Перейти на сайт



Дата08.06.2018
өлшемі16,75 Kb.
#41313
Күлкі - жанның шипасы

 

Мақсаты: а) Балаларға көңілді, көтеріңкі көңіл – күй сыйлау


б) Ойын шарттарын түсініп ойнауға тәрбиелеу
в) Ептілікке шапшаңдыққа тәрбиелеу
Зал іші «Күлкі – жанның шипасы» атты мерекеге орай безендірілген ( түрлі түсті шарлармен, көңілді смайликтермен)

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

Балалар әуенмен жарты шеңбер жасай отырады.


Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, біздің кішкентай бүлдіршіндер, бүгінгі ұйымдастырылып жатқан «Күлкі - жанның шипасы» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер.

«Ақжелкен» бөбекжай –балабақшасының меңгерушісі

А. Әбдікәрімқызына сөз береміз.

Жүргізуші: Уа халайық, халайық!


Бәріміз құлақ салайық,
Бүгінгі күлкі күнінде,
Ойын ойнап, 1 күліп,
Көңілді көтеріп алайық.
Жүргізуші: Балалар бүгін қандай күн?
Балалар хормен: Күлкі күні!
Тренинг: Жанар Қобыландықызы тренинг өткізеді. Жүргізуші: - Балалар мен бүгін Алдар көсе атамыздан хат алдым. Бұл хатты кім әкелді деп ойлайсыңдар? Шынымды айтсам мен өзімде қатты таң қалдым. Қазір мен оны шақырайын мияу кис –кис-кис мурка келегой. (мысық келеді) балалар бұл мысық алдар көсе атамыздың мысығы екен. Алдар көсе атамыз өзімен ойын тапсырмалар ала келеді екен. Біздер соған дайын болуымыз керек. Әнекей Алдар көсе атамыз келе жатыр.
Алдар көсе кіреді.
Алдар көсе: - Күнім қандай тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Бүгін бізде мереке,
Күлкі күні ерекше. Балалар менің мысығымнан хатымды алдыңдар ма?
Балалар хормен: - Я
Алдар көсе: - Ендеше мен сендермен цирк ойынын ойнағым келіп тұр. Менің сиқырлы қапшығымда сиқырлы доптар бар. Қане ойынымызды бастайық!
Ойын: «Кім епті»
Мазмұны: Ортаға 1 – 2 баладан шығып, кішкентай шарларды Алдар көсенің шляпасына лақтыру керек. Ойын көрермендермен де ойналады. Тренинг: Жанар Қобыландықызы. Алдар көсе: - Балалар көңіліміз көтеріңкі болу үшін бізге тағы кім қажет, қане ойланайықшы, ол адамды сендер жаңа жылда т. б. мерекелерден танисыңдар.
Балалар хормен: С - А - Й - Қ - Ы - М - А - З - А – Қ Алдар көсе: олай болса бәріміз бірге С - А - Й - Қ - Ы - М - А - З - А – Қ деп айтайық. Бәрі бірге айтады.
Сайқымазақ кіреді:

- Күлмейтінді күлдірген,


Жүрген жерін бүлдірген,
Көп ойнап, көп күлген,
Сайқымазақ мен боламын.
Бәріңізге күлкі күнімен!!!
Мен сіздерге күлкі сыйлағым келеді.

сайқымазақ бәрінің назарын өзінің қапшығына аударады. Қапшықтың аузы байлаулы. Мынау менің сүйікті қапшығым деп ұстай бергенде қапшық қозғалады. Сайқымазақ қапшығынан шошып кетеді. Біркезде музыка қосылады қапшық билейді, түртсе қозғалады, музыка жүрсе билейді.

Сайқымазақ: ойбуй менің қапшығым қалай қозғалып тұр, түк түсінбедім. Бәрін таң қалдырып, қапшықтың аузын шешіп қарайық дейді. Сол кезде ішінен тағы бір сайқымазақ атып шығады. Екеуі бір - бірімен құшақтасып, Менің атым - Төке, ал менің атым Көке - деп танысады. Екеуі көңілді музыкаға қосылып билейді. Бәрі Сайқымазақпен билейді.
Ойын: Балалар мына смайликті өз түрлеріңмен көрсеткендеріңді қалаймын (смайликтер таратылады).
Ойын: «Менің бейнем»
Мазмұны: Қолымыздағы смайликтерге қарап көрсетілген бейнені өз бет әлпетімізбен көрсетуіміз керек. Ойын көрермендермен де ойнатылады.

Сиқыршы: залға жылап кіреді. -Алдар көсе, сайқымазық маған көмектесіңдер, мен бәрін бүлдірдім. «Ақжелкен» бала-бақшасында күлкі мерекесі болып жатыр деп естіп кележатқанымда алдымнан жауыз мыстан кемпір шығып: жаныңның барында мені сұлу ханшайымға айналдыр әйтпесе сені жеп қоямын деді. Сосын мен не істерімді білмей асығып, сиқырлы жабыныммен «Абракато -добракато» деп едім (сиқыршы жылайды) ол ханшайым емес сиырға айналып кетті деп тағы жылайды.

Залға сиыр жүгіріп келеді де, ай сиқыршы мені не істеп қойдың мен сиыр болғым келмит ханшайым болғым келеді деп айқай салады.

Сайқымазақ: қазір мыстан бедің, сиырмедің қазір біз саған көмектесеміз.

Сиқыршы: балалар қане бәріміз бірге «Абракато -добракато» деп айтайықшы. Сиқырлы жабынды ашып қараса сиыр ешкіге айналып кетеді. Мыстан: мен ешкі болғым келмейді деп ақырады.

Алдар көсе: достар, достар мүмкін сиқырлы сөзді қазақша айтармыз.



Сиқыршы: ия, достар енді есіме түсті қанекей барлығымыз «Ақалай –мақалай суф, суф, суф» деп айтайық. (барлығы айтады) Сиқырлы жабынды ашқанда мыстан кемпір әдемі ханшайым болып шығады. Мыстан өз-өзіне қарап таңданады. Сиқыршы, Алдар көсе, сайқымазақ, балалар сендерге көп рахмет мен әлемдегі ең сұлу ханшайым болдым. Мен енді үнемі күліп көңілді болып жүремін. Сиқыршы мен енді сені жемеймін қорықпа деп шығып кетеді. Тренинг: Жанар Қобыланды қызы. Жүргізуші: Күлкіні іздеме, ол өзіңде,
Күлкіні бағала өзің де.
Жаныңа шипа ем беретін,
Күлкі ғой бағалы өмірде. – деп ақын ағаларымыз жырлағандай таңдарыңызды күлкімен атырып, кештеріңізді күлкімен батырыңыздар. Езулеріңізден күлкі тиылмасын,– деп сіздермен қоштасамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет