдануда төлтума автор көрсетілуі қажет;
Жазба жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттер тізімін ұсынып отыру;
Өз жұмыстарында тек түпнұсқа, сенімді ақпарат ақпараттарды қолдану;
Көшіруге жіне топтағы білім алушыларға, курстастарға орындалған әрі бағаланатын жұмысты көшіруге ұсынуға тыйым салынады.
6. Пән бойынша күтілетін нәтижелер
ПН 1 - қазақ тілінің стилистикасын меңгертудің әдіснамалық, ғылыми-теориялық негіздерімен танысады;
ПН 2- қазіргі лингвистика, педагогика, психология және әдістеме ғылымдарының жетістіктерін сабақ үрдісінде қолдануды үйренеді;
ПН 3 - қазақ тіліне арналған білім стандарттары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу құралдары және оқу-әдістемелік құралдармен танысып, бағыт алады;
ПН 4 - студенттердің тілдік талғамын, сөйлеу мәдениетін арттырады;
ПН 5 – сөйлеудің әртүрлі стильдерін, қазақ тілінің синонимдік барлық байлығын, әр алуан құралдарын іс жүзінде қолдана алу дағдыларын, заңдылықтарын, оны меңгерудің амал-тәсілдерін игереді;
7.1 Курс мазмұны және матрица:
7.1.1 Дәріс сабақтары:
№
|
Дәріс тақырыптары
|
Сағат саны
|
Өткізу форматы
|
1
|
Стилистика ғылымы қалыптасуы, даму тарихы
|
2
|
интербелсенді дәріс
|
2
|
Тілдің актив және пассив құрамындағы сөздердің стилистикалық қасиеттері
|
2
|
пікірталас дәріс
|
3
|
Стилистикалық норма және стилистикалық қателер
|
2
|
проблемалық дәріс
|
4
|
Стилистиканың зерттеу әдістері
|
2
|
дәріс, пікірталас
|
5
|
Қазақ тілінің стилистикалық құралдары
|
2
|
дәріс, дебат
|
6
|
Лексика-фразеологиялық стилистика
|
2
|
дәріс, мәтін талдау
|
7
|
Сөзжасамдық стилистика
|
2
|
дәріс, мәтін талдау
|
8
|
Сөз таптарының стилистикасы
|
2
|
интербелсенді дәріс
|
9
|
Синтаксистік стилистика
|
2
|
пікірталас дәріс
|
10
|
Құрмалас сөйлемдердің стилистикасы
|
2
|
проблемалық дәріс
|
11
|
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері
|
2
|
Дәріс
|
12
|
Ауызекі сөйлеу стилі
|
2
|
Дәріс
|
13
|
Реми-іс қағаздар стилі және ғылыми стиль
|
2
|
Дәріс, ой толғау
|
14
|
Публицистикалық және ғылыми стиль
|
2
|
Дәріс, дебат
|
15
|
Көркем әдебиет стилі
|
2
|
Дәріс, пікірталас
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
30
|
|
7.1.2 Тәжірибелік сабақтар:
№
|
Тәжірибелік сабақ тақырыптары
|
Сағат саны
|
Тапсырма түрлері
|
1
|
Стилистика және оның халықтық тілге қатысы
|
1
|
Семинар
|
2
|
Тілдік құралдардың стилистикалық бояуы
|
1
|
Эссе
|
3
|
Қазіргі функционалды стильдер мәтіндеріндегі стильдік қателер. Олармен күресу жолдары
|
1
|
Жоба қорғау
|
4
|
Стильаралық лексика
|
1
|
Семинар
|
5
|
Фразеологиялық единицалардың эмоционалды-экспрессивті бояуы
|
1
|
Топтық жұмыс
|
6
|
Фразеологизмдерді қолданудың стилистикалық тәсілдері
|
1
|
Жоба қорғау
|
7
|
Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы
|
1
|
Топтық жұмыс
|
8
|
Жеке сөз таптарының стильдік қызметі. Етістік тұлғаларының қолданылуы
|
1
|
Семинар
|
9
|
Синтаксистің стилистикалық қызметі
|
1
|
Топтық жұмыс
|
10
|
Синтаксистік құрылыс және стильдер жүйесі
|
1
|
Эссе
|
11
|
Әдеби тілдің стильдері
|
1
|
Семинар
|
12
|
Кітаби-жазба стильдер стилі
|
1
|
Конференция
|
13
|
Іс қағаздары стилі мен ресми стиль
|
1
|
Эссе
|
14
|
Публицистикалық стиль. Қазіргі қазақ публицистикасы тілі
|
1
|
Семинар
|
15
|
Көркем әдебиет стилі
|
1
|
Жоба қорғау
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
15
|
|
7.2.1 ОБӨЖ орындау кестесі
№
|
ОБӨЖ
|
Тақырыптары
|
Тапсырмалар мен бақылау түрлері
|
Тапсыру мерзімі
(апта)
|
1
|
ОБӨЖ № 1
|
Стилистиканың қазіргі даму бағыттары
|
реферат
|
3
|
2
|
ОБӨЖ № 2
|
Стиль – тарихи категория, ол жайындағы көзқарастар
|
реферат
|
5
|
3
|
ОБӨЖ № 3
|
Стилистикалық коннотация (мағына), оның түрлері
|
баяндама
|
7
|
4
|
ОБӨЖ № 4
|
Функционалды стилистиканың стильдік белгілері
|
эссе
|
9
|
5
|
ОБӨЖ № 5
|
Ғылыми стильдің қазіргі жанрлары
|
баяндама
|
11
|
6
|
ОБӨЖ № 6
|
Публицистикалық стильдің түрлері (БАҚ мәтіндерін талдау)
|
реферат
|
12
|
7
|
ОБӨЖ № 7
|
Көркем әдебиет тілінің стильдер жүйесінде алатын орны
|
эссе
|
13
|
8
|
ОБӨЖ № 8
|
Ресми-іскери стильдің жанрлары
|
реферат
|
14
|
9
|
ОБӨЖ № 9
|
Проф. М. Балақаевтың стилистикалық зерттеулері
|
бяндама
|
15
|
7.2. БӨЖ орындау кестесі
№
|
Тақырыптары
|
Тапсырмалар мазмұны
|
жұмыс түрлері
|
1
|
Стилистиканың зерттелу жайы
|
«Стилистиканың ғылым ретінде қалыптасу және зерттелу тарихы, өзге ғылымдармен байланысы» тақырыбына конспект жазу
|
ауызша жауап
|
2
|
Тілдің стилистикалық құрылымы
|
«Стилистиканың негізгі ұғым-категориялары» тақырыбында конспект жасау
|
жазбаша талдау
|
3
|
Стилистикалық норма
|
«Стилистикалық нормадан ауытқу және стильдік қате» тақырыбына конспект жасау
|
жазбаша талдау
|
4
|
Мәтінді стилистикалық талдау
|
Сөздіктер мен анықтамалардағы стилистикалық белгілерді талдау
|
ауызша жауап
|
5
|
Тілдің бейнелегіш құралдары
|
Тілдің бейнелегіш құралдары. Троп пен айшықтау, олардың өзіндік ерекшеліктері
|
жазбаша талдау
|
6
|
Фонетикалық және
лексикалық
стилистика
|
Фонетикалық және лексикалық стилистика. Сөздердің лексикалық және стилистикалық мағынасы
|
ауызша жауап
|
7
|
Дамыту және оның түрлі стильдердегі көрінісі
|
Дамыту және оның түрлі стильдердегі көрінісі, стильдік қызметі
|
жазбаша талдау
|
8
|
Стилистикалық парадигматика және синтагматика
|
Стилистикалық парадигматика және синтагматика. Қосымшалардың стилистикалық қызметі
|
ауызша жауап
|
9
|
Сөз таптарының стилистикасы.
|
Жеке сөз таптарының стилистикалық қызметін мысалдар арқылы ашып көрсету
|
ауызша жауап
|
8.1 Пән бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:
Оқу нәтижесін бақылау түрі
|
Бағалау өлшемдері
|
Қойылатын ұпай шәкілі
|
|
|
|
Интербелсенді дәріс
|
- Білім алушы оқып/үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау;
|
7-9
|
- Үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас орнату;
|
10-12
|
- Үйренушілерге білімді дайын күйде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу.
|
13-14
|
Пікірталас дәріс
|
- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның)
|
7-9
|
- жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары,
- рөлдік және іскерлік ойындар
|
10-12
|
- пікірталастар
|
13-14
|
Проблемалық дәріс
|
- ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет, құжаттар, мұражай, т.б.)
|
7-9
|
- шығармашылық жұмыстар,
- кейс-стади,
- презентациялар
|
10-12
|
- компьютерлік оқыту бағдарламалары,
- тренингтер,
- интервью,
- сауалнама, т.б.
|
13-14
|
Практикалық жұмыс
|
- дайындық сапасы (оқуға ұсынылған материалдар, тарату материалдары, нұсқау беру, қолдау және көмек) - түсіндірудің сапасы (материалды еркін меңгеру, тақырыпты анық түсіну, сұрақтарға нақты жауап беру, мысалдар келтіру):
|
7-9
|
- ресурстардың сапасы (ұсынылған релевантты дереккөздердің кеңдігі, оқуға қажетті дереккөздерге сілтемелер.
|
10-12
|
- презентация сапасы (аудио-бейне техникасын жақсы пайдалану, материалдар, жанды, динамикалық)
дискуссияның сапасы (оқытудың тиімді және қызықты топтық әдістерін қолдану, білім алушыларды қатысуыға тарту, топ жұмысын үйлестіру).
|
13-14
|
Топтық жұмыс
|
- өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу;
ұсыныстарды, идеяларды жә не пікірлерді ұжыммен талқылау;
- түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну
|
7-9
|
- уақытты ұтымды жоспарлауға;
- инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға;
- тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
|
10-12
|
- идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау;
- топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу;
- талқылаудың қорытындысын шығару;
- дәйекті айғақтар келтіру.
|
13-14
|
Эссе
|
- мәтінді құрастырудың логикалық құрылымының болуы (мәселе көтерілген кіріспе; негізгі идеяларға бөлінген негізгі бөлігі; талқылау нәтижесінде алынған қорытынды);
|
7-9
|
- эссе тақырыбы бойынша нақты жеке позицияның болуы;
- жеке ұстанымды негіздеу кезінде дәлелдердің барабарлығы
|
10-12
|
- баяндау стилі (кәсіби терминдерді қолдану, дәйексөз, стилистикалық фразаларды құру және т. б.).
|
13-14
|
Жоба қорғау
|
- қойылған міндеттерді орындауға шығармашылық көзқарас, ақпаратпен жұмыс істей білу, командада жұмыс істей білу;
- алынған нәтижені бағалау:
|
7-9
|
- жобаның мақсаты мен міндеттерін тұжырымдаудың нақтылығы мен айқындығы, олардың тақырыпқа сәйкестігі; дереккөздерді таңдаудың негізділігі;
-проблеманы ашу және оның шешімдерінің тереңдігі/толықтығы/негізділігі;
|
10-12
|
- қорытынды мазмұнының жобада мәлімделген мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;
-теориялық немесе практикалық сипаттағы жаңашыл элементтерінің болуы;
- практикалық маңыздылығы; жұмыстың ресімделуі
|
13-14
|
8.2. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкілі және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
Балдар (%-тік құрамы)
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D-
|
1,0
|
50-54
|
FX
|
0,5
|
25-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
F
|
0
|
0-24
|
|
9. Әдебиеттер тізімі
9.1. Негізгі әдебиеттер:
1.Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 2015.
2.Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту әдістемесі. А.2017.
3.Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тіл мәдениеті. А:. 2017.
9.2. Қосымша әдебиет:
1.Мұсабекова Ф. Қазақ тілі стилистикасының мәселелері (методикалық талдау) А., 2016.
2.Исаев С. Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы. А., 2015.
3.Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. А., 2016.
Достарыңызбен бөлісу: |