Поэмадан үзінді Ізгілікпен ізеттің байлауында



Дата21.02.2022
өлшемі23,5 Kb.
#132701
түріПоэма
Байланысты:
4-апта, дидактикалық материал.
Бастауыш мектеп дидактика 4 пр сабақ, ТЕСТ ХИМИЯ 2020

Поэмадан үзінді
Ізгілікпен ізеттің байлауында,
Мама қаздар самғайтын қойнауыңда,
Достық атты қазына аралы бар
Сонау Мақсат тауының жайлауында.

Жұрттың бәрі баруға құштар оған,


Құштар бол деп тіпті ешкім қыстамаған,
Өзін мәңгі бақытты санайды екен
Сол аралдан от алып ұшқан адам.

Шаттығы сай болса да тал бойына,


Бұлбұл қонып жатса да таңдайына,
Ол аралды көруді көп адамның
Қатал тағдыр жазбапты маңдайына.

Бірін-бірі күндеумен жылан, қарға.


Үні шықпай жатады бір аңғарда.
Онда жалғыз деген сөз атымен жоқ,
Жеке-дара ұшпайды қырандарда.

Нар талабын салса да қандай жолға,


Тілектес дос пейілдер самғайды алға.
Жүрмейді онда сатқындар, саудагерлер,
Опасыздар, отсыздар болмайды онда.

Асау жылдар толқынын кешкің, мейлі,


Сенім заңы оларда ескірмейді.
Соқпайды онда самалы пенделіктің,
Тиындардың сыңғыры естілмейді.

Алда теңіз, арқада дала барда,


Талабымыз табанды бола ала ма?
Биік ұстап бірліктің ақжелкенін,
Біз де жүзіп барамыз сол аралға.

Намысыңның көйлегін сиялатсаң,


Сияға атар оғыңды ұяға атсаң,
Екеуміз де қираймыз, жүрегіңе
Егер титтей жалғандық ұялатсаң.

Ізгілік пен ізеттің байлауында,


Мама қаздар самғайтын қойнауында,
Достық атты қазына аралы бар
Сонау Мақсат тауының жайлауында.

Алаулаймыз шығысты қақтанындай,


Көзіміз жоқ жататын ақтарылмай.
Сол аралға, арман не, жетіп өлсек,
Тек жете алмай қайтудан сақта, құдай!
Жұптық жұмыс.

  1. Үзіндіден рухани-адамгершілік құндылықтарды білдіретін сөздерді белгілеп шық.

  2. Анықтаған сөздердің рухани –адамгершілік құндылықтардың белгісі екеніне сендір. Ол үшін:

  • Анықтаған сөздерге түсінік бер.

  • Дәлелде.

  • Анықтаған сөздерді теріске шығар.

  • Анықтаған сөздерді мақұлда.


Дескриптор:

  • Тақырыпқа сай сөздерді анықтайды

  • Анықтаған сөздеріне байланысты түсінік береді

  • Ойына дәлел келтіреді

  • Анықтаған сөздерді теріске шығарады.

  • Анықтаған сөздерді растайды, келіседі


Сыныптық жұмыс.
1. Достық аралы неліктен мақсат тауында орналасқан? Түсіндір
2. Метафораның қолдану себебі неде? Дәлелде
3. Сол аралдан от алып ұшқан адам неліктен өзін мәңгі бақытты санайды? Теріске шығар
4. Неге көп адамға достық аралын көру бұйырмаған? Мақұлда.
Дескриптор:

  • Түсіндіруге сай тілдік амалдарды қолданады

  • Дәлелдеуге сай тіл оралымдарды қолданады

  • Теріске шығаруға сай тілдік бірліктерді қолданады

  • Мақұлдауға сай сөздерді қолданады



Топтық жұмыс.
1-топ.
«Намысыңның көйлегін сиялатсаң,
Сияға атар оғыңды ұяға атсаң,
Екеуміз де қираймыз, жүрегіңе
Егер титтей жалғандық ұялатсаң.» деген шумақтағы көтерілген мәселені тыңдарманға ықпал ете отырып жеткіз.

2- топ
«Шаттығы сай болса да тал бойына,


Бұлбұл қонып жатса да таңдайына,
Ол аралды көруді көп адамның
Қатал тағдыр жазбапты маңдайына» деге шумақтағы мәселені тыңдарманға ықпал ете отырып жеткізіңіз.

3-топ
«Жүрмейді онда сатқындар, саудагерлер,


Опасыздар, отсыздар болмайды онда.
Соқпайды онда самалы пенделіктің,
Тиындардың сыңғыры естілмейді.» деген ойға қатысты пікіріңді тыңдарманға ықпал ете отырып жеткіз.

4-топ
«Сол аралға, арман не, жетіп өлсек, Тек жете алмай қайтудан сақта, құдай!» деген автор тілегінің астарын ұғынып, өз пікіріңді білдір, тыңдаушыларға ықпал ете сөйле.




Дескриптор:

  • Тыңдарманға ықпал ете сөйлейді

  • Тыңдарманға ықпал ететін ойлар айтады

  • Тыңдарманға ықпал ететін тіркестер қолданады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет