Пәні: химия Күні: 26. 09. 11 Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата25.08.2017
өлшемі273,82 Kb.
#25884
түріСабақ
  1   2   3
Уралбаева Қ.А., химия пәнінің мұғалімі

Химия пәнінен өткізілетін интерактивті online сабағы.

Тақырыбы: Дьюлонг – Пти ережесі. Газдардың парциал қысымы.

Класс: 10 - 11__

Пәні: химия

Күні:26.09.11

Сабақтың мақсаты:

  • білімділік: физикадан белгілі газ қоспасының қысымы, көлемі, меншікті жылу сыйымдылығы ұғымдарын оқушыларға тереңдете түсіндіру, дененің жылу сыйымдылығы мен масса арасындағы тәуелділікті анықтау;

  • дамытушылық: өз беттерінше жұмыс істеуге, негізгі ойды қорытындылап, салыстыра білуді дамытуға дағдыландыру.

  • тәрбиелілік: өз бетімен еңбектену іскерліктерін арттыра отырып оқушылардың танымдық белсенділіктерімен ой өрісін дамытып, шығармашылыққа, іздемпаздыққа, тиянақтылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

 Сабақтың құрылымы:

І. Құрылымы – кешенді

ІІ. Типі–аралас сабақ

ІІІ. Әдісі – репродуктивті, ішінара – проблемалық сұраққа ізденіс, сұрақ –жауап.



Не арқылы бағаланады: тест (сұрақ-жауап), зерттеу жұмыстары, есептер шығару арқылы оқушылар критерийалды бағалау жүйесі арқылы бағаланады.

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтар, (шар, шыны банка, ыстық су, кристаллизатор, стақан, қағаз.

Сабақ жоспары

І.Ұйымдастыру ( 1 мин)

ІІ. Демонстрациялық тәжірибелер. (жүргізілген эксперименттік тәжірибе бойынша проблемалық сұраққа жауап іздеу)

А) жоспарымен таныстыру;

ІІІ.Жаңа сабақты баяндау: (І кезең)

IV. Демонстрациялық тәжірибелер (ІІІ кезең)

V. Есептер мен жаттығулармен жұмыс. (ІV кезең)

VІ.Сабақты бекіту.

VІІ.Үйге тапсырма беру.

Сабақ барысы:

І. Ой шақыру. Демонстрациялық тәжірибелер. (жүргізілген эксперименттік тәжірибе бойынша проблемалық сұраққа жауап іздеу)

Жаңа сабақты баяндау: (І кезең) (15 мин)

А) жоспарымен таныстыру;

1. (слайд №1)

2. Термодинамикалық параметрлерге тоқталып өту (слайд №2)

3.Идеал газдың күйін сипаттайтын заңдарға тоқталу.

(слайд №3)

4.Газ қоспалары мен парциалдық қысым.

5.Есептер мен жаттығулар

6.Дюлонг – Пти ережесі.

V. Есептер мен жаттығулармен жұмыс. (ІV кезең)

Дюлонг - Пти ережесі мен газдардың парциал қысымы бойынша есептеулер (есептер мен жаттығулармен жұмыс)

VІ. Сабақты бекіту (слайд №5-9)


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Саламатсыздар ма оқушылар, ұстаздар, көрермендер. Сіздермен бірге Назарбаев Зияткерлік мектебі және химия пәнінің мұғалімі Уралбаева Қарлығаш.


Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Дьюлонг – Пти ережесі. Газдардың парциал қысымы.

(слайд №1) Термодинамика

Термодинамика - термодинамикалық тепе –теңдік күйдегі макроскопиялық жүйелердің жалпы қасиеттерін және бір күйден екінші бір күйге өту процесін зерттейді. Термодинамика тәжірибе нәтижесінде тағайындалған заңдарға сүйенеді. Физика мен химияда термодинамикалық әдіс қолданылмайтын аймақ жоқ деуге болады. Молекулалық –кинетикалық теория мен термодинамика зерттеу әдістерімен ерекшелене отырып, бірін –бірі өзара толықтырып отырады.

Термодинамикалық жүйе – өзара әсерлесуші, әрі өзара ғана емес басқа денелермен де (сыртқы ортамен) әсерлесуші және энергия алмасушы макроскопиялық денелердің жиынтығы.

Термодинамикалық әдістің негізі – термодинамикалық жүйенің күйін анықтау болып табылады. Жүйенің күйі термодинамикалық параметрлермен (күй параметрлері) беріледі. Термодинамикалық параметрлер (күй параметрлері) деп термодинамикалық жүйенің қасиеттерін сипаттайтын физикалық шамалардың жиынтығын айтады. Күй параметрлері ретінде температура, қысым және меншікті көлем қарастырылады.

Идеал газдың күйін сипаттайтын заңдар



Бойль — Мариотзаңы

Гей-Люссак заңы

Шарль заңы

Изотермиялық процесс

Изопроцестердің ішінен бірінші болып осы изотермиялық процесс зерттелді.

Ағылшын физигі Р. Бойль 1662 ж. және оған тәуелсіз француз физигі Э.Мариотт тәжірибе жүзінде тұрақты температура кезінде газдың берілген массасы үшін оның

қысымының газ алып тұрған көлемге көбейтіндісі тұрақты шамаға тең болатынын тағайындады. Бұл заң Бойль Мариотт заңы деп аталады.




pV=const


p 1V1 =p2V2

Тұрақты температурада заттың қасиетін сипаттайтын p және V шамаларының арасындағы тәуелділікті көрсететін қисық изотерма деп аталады. Изотермалар гипербола болып табылады, процесс кезінде температура жоғары болса, грфикте гиперболалар да жоғары орналасады.



Изохоралық процесс

Бұл процесті француз физигі Ж.Шарль зерттеген. 1787 жылы

ол тәжірибе жүзінде тұрақты көлемде берілген газ массасының қысымы оның температурасын тура пропорционал болатынын тағайындады. Бұл заң Шарль заңы. Шарль өзінің заңын Гей Люссактан ерте ашты, бірақ кеш жариялады.



Изобаралық процесс

Француз физигі Гей Люссак 1802 жылы тәжірибе жүзінде тұрақты қысымда газдың берілген массасы көлемінің температураға сызықты тәуелді болатынын тағайындады, яғни



Парциалдық қысым

1801 ж. Дальтон заңы газ қоспасының қысымын және жеке компоненттердің жалпы қысымға беретін нақты «үлесін» анықтады.

Өмірде біз таза газды емес, газ қоспасын кездестіреміз. Мысалы, ауа азоттан, оттектен, көмірқышқыл газынан және басқа да көптеген газ қоспасынан тұрады.

Дальтон осындай газ қоспасының қысымын анықтауды мақсат етті.

Бұл үшін парциал (үлестік) қысым деген жаңа ұғымды енгізді.

Парциал қысым деп газ қоспасының әрбір газы осы көлемді жалғыз өзі алатын кездегі қысымды атайды.






P = PN2 + PO2 + PAr

P = 0,78 атм + 0,21атм+ 0,01атм = 1атм

Газ қоспасында әрбір газдың парциал қысымы берілген қоспа құрамындағы молекула санына пропорционал болады. Осыған байланысты газ қоспасының парциал қысымыолардың концентрациясының өлшемі болып табылады.

Газ тәрізді заттар қатынасында жүретін қайтымды реакцияларда концентрация

мен қысым арасында байланыс болады. Газ қоспасының жалпы қысымы әрбір

жеке газдың парциал қысымының жиынтық қосындысы болып табылады.

Парциал қысым ұғымы арқылы газ қоспасының құрамына еніп отырған газдың қысымы, оның осы берілген температурада алатын көлемі газ қоспасының алатын көлеміне тең екендігі анықталды.

Көптеген газ тәрізді заттар таза түрінде емес, қоспа түрінде болады.

Мысалы, құрғақ ауа құрамында азот, оттек, аргон, көміртек диоксиді,

және т.б. қоспалар кездеседі. Идеал газда молекулалар бір – бірімен қарым– қатынасқа түспегендіктен, идеал газ қоспасындағы компоненттер басқаларына тәуелді болады.
Мысалы, ауадағы азот молекуласы белгілі бір қысымда – 78%, жалпы қысымда – басқа газ қоспаларының болуына тәуелді болады. Соған ұқсас ауадағы оттегі молекуласы белгілі бір қысымда - 21% жалпы қысымда басқа газ қоспаларының болуына тәуелді болады. Газ қоспасындағы кез келген жеке компоненттің қысымын сол қысымның парциалдық қысымы деп аталады да және ол әр газ компонентінен тәуелсіз әрекет етеді идеал газ заңдары анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет