Пәннің оқу-әдістемелік кешені 5В 120200- ветеринариялық санитария


Әдебиет: 1.Конопаткин А.А.Эпизоотология и инфекционные болезни животных.М.:Колос,1984.-стр 180-189. Бақылау сұрақтары



бет8/10
Дата19.02.2017
өлшемі1,39 Mb.
#10771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Әдебиет:

1.Конопаткин А.А.Эпизоотология и инфекционные болезни животных.М.:Колос,1984.-стр 180-189.



Бақылау сұрақтары.

1.Ауруға анықтама беріңіз және этиологиясын айтыңыз.

2.Індеттік ерекшеліктері және дерттенуі.

3.Құтырық қандай белгілермен көрінеді.

4. Патологоанатомиялық өзгерістері.

10- тақырып Ауылшаруашылық малдардың туберкулез ауруы

Мақсаты: Диагностикалық әдістерін және симптомдарын, эпизоотологиясын,

этилогиясын оқу.ІҚШ



Жоспар: 1.Этиологиясын анықтау.Ауру кезіндегі індеттік ерекшіліктері.

2.Клиникалық белгілері,патологоанатомиялық өзгерістері,Иммунитет.

3.Алдын ала сақтау шаралары және күресу шаралары.

Туберкулез (лат. Tuberculosis, грек. phthisis) – созылмалы түрде өтетін, әр түрлі мүшелермен ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар (туберкулалар) пайда болумен ерекшеленетін жұқпалы ауру.



Этиология. Қоздырғышы Mycobacterium туыстастығына жатады.Бұл туыстастыққа ауру қоздыратын микробтың негізгі үш түрі бар:M.tuberculosis(адамды ауыртады), M.bovis(ірі қараны), M.avium(құсты).Сирек кездесетін 4-ші түрі-M.piscium балықты ауруға шалдықтырады. Жалпы алғанда бұл микробтың 31 түрі бар деп есептейді.Микобактериялар жіңішке, аздап иілген таяқшалар,кейде бұтақтанған, жіпше созылған немесе кокктар тәрізді дөңгеленген бөлшектері болады.Грам әдісімен нашар боялса да, грам оң болып есептелінеді. Қозғалмайды,спора мен капсула түзбейді.Айрықша қасиеті-қышқылға төзімділігі, ол микробтың құрамына микол қышқылының болуының нәтижесі. Циль-Нильсен әдісімен бояудың зор диагностикалық мәні бар.Бұл әдіс бойынша микобактериялар ашық қызыл, ал басқа микробтар көк түске боялады.

Төзімділігі.Өте жоғары.Өсіндіде 8-10 ай өткен соң өледі.Қақырықта 5-6ай, ірі қараның тезегінде жазғы жайылымда 2 ай, қыста 5ай,тұздалған етте 45-60 күн,майда45-100 күнге дейін,сүтте 10күнге дейін сақталады.Ең төзімді түрі –M.avium.Кептіруге, шіруге,төменгі температураға өте төзімді.Күн сәулесі және жоғары температура тез жойып жібереді.70С-қа дейін сүтті қайнатқанда туберкулез қоздырғышы 10мин ішінде өледі.Туберкулезқоздырушысы дезинфектанттарға төзімді. Зарарсыздандыру үшін хлорлы препараттар, олардың ішінде хлораминнің 3-5% ертіндісі,5% белсенді хлоры бар хлорлы әк, формальдегидтің сілтілік ертіндісі(3% формальдегид және 3% күйдіргіш натрий) пайдаланылады.Қораны зарарсыздандыру үшін хлорлы және жаңадан сөндірілген әктен ағартуға болады.

Індеттік ерекшеліктері.Туберкулезге 50-ден астам үй және тағы хайуандар,20 дан астам құстар шалдығады,олардың ішінде ең сезімталдары:теңіз тышқаны, маймыл, ірі қара және тауық. Сирек ауыратын жануарларға ешкі,ит, құстардан-қаз, өте сирек ауыратындарға қой, жылқы және мысық жатады

Туберкулезге адам аса бейім келеді.Инфекция қоздырушысының бастауы-туберкулезбен ауырған жануар.Олар микобактерияларды нәжіспен,қақырықпен,сүтпен, сирегірек жағдайда шәуітпен бөліп шығарады.Ауру малдың бөлінділері сыртқы ортаны,қораны,ауланы, жайылымды,суатты ластайды. Сондықтан қоздырушының берілу факторларына жем, шөп,су,төсеніш,көң т.б жатады.

Микобактериялар сау малдың денесіне ас қорыту жолы және тыныс жүйесі арқылы енеді.Бұзауға негізінен сүтпенен алиментарлық жолмен,ал ересек малға сонымен қатар аэрогенді жолмен жұғады.Шошқа мен құсқа негізінен алиментарлық жолмен жұғады. Тауықтың жұмыртқасы арқылы одан шығатын балапанға трансовориальдік жолмен де беріледі.

Дерттенуі.Денеге енген ауру қоздырушысының төңірегінде торшалардың пролиферациялық өсуі және экссудат бөліп шығаруы нәтижесінде қабыну процестері өрбиді.Ол маңға көп ядролы алып торшалар мен эпителиоидты торшалар шоғырланып,олардың сыртын лимфоидтық торшалар қоршайды. Торшалардың арасында іркілген экссудат ұйып, фибриннен тұратын тор түзеді, соның нәтижесінде тамырсыз туберкулез бұдырмағы- туберкула пайда болады. Бастапқыда оның түсі бозғылт,формасы домалақ болып, үлкендігі түйреуіштің басындай немесе бидайдай болады.Біраздан соң бұдырмақ дәнекер ұлпалы капсуламен қоршалады. Капсуланың ішіндегі ұлпа қоректік заттар келмеген соң және микробтың уының әсерінен өліеттеніп,ірімшік тәрізді құрғақ езілген массаға(казеоз) айналады.

Өтуі және симптомдары. Аурудың жасырын кезеңі (жұққан сүттен туберкулинге оң реакция бергенге дейін) 14-40 күн.Туберкулез әдетте созылмалы,көбіне көзге түсер белгілерінсіз өтеді. Сырт көзге,әсіресе аурудың бастапқы кезінде,ауырған малдың сау жануардан ешбір айырмашылығы болмайды. Ауырған малды тек қана аллергиялық немесе серологиялық тексеру арқылы анықтау мүмкін,ал туберкулезге тән зақымдануы сойылған малдың ұшасы мен ағзаларын тексерген сәтте байқалады.

Шартты түрде туберкулездің ашық немесе белсенді, және жабық немесе жасырын, түрлерін ажыратады.Ашық туберкулез кезінде ауру қоздырушысы нәжіспен, несеппен,сүтпен,қақырықпен сыртқа бөлініп шығады да, жабық туберкулез кезінде айналасы қабыршақтанған дерт ошақтарынан микроб денеден сыртқы ортаға шықпайды.Ішек,желін,жатыр зақымданған кезде туберкулез процесі әрқашанда ашық болып есептелінеді.

Ірі қараның туберкулезі кезінде өкпе жиі зақымданады.Бұл жағдайда дененің ыстығы біраз көтеріледі,оқтын-оқтын қатты жөтел пайда болады.Ауру созылмалы болғанда жөтел бәсеңдеп, дыбыссыз, бірақ азапты сипат алады.Қақырық түсуі байқалмайды десе де болады.Жөтелген кездегі тыныс жолдарынан бөлінген сораны мал жұтып қояды,немесе ол мұрыннан ағып тұрады. Ауру мал ентігіп, жемшөп жеуі азаяды, қондылығы мен өнімділігі төмендейді.Көрінетін кілегей қабықтары бозғылт тартады.Өкпені тыңдағанда сырыл естіледі,перкуссия кезінде дыбыстың әлсіреген ошақтары табылады. Ішек зақымданған кезде іш өтіп, қондылығы күрт төмендеп жануарлардың әлсіздігі еселеп арта түседі.

Желін зақымданған кезде желін үсті сөл түйіні ұлғайып,қатаяды,беті бұжырланып, қозғалуы шектеледі,Желіннің зақымданған бөлігін басып көргенде қатайған,ауырсынбайтын бөлшектер сезіледі,зақымдану аса қатты болса желіннің сыртқы тұрпаты өзгеріп,бір жағына қисаяды. Сауып көргенде сүттің сұйылып,қан немесе ірімік араласқанын байқауға болады.Жыныс мүшелері зақымданған сиырлар уақытсыз күйлеп,қысыр қалады,ал бұқаларда орхит кездеседі.



Шошқада туберкулез байқаусыз өтеді.Кейде жақ астындағы және жұтқыншақ артындағы сөл түйіндері ұлғаяды. Зақымданған түйіндерде абцессалар пайда болып,олар тесілгеннен кейін іріңді ірімік бөлініп шығады.Өкпе ауқымды түрде зақымданса жөтел пайда болып, құсып,тыныс тарылады.

Қой мен ешкі туберкулезбен сирек және байқаусыз ауырады.Ауру қатты өткен кезде ірі қарамен ұқсастығы аңғарылады.

Дауалау.Төлге берілетін көк сүт пастерленіп,жиналған ас қалдықтары термиялық өңдеуден өткізіледі. Малды күтуге туберкулезбен ауыратын адам жіберілмейді,ферманың территориясында құс ұстауға рұқсат етілмейді. Қора жайларды оқтын-оқтын дезинфекциялап, кемірушілер мен кенелерді жойып отырады.Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарда торфты төсеніш ретінде қолдануға және жемшөпке қосуға рұқсат етілмейді.Өйткені торфта болатын қышқылға төзімді микробтар туберкулинге парааллергиялық реакция береді.

Туберкулездің таралуына жол бермеудің ең басты шарты – аурудың шығуын уақтылы анықтау.Ол үшін ретті түрде тексеру жүргізіп тұру қажет.Асыл тұқымды шошқа фермаларында және шошқаны өсімге беретін (репродукциялық) шаруашылықтарда мегежіндерді торайларын бөлген соң,ал қабандарын жылына 2 рет тексереді.Басқа шаруашылықтарда мегежіндерді,қабандарды,қажет болғанда 2 айдан асқан торайларды жылына 1 рет тексереді.Құс және терісі бағалы аңдарды өсіретін шаруашылықтарда туберкулезге бақылау негізінен сойылған немесе өлген жануарларды патологоанатомиялық тексеру арқылы жүргізеді.Туберкулез шыққан жағдайда шаруашылықты сау емес деп тауып, карантин қояды да, сауықтыру шараларын іске асырады.Ауру малдан туған төлді оқшау жағдайда бордақылап, етке өткізеді.Туберкулезге реакция бермей қалған жануарларды әрбір 30-45 күн сайын қатарына 2 рет бүкіл табын бойынша теріс нәтиже алғанға дейін туберкулезге тексереді.Бұдан кейін тағы да 3 ай үзіліспен 2 рет бақылау тексерісін жүргізеді.Теріс нәтиже алған жағдайда, егер туберкулезге күдік туғызатындай басқа негіз болмаса, бұл табындағы малдарды туберкулезден сау деп есептейді.

Сау емес фермадағы туберкулезге реакция бермейтін сиырлардан туған бұзауларды оқшау жағдайда өсіреді. Оларға сау сиырдың сүтін немесе өз енелерінің зарарсыздандырылған сүтін (көк сүтін) ішкізеді. 2 айға толғанда туберкулинмен тексереді, оң реакция бергендерін оқшаулап, бордақылаған соң етке өткізеді.Реакция бермегендерін 30-45 күн үзіліспен тағы да 2 рет, одан кейін 3 ай өткен соң тексереді. Бүкіл табын бойынша теріс нәтиже алынса, оларды сау деп тауып, шаруашылықтың өз ішінде ғана малданады.
Әдебиет:

1.Конопаткин А.А.Эпизоотология и инфекционные болезни животных.М.:Колос,1984.-стр 163-172.



Бақылау сұрақтары.

1.Ауруға анықтама беріңіз.

2.Ауру белгілері.

3.Төзімділігі.

4. Алдын алу шаралары.

10-тақырып Ауылшаруашылық малдарының бруцеллез ауруы.

Мақсаты: Диагностикалық әдістерін және симптомдарын, эпизоотологиясын, этилогиясын оқу.ІҚШ

Жоспар: 1.Этиологиясын анықтау.Ауру кезіндегі індеттік ерекшіліктері.

2.Клиникалық белгілері,патологоанатомиялық өзгерістері,Иммунитет.

3.Алдын ала сақтау шаралары және күресу шаралары.

Бруцеллез (Brucellosis)- созылмалы өтетін, іш тастау,шуы түспеу,зндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бұзылуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.Ф.Марстон (1861) Мальта аралында бруцеллез адамның өз алдына дербес ауруы екендігін көрсетті,ал Д.Брюс (1877) оның қоздырушысын бөліп алып Microcoecus melitensis деп атады.Бұлар ағылшын ғалымдары еді.Даниялық ветеринария дәрігерлері В.Банг және Стрибольт (1896) ауру қоздырушысын іш тасталынған бұзаудан, ал американдық Траум (1914) іш тасталынған торайдан бөліп алды. Бұл микробтар 1918-1920 жылдар аралығында бір туыстастыққа біріктіріліп Брюстың құрметіне Бруцеллалар деп аталынды.

Қоздырушысы.Бруцеллезді әртүрлі түлікті Brucella туыстастығына жататын 6 түрге бөлінетін микробтар қоздырады.Кейбір түрлері өзара бірнеше биоварға (биотипке) бөлінеді.

B.melitensis қой мен ешкі үшін зардапты және адам бруцеллезінің негізгі қоздырушысы. 3 биотипі барү

B.abortus сиыр, қодас,буйвол, бұғы, марал,түйе және жылқы үшін зардапты,9 биотипке бөлінеді.Кейбір биотиптерінің адам үшін уыттылығы недәуір дәрежеде.

B.suis шошқа, қоян,солтүстік бұғысы үшін зардапты.4биотипі бар,1, 2 және 3-шісі шошқада, 2-ші биотипі қоянда, 4- шісі бұғыда тоғышарлық етеді.

B.neotomae шөлейттегі егеуқұйрықта (Neotoma lepida) кездеседі. 1957 ж. АҚШ-та бөлініп алынған. Адам үшін зардаптылығы беймәлім. Биотипке бөлінбейді.

B.ovis қой үшін зардапты,қошқардың жұқпалы эпидидимитінің қоздырушысы. Адам үшін зардаптылығы түбегейлі анықталған жоқ.

B.canis ит үшін зардапты,эпидидимиті мен іш тастауының себепкері. 1968 ж. АҚШ-та тазы иттерден бөлініп алынған.Адамға зардаптылығы белгісіз.

Барлық бруцеллалар полиморфты, сыртқы бейнесі коктар тәрізді, сопақшалау, таяқшаға ұқсас болып келеді.Спора және қауашақ түзбейді, қозғалмайды, грам теріс.Сарысулы және Хоттингер ортасында, ет-пептон агарында (ЕПА),ет-пептон сорпасында (ЕПС) өседі.



Төзімділігі.Бруцеллез қоздырушысының физикалық және химиялық факторлардың әсеріне төзімділігі орташа,60С кезінде 30 мин.70С-та 5-10 мин өткенде ал 90-100С-та бірден өледі.Ет және сүт өнімдерінде бірнеше тәуліктен 2-5 айға дейін, ал топырақта, көңде, жемшөпте 4 айға дейін сақталады.Кәдімгі дезинфекттанттардың жалпылай қабылданған концентрациясы толық зарарсыздандырады.

Індеттік ерекшеліктері.Бруцеллезге 60-тан артық үй және жабайы жануарлар түрлері бейім. Әсіресе тез шалдығатындары:сиыр, қой ,ешкі, шошқа,солтүстік бұғысы,Оларда бруцеллез індет түрінде қаулайды.

Инфекция қоздырғышысының бастауына бруцеллезбен ауырған малдар жатады, әсіресе олар клиникалық белгілері айқын білінген кезде өте қауіпті.Ондай жануарлар шаранамен, шумен, тастанды төлмен және жыныс жолдарынан аққан сорамен ауру қоздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады.Қоздырушы микроб сонымен қатар сүтпен, шәуетпен, нәжіспен және несеппен бірге бөлінеді.Сиырдың желінінде бруцеллалар 7-9 жыл, ал қойда 2-3 жыл сақталып, оқтын-оқтын сүтпен бөлініп тұрады.



Дерттенуі.Бруцеллездің қоздырушысы асқорыту және тыныс, несеп, жыныс жолдарының кілегейлі қабықтарынан және көз конъюнктивасынан тоқтаусыз өтіп, сөл жүйесіне түседі де, одан маңайында орналасқан сөл түйіндерінде тұрақтайды.Кейіннен басқа да сөл түйіндеріне және үлпіршек ағзаларға енеді.

Бруцеллез инфекциясының өрбуін 3 кезеңге бөледі:бастапқы латенция (регионарлық инфекция) генерализация (бойға жайылу немесе денеге шабу)және 2-ші латенция.

Регионарлық (шектелген) иефекция кезеңінде қоздырушы белгілі бір ұлпаға қалыптаса бастайды да, аурудың клиникалық белгілері біліне қоймайды. Бұл кезеңде сөл түйіндерінің синустарында гиперплазия басталып, үлпіршек ағзаларда лимфоциттер мен гистиоциттерден тұратын микрогранулалар түзіліп, лейкоциттік инфильтрация, мононуклеарлық макрофагтардың қордалануы байқалады. Бұл кезең әсіресе жас төлдерде ұзаққа созылады.Жалпы алғанда бұл құбылыстар инфекцияға қарсы туындайтын иммунитеттің алғы шарттары болып табылады.Сондықтан жас малдың организмі бруцеллезге төзімдірек келеді. Бұл кезең ересек сақа жануарларда қысқа болады және бір ерекшелігі антидене түзу баяу жүреді де, серологиялық көрсеткіштер төменгі дәрежеде болады.

Генерализация кезеңі буаздықтың, төзімділіктің төмендеуі, күтімнің нашарлауы нәтижесінде байқалады. Буаздықтың 2-ші жартысы кезінде жиірек өрбиді. Шаранада болатын эритритол көмірсуы бруцеллалардың өсуін жеделдетеді деп есептейді. Бұл кезең бактериямен және айқын клиникалық белгілерімен ерекшеленеді.



Клиникалық белгілері.Жануарлардың барлық түрінде бруцеллездің басты белгісі –буаздықтың 2-ші жартысында байқалатын іш тастау.Сиыр негізінен 5-8 айлығында,қой мен ешкі 3-5 айлығында, мегежін кез-келген уақытта, ит 40-50 күн болғанда іш тастайды.Сиыр мен қой әдетте 2-ші қайта іш тастамайды, ал мегежінде ол бірнеше рет қайталануы мүмкін.

Іш тастар алдында буаз малдың емшек үрпі сызданып, сыртқы жыныс мүшелері толықсып, сарпайынан қызғылт-қоңыр түсті сора ағады. Іш тастағаннан кейін әдетте шуы түспей, бастапқыда кілегейлі- іріңді, соңынан іріңді- фибринді эндометрит байқалады.Кейбір жануарларда эндометритке қабаттаса желіні, аналық безі және фаллопий (жатыр) түтікшелері қабынады.Дерт сақына келе дененің ыстығы көтеріліп, малдың сүті азайып, жүдеп кетеді.



Патологоанатомиялық өзгерістер.Іш тастаған малдың қағанағы қабынып,оның бетіне фибрин ірімтіктері мен ірің жиналады, жатыры, бүйректері, көкбауыры ісінеді, бауырында абсцесса болуы мүмкін.Еркек малда іріңдеген өліетті орхит, ал ұрғашы малда мастит, аналық бездің кистасы кездеседі. Кейбір жануарларда шорбуын, бурсит байқалады.

Тастанды төлдің тері асты шелі жалқақтанып, кіндігі ісініп кетеді.Көкірек және құрсақ қуыстарында фибрин іріміктері бар қызыл-қоңыр түсті сұйық жиналып, сірі және кілегейлі қабықтары қанталайды. Ішек –қарынның кілегейлі қабығы мен өкпесі сыздана қабынады,ал бауырында өліеттенген қабыну процестері байқалады.

Гистологиялық тексеру кезінде әртүрлі мүшелер мен ағзаларда өліеттенген ошақтар табылады.

Балау.Бруцеллезге диагноз кешенді түрде індеттанулық,клиникалық, аллергиялық және зертханалық тексрудің нәтижесінде қойылады.

Емі.Бруцеллезбен ауырған мал емделмейді, ол тез арада сойылады.

Иммунитет.Бруцеллезбен ауырған малда табиғи иммунитет қалыптасады. Оның ұзақтығы сиырда 4-5 жыл, қойда 2 жыл. Аурудан соңғы иммунитеттің ерекшелігі , ол бастапқы кезеңде стерильді емес, яғни организмде қоздырушы микроб сақталады,ал соңынан иммунитеттің стерильді кезеңі басталып, организм қоздырушы микробтан арылады. Иммунді организмде бруцеллалардың ұзақ сақталуы себепті ауруға шалдыққан мал, клиникалық тұрғыдан жазылып кетсе де, басқа жануарлар үшін қауіпті, инфекция қоздырушысының бастауы болып табылады. Бруцеллезге қарсы иммунитет клеткалық факторларға негізделген, ал антиденелердің қорғаныш қабілеті оншама емес, олар тек жануардың ауруға шалдыққанының белгісі ретінде ғана бағаланады.Бруцеллалардың бір түріне қарсы қалыптасқан иммунитет, бұл микробтың басқа түрлерінен де қорғайды.

Дауалау және күресу шаралары.Бруцеллездің алдын алу үшін ең басты шара-аурудан сау шарушылыққа сырттан инфекция қоздырушысын әкелдірмеу мақсатында негізгі ветеринариялық- санитариялық талаптарды орындау. Мал табындарын тек қана аурудан таза шаруашылықтарда өсірілген сау жануарлардан құрайды және жайылымда, суарғанда, айдағанда бір-бірімен араласуына жол бермейді. Жоспарлы түрде жануарларды бруцеллезге тексеріп тұрады. Өсіру үшін шаруашылыққа әкелінген малдарды 30 күн карантинде ұстап, бұл уақыттабруцеллезге агглютинация және комплемент байланыстыру реакциялары арқылы тексеріп, нәтижелері теріс болғанда ғана жалпы табынға қосады. Мал іш тастаса, оның қанын және тастанды төлді лабораторияға тексеруге жібереді.

Әдебиет:

1.Конопаткин А.А.Эпизоотология и инфекционные болезни животных.М.:Колос,1984.-стр 172-180.



Бақылау сұрақтары.

1.Ауруға анықтама беріңіз.

2.Өту кезеңі және дерттенуі.

3.Патологоанатомиялық өзгерістері.

4. Алдын алу шаралары.

10- тақырып. Лептоспироздың диагностикасы, емі, дауалау және жою.



Сабақтың мақсаты: лептоспироздың диагностика әдістерді және дауалау мен сауықтыру шаралардың жүйесін оқу.

Жоспар: 1.Этиологиясын анықтау.Ауру кезіндегі індеттік ерекшіліктері.

2.Клиникалық белгілері,патологоанатомиялық өзгерістері, Иммунитет.

3.Алдын ала сақтау шаралары және күресу шаралары.

Лептоспироз – жабайы, үй жануарлардың және адамның жұқпалы табиғи – ошақты ауру, әлемнің әртүрлі ландшафты-географикалық аумақтарда кең тараған. Қоздырушысы – Leptospira туысының патогенді спирохеталар.

Диагностика әдістері. Лептоспирозға балауды індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық және зертханалық мәліметтер кешенінің негізінде қояды.

Індеттанулық мәліметтерге сәйкес үй жануарлардың барлық түрлері (жиі шошқалар және ірі қара мал), кез келген жаста ауырады, бірақ төлдер бейімдірек келеді және ересектерге қарағанда ауру қиын өтеді. Ауру қоздырушының басталуы 2 топқа бөледі. Біріншіге табиғатта қоздырушының иелерін қызмет атқаратын кеміргіштер және жәндіктер; екіншіге үй жануарлар (шошқалар, ұсақ және ірі қара мал, жылқылар, иттер), сонымен бірге антропургиялық (ауыл шаруашылық) ошақтарды құрайтын торшалы ұстауда бағалы терілі аңдар жатқызады.

Аурудың негізгі клиникалық белгілер: дене температураның жоғарлауы, әлсіздік, кілегей қабықшаның сарғаюы, тері некрозы, жүрек-тамыр жүйенің, қарын-ішек жолының бұзылуы, буаз жануарларда – іш тастау. Жануарларда ауру жіті, жітіден төмен, созылмалы болып өтеді.

Патологоанатомиялық зерттеулерде анемияны немесе сары ауруды, геморрагиялық диатезды, кілегей қабықшаның немесе терінің некрозы, паренхиматозды мүшелерде дистрофиялық және қабынған өзгерістерді табады. Бауыр үлкейген, қызылдан сары түсті, серпінді, босанған және сынғыш консистенциямен. Өт қабы созылған және қоңыр жасыл түсті қою өтпен толған. Бүйрек үлкейген, босанған. Қабықты және милық қабаттардың шекаралары тегістелген.

Диагностиканың зертханалық әдістерге серологиялық, бактериологиялық және гистологиялық зерттеулер кіреді. Зертханаға қанды, несепті, мүшелер және ұлпаларды, сонымен бірге ұсақ малдың өлекселерді жібереді.

Серологиялық әдіс микроагглютинация реакциямен (МАР) және иммуноадсорбция реакциямен (ИАР) жануар қанында арнайы антиденелердің табылуына негізделген. Серологиялық зерттеулердің нәтижесінде лептоспирозға балау қойылған болып саналады, егер МАР бір ретті зерттеуде 1:100 титрде вакцинирленген және 1:50 және одан жоғары 25% вакцинацияланбаған жануарлардың қан сарысуында арнайы антиденелерді тапса. Іш тасталған төлдің қан сарысуында антиденелер табылса, лептоспироз іш тастаудың себебі болып саналады. Антиденелердің жоғары титрінде (1:2500 және одан жоғары) іш тасталған жануарлардың топтарында және төмен титрінде (1:500) және теріс реакцияда клиникалық сау жануарлардың топтарында ауру болады

Бактериологиялық әдіс бастапқы материалда темнопольды микроскопия жолымен және иммунофлюоресцентті әдіспен, арнайы орталарда таза өсіндінің бөлінуімен, оның идентификациямен және дифференциациямен, зертханалық жануарларға биосынамамен лептоспираларды табылуына негізделген.

Егістерді 20...280С-та 3 ай ішінде өсіреді. Кейде лептоспираларды орталарда 3...5-ші тәулікте немесе 1...2 айдан кейін және өте сирек – 2...3 ай өсіруден кейін табады.

Лептоспира изоляттың серонұсқаның түрін ИАР-да оқиды: бірінші серотоптың түрін қояды, ал сосын қиылысқан МАР көмегімен осы серотоптың құрамына кіретін барлық штамм-эталонмен әр зерттелген штаммның антигендік туыстықтың дәрежесін анықтайды. Лептоспира өсіндінің серотоптың немесе серонұсқаның түрін моноклональды антиденелердің көмегімен анықтауға болады.

Дауалау және сауықтыру шаралар. Өз уақытында лептоспирозды анықтау үшін жануар қан сарысуын зерттейді: асыл тұқымды шаруашылықта – барлық өндіріс-еркектерді жылына екі рет; шошқа, ірі қара және ұсақ мал, жылқыларды – асыл тұқымды және пайдалану мақсатымен (бордақылау топтан басқа) әкелу (әкету) алдында; лептоспирозға күмәнді барлық жағдайларда.

Шаруашылыққа ауруды әкелмеу үшін:

жануарлардың клиникалық жағдайды, іш тастау санын бақылау және зертханалық талдауға лептоспирозға күмәндағанда материалды жіберу;

1:25 сарысудың сұйылтуда МАР-да лептоспирозға 30 күндік шектеу кезінде шаруашылыққа түскен барлық жануарларды зерттеу (асыл тұқымды мақсатпен шаруашылыққа егілген шошқаларды – серологиялық зерттеудің нәтижесіне тәуелді емес несеп микроскопиясы жолымен);

лептоспироздың табиғи ошақ территорияда вакцинацияланбаған жануарларды бақпау;

жануар өсіру қораларда, ферма территорияда және азық сақтау жерлерде кеміргіштерді жүйелеу өлтіру.

Лептоспирозға зерттелмеген клиникалық сау жануарлармен бордақы шаруашылықты құруға рұқсат етіледі, бірақ шектеу кезінде лептоспирозға қарсы олардың міндетті вакцинациямен.

Лептоспирозға балау қойғанда шаруашылыққа шектеу енгізеді және сауықтыру шаралар жоспарда жануарлардың диагностикалық зерттеулер, малдәрігерлік-санитарлық және ұйымдасқан-шаруашылықтық шаралар өткізеді.

Ауру және ауруға күмәнді жануарлардың клиникалық қараудан кейін оқшаулайды, сарысумен және оларды қолдану нұсқауларда көрсеткен антибиотиктермен емдейді.

Ондай жануарлардың союы қасапханада өткізуге рұқсат етілген. Сойғаннан кейін қораны және құрал-жабдықтарды дезинфекциялайды. Егер лептоспироз қойылса және бұшықеттің дегенеративті өзгерістер немесе 2 тәулік ішінде жоғалмайтын олардың сары түске боялуы табылса, ұшаны және ішкі мүшелерді утилизацияға жібереді. Бұлшықетте дегенеративті өзгерістер болмаса, бірақ 2 тәулік ішінде жоғалған сары түске боялуы, сонымен бірге патологоанатомиялық өзгеріссіз ішкі мүшелерді пісіруден кейін өткізеді. Ішекті және патологиялық өзгерген мүшелер утилизацияға жібереді.

Лептоспирозға серологиялық зерттеулердің оң нәтижемен сойған жануардан алынған ұшалар және басқа өнімдер, бірақ клиникалық белгілерсіз немесе мүшелер мен бұлшықет ұлпада патологоанатомиялық өзгеріссіз шектеусіз өткізеді.

Лептоспирозға бейімді клиникалық сау жануарлардың барлық түрлерін және жастық топтарды вакцинациялайды. Емдеген жануарларды ауырып жазылғаннан 5...7 күннен кейін вакцинациялайды.

Барлық бордақы шаруашылықтың жануарларды бордақылайды және союға тапсырады. Өндіріске сақтау керек аналық мал санын, өндіріс-еркектерді және төлдерді вакцинациядан кейін лептоспироцидтті препаратпен өңдейді және дезинфекция жасаған қораға қояды.

Лептоспироздан таза емес шаруашылықта шектеуді келесі тәртібімен алады:

бордақылау шаруашылықта – союға малдарды тапсырғаннан кейін және қорытынды малдәрігерлік-санитарлық шаралардан кейін;

асыл тұқымды және қолданылатын шаруашылықта – зертханалық әдістердің көмегімен олардың лептоспироздан таза қойғаннан кейін;

бұрын таза емес шаруашылықта шектеуді алғаннан 6 ай өткеннен кейін лептоспирозға жануарларды қайтадан зерттейді;

барлық жануарлардың зерттеудің теріс нәтижелерді алғаннан кейін шаруашылық лептоспироздан таза болып саналады.

Тек лептоспироздан таза шаруашылықтан асыл тұқымды және қолданылу мақсатпен жануарларды әкетуге рұқсат етіледі.

Сатуға арналған жануарларды шектеуде ұстайды және қан сарысуын МАР-да зерттейді, несепте лептоспираның болуына шошқада зерттейді. Жеке жануарда қанда антидененің немесе несепте лептоспираның бөлінуімен барлық топты шаруашылықта қалдырады және лептоспироздан шаруашылықтың тазалығын шешу үшін диагностиканың қосымша әдістерді қолданады.

Арнайы дауалауға қолданады: поливалентті вакцина ВГНКИ және жануар лептоспирозға қарсы концентрленген вакцина; лептоспирозға қарсы және шошқа парвовирус инфекцияға қарсы ассоциирленген вакцина; лептоспирозға қарсы және ірі қара мал эмфизематозды карбункулға қарсы ассоциирленген вакцина; лептоспирозға қарсы және ірі қара мал кампилобактериозға қарсы ассоциирленген вакцина; иттің лептоспирозға қарсы вакцина; лептоспирозға қарсы инактивтелген сұйық вакцина; ет қоректілер обаға, инфекционды гепатитке, аденовирозға, парвовирусты энтеритке және ит лептоспирозға қарсы вакцина.

Барлық жағдайда вакцина түрі шаруашылықтың індеттік жағдайға байланысты. Лептоспироздан таза емес шаруашылықтың бейімді жануарларды; лептоспирозға тексерусіз малдарды құрайтын бордақы шаруашылықта; лептоспироздың табиғи ошақ аумағында жануар жайылымда; қансарысу МАР-ға әсер ететін жануарды шаруашылықта бөлгенде; мал шаруашылық жайылым аудандарда вакцинациялайды.


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет