Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет1/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)
сөж см Айтжан 1



СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ 
АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ 
Абнасырова Р. Ж.
Нұрманова Г. Н.
Дүйсебекова Ж.М.
Алматы, 2018
ҚАЗАҚ ТІЛІ


3
ПІКІР ЖАЗҒАНДАР:
Базарбаева З.
Филология ғылымдарының докторы, профессор
Байтелиева Ж.
Филология ғылымдарының кандидаты, ассист.проф.
Мұхамади Қ.
Филология ғылымдарының кандидаты, 
қауымдастырылған проф.
АЛҒЫ СӨЗ
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы еліміздің интеллектуалдық потенциялын 
дамыту, адамдық ресурстардың сапасын, яғни халықаралық деңгейде бәсекеге төтеп 
бере алатын жастарды қалыптастыру міндетін алға қойып отыр. Алға қойылған мақ-
сатқа жетудің бірден-бір жолы – жастардың ғылыми және көркем әдебиетке деген 
қызығушылығын арттыру, өз елінің тарихына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік 
сезімін жетілдіру. Жастар жоғарғы білікті маман болуларымен қатар, өз елінің аза-
маты, мемлекетіміздің қорғанышы болулары де қажет.
Ұлтжандылық сезімді ояту мектепте «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәніне байланысты 
болса, жоғары оқу орнында «Практикалық қазақ тілі» сабағына қатысты. Осы орайда 
ұсынылып отырған «Қазақ тілі» атты оқу кешенінің негізгі мақсаты – мемлекеттік 
тіл болып табылатын қазақ тілінің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру. ЖОО-да 
қазақ тілін қарым-қатынас құралы деңгейіне айналдыру дағдыларын қалыптастыру. 
ЖОО түлектерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, тілдік біліктілігі жоғары ма-
ман ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау. 
Ұсынылып отырған оқу құралы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің дайындауымен
жасалған типтік оқу жоспары негізінде әзірленді. Тақырыпқа қатысты берілген 
мәтіндер деңгей бойынша сұрыпталып, тілдік әрекеттердің (оқу, тыңдау, сөйлеу, 
жазу) барлық түрлерін қамти отырып құрастырылды. Оқулықта берілген мәтіндер 
мен сол бойынша дайындалған оқылым, сөйлесім әрекетіне қатысты тапсырмалар-
ды орындау арқылы тіл үйренушілер қазақ тілін жақсы білуге, топ алдында өз пікір-
лерін еркін жеткізуге, әр тақырып бойынша ойлауға және сараптай алуға машық-
танады. Сонымен қоса, оқу құралында лексикалық тақырыптарды ашу мақсатымен 
«Ой бөлісейік» айдары арқылы сұрақтар, тақырыпты болжау тапсырмалары берілді 
және тіл үйренушілерге ыңғайлы және түсінікті болу үшін лексикалық тақырыптың 
мазмұнын ашатын «Ұлттық құныдылықтар» сызба және кестелер арқылы ұсынылды. 
Тыңдалым әрекеті бойынша көбіне тақырыпқа қатысты Youtube-та бар пайдалы бей-
нематериалдар алынды және кейбір мәтіндердің қазіргі заманға сай болуына баса 
назар аударылды. Ал «Біле жүріңіз» атты айдарда тіл үйренушілердің дүниетанымын 
кеңейтетін, ұлттық құндылықтар мен тақырыптарға қатысты әлемдегі қызықты 
фактілерді беруге көп көңіл бөлінді. Жалпы жоғарыда берілген мәтіндер мен тапсыр-
малардың нәтижесінде, тіл үйренуші жеке дара және топтық, ұжымдық бірлестікте 
жұмыс істей отырып, мемлекеттік тілді қарым-қатынас құралы ретінде еркін қолда-
нуға дағдыланады.
ӘОЖ 811.512.122
ББК 81.2 Қаз-923
А15
Баспаға Сүлейман Демирель атындағы университеттің 
Ғылыми Кеңесі ұсынған (Хаттама №1. 10.09.2018 ж.)
А15 Абнасырова Р.Ж., Нұрманова Г.Н., Дүйсебекова Ж.М.
Қазақ тілі. - Алматы: "Үш қиян", 2018 ж. - 182 бет
ISBN 978-601-332-094-6
Оқу құралы Республикалық оқу-əдістемелік жоғары жəне жоғары орнынан кейінгі білім 
беру кеңесінің 2016 жылғы 30 маусымдағы мəжіліс хаттамасының шешімі негізінде бекітілген 
типтік оқу жоспарына сəйкес əзірленген. Мəтіндер студенттің сөйлеу дағдысын дамытатын, 
қарым – қатынас біліктілігін қалыптастыратын тілдік төрт дағды (айтылым, тыңдалым, 
жазылым, оқылым) арқылы жасалған. 
Оқу құралы практикалық қазақ тілін оқитын барлық бағыттардағы факультет студент-теріне, 
магистранттар мен докторанттарға, қазақ тілін тереңірек меңгергісі келетін бар-ша оқырман 
қауымға арналған.
ISBN 978-601-332-094-6
(c) Абнасырова Р.Ж., Нұрманова Г.Н.,
Дүйсебекова Ж.М., 2018


4
5


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет