Пән: Қазақ әдебиеті Тобы: э-11 Күні



Дата06.04.2022
өлшемі18,67 Kb.
#138141
Байланысты:
Қазақ әдебиеті 22 сабак 1.
tebenova-arnaiy-psih, tebenova-arnaiy-psih, tebenova-arnaiy-psih, Электромагниттік тербелістер Теория, -Айнымалы ток-

Пән: Қазақ әдебиеті
Тобы: Э-11
Күні: 26.03.2022
Тақырып
ІҮ Бөлім. Тарих тағылымы


Жәркен Бөдешұлының өмірі мен шығармашылығы

Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда дүниеге келген. ҚХР-дың Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы Жайыр тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Жармұхаммед. Шешесі: «Пайғамбарымыз Мұхаммедтің қасиетті есімін қайта-қайта айта бермейік, сен Жәркен боп жүрші», – дегеннен кейін Жәркен атанып кетеді. Ол жастайынан өлең-жырға құмар болып, ауылдағы өтіп жататын айтыс жарысынан, ойын-жыр отырыстарынан қалмай, ха лық ауыз әдебиеті мен салт-дәстрін ертеден құлағына сіңіріп өседі.
ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. Мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі. Әр алуан басылымдарда ақынның «Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Генерал Жаһар Дудаев», «От пен су» («Сорос– Қазақстан» қорының жүлдесі берілген), «Тас бесік», «Бостандықтың басы», «Шер», «Жалғыз» атты дастандары жарияланды.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Түркі тілдер елдері поэзиясы ІІ фестивалінің лауреаты, Қ.Сәтбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық мүшәйраның бас жүлдегері.
Шығармалары: Өлеңдер мен поэмалары. Көкше құрақ. «Жалын», 1979; Қос қанат. «Жазушы», 1982; Зейін. «Жалын», 1984; Аспан даусы. «Жазушы», 1985; Нұрлы бояулар. Өлеңдер мен поэма портреттер.«Жалын», 1988; Жұлдызға орнын ай бермес. «Сөзстан», 1996; Емендер түнде бүрлейді. А., «Ана тілі», 2001; Бөрінің асығы. А., «Жазушы», 2005; Бұрылыс. А., «Сөздік словарь», 2007.
«Жалғыз» поэмасы – Жәркен Бөдешұлының шоқтығы биік шығармаларының бірі. Ол сюжетсіз лирикалық поэма түріне жатады. Себебі мұнда шығарманың дамуы, байланысы, шарықтау шегі, кейіпкерлер тартысы сияқты сюжеттің кезеңдері жоқ.
Ғұлама таулардың тұрғыны - арқар, құлжаны кәнігі мергендер күзде, тек қана күзде аулайды. Жауынға бөртіп, шыққа шыланып піскен қара жусанды қарпытып, тасты жарып шыққан мөлдір бұлақпен шөлін басқан еркін, қамсыз хайуандар, қуатты, қоңды шіркіндер мергеннің қақ жүректен көздеп атқан тосын оғы дөп тигенде былайғы аңдардай бірден құлап түсіп, жан тәсілім етпейтін көрінеді. Қойдың құмалағындай қорғасын оқтың уы ұлы денесіне тегіс жайылып болғанша сағаттап, тәуліктеп жылжымай қарысып тұра береді екен. Мұны ежелгі аңшылар қауымы “оққа сүйенген жалғыз арқардай” деген тәмсіл арқылы еске салады.
Ғұлама құздың басында оққа сүйенген жалғыз арқар әлі сіресіп тұр. Сауысқан, қарға, құзғындардың тұтқиыл шабуылының кесірінен мерт болған ақсұңқар құстың рухы қомданып, Хан-Тәңірінің қиясында қонақтап отыр. Жаралы арқардың қашан көз жұмары белгісіз... Қомданған қыранның күні ертең-ақ шарықтап аспанға көтерілуі айдан анық. О, Жаратушы жалғыз Тәңір-Ием, өзіңе ұқсаған жалғыздарыңды жарылқай гөр!


1 тапсырма. Дәрісті пайдаланып сұрақтарға жауап беріңіз
1. Жәркен Бөдешұлының туған жылы мен жері?
2. Жазушының бітірген оқу орны мен атқарған қызметтері?
3. Басылымдарда жарияланған дастандары?
4. Өлеңдер мен поэмаларын жылдары мен көрсете отырып жазыңыз?


Дискриптор
-Сұраққа өз пікірін білдіру
-Ойын тұжырымдап жазу
- Нақты берілген сұраққа жауап беру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет