Пән: Психология Пән мұғалімі: Шайхымуратова Индира Берикхановна Апта: 2 Тақырып 2



бет1/3
Дата03.12.2022
өлшемі0,52 Mb.
#161073
  1   2   3
Байланысты:
Қабылбекова Жанерке (2 апта) Психология
1! Êàíäèíñêèé-Êëåðàìáî ñèíäðîìûíà ò?í ñàíäûðà? ìåãàëîìàíèÿëû?, Документ, Анатомия , ВПС , Нарушения ритма, №2 Ядролық физика элементтері

Аты-жөні: Қабылбекова Жанерке Айдарбекқызы
Мамандық: (6В01701) Қазақ тілі және әдебиеті ТжКБ негізінде (1 курс)
Пән: Психология
Пән мұғалімі: Шайхымуратова Индира Берикхановна
Апта: 2
Тақырып 2. Еңбек іс-әрекетінің мотивациясы. (2 апта)
Тапсырмалар:

  1. Адамның іс-әрекетінің құрылымы.

  2. Іс-әрекеттің түрлері және оның сипаттамасы.

  3. Ішкі және сыртқы мотивация



1. Адамның іс-әрекетінің құрылымы.
Іс-әрекет үш қырлы анықталады, яғни бір уақытта үш кеңістікте іске асырылып, көрініс береді, ол: тұлға (іс-әрекет субъекті), объект (іс-әрекет пәні) және ішкі праксис (түрліше белсенді процесстер).
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын төмендегідей бейнелеуге болады:

Қажеттілік

Белсенділік

Мотив

Іс-әрекет

Мақсат

Әрекет

Жағдай
(міндет)

Амал

Бұл блоктардың сол жағында іс-әрекеттің интенционалды аспектісі, ал оң жағында амалдық аспектісі көрсетілген.
А.Н. Леонтьев өзіндік іс-әрекет құрылымын морфологиялық сипатты емес, құраушы бөліктерінің динамикасын, қатынасын, қызметін бейнелейтінін қайталайды. Қарастырылушы тұжырымдама методологиясына тағы бір ескерту енгізу қажет. Ол — іс-әрекеттің психологиялық құрылымының аддитивтілік қасиеті ескерілмеген, яғни, қарапайым құраушы бөліктерінің қосындысы күрделі жүйе блогына пара-пар емес. Мысалы, мотивтердің қосындысы өзін іске асырушы қажеттілікке тең емес. Қажеттілік субъективті күй иесі ретінде қалады, ал бұл мотивтер қосындысында жоқ.
Сонымен, қажеттілік адамды белсенді етеді. Бұл мүмкін болар іс-әрекетке деген психологиялық даярлық күйі. Адамда белсенділіктің болуы актуалданған қажеттілікті сандық, сапалық өзгертіп, болашақ іс-әрекетті түрліше деңгейде белсенді қылады.
Төменде А.Маслоудың қажеттіліктің иерархиялық пирамидасы:

Мәселен, сізде саяхатқа бару қажеттілігі актуалданды. Бұдан сіз жаңа жағдайларға даяр болып, қобалжу, қызығу күйіне енесіз (бұл сырт көзге көрінбеуі де ықтимал). Субъективті түрде бұл шаршау, қанағаттанбаушылық түрінде көрініс береді. Осы кезде сізде кеудеңізді керген психологиялық дискомфорттан «құтылу» ізденісі белсендіріліп, сана «іске қосылады». Бұл уақытта құрбыңыз телефон шалып, өзімен бірге саяхатқа баруыға шақырса, қажеттілік психологиялық тұрғыда мотивке айналады. Нәтижесінде, сіз саяхатқа аттанасыз, яғни арнаулы іс-әрекет орындайсыз. Осы кезде мотив мақсатқа жүгінуді, жағдайға қатысты реттілікті, бір сөзбен, өз қызметіне кірісуін талап етеді .
Мақсат дегеніміз, болашақ әрекет нәтижесін саналы түрде елестету. Бұл тұлғаның әрекет мәнін қабылдауы. Мысалы, саяхатқа аттану үшін билет сатып алу керек, киімдерді жинап, межелі жерге жету қажет. Осылардың барлығы мотивтер аясына қатысты болғандықтан, алға қойылған және қабылданған мақсаттарға тұлғаның қол жеткізуі қажет. Әйтпегенде, олар субъект үшін мәнсіз болар еді.
Әрекет – мақсатты бағындыруға бағытталған іс-әрекеттің бір бөлігі, бірлігі. Саналы аңғарылған мақсат — мақсатқа бағытталған әрекет болып табылады. Алайда, әрекет түрткісі мақсат емес, жалпы әрекет мотиві болады. Мақсат түрткі қызметін атқармайды, ол тек әрекетті орындайды және өзіне «бағындырады», яғни әрекетті бағыттайды, нәтижеге жетелейді. Сондықтан, мінез-құлықты талдау барысында психологтің бұл кезіктіргені іс-әрекет пе, әлде әрекет пе екендігін, және, сәйкесінше, бұл процестердің мотивке, я мақсатқа бағынатындығын анықтауы маңызды.
Іс-әрекет құрылымы сұлбасындағы соңғы түсінікке тоқталайық, ол – міндет. Міндет – мақсаты және әрекеттің орындалу тәсілі белгілі, яғни амалы бар нақтылы жағдай. Мысалы, қандай да бір затты қолына түсіруді мақсат еткен адамның мақсатқа қол жеткізу жағдайы (міндеті) объективті не субъективті түрде әр-түрлі болуы мүмкін: дүкеннен сатып алу, немесе досынан сұрап алу. Міндеттің қандай тәсілмен іске асырылуына байланысты нақты амалдар құрылады: көлікте жүруден бастап затты сөмкеге салуға дейін.
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттау үшін кеңінен тараған үш түсінікті анықтау керек, ол жоғарыдағы сұлбада формальды түрде көрсетілмеген, алайда оған бітісе жүретін – дағды, білім және әдет.
Дағды – қалыптасуы барысында автоматтанатын және әлдеқайда күрделі іс-әрекетті құрастырушы амалдар жиынына айналатын әрекет. Бұл анықтамада, алғашында мақсатқа бағытталған әрекет ретінде жүретін, дағдының динамикасы, тарихы сипатталған. Әрекеттің автоматтандырылуы дегеніміз, әрекетті психологиялық тұрғыда дағдыға айналдыру, мақсаттың санадан шығарылып, келесі мақсаттарды тағайындауға санада орын босатылады.
Мәселен, малтауды үйренгісі келген адам алғашында саналы түрде, мақсатқа бағына қол-аяғын қозғалтады. Бұл «дұрыс орындау» мақсатына бағытталған әрекет. Үйрену барысында кезең-кезеңімен бұл әрекеттер қысқартылады, жалпыланады, соңында зейіннің қатысуынсыз автоматтандырылған әрекеттер орындалады. Олардың әрқайсы малтау әрекетінде іске асырылатын амалдар кешені деңгейіне өтеді. Нәтижесінде, қозғалыстарды дұрыс орындауға қатысты емес, жақсы малтауға қажетті дағдылар мен саналы мақсат қалыптасады.
Дағды неғұрлым күрделі болса, оны орандауға соғұрлым көбірек уақыт пен күш жұмсалады. Қайсы бір дағдыны алсақ та ол адамның кез-келген әрекетін қаруландырады, негіздейді, тиімді етеді. Дағдысыз әрекеттің тиімді орындалуын былай қойғанда, тіпті іске асырылуы да мүмкін емес.
Іскерлік — тұлғаның тұрақты қасиеттері деңгейінен орын алатын амалдар мен әрекеттерді біріктіретін дағдының жоғарғы формасы. Бұл өмірлік жағдайлар өзгерісінде тұлғаның мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, дағдылар мен әрекеттерді орындауға, мінез-құлқын реттеуге мүмкіндік береді. Алайда іскерлікті мінез-құлықтың қолданбалы, жобалы қырларымен ғана психологиялық тұрғыда сәйкестендіруге болмайды. Егер адам автомобиль жүргізе алмаса, бұл міндетті түрде онда қабілеттіліктің не мүмкіндігінің жоқ болуынан емес. Бәлкім ол техникамен айналысқысы келмейді, не машина жүргізіп көрмеген. Іскерліктер мен қабілеттіліктер арасындағы байланыс көпмәнділікпен, динамикалықпен сипатталады. Бұл психологиялық өзара тәуелді қатынастар.
Әдет – бағыттылық пен іс-әрекеттің психологиялық, тұлғалық қосындысы. Адам көп нәрсені «ойланбастан», әдеттегідей жасайды. Бұл оның объективті және субъективті жағдайлардағы, тұрмыс-тіршілігінің күрт өзгерісіндегі өмірін жеңілдетеді. Әдеттер өмір ағысын тұрақтайды, реттейді, жүйелейді. Бұл шектен тыс өзгермелі объективті өмір жағдайынан психологиялық қорғанудың бір түрі. Әдетсіз тұлға жоқ: қарапайым өз-өзіне қызмет көрсетуден бастап, субъективті қатынас, күйзеліс, кәсіби және отбасылық мінез-құлыққа дейін. Бірақ, әдеттердің тұрақтылығы жағдайында өзгермелі өмір мен іс-әрекет арасында қарсылықтардың болары сөзсіз. Мүлдем өзгеріссіз, әдетті мінез-құлық регидті, адекватты емес болады. Әдеттер уақыт ағымымен ауысуы, жоғалып кетуі не қайта құрылуы керек. Ал мінез-құлықтің үйреншіксіз (әдеттегідей емес), аяқ асты болуы ықтималдығы үнемі бар.
Сонымен, іс-әрекет тек белсенді әрекет емес, сондықтан іс-әрекетті зерттеу сана, тұлға салаларымен бітіскен. Отандық психологияда іс-әрекет -, жалпы теоретикалық, методологиялық статусқа ие.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет