Презентация Орындаған:Әбдуалиева Самал Тобы: 1504-19 Қабылдаған: Усипбекова А. С



Дата07.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#97575
түріПрезентация
Байланысты:
Самал психология2

Презентация

Орындаған:Әбдуалиева Самал

Тобы: 1504-19

Қабылдаған: Усипбекова А.С


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Тақырыбы:Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік
2020 оқу жылы
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім

Жоспар
Қарым-қатынас – бір адамның басқа адамдармен қоғам мүшесі ретінде өзара әрекеттесуінің арнайы формасы. Қарым-қатынас барысында адамдардың әлеуметтік байланысы, бір-біріне деген қарым-қатынасы жүзеге асады. Қарым-қатынастың өзара байланысты 3 жағы бар: 1. Коммуникациялық - адамдардың өзара ақпарат алмасуы; 2. Интерактивті - адамдардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру; 3. Перцептивті - адамдардың бір-бірін қабылдауы және соның негізінде өзара түсінушіліктің орнауы.
Қарым-қатынас құрылымы және функциялары
• қарым-қатынас мазмұны, • қарым-қатынас мақсаты • қарым-қатынас құрамы.
Жалпы қарым-қатынас 3 аспектіден тұрады:
Қарым-қатынас негізгі екі канал арқылы жүзеге асады:тілдік (вербалды) және тілдік емес (вербалды емес) қарым-қатынас каналдары. Сөйлеу тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ақпараттың қайнар көзі, басқа адамға әсер етудің тәсілі.
Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас
Тікелей қарым-қатынас - табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы. Жанама қарым-қатынас —қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялык контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т.с. адами қарым-қатынасты күрделеңдіріп жіберді. Тұлғааралық қарым-қатынас - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактылары. Тұлғааралық қарымқатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.
Қарым-қатынас формалары:
1. Кинестика адамдардың эмоциялары мен сезімдерінің сыртқы көріністерін зерттейді: 2. Таксика қарым-қатынас барысындағы қол алмасып амандасу, беттен сүю, құшақтау, сипау, т.б. денеге тию әрекеттерін зерттейді; 3. Проксемика қарым-қатынас барысында адамдардың кеңістікте орналасуын зерттейді.
Тілдік емес қарым-қатынасты зерттейтін ғылымдар:

Қорытынды

  • Адам баласы болғаннан кейін қоршаған ортамен қарым қатынасқа түсу табиғи алдын ала бағдарланған процесс. Адамды адам қатарына қосатын да ойлау, сөйлеу, актілері. Белгілі бір индивидті тұлға ретінде қарастыру үшін ең алдымен оның қоршаған ортамен байланысын бағдарлап қана белгілі бір пікір қалыптастырамыз. Сондықтан қарым-қатынас психолгиясы адам өміріндегі ең маңызды ажырамас бөлік.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Жарықбаев Құбығұл «Психология негіздері», Алматы, 2012
  • Х.Т. Шерьязданова: « Қарым-қатынас психологиясы»,Алматы, 2012


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет