Презентация тақырыбы: Парапроктит. Этиологиясы, клиникасы, емдеу тактикасы. Жоспар



бет1/4
Дата05.12.2023
өлшемі2,71 Mb.
#195100
түріПрезентация
  1   2   3   4
Байланысты:
Ізмағанбет Ж.И Парапроктит

Орындаған: Ізмағанбет Ж .И


ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Парапроктит. Этиологиясы, клиникасы, емдеу тактикасы.

Жоспар:

  • Парапроктит түсінігі
  • Эпидемиологиясы
  • Жіктелуі
  • Этиологиясы
  • Патогенезі
  • Клиникасы
  • Емдеу тактикасы
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Парапроктит

  • Парапроктит - тік ішек айналасындағы майлы клетчаткалардың іріңді қабынуы.

эпидемиология

  • Парапроктит — ең жиі кездесетін проктологиялық аурулардың бірі (тік ішектің барлық ауруларының 20-40%). Парапроктит жиілігі бойынша геморрой, анальді жарықтар, колиттерден кейін 4-орында тұр. Ер балалар парапроктитпен қыз балалрға қарағанда жиі ауырады. Олардың қатынасы 1,5: 1 немесе 4,7:1 болады. Көбінесе үлкен адамдарда кездеседі, балаларда сирек кездеседі.

жіктелуі

  • Этиологиясы бойынша:
  • Спецификалық емес парапроктит,
  • Спецификалық парапроктит,
  • Посттравматикалық парапроктит.
  • Қабыну процессі жүруі бойынша:
  • жедел парапроктит,
  • рецидивирлеуші парапроктит,
  • Созылмалы парапроктит (тоқ ішекте жыланкөзі).

Шектелген парапроктит 5 түрге бөлінеді:

Шектелген парапроктит 5 түрге бөлінеді:

  • тері асты;
  • шырышты қабат асты
  • пельвиоректалды;
  • ишиоректалды
  • ретроректалды.

Парапроктитте іріңдіктердің орналасуы (а): 1-теріасты; 2 – ишиоректалды; 3 – пельвиоректалды; 4 – шырышты қабат асты.
(б): ретроректалды іріңдік

Этиологиясы (флора)

  • Ішек таяқщасы
  • анаэробтар
  • Алтын стафилококк
  • Ақ стафилококк;
  • стрептококк;
  • энтерококк;
  • Клостридиальды анаэроб Cl.perfringens, Cl.Hystoliticum, Cl.oedematiens, Cl.septicum;

Микробтардың ену жолдары – қабынған геморрой түйіндері, анустың шырышты қабаты немесе терісінің жарылулары, қасығанда микрожарақаттануы, тік ішектің шырышты қабатының зақымдалуы, қабынулары. Қабынған майлы клетчаткалар ісініп, суланып, іріңдегенде, айналасындағы дәнекер тіндерде инфильтрация орын алады. Шірікті инфекция туындаса, процесс жайылып, лимфа жолдарымен таралып, тіндердің өліеттенуіне әкеліп, өте ауыр шірікті – некроздық парапроктит дамиды.

  • Микробтардың ену жолдары – қабынған геморрой түйіндері, анустың шырышты қабаты немесе терісінің жарылулары, қасығанда микрожарақаттануы, тік ішектің шырышты қабатының зақымдалуы, қабынулары. Қабынған майлы клетчаткалар ісініп, суланып, іріңдегенде, айналасындағы дәнекер тіндерде инфильтрация орын алады. Шірікті инфекция туындаса, процесс жайылып, лимфа жолдарымен таралып, тіндердің өліеттенуіне әкеліп, өте ауыр шірікті – некроздық парапроктит дамиды.
  • Анальды бездер, тоқ ішектің шырышты қабатының зақымдануы, гематогенді және лимфогенді жолмен, қабыну процесі бар басқа мүшелер арқылы инфекция енуі мүмкін. Көптеген зерттеушілер оны Жаралы колит және Крон ауруы асқынуы деп айтады..


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет