Пікірталас түрлері. Әңгіме және «Дөңгелек үстел», пікір алмасу, ойталқы, ойкөкпар, сөзталас, пікірсайыс, айтыс.
Пікірталас қоғамды дамытады, өркениетке қол жеткізеді. Пікірталас бар жерде демократия да өрістейді.
Қазіргі іскер адамдарға қоғамдық-әлеуметтік маңызды мәселелерді жете және жемісті талдай алу қабілеті қажет. Олар өз ойларын түсіндіре, дәлелдей алуы керек, қарсы жақтың пікірін жоққа шығарып, өз пікірінің дұрыстығына көз жеткізуі қажет. Сондықтан іскер адамдар сөзталас өнерін, пікірталас шеберлігін үйренуді мақсат етеді. Пікірталас шеберлігі дегенге жеткілікті, жан-жақты біліммен қоса, пікірталас түрлерін, мақсатын, олардың ерекшеліктері мен негізгі талаптарын, сөзталас мәдениетін, онда жиі қолданылатын амал-тәсілдерді жетік меңгеру жатады.
Пікірталас бірыңғай көзқарастың жоқтығынан әртүрлі пікірлер туындаған жайттардың төңірегінде өрбиді. Пікір-талас дегеннің өзі де пікір қайшылығы.
Пікірталастың бірнеше түрі бар: пікір алмасу, ойталқы, пікірсайыс, ойбөліс, сөзталас, айтыс. Әрқайсысының өзіндік мақсаты мен ерекшеліктері бар.
Пікір алмасу - латын сөзі, беретін мағынасы “зерттеу”, “талқылау”, “талдау”. Пікір алмасу көпшілік арасында өтеді. Мақсаты - әртүрлі қозғалыстарды салыстыра зерттей отырып шындық пікірді көрсету, талас мәселенің шешімін іздеп табу. Пікір алмасу - дұрыстыққа көз жеткізудің ең тиімді тәсілі, өйткені қатысқандар көзі жеткендіктен де бір пікірге өздері келеді.
Ойталқы сөзі де латын тілінен алынған, мағынасы - “ой жүгірту”, “жарыссөз”, “айтыс”. Ойталқы - ғылыми және қоғамдық мәні бар тақырыптардың төңірегінде көпшілік арасында өтетін сөз жарысы. Мұнда да сөз жарысына қатысқандар белгілі бір пікірге тоқталады.
Пікірсайыстың табиғаты өзгешелеу. Оны бұл сөздің шығу төркіні де айқындайды. Пікірсайыс - көне гректің сөзі, мағынасы - “соғысқұмар”, “жаулық”, “дұшпандық”. Әрине, бүгінгі мағынасы басқаша: бірдеңені талқылау мақсатында жиналыстарда, баспасөз беттерінде орын алатын сайыс. Бұл - жай ғана сайыс емес, көзқарасқа қарсы тұрушылық, идеядағы бітіспестік, пікірдегі қарсылық. Осы анықтамалардан көріп отырғанымыздай, пікірсайыс, пікір алмасу ойталқыдан бөлектенеді. Пікір алмасуға, ойталқыға қатысқандар пікір алшақтықтарын талқылай келе, бір пікірге тоқталуға, ортақ шешім шығаруға, шындықты қалпына келтіруге тырысады. Ал пікірсайыстың мақсаты басқа: қарсы жақты жеңіп шығу, өз пікірінде қалып, соны бекіту. Сөйтіп, сайысшылар әлеуметтік мәселелерді шешеді, қоғамның дамуына жол бермей отырған кедергілермен күреседі.
Пікірсайыс бұлтартпас дәлелдерге, ғылыми аргументтерге жүгінеді. Пікірсайыс, әсіресе адами құндылықтар мен адам құқығы жөнінде жаңа көзқарастар туындаған кезде қоғамдық пікір қалыптастыру үшін өте-мөте керек.
Ойбөліс - француз сөзі, мағынасы - “айтыс”, “жарыссөз”. Ойбөліс - көпшілік алдында екі адамның не екі топтың ой-пікірлерін ортаға салуы. Ойбөлісте пікір қарама- қарсылығы болғанмен, түсіністікке негізделеді.
Сөзталас - орыс сөзі (прения), мағынасы - бірдеңені, қандай да бір мәселені көпшілік арасында талқылау. Сөзталас, ойбөліс сияқты баяндамаларды талқылағанда, хабарламалар жасағанда, жиналыстар мен конференцияларда орын алады.
Айтыс - қазақтың сөзі. Мағынасы - екі адамның, екі топтың арасында суырыпсалма өлеңмен кезектесе айтылатын сөз жарысы, өнер сайысы.
Айтыс - қосынды жанр, мұнда ақындардың ақындық алғырлығы мен сазгерлік өнері, әншілік өнері, орындаушылық өнері бірге өрілген.
Айтыс - көне заманнан үзілмей келе жатқан өнер түрі, ежелден сөз жарысы, айтысу ұғымында қолданылып келеді. Ақындар айтысы көпшілік алдында, сыншы жұрттың алдында туып, орындалады. Әнменен не әр ақынның өз әуенімен қобызға, домбыраға қосылып айтылады. Бұның бәрі “қиыннан қиыстыратын” шеберлікті, алғырлықты, тапқырлықты талап етеді.
Қай дәуірде болса да, айтыс тек шешендіктің, сөз өнерінің сайысы ғана емес, оның мақсаты - елдіктің, бірліктің қамын жеу, жақсылықтар мен қол жеткенді паш ету, кездесіп отырған кемшіліктер мен олқылықтарды орынды жерінде жөнімен ескерту. Мұның өзі айтыстың халық қолына қаруғып ұстаған жауынгер жанр екендігін көрсетеді.
Пікірталастың түрлері.
Пікір алмасу. Ойбөліс. Ойталқы. Сөзталас. Пікірсайыс. Айтыс
Достарыңызбен бөлісу: |