Педагогикалық факультет



бет12/14
Дата03.02.2017
өлшемі3,13 Mb.
#8657
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Бөлме өсімдіктерін күтү


Түйме қадау тәсілдері.


Ырғақ қадау тәсілдері. Сыртетпе қадау тәсілдері.
Бақылау сұрақтары:

Әдебиет:

1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва «Просвещение», 1983г.

2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных мастерских» Москва 1981г.

3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың әдістемесі мен практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.


Лекция 12. Тақырыбы : Еңбекке баулу сабағының әдістері.

Мақсаты: оқытудың әдістеріне сипаттама бере таныстыру.

Лекция мазмұны.



I. Ақпарат алу негізінде жіктелген әдістер.


Ауызша

Демонстрациялық

Практикалық



  1. Түсіндіру;

  2. Инструктаж;

  3. Әңгіме;

  4. Әңгімелеу.

  1. Көрнекіліктертер көрсету;

  2. Құралсаймандарды және олармен жұмыс істеу тәсілдерін көрсету



  1. Жаттығу;

  2. Байқау;

  3. Тәжірибе;

  4. Жүмыстың ретін сызу;

  5. Жұмыс операцияларын орындау.




  1. Әңгімелеу.






II. Оқушылар мен мұғалімнің іс - әрекеттерінің негізіндегі.


Қайталау

Проблемалық

Ізденушілік

Жартылай іздену


  1. 1. Естіген политехника-лық мәлеметтерді қайталау;

2.Жаттығулар.

  1. Еңбекке баулуға арналған әдебиеттерден мәлеметтер іздеу;

  2. Технологиялы және қарталардан, көрнекіліктерден мәлеметтер іздеу.



1. Мәселені қою;

2. Қойылған мәселе туралы түсінік алу;

3. Мәселені жоспарлау;

4. Мәселені шешу;



1.Еңбек объектісіне өзіндік талдау жасау;

2.Қағазға сызбасын жасау;

3.Еңбек әдістерін орындау;

4. Еңбек объектісін жасап шығару.





Бақылау сұрақтары:


  • оқытудың әдісі деген не?

  • әдістің түрлері;

  • оларға сипаттама беру.

Әдебиет:

1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва «Просвещение», 1983г.

2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных мастерских» Москва 1981г.

3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың әдістемесі мен практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.


Тақырып 13: Сабақ- мектептегі оқыту түрінің формасы.

Мақсаты: сабақты оқыту формаларымен таныстыру.

Лекция мазмұны.
1.Сабақ — мектептегі оқыту және төрбиелеу процесінің бір түрі. Сабақтың үстінде оқыту, тәрбиелеу, дамыту мәселері көзделеді. Сондықтан да сабақ қазіргі талапқа сай және нөтижелі болуы үшін жоғарыда аталып кеткен әдіс-төсілдерді кеңінен пайдалану керек.

Еңбекке баулу сабақтарының ерекшеліктері:



- уақыттың негізгі бөлігі сабақтың практиқалык түріне беріледі (шамамен 30 минут);

- практиқалық жүмыс қоғамға пайдалы бағытта жұргізіледі.Оқушылардың өз қолымен жасаған жұмыстары басқа сабақтарыңда көрнекі түрде қолдануға немесе
бала бақшаларға, жанүяға беріледі;

- еңбек қүралдарымен жүмыс орыңдау техникалық қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауын талап етеді;

- қоғамға пайдалы бүйымдарды дайыңдау әрбір сабақта дидактикалық талаптарды айқын қоюды мақсат етеді;

- жүмыстың мазмүны қоғамға пайдалы бола отырып еңбек адамдарын қүрметтеуге, еңбек сүйгіштікке, жүктелген іске жауапкершілікті сезіне білуге, адамгершілік, эстетикалық, экономикалық білімділігін, үжыммен жүмыс орыңдауға бағыттайды.

2.Еңбекке баулу сабағының түрлері.

Әрбір нақты сабақ алдында қойылатын негізгі міндетіне байланысты сабақтың құрылымы жөне жеке кезеңдердің атқаратын қызметі өзгеріп отыруы мүмкін. Осы түрғыдан сабақтарды бірнеше түрге бөлуге болады. Еңбекке баулу сабақтардың негізгі түрлерін қарастыралық.

1. Окушылардың жаңа білім игеретін сабагы. Мүндай түрдегі сабақтарға кіріспе сабақтар, сондай-ақ басқа оқу тақырыптары бойынша сабақтар жатады, мұңдағы оқытудың негізгі міндеті- оқушыларға теориялық мәліметтер беру, кейбір үғымдарды қалыптастыру больш табылады. Оқушылардың жаңа білім игеретін сабақтарында жаңа материалды баяндау негізгі орын алады.

2. Іскерлік пен дағдылары калыптастыру сабағы. Мүндай сабақтар көп болады. Іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру сабағының басты кезеңі оқушылардың өз бетімен жүмыс істеуі больш табылады. Мүндай түрдегі сабақтарды бүйымдар жасау және қүрастыру кезінде үйымдастырған әлдеқайда дүрыс болады.

Алғашқы іскерлік және дағдыларды қалыптастыруға арналған сабақтарды бір-бірінен ажырата білу керек. Кез келген технологиялық операцияны практика жүзінде оқьш үйренуді, оқушыларды еңбек тәсілдерін орындау ережелерімен таныстырудан басталады.



3. Білімді практикада крлдапу сабағы. Кез келген практикалық жүмысгы тиісті білімді қолданбай орындау мүмкін смес. Дегенмен, білімді пайдалану — мүғалімнің басты назар аударатын негізгі оқу міндеті болып табылады.

Мысал үшін модель жасауға арналған сабақтарды алайық. Модель жасау үшін технологиялық процестерді, яғни, конструкциялау және құрастыру жөніндегі білімдерді меңгеру керек. Оқушылар нақты мысалдар арқылы модель жасаудың жалпы негіздері туралы мағлұматтар алуы, модель жасау процесі бағыңатын бірыңғай ережелер және талаптармен қарулануы қажет.Модель жасау сабақтарында оқушылардың білімі мен іскерліктерін практиқада пайдалануы, осы себептен де әсіресе қажет.

4. Кайталау сабагы. Оқушылардың жаңа материалды игеруге және нақты ұғып алуға, әзірлігін тексеруге бағытталған барлық түрдегі қайталау сабақтарыда қолданылады. Ол мүғалімге сабақтың негізгі оқу міндетін орындауға көмектесетін маңызды қүрал болып табылады. Алайда қайталаудың сабақта ең негізгі орын алатын кезі де болады. Қорытыңдылау сабақтары осы түрдегі сабақтар болып табылады.

5. Білім, іскерлік және дагдылары тексеру сабагы. Әр сабақта оқушылардың білім, іскерлік және дағдыларын тексеруге назар аударылады. Сонымен бірге білім, іскерлік және дагдыларды комплексті түрде; тексеру мақсатымен бақылау жүмыстар жүргізіледі, оған арңаулы сабақтар бөлінеді. Бүл сабақтарда оқушылар өз беттерімен жүмыс істейді.Осыған байланысты жүмыс объектілерін, оларды жасау процестеріне оқушыларға таныс емес мөліметтер мен еңбек тәсілдері енбеуі үшін ерекше мүқият іріктеу қажет.

Сабақтардың қарастырылған түрлерімен қатар еңбекке баулуда аралас сабақ деп аталатың сабақ жие қолданылады, ал өту процесінде бірнеше мәндес оқу міңдеттерін шешетіндігімен сипатталады.

Бақылау сұрақтары:

-сабақтың формасы деген не?

Сабақтың ұйымдастыру формалары;

Сабақтың оқу формалары.

Әдебиет:


1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва «Просвещение», 1983г.

2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных мастерских» Москва 1981г.

3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың әдістемесі мен практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.
Лекция 14. Тақырыбы : Сабақтан тыс жұмыс формасы.

Мақсаты: сабақтан тыс жұмыстардың формаларымен таныстыру.

Лекция мазмұны.
1.Күнделікті класс жағдайында мүғалім оқушыларды өндірісте болып жатқан өзгерістер туралы толық түсінік бере алмайды. Мысалы, полиграфия өнеркәсібінде кітап жасау барысында парақтарды пышақпен тегіс кесуінің қиындыққа түсетінін тек ауызша айтып кетеді. Ал типографияға саяхатқа барғанда оқушылар өз көздерімен жоғарыда аталып кеткен процесті көре алады.

Оқушыларды өңдіріс орындарымен таныстыру балаларды адам еңбегін бағалай білуге, еңбек сүйгіштікке тербиелейді. Экскурсияға апаратын орындарды дүрыс таңдай білсе, балалар өз көздерімен көріп, қүлақтарымен естігендерінен көп нерсені қабылдайды, еліктейді, қызығады, армандайды. Бүл болашақта еңбекке деген көзқарастарын дұрыс қалыптыстырады. Көздерімен көргендіктен балалар әрбір нәрседе адам еңбегі бар екенін түсініп өздерінде бар затты бағалай білуте тырысады.

Еңбекке баулудың Мемлекетгік стандартына сай мынадай тақырыптарға байланысты саяхаттар үйымдастыруға болады.

І сынып. Мектептегі іс тігетін орынға, ағашты өңдейтін шеберханаға, қүрылыс басына, «Біздің көшеміздегі машиналар».

II сынып. Өндіріс орындарына, фабрикаларға, құрылыс басына, пошта бөлімшесіне, түрмыстық қызмет көрсететін орындарға, аулдағы бақ-бақшаларға.

Ш сынып. Баспаханаға, картон фабрикасына,

киім тігетін жерге. «Адам табиғатты бағындыра да алады, табындыра да алады».

IV сынып. «Судың адамға қажеттілігі», «Үй қалай салынады?», «Біздің қалада не өндіріледі?» (Жергілікті мүражайға саяхат).

Саяхатты өткізбестен бұрын мұғалім нақты дайын-дық жүргізеді.



Саяхат жоспарын мұғалім алдын-ала жасайды. Мұғалім өндіріс орындарына барып, сол жердің ерекшеліктерін есепке алып, балаларды күні бүрын әзірлетеді, тапсырма береді. Саяхат қызықты, тиімді болу үшін, мүғалім сол мекеменің немесе өндірісгің қызметкерін саяхатшы ретінде қатыстырады.

Саяхатқа дайындық мынадай сәттерден түрадьг:



Саяхаттың тақырыбы анықталады;

Саяхатқа баратын жер тандалады;

Мүғалім өзі мекемемен (ондіріспсн) танысады;

Саяхатшымен келісу;

Саяхаттың жоспарын қүру;



Оқушыларға тапсырма бөліп беру (оқушыларды шағын топтарға бөліп: а)сүхбаттасатын тілшілерді; ә)фото тілшілерді; б) мекеме (өндіріс) туралы мәліметтер жинаушыларды т.б.)

Оқушылармен көшеде жүру және тәртіп ережелері туралы өңгіме жүргізу.

Саяхатқа барып келгеннен кейін мүғалім саяхаттан алған әсерлері туралы оқушыларға шығарма жаздырады, өндіріс өнімдерінен көрме үйымдастырады, өндіріс туралы сурет салу сайысын өткізеді, қабырға газетін, түсірген фото- суреттерінен стенд дайындатады. Саяхаттың тиімділігін арттыру мақсатында барған мекеменің қызметкерлерін өнерпаздар концертіне, кештерге шақырып сүхбаттасады. Мүндай жүмыс бір маманға оқушыларға жастайынан кәсіптік бағдар береді.

Саяхат сабағыньщ жоспары:

Тақырып:


Сьшып:

Уақыт:


Саяхатқа баратын жері:

Сабақтың барысы:



I. Кіріспе сез: Мүғалімнің оқушыларды саяхат жүргізетін адаммен таныстыруы, тақырыпты хабарлауы, келген мақсаттарымен таныстыруы. Саяхатшының сөзі: Жұмыс орындарымен, жұмысшылармен таныстыру:

Оқушылардың сөзі: Сүрақтар қою, пікірлесу т.б.

Саяхаттан келген соң, істелетін жұмыс: шығарма жазу, сурет салу, пікірлесу, көрме ұйымдастыру, альбом жасау.

V. Қорытынды жасау: Шығармаларына, суреттеріне т.б. талдап, баға қою.

Бала үшін мектептен және сыныптан тыс жүмыстар көбінесе оның қоғамдық маңызды және танымдық әрекетке алғашқы қадам жасауы болып табылады. Баланың өзі жасап шығарған зат, тіпті толық аяқталмағанның өзінде де, оған үлкен қанағат сезімін әкеледі. Мұндайда балалар адам игілігі үшін толып жатқан тамаша істер атқарып тастауға қүлшына түседі, Мұнымен бірге баланың мінезі қалыптасып, ерік-жігері, қиындықтарды жеңе біліп, көздеген мақсатқа жету жолындағы табандылығы мен қайсарлығы қалыптасады- еңбекке деген нағыз қүлшыныс пайда болады. Бала үнемі басқаларды өз еңбегінің пайдалы іс екеніне, өз бетінше бір нәрсені тындыруға қаблетті екеніне көзін жеткізіп, тіпті кейде таңқалдырғысы келеді. Еңбек арқылы ол ең жақсы қасиеттерді ашады.



Балалардьщ еңбегіне абайлап, жауапкершілікті толық сезіне, сезімталдықпен дүрыс педогогикалық жетекшілік ету - тәрбиешінің қиын да қүрметті міндеті. Табиғаттың тамаша тартуы-еңбек ете білу қабілетін барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жетілдіру, оны еңбек арқылы адамның өз орнын табуы жолына бағыттау керек. Балалардың еңбекке қызығып, беріле еңбек етуге деген табиғи мүқтаждығын шындай түсуге көмектесу керек. Балаларды қоғамдық пайдалы еңбекке тарта отырып, олардың адам бойындағы барша қүндылықтың нәтежиесі еңбек екендігін бастан кешіп түсінуіне жәрдемдесу қажет.

Техника үйірмесіндегі оқу-тәрбие жүмысына педагогикалық ықпал ету жолдарының бірі ретінде бір немесе бірнеше сабаққа, кейде тіпті бүкіл оқу жылына арналған әр түрлі ойындарды үсынуға болады.



I.сынып: «Бидайдың дәндерін егуге қалай дайындайды?», «Малға шөпті қалай дайындайды?» «Көкөністерді қалай жинайды, сақтайды?», «Алма ағашын қалай жерге отырғызады?», «Менің ата-анам кім болып іетейді».

II.сынып: «Фермадағы малшылардың жүмысы», «Менің колымнан не келеді?», «Темірші не істtйді?», «Агаш шеберінің жүмысы қандай?», «Сатушының жүмысы».

III.сынып: «Қүрылысшылардың жүмысы», «Yйірмедегі менің жүмысым», «Картопты қалай өсіреді?», «Комбайншының жүмысы», «Өзіңнің саяжайыңда не істейсің?», «Менің қолымнан не келеді?».

IV. сынып: «Тракторшының еңбегі», «Слесардың жүмысы қандай?», «Мектеп шеберханасындағы менің еңбегім», «Сауыншының жүмысы», «Тігіншінің жүмысы»,
«Менің қолымнан не келеді?»
Бақылау сұрақтары:

  • сабақтан тыс жұмыстардың түрлері;

  • сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы;

  • сабақтан тыс жұмыстардың тәрбиелілік және оқыту мазмұны.

Әдебиет:

1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва «Просвещение», 1983г.

2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных мастерских» Москва 1981г.

3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың әдістемесі мен практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.


Тақырып 15: Еңбекке баулу сабағы құрылымы мен әдістемесі.

Мақсаты: еңбекке оқыту әдістемесі туралы білімін қалыптастыру.

Лекция мазмұны.
1.Еңбекке баулу сабагының қүрылысын сабақтың тақырыбына, мақсаты мен міндеттеріне, мазмүнына, оқушылардың даму деңгейіне және мектептің оқу материалдық базасына байланысты мүғалімнің өзі анықтайды. Еңбекке баулу сабағы негізінен, практикалык. түрде өтуіне байланысты мынадай сабақтың қүрылысы үсынылады:

I. Үйымдастыру бөлімі (1—2 мин.)

II. Жаңа тақырыпты түсіндіру (5-7 мин.)

III. Практикалық жүмыс (30—35 мин.)

IV. Оқушылардьщ жүмысын бағалау,сабақты қорытындылау (3-5 мин.)



I.Сабактың үйымдастыру бөлімі мынадай сөттерден түрады:

оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру материалдары мен қүрал-саймандарын)



- жүмыс орындарын дайындату;

тазалық-санитарлық жөне қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.

II. Жаңа такырыпты түсіндіру:

- тақырыпқа байланысты кіріспе өңгіме айту;



- дайын үлгіні талдау (проблемалық сүрақтар қою арқылы);

- эскизді,сызбаны, технологиялық картаны оқушылармен талдау;

істелетін жүмысты жоспарлау, кіріспе кеңес (инструктаж) беру;



III. Практикалық жүмыс.

Сабақтың қүндылығы оқушылардың өз бетіменен сызба, технологиялық карта арқылы жүмыс жасауында. Осындай жағдайда мүғалім оқушылардың қабілеттерін, білім мен іскерлік деңгейлерін жақсы байқай алады. Егерде оқушы берілген жүмыстың көлемін уақытынан бүрын орындаса Мемлекеттік стандартта көрсетілген мүмкіндік деңгейінің мазмүнынан қосымша тапсырма бере алады. Сонымен қатар мүғалім оқушылардың іс-әрекеттерін қадағалап, күнделікті кеңес (инструктаж) бере алады.



IV. Оқушылардың жүмысың бағалау, сабақты корытындылау.

Бүл жүмысты сабақтың аяғында өткізеді. Оқушылардың жасаған бүйымдарын мүғалім балалармен ақьілдасып, пікірлесіл, бүйьшдарының кемшіліктері мен жетістіктерін айтып, бағалайды. Бүл сөт оқушыларды жауапкершілікке, үқыптылыққа, шыдамдылыққа, өзін-езі қадағалауға үйретсді. Егер оқушы берілген уақытта жүмысын орындап үлгермесе, мүғалім қорытыңды кеңес беріп, жүмысын үйде аяқтауға тапсырма береді.
Еңбек сабағының бағалау нормасы.

.Мүғалім оқушылардьщ жасаған бүымдарын бағалағанда мынадай талаптарды ескереді:

-бүйымның дәл талапқа сай жасалуын.



-уақыт өлшемін.

-оқушының білімін. -еңбек тәсілдерін дүрыс орындауы мен қүрал-саймаңдарды қолдануьш.

-жүмыс орнын мәдениетті үйымдастыруың. --санитарлық және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауын.

«5» бағасы жоғарыдағы барлық талаптар орындалған кезде қойылады.

«4» бағасы егер жүмыста аз ғана қателіктер жіберілген болса, берілген увкыт нормадан сәл асса, жүмыс орнын тауда кішкене қателіктер болса.

«3» бағасы жоғарыда көрсетілген талаптар нормадан ауытқыса.

Бастауыш сыныптарда еңбек сабағында «2» және «1» бағалары қойылмайды. Тек балаларға жұмыстың қате жасалғандығы туралы ескерту жасалуы тиіс.

Бастауыш кластағы еңбек сабағын жоспарлау.

Еңбекке баулу сабағының мазмунын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін тиімді іске асыру үшін алдын-ала еңбекке баулуды жоспарлап алу керек. Еңбекке баулуды жоспарлау мынадай сәттерден түрады:

1. Мемлекеттік стандартқа сай оқушылардың меңгеретін оқу материалының мазмүнын нақты анықтау;

2. Жүмыс объектісін таңдау (жасалатын бүйымды);

3. Сабақтың түрі мен әдіс-тәсілдерін таңдау;

4. Сабақта пайдаланатын оқу көрнекіліктері мен техникалық жабдықтарын т.б. дайындау.

Жоспарлаудың екі түрі бар: жылдық және күнделікті. Жылдық жоспарды құру мынадай талаптарды көздейді:

1. Еңбекке баулудың стандартымен танысу және әр сабақтың мақсат, міндеттерін анықтау;

2. Басқа пәндердің (бейнелеу, дүниетану, математика т.б.) бағдарламаларымен танысу;

3. Жергілікті және мектеп жағдайын зерттеу;

4. Өмірдегі және өндірістегі болып жатқан жаңалықтармен танысу.

Жылдық (күнтізбелік-тақырыптық) жоспардың мынадай схемасы үсынылады:







Тарау, тақырып

Сағат саны

Сабақтың өтілетін күні

Сабақтын жабдықтары

Білім

Іскерлік

Сабақтың түрі

Сабақтың әдісі

Пән аралық байланыс

Оқулықпен жұмыс

































Еңбекке баулудың мемлекеттік стандартында көрсетілген тараулардың ретінен шықпай сабақты өткізуге болмайды. Мысалы, "Өзіне-өзі қызмет ету" тарауын толық орындап, содан кейін «Дизайн» тарауын орындауға болмайды. Оқу жылы барысында әр тарауларға байланысты сабақтарды жергілікті және мектеп жагдайларына қарай араластырып жүргізу керек.

Еңбек сабағын күнделікті жоспарлауын мүғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспарға, мемлекеттік стандартқа сүйене жөне жергілікті мектеп жағдайын ескере қүрады. Күнделікті жоспарды дайыңдау барысында мүғалім мынадай мәселелерді қарастырады:

1. Білімнің, іскерліктің, дағдының нақты мазмүньн;

2. Дидактикалық мақсаты мен міндеттерін;

3. Қайталауға қатысты оқу материалын;

4. Оқушылардың басқа паңдерден алған білімдерін еңбек сабағында пайдалануын;

5. Өзіндік жүмыстың түрлері мен әдіс-тәсілдерін;

6. Оқушылардың іс-әрекеттерін басқарудың әдіс-тәсілдерін;

7. Сабақтың жабдықталуын.



/.Оқудан тыс еңбек сабағының шамамен алынған жоспары-конспектісі.
Багдарламаның бөлімі: Техникалық еңбек.

Сабақтың тақырыбы: Пластмассамен жүмыс. (Пенопласт)

Жумыс объектісі: Ер-тоқым жасау.

Класс: 3-4кл

Уақыт: 90 минут.

Сабақтың жабдықтары:



пенопласт, пышақ, қарыңдаш, сызғыш, біз, ер-тоқымның үлгісі, технологаялық карта т.б.., жаңа сөздер жазылған карточкалар.

Сабақтың мақсаты:

а). білімділік: Оқушыларга ер-тоқым жене ата салт міну үшін керекті жабдықтар туралы үғым; пластмасса-ның түрлері, қасиеттері; пенопласты өндеу жолдарьшен таныстыру, ер-тоқым жасауға үйрету.

ә). тәрбиелік: Оқушыларды істеп отырған жүмыста-рына жауапкершілікпен қарауға, үқыптылыққа, медениетті жүмыс істеуге тербиелеу.

б). дамытушылық: Эстетикалық талғамдарын, ой-өрістерін, творчестволық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың турі: практикалық.

Сабақтың әдісі: ауызша, көрсету, практикалық.



Пәнаралык, байланыс: ана тілі, бейнелеу.

Сабақтың барысы:



I. Үйымдастыру бөлімі.

II. Жаңа тақырьшты түсіндіру.

Кіріспе әңгіме.

Ер-тоқым үлгісін талдау.

Технологиялық картамен жүмыс.



Кіріспе әңгіменің мазмүны: Кіріспе еңгімені жүмбақтан бастауға болады.

Мысалы:


«Дейді. «Жаяу жүрмін!»

Атқа бұрын мінген, өзіңнен кейін түскен,

Мұндайды кім білген?» (ер-тоқым)
«Екеуі елеңдеп келеді,

Тертеуі төбелесіп келеді» Бүл не?

(Аттың екі қүлағы мен төрт аяғы)
- Балалар, ер-тоқым атқа салт міну үшін керекті жабдықтардың жиынтық аты. Ер-тоқым ердің басынан басқа желдіктерлік, төменгі үзеңгі, таралғы тартпа, айыл, төсайыл, жүген, тізгін, қамшы т.б. жатады.

Ер-тоқымның маңызы өте зор. Атта отырған кезде адамға ыңғайлы, орнықты, тік, жинақы, әдемі отыру үшін қажет. Ер-тоқымды сүйекпен, күміспен, көбінесс мүйізбен әшекейлейді. (Күй табағын тыңдатуға, сергіту сәтінде «ат шабыс» және «қамшы» би қимылын істетуге болады)

III.Практикалық жұмыс.

IV.Оқушылардың жұмыстарын талдау, бағалау.
Еңбек сабағының шамамен берілген талдау схемасы.

I. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушыларға таныстыру. Орындалатын заттын жақсы,әдемі шығуы үшін заңдылықтарды,ережелерді, төртіптерді еске түсіріп орындау керек. Қанша едістемелік кезең бар?

II. Гигиеналық тәртіптер, қауіпсіздік техникасы, жұмыс істеу тәртібі сақталды ма?

Орындалатын дайын заттың құрылысын мұғалім қаншалықты түсінікті, шебер талдап түсіндіреді.3аттың үлгісін көрсету, анықтау. Әрбір бөлшегін графикалық бейнемен салыстыру. Мүғалім мен оқушылардың сөз саптауы, сөз мөдениеті.

Жүмысты орындау. Алдын-ала болжап орындалатын затпен жүмыс істеу.



III. Көру,байқау, тексеру.

Аяқталған жүмысты салыстыру, талдау,бағалау.



Қандай күрделі кемшіліктер жіберілді, ол кемшіліктер дер кезінде қалай түзетідді?

VI. Сабақтың қорытындысын шығару: сабақтың мақсатына жетуі, сабақ үстінде тәрбиелік, дамытушылық мақсатгарының шешілуі.

Бақылау сұрақтары:



  • әр еңбектің түріндегі жұмыстарды оқыту әдістемесі;

  • еңбек түрлерінің әдістемесіндегі сабақ құрылымы;

  • сабақтың функциялары;

  • сабақты талдау.

Әдебиет:

1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва «Просвещение», 1983г.

2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных мастерских» Москва 1981г.

3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың әдістемесі мен практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.


Қосымша тақырыптар:
Тақырып: Бастауыш кластағы еңбек сабағындағы қауіпсіздік ережелер.

1. Бастауыш класта еңбек сабағында қауіпсіздік техникасы ережелеріне және тазалық-санитарлық талаптарына үлкен мән беріледі, себебі кіші клас оқушылары қиятын, кесетін, тесетін, т. с. кұралдармен жұмыс істейді.



Кауіпсіздік техникасы ережелері:

- Жүмыс істейтін орнында тек жаңа сабақтың тақырыбына байланысты қүрал-саймандар мен материалдар болуы тиіс;

-Қүрал-саймандар мен материалдарды парта (үстел) үстіне дүрыс орналастыр;

-Жүмысты әркашан мүғалімнің рүқсатымен баста;

-Материалдарды керекті бүйым жасау үшін, үнемдеп қолдан;

-Қүрал-саймандарды мүғалімнің көрсеткен әдістері бойынша қолдан;



-Өз жүмыс орныңды барлық уақытта таза сақта;

-Жүмыс үстінде басқаға назарыңды аударма;

-Жүмыс біткен соң қүрал-саймандар мен материалдарды өз орындарына қоюға әдеттен;

Қайшымен жұмыс істегенде:

-Үштары дөңгелек және өткір қайшыны қолдан;

-Бүзылған және тат басқан қайшыны қолдануға болмайды;

-Қайшыны жолдасыңа үштарынан үстап үсын;

-Қайшымен жүріп келе жатып қиюға болмайды;

Пышақпен жүмыс істегенде:

-Пышақты жабылған жүзімен белгілі жерде сақта;

-Өтпейтін пышақпен жүмыс істеуге болмайды;

-Жолдасыңа пышақты сабымен бер;

-Бумаланған парақтарда пышакпен фальцлинейканың бойымен тіл;

-Үшы дөңгелек пышақты қолдан;

Инемен жұмыс істегенде:

-Инені кез келген жерге тастама;

-Киіміңе инені қадама;

-Инені аузыңа салма!



-Инені арнайы жастықшаға шаншып қой;

-Тат басқан инені қолданба;

-Инені жіпсіз кез келген жерге қойма;

-Тіккенде оймақ пайдалан.

Егер де оқушы қолын жарақаттап алса класс бөлмесінде дерілер сақталған (мақта, йод, бинт т.б.) « Емхана» бұрышы болуы қажет. Сонымен қатар еңбек бөлмесінде, міндетті түрде, « Техникалық қауіпсіздігі ережелері» журналы болуы керек. Бұл журналға оқушылар қауісіздік ережелермен таныстым деген белгі қояды.



Тақырып: Еңбек сабағында оқушыларды графикалық сауаттарын ашу.
1.Графикалық білімбүйымдарды графикалық бейнелеу әдістері, адамға технологиялық және конструкторлық іс-қағаздармен жүмыс істеу кезінде қажет болатын экономикалық өзара көмек және ережелер мен нормалары туралы ұғым.

Графикалық іскерлікнормалар мен ережелерін пайдаланылып технологиялық-конструкторлық іс-қағаздарын жасау кезінде адамның өз ойын нақтылы әрі дәл беруге немесе басқаның ойын да түсіне білуге даярлығы. Графикалық іскерлікке ие болу процесі графикалық білімге негізделген үзақ жаттығуды, мол тәжірибені қажет етеді, мүның өзі оқушылардың кеңістіктік түсінігін дамытады және ол әркімнің жеке ерекшелігіне тәуелді.

Графикалык, дагдыларжаттығу кезінде қалыптасатын сызу қүрылымдарымен жүмыс істеу тәсілдерін меңгеру. Мектептегі оқу кезінде әдетте оқушыларда чсртежді оқи және сыза білу дағдысы толық қалыптаса қоймайды. Мүндай дағдыға ие болу-логикалық жәнс кеңістіктік ойлау қабілетінің жоғары деңгейімен байланысты ұзақ процес.

2.Графикалык хабарлама — конструкторлық жәнс тсхнологиялық іс-қағаздардағы мәліметтер. Бұларға чертеждегі, эскиздердегі, схемалардағы графикалық шартты бейнелеулер,материалдар түрінің шартты белгілеуі, техникалық шарттар және т.б. жатады.

Техника моделін жасауға үйрету — бүл оқушылардың конструкторлық-технолгиялық әрекетіндегі алғашқы қадамы. Мүнда оқушылардың графикалық даярлығы қажет болады, бірақ ол арнайы сабақ үстінде емес, еңбек процесінде, яғни затты жасай білу ептілігін кдлыптастыру үстінде жүзеге асады. Сондықтан оқушыларға нақты практикалық жүмыс процесінде керек болатын аса қарапайым графикалық материалды меңгеру қажет. Үйірме сабақтарында объектілсрді тандауда жстекші балаларға үсынылтын техникалық объектілердің пішіні мен конструкциясьш алдын-ала талдауы қажет.

Техникалық сурет — заттың көрнекі бейнесі, ол параллель проекция әдісін пайдалану арқылы көз мөлшерімен қолдана жасалады (яғни объектінің табиғи параллель болады. Техникалық суретте де параллель болады. Техникалық суретте конструкцияның барлық элементтері (көтеріңкі жерлері, ойықтары), т.б.өлшемін және пропорциясын сақтай отырып, қөз мөлшерімен бейнеленеді. Дәл өлшемдерін санмен көрсетуге болады.

Сызбазаттың сызу қүрал-саймандарының көмегімен өлшемді дәл сақтай отырып белгілі бір масштабта жасалған графикалық бейне. Ол объектінің материалы, өлшемі, пішіні туралы мәлімет береді. Сызба бойынша да, техникалық сурет бойьшша да заттың жалпы қүрлысы мен оның бөліктері жайлы білуге, ал өлшемі мен техникалық талаптары бойынша заттың өзін жасап шығаруға болады. Сызба әдетте, объектінің жекелеген жақтарының бірқатар бейнелерін береді, олар қағаз бетінің қатаң белгіленген жеріне сызылады.

Эскизбүл да сызба сияқты затты әр түрлі жағынан көрсетеді және орындалуы да сондай графикалық ережелерге байланысты. Эскиздегі сызықтар айқын әрі тегіс болуы тиіс. Өлшемдері нақтылы сандармен белгіленіп, бүйымның жасалатын материалымен масштабы көрсетіледі. Эскиздің сызбадан айырмашылығы оны сызу қүрал-саймандарының көмегінсіз, дәл мөлшерін сақтамай-ақ, қолдан сызады.

Масштабпен әлі таныспаған төменгі сынып балалары бейнені торкөз бойынша үлкейтуді немесе кішірейтуді жақсы атқарады. Бірақ масштаб дегеніміз бейненің, де-тальдың немесе бүйымның өзінен неше есе үлкен немесе кіші екенін көрсететін сан екенін айтуға болады. Сызба-лар мен техникалық суреттерден балалар мынадай белгілерді керуі мүмкін: М 1:2 (өлшемді екі есе кішірейту керек), М 2:1 (өлшемді екі есе үлкейту керек.

Жазба жасау дегеніміз — болашақ бүйымнын, немесе оньщ бөлшектерінің контурын белгілейтін сызықтар мен нүктелерді материалға (қағаз, мата, ағаш суреті, маталар) көшіру. Жазбаны шаблон, техникалық сурет, сызба, ауызша сиппаттау, үлгі және т.б. арқылы жасауға болады.
6.Мамандықтың типті оқу жоспары бойынша семинар және практикалық сабақ формалары белгіленбеген.

7. Пән бойынша материалдарды қарастырудың әдістемелік ұсыныстары.
Берілген курстың мазмұны оқытудың төрт сабақ формасымен қарастырылады: лекция; лабораториялық сабақ, оқытушының көмегімен студенттің өзбетіндік жұмысы және жеке өзбетіндік жұмыс. әрбір сабақтың оқыту формалары бойынша оқу материалдары және дидактикалық тапсырмалар белгіленген. Ол материалдардың көлемдері ОӘК мазмұнында болық белгіленген.

Лекцияның материалын студент өте ұқыпты оқып, түсініп және ұғына отырып конспектілесе, оның мазмұнын терең игеруге мүмкіндік береді. Лекцияның оқу материалы екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлім бейнелеу өнерінің теориясына арналса, екінші бөлім әдістемелік материалдарға арналған.

Лабораториялық жұмыстар мамандықтың оқу жоспары бойынша қарастырылған. Олай болса, лабораториялық жұмыс әдістемелік курстың мазмұнына жасалған. Жалпы саны 10 болып табылады. Лабораториялық жұмыстардың толық мазмұны мен көлемі, әдістемелік ұсыныстары мен нұсқаулары өзінің мазмұнында көрсетілген, яғни, толық көлемде.

Оқытушының көмегімен орындалатын өзбетіндік жұмыстар бейнелеу өнерінің түрлерін кескіндеу тәсілдеріне байланысты белгіленген. Ол жұмыстардың саны он болып табылады. Жұмыстың орындалу шарттары мен материал, құралдарыда нақты түрде ОӘК көрсетілген.

Студенттің өзбетіндік жұмыстарында біз лекция материалдарына қажетті толықтырғыш материалы ретінде тақыыптар белгіледік. Сол тақырыптарды көрсетілген әдебиеттерден тауып, оларды конспектілеп ұғынуды ұсынамыз. Ол тақырыптардың мазмұны емтихан сұрақтарына енеді.

Теориялық материалдарды игеріп және дидактикалық тапсырмаларды орындап оқытушыға есеп тапсыру әрбір оқытудың формасмымен жеке-жеке белгіленеді. Олардың мазмұны бойынша рейтинг және қорытынды бағаларға тікелей ықпалы тиеді. Сондықтан студент белгіленген тапсырмаларды толық көлемде орындаған орынды.

Оқу материалдары мен сарамандық жұмыстарды орындауға қажетті материалдар электорнды түрде көрсетілген ОӘК нен және университеттің әдебиеттер қорынан материалдар пайдалануға болады.
Оқытушының көмегімен орындалатын студенттің өзбетіндік(жеке) жұмысы


п/п


Тақырып

Мақсаты

Тапсырма

әдістемелік ұсыныс

Әдебиет

1

Қатты материалдарды өңдеудің технологиясы.

Қатты материалды өңдеу іскерлігіне үйрету

Жазық пластмасса материалынан көлемді бұйым жасау(1 дана)

Қарапайым құралдардың көмегімен ПВХ немесе оргстеклодан көлемді бұйым орындау керек.

9,14,16,31

2

Жұмсақ материалдарды өңдеу технологиясы.

Жұмсақ материалдарды өңдеу іскерлігіне үйрету

Матаны пішіп тігістерін көрсету.

Бір матаның бетіндегі бірнеше тігістердің түрін көрсету керек.

9,14,16,31

3

Қағаз, картон материалдарынан әр түрлі техникада бұйымдар жасау техникасы.


Қағаз материалынан бұйым жасау тәсілдеріне үйрету

Картон және қағаздан құралған көріністі композиция жасау

өлшемі 20х30 см. құралатын көлемде


9,14,16,31

4

Ағаш материалынан бұйым жасау технологиясы.

Ағаш материалын безендіру тәсілдеріне үйрету

Ағаш тақтайшасына бір безендіру техникасын орындау.

Көкөніс кесетін тақтайша бетті бояу немесе селдірлеу сияқты техникада

9,14,16,31

5

Метал материалынан бұйым жасау технологиясы.

Метал бұйымын безендіру тәсілдеріне үйрету

Қаңылтыр бетке бедер түсіріп безендіру.

Металлопластика немесе сымды ширату техникасында

9,14,16,31

6

Табиғи материалдардан «подделка» және «икебано» композициясында безендіру технологиясы.


Табиғи материалдарынан поделка жасау тәсіліне үйрету

Табиғи материалдардан композиция құру.

Бес немесе одан көп элементтен құралған композиция

9,14,16,31

7

Мата материалдарын өңдеу және олардан бұйым жасау технологиясы.


Мата бұйымын безендіру тәсілдеріне үйрету

Қарапайым тканнан бұйым пішіп безендіру.

Қуыршақ немесе декоративті панно жасауға қажет бұйым.

9,14,16,31

8

Саз материалдарын өңдеу технологисы. Пластиллин.

Саздан бұйым жасау тәсіліне үйрету

Бір дана саздан бұйым жасау.

Кез –келген жануар бейнесін

9,14,16,31

9

Қолөнер бұйымын жасауға үйретудің оқыту мазмұны және оның технологиясы.


Қолөнер бұйымдарын жасау тәсілдеріне үйрету

Қолөнер түрінің біріне бұйым орындау

Кез –келген техникада бұйым жасап оны безендіру.

9,14,16,31

10

Көркем құрастыру

(дизайн).



Көркем құрастыру технологясына үйрету.

Бөлменің дизайнын орындау (түсті картоннан)

30х40 см өлшемдегі көлемде композиция жасау керек.

9,14,16,31


8 Лабораториялық жұмыстарды орындаудың ұсыныстары мен нұсқаулары.
Лабораториялық жұмыс №1
Тақырыбы: еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы құрылымы мен мазмұны.
Объектісі: еңбекке баулу пәнін оқыту процессіндегі білім беру мазмұны.
Предметі: 3 – сынып пән сабағындағы қызмет көрсету бөлімінің оқу материалына модулді оқу бағдарламасын құрастыру.
Мақсаты: еңбекке баулу пәніндегі қызмет көрсету бөлімінің оқу материалымен оқу бағдарламасының жобасын жасау.
Міндеттері:


  • жұмыстың құрылымы және орындалу мазмұнымен ұқыпты танысу;

  • еңбекке баулу пәнінің міндетті білім беру стандартымен және оқу бағдарламасын жасауға қажетті талаптармен оқу - әдістемелік құжаттардан қарастыру;

  • оқу бағдарламаның құрылымын, мазмұнын және техникалық безендірілуін қарастыру;

  • айқындалған оқу мазмұнына негіздеме жасап модулді оқу бағдарламаның жобасын құрастыру;

  • орындалған оқу бағдарлама жобасын тәжірибеде тексеру;

  • оқу бағдарламасының орындалу мазмұны туралы есеп беру.


Жұмыстың құралдары: еңбекке баулу пәнінің мемлекеттік міндетті білім беру стандарты, 3 сыныптың оқу бағдарламасы мен оқулық құралы, нормативті оқу - әдістемелік құжаттар (дидактикалық талаптар).


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет