Г.Догалбаева
Георгиевка орта мектебінің
оқу ісі жөніндегі директор орынбасары
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытудағы әдістемелік жұмыстар.
Білім беру ісін ізгілендіруде күн талабында тұрған өзекті мәселелердің бірі —мұғалімнің кәсіби құзіреті. Бүгінде әр педагогтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда білім саласында түрлі бағыттар қанат қағуда. Осы ретте әлемдегі озық елдердің қатарында жаңаша білім беру жүйесін қалыптастыру бүгінгі күннің аса маңызды факторына айналуда. Қазақстандық білім жүйесі «Білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының» білім берудегі басты стратегиялық бағыттарын жүзеге асыра отырып, білім саласының озық жетістіктерін тәжірибеде сыналуда.
Елбасы «Білім дегеніміз – жекелеген адамдар үшін де, сондай-ақ, бүтіндей ел үшін де ең басты құндылық және табысқа жетудің негізі» екенін жыл сайынғы Жолдауында айрықша атап өтеді. Олай болса, білімге негізделген қоғам құрылысының негізгі басымдықтарын есепке ала отырып, педагог мамандардан аса жоғары кәсіби құзыреттілік талап етіледі.
Еуропалық білім кеңістігінде қоғамға қажеттік, мобильдік, өзара сенім білдірудің ең басты шарты алынып, сапа көрсеткіштері ретінде құзыреттіліктер қарастырылуда.
Құзыреттіліктің заман талабына сай кез келген саланың маманы болуға мүмкіндік беретін басты екі түрі белгіленіп отыр. Олар – «пәндік» және «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттіліктер. Атап айтқанда, «пәндік» құзыреттілікке белгілі бір пәнді меңгеруге (ұстаздар үшін) немесе белгілі бір саланы меңгеруге қажетті білім мен білік жатқызылса, «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттілік ретінде адамның өз білімін пайдалану және одан әрі дамытуға бағытталған ақпараттық, коммуникативтік, бірлесе жұмыс жасай алу қабілеттері, өз әрекеттерін басқару дағдылары сияқты қасиеттері жатқызылады. Мұғалiм – ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi.
Сонымен қатар еліміздегі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесіне қаншама өзгерістер еніп жатыр. Елбасы өз сөзінде: «Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және оларды материалдық ынталандыруға жеке назар аудару қажет. Біз озық педагогикалық тәжірибелер негізінде әзірленген педагогтерді қайта даярлаудың жаңа үш деңгейлі бағдарламасын енгіздік. Үкіметке 5 жыл ішінде 120 мың мұғалімді біліктілікті арттырудың жаңа бағдарламасы бойынша оқытуды қамтамасыз етуді тапсырамын»,- деген болатын. Бүгінде Назарбаев зияткерлік мектептері мен педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген біліктілікті арттыру жүйесінің педагог құзіретін арттыруда маңызы зор екендігін мақтанышпен атап өтуғе болады. Осы ретте «Өрлеу» БА ҰО ШҚО бойынша ПК БАИ мамандары облысымыздың білікті мұғалімдерін деңгейлік оқыту бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырып, жаңа формациядағы мұғалімдердің қатарын көбейтіп жатыр. Білім сапасын арттыруда атаулы бағдарлама шығармашылықпен қалай оқыту керектігін үйрену арқылы «Бетпе-бет» бағдарламасы негізінде оқытудың тиімді жеті модулін ұсынып отыр. Мен ұстаздық ететін мектептің 12 мұғалімі осы бағдарламаны тәмамдап, педагогикалық қызметін жаңаша көзқарастармен жүргізуде. Атаулы жоба тек біздің ғана емес, күллі қазақстандық мұғалімдердің ұстаздық жолына үлкен мүмкіндіктер ашуда. Осындай баға жетпес өзгерістерді мұғалімнің кәсіби құзіретіне зерделеп жатқан институт мамандарының еңбегін айрықша атап өткіміз келеді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан алған деңгейлік оқыту бағдарламасы кәсіби құзіреттілікті шыңдауда мына жағдайларды аңғартты.
Біріншіден, мұғалімдер сабақты ұйымдастыруда, өткізуде оның жеке тұлғаны дамытуға бағытталған философиясын меңгеруге ынталы болады;
Екіншіден, жеке тұлғаның дамуындағы кедергілерді зерттеу арқылы оларды өз бетінше білім алуға ынталандырудың жаңаша жолдарын қарастыра алады.
«Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта жалпы білім берудің жалпыға міндетті стандарты» жобасында «Құзыреттілік– оқушылардың іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі, ал құзірет дегеніміз алға қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; оқушының білім беру жүйесіне деген әлеуметтік тапсырысты құрайтын жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындығы» деп көрсетілген.
Бүгінгі педагогика ғылымындағы жаңа көзқарас бойынша тұлғаға бағдарлы үлгі оқушыларға білім негіздерін беруді емес, оқу және өмірлік жағдаяттарда алған білімдерін шығармашылықпен қолдануына, түйінді және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы өзін-өзі дамытуына, қоршаған шынайылықты түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге, негізгі оқу және айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге, өзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен өткізуге жағдай жасауды мақсат етеді.
Жаңаша білім берудің бір бағыты мекептің ресурстық қамтамасыз етілу жағайларымен байланысты. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялар, заманауи құрылғылар, сандық технологиялар білім мазмұнын жаңа бағытқа бастайтыны сөзсіз. Осы ретте біздің мектеп аудандық шағын жинақталған мектептердің тірек мектебі болып табылады. Жоспарланған жұмыстың жобасы бар, бірақ материалдық-техникалық база толығымен қамтамасыз етілмегендіктен, біраз кедергілер туындайды. Ресурстық орталық жұмысы бойынша мектеп директоры Қарағанды қаласынан білімін жетілдіру курсынан өтіп келді. Осы бағыттағы мектептің жұмысын жандандыруда әрі қолдауда Қашықтан және бейіндік оқыту мектебі ресурс орталығымен ынтымақтастықта жұмыс атқаруды ұсыныс ретінде айтқымыз келеді. Өйткені «Басты назарымыз – сапалы білімде» деп білім министрі айтып өткендей, жеке тұлғаны жан-жақты дамытуда, мұғалімнің кәсіби біліктілігін шыңдауда мықты материалдық база білім сапасын арттыруға кең жол ашары хақ.
E-learning жобасын жетілдіруді мектеп ұстаздары қолдауда. Атаулы бағдарламаның білім беру жүйесіне кумулятивті әсер етіп, оқушының сапалы білімге қолжетімдігі артады. Ағылшын, информатика, физика, қазақ, орыс тілдері, математика пәндері электронды оқыту жүйесі бойынша жүргізіледі. Ұжым тарапынан Білім Аттыру Институты мамандарынан қолдаудың қажеттілігін жасырмаймыз.
Кәсіби құзіретті маңыздайтын тағы бір мәселе - мүғалімнің өз қызметін ұтымды ұйымдастыра білуі.
Өз сабағын жаңаша ұйымдастыру арқылы, оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін. Әр сабаққа дайындық – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданса, сабақтың мазмұны ашылады. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - деп заманымыздың ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, заман талабына сай білім беру мәселесі де оңтайлану қажет. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін. Оқу үдерісінде құзыретті деп функционалдық сауаттылыққа негізделген ұлттық жоспарға сәйкес оқушының меңгерген білімдерін, оқу біліктіліктері мен дағдыларын, іс-әрекет тәсілдерін өмірдегі практикалық және теориялық мәселелерді шешуде қолдана білуге дайындығын (қабілеттілігін) айтады. Қазақтың болашағын тәрбиелеу мен білім беру ісінде әлемдік стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстансақ қателеспеспіз деп ойлаймын. «Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» өз бетімен білім ала алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр. Сапалы білім жолында жаңашыл технологияларды қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Осы мәселелерді шешу мақсатында оқытудың әр түрлі әдістерін қарастыруға болады. Соның ішінде Кембридж университетінің ұстаздары ұсынған оқытудың жеті модулінің артықшылықтары
1) Білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері арқылы дәстүрлі сабақ беруден алшақтаудамыз.
2) Шығармашылық қабілеті жоғары оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіруде
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалаудың жаңа тәсілдеріне бой ұсынудамыз, критерийалды бағалау жүйесінің тиімділігін насихаттаудамыз;
4) АКТ-ны қолданудың бар мүмкіндіктерін әр мұғалім шығармашылықпен жетілдіруде;
5) Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жоспарлы түрде жүргізіліп, оң нәтиже беруде. Мысалы, халықаралық олимпиадада -1 оқушы, Республикадан -2, облыстан – 5 оқушы жеңімпаздарымыз бар;
6) Оқушылардың жас ерекшеліетеріне байланысты білім беру және оқытуда интеллектуалды топтар мен үйірмелер жұмыс жасауда;
7) Білім берудегі басқару мен көшбасшылық бағыттары бойынша мектептің барлық жұмыстары жүйеге қойылған.
Білім берудегі құзыреттілік— бұл білімді, іскерлікті қолдану қабілеті, оқу міндеттерін шешуде практикалық тәжірибе негізінде стандарттан тыс жағдайда адамның табысты нәтижелі әрекет ету қабілеті деп бағалайтын болсақ, қазіргі таңда мектебімізде білім сапасын жаңартуда төмендегідей іс-шаралар жүргізіледі:
1) ПШО, Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы бағдарламасымен оқып келген мұғалімдерден топ құру арқылы Үйрету, Дамыту семинарларын ұйымдастыру;
2)Қазақстан Оқу Ассоциациясының білім саласындағы жаңалықтарымен және ақпараттарымен қамтамасыз етіп отыру;
3)Кэмбридж бағдарламасының әртүрлі деңгейдегі қатысушыларымен жоспар бойынша белгілеген әдістемелік ісшараларды ұйымдастырып отыру;
4) «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы арқылы мұғалімдердің біліктілік, арнайы және кәсіби құзіреттілігін дамыту арқылы 12 жылдық білім беру жолдарын қарастыру.
Қазіргі ақпараттық заманда мұғалімдердің заман талабына сай оқушыларды өз бетімен білім алуға, алған білімдерін өмірде пайдалана алатындай құзыретті тұлға дайындау міндеті тұр. Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, біздің мектеп үшінші жыл «Оқу –тәрбие үрдісінде қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тұлғаның ғылыми - ізденушілік, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту» проблемалық тақырыбы бойынша жұмыс істеп келеді. Жыл сайынғы оқу - жұмыс жоспарына жасалатын сараптама, келесі оқу жылына мұғалімдерге қандай мақсат қою керектігін айқын анықтап береді. «Мұғалімдердің топтық жұмысты ұйымдастыруы арқылы оқушылардың ой-пікірін еркін жеткізуін дамыту» тақырыбы бойынша, яғни жоспарланған шараларды қадамдап жүзеге асыруға көштім. Менің осы тақырыпты алғандағы күтілетін нәтижем – оқушылар өз ойларын таразыдан өткізіп, еркін толық түрде жеткізе білу. Мақсатым: мұғалім көптеген оқыту стратегияларын, нақты педагогикалық тәсілдерді пайдалана оқушыларды кез келген үдеріске сыни тұрғыдан қарап, өз бетімен жұмыс істеткізуге жетелеу.
1-сурет
2-сурет
Мен мектептің мұғалімдер ұжымымен «Мұғалімнің сабақтағы іс-әрекеті» атты педагогикалық кеңесте коучинг-тренинг өткізуді жоспарладым.(1-сурет) Ондағы мақсатым мұғалімнің өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыдан қарап, ой елегінен өткізіп басқа қырынан көру. Күтілетін нәтиже: оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне қызығушылығын арттыра отыра, топта жұмыла отырып жұмыс істеу арқылы диалогқа түсу, тақырып бойынша өз ойларын білдіруге мүмкіндік алу, басқа адамдардың түрлі идеяларымен бөлісу, өз идеяларын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқыту барысында қандай деңгейде екенін көрсету. Оқытудың 7 модульдің бірнеше әдістерін пайдалана отырып, білім алушыға жеке тұлға ретінде қарап, мұғалімдер сабақтың мақсатын әртүрлі әдіс-тәсілдерді, құралдарды пайдалана, оқушы ұжымына әсер ететін факторларды басшылыққа ала отыра, ұйымдастырылған топтар өздерінің постерлерін қорғады. (2-сурет) Топтық жұмыс арқылы мұғалімдер сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаттары үлкен пайда келтіретініне көздері жетті. Бұл коучингке бүкіл педагогикалық ұжым қатысты. Мектептің психологы күлекештермен ұжымды топқа бөлді.Топтардағы талқылау қызу жүрді. Сарапшылар тобы топтардың жұмысын әділ таразылады.
Мұғалімнің дамуы мен жетілуіне көмек көрсетудің айтарлықтай тиімді тәсілдердің бірі – коучинг. Мен үшін коучинг өткізетін коучтарды таңдау қиынға соққан жоқ. Мақсатым коуч–үш деңгейлік курс өтпеген, жаңашылдыққа жаны құмар мұғалімді алып, оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу арқылы жаңа тәсілдерді пәнге енгізуді жүзеге асыру. Жас маман химия пәнінің мұғалімі А.К. және қазақ тілінің мұғалімі Н.Д. коуч-мұғалім ретінде алынған болатын.
3-сурет
Алғашқы коучингті химия пәнінің мұғалімімен
Достарыңызбен бөлісу: |