Пәні Әдебиеттік оқу Сыныбы



Дата25.01.2017
өлшемі69,25 Kb.

Пәні

Әдебиеттік оқу

Сыныбы

2 «а»- класс

Уақыты




Тақырыбы

«Қыс» Міржақып Дулатов

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат- міндеттері:

а) Ақпараттық
ә)Коммуникативтік
б)Проблемалық

А) Мәтіннің мәнің балаларға түсіндіру, оқушылардың сөздік қорларын молайту.


Ә) Байланыстырып сөйлеуін, жүйелі әңгімелеуін, білім – біліктілігін, таным белсенділігін, мәнерлеп оқытуын дамыту.
Б) Оқушыларды белсенділікке, байқампаздыққа, табиғаттағы сұлулықты сезіне білуге , еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақтың типі:

Жаңа білімді игерту.

Сабақтың әдісі:

Түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, еңбексүйгіштікке баулып, эститекалық тәрбие беру.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Дамыта оқыту технологиясы

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі , дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шынықтыру, музыка.

Оқыту құралдары:

«Әдебиеттік оқу» оқулығы 2 класс, «Алматы кітап» баспасы, (авт.Тұрғынбаева Б.А, З.Муфтибекова)дидактикалық материалдар

Сабақтың бөлімдері

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі


А) Амандасу
Ә)Түгендеу
Б) Сабаққа әзірліктерін,сынып тазалығын тексеру.

А) Амандасады, танысады.

Ә)Кезекшілік міндеттерін атқарады.

Б)Сабаққа дайындалады,сынып тазалығына жауап береді.


Мұғалім мен оқушы арасындағы жақсы қарым- қатынас. Оқушылардың сабаққа дайындығы, сынып тазалығы тексеріледі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Туған тілім», «Туған өлкем» өлеңдерін мәнерлеп оқу, біреуін жатқа айту.


Өлеңдерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады.

Өлеңдерді оқиды, жаттайды.

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру

«Қыста талай қызық бар» тарауы.

1).Сөзжұмбақты шешу үшін жұмбақтардың жауабын дұрыс тап:

Жұмбақтар

1.Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

2.Есіктен кіреді еңкейіп,

Төрге шығады қампайып.

3.Отқа жанбас, суға батпас.



-Бұл сөздердегі ерекше түсте жазылған «Аяз» сөзі жылдың қай мезгіліне байланысты?

2). Шыққан сөздерді созыңқырап, сөздерді оқиық.

3). Қыс мезгілі туралы әңгіме айтуыңа Міржақып Дулатовтың төмендегі әңгімесі көмегін тигізеді.

4).Сызбаға сүйеніп , Міржақып Дулатов туралы әңгімеле.



5). Мәтінді дұрыс, түсініп оқы.

6).Мәтін бойынша салынған 90- беттегі суретті қара.Сурет бойынша берілген төмендегі сұрақтарға жауап бер. Жауабында мәтіндегі сөздерді пайдалан.Әңгіме құрастыр.

Суретпен жұмыс

-Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Оны неден байқадың?

-Адамдар суықтан қалай қорғанады?

-Сен қыста қалай киінесің?


7). Қыс мезгілі тағы нелерге жайсыз тиеді? Мәтінде үй жануарлары туралы не делінген?

8).Мәтінге сүйеніп, жылқышының еңбегі туралы әңгімеле.


«Қыста талай қызық бар» тарауы.

1).Сөзжұмбақты шешеді.

1.Қар
2.Аяз


3.Мұз

2). Мұ-ұз , Қа-ар.

3). Мәтінмен танысады.


4). Міржақып Дулатов – 1885 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданында дүниеге келген. 1935 жылы айдауда жүргенде кезінде қайтыс болған. «Оян,қазақ!», «Бақытсыз Жамал» деген кітаптары бар. Ол көрнекті қазақ жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.

5). Мәтінді түсініп оқиды.

Бапсыз – жайсыз

Бек қиын – өте қиын

Жалтаң аяз – үскірік, суық аяз

Қарыған – үсіткен.

6). Суретке қарап , сұрақтарға жауап береді.

-Суретте қыс мезгілі бейнеленген. Оны адамдардың қалың киінгенінен байқауға болады.

-Адамдар суықтан жылы киініп қорғанады.

-Мен қыста қалың, жылы киінемін.



7). Қыс мезгілі тек адамдарға ғана емес, жануарларға да жайсыз тиеді. Үй жануарларына адамдар қораға шөп салып, бағып – қағады.

8). Жылқышылар аязға , боранға қарамастан күні – түні далада жүреді.

Жұмбақтарды шешу арқылы сөзжұмбақты тауып, сабақ тақырыбы ашылады.

Шыққан сөздерді созыңқырап оқиды.

Мәтін мазмұнымен танысып өтеді.


Автор туралы мәлімет алады, танысады


Мәтінді түсініп оқиды. Түсінік берілген сөздердің мағынасын ашып біледі.

Суретке қарап сұрақтарға жауап береді.

Қыс мезгілі тағы нелерге жайсыз тиеді, үй жануарларының қиыншылығы туралы айтады.

Мәтінге сүйеніп жылқышының еңбегі туралы әңгімелейді.


ІV. Сергіту сәті

Тереңдет ойыңды,

Тік ұста бойыңды.

Құстарға ұқсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап.



Балалар мұғаліммен бірге қимыл қозғалысын жасайды, сөздерін бірге қайталайды.

Балалар серігіп демалады, бойларын жазып шаршағандарын басады.



V. Сабақты қорытындылау

Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп тақырып беру арқылы сабақты қорытындылау.

І – топ: Нағыз қыс

ІІ – топ: Қысқы орман

ІІІ – топ: Үй жануарларының қыстағы көретін қиыншылығы.



І – топ: Нағыз қыстың көрінісі жайында

ІІ – топ: Қысқы орман көркі жайында



ІІІ – топ: Ұй жануарларының қысқы қиыншылығы жайында суреттеп береді.

Әр топ оқушылары өздеріне берілген тақырып бойынша қысқаша 1-2 сөйлеммен айтып береді.

VІ. Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау және бағалау.

Күнделікке баға қойылады.

Оқушыларды мадақтап, бағалай отырып олардың сабаққа деген ынтасын арттырады.

VІІ. Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқу, түсіңгенің айтуға дайындалу, Міржақып Дулатов туралы мағлұмат біліп келу. «Қыс» тақырыбында әңгіме, сурет салу.

Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады. Міржақып Дулатов туралы мағлұмат әкеледі, «Қыс» тақырыбында әңгіме, сурет салады.


Үйге берілген тапсырманы орындайды.

Каталог: uploads -> doc -> 0b47
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b47 -> Сабақтың тақырыбы: с дыбысы мен әрпі
0b47 -> 8-сынып (А;Б ) Сабақ №1 Күні: Тақырыбы
0b47 -> 1. «Қазақ тілі» атты өлеңді оқып,өлеңнің негізгі идеясын ашу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет