Практика атауы



бет1/7
Дата09.05.2024
өлшемі67,45 Kb.
#201911
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
МІНЕЗДЕМЕ ОҚУШЫҒА, СЫНЫПҚА Нуралы Балнур
1, арапайым математика о ыту дістемесіні педагогикалы ылым сал, ТЖБ кесте, 2 5366381930625378940, ДЖТ ҚАҢТАР ҰБТ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Практика атауы: Үздіксіз психологиялық – педагогикалық практика
Практика жүргізілген мекеме атауы: №169 мектеп- лицейі КММ


ОҚУШЫҒА МІНЕЗДЕМЕ
№169 мектеп - лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8 «Ж» сынып оқушысы Берікхан Арслан. Арслан ақкөңіл, мейірімді, сабырлы және тиянақты оқушы. Сыныптағы оқушылармен де, мұғалімдермен де жақсы қарым-қатынас орната біледі. Ұстаздарын сыйлайды. Өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды, мектепте өтетін іс – шараларға белсене араласады, берілген қоғамдық жұмыстарға жауаптылықпен қарайды. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Жалпы, Арслан сырлы мінез, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Оқу барысында, білім деңгейі көрсеткіші орташа болса да, бұл оқушының жалпы білім деңгейі жоғары, себебі Арслан өз білімін жан – жақты жетілдіреді.

Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Сыныптағы оқушылардың барлығымен қарым-қатынасы жақсы. Білімге деген талабы бар, жаңа нәрсені үйренуге тырысып, қатысып отырады. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі. Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Сыныптастарының арасында сыйлы, беделді. Мектептің ішкі ережесі талаптарын сақтайтын. Жеке тұлғалық көзқарасы қалыптасқан. Өз ойын, пікірін ашық, анық жеткізеді. Өзіндік ұстанымын дәлелдей алады. Алдына нақты мақсат қойып, оған жету үшін күресе біледі. Сыныпта туындаған қиындықтарды жеңуде дұрыс шешім қабылдайды. Шығармашылық қиялы дамыған.


Арслан болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі. Арсланның білікті маман иесі атанып, Отанының мақтанышы болатынына сенімдімін.




Мінездеме беруші студент: Нуралы Б.Н.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет