Принцип дегеніміз — адамның нақты іс — әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шартты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер



бет1/3
Дата19.10.2022
өлшемі55,85 Kb.
#153767
  1   2   3
Байланысты:
семинар

1.«Заң», «Заңдылық» және «принцип» туралы түсінік, олардың педагогикалық процестегі мәні және өзара байланысы. 2. Педагогикалық процесте тәрбие заңдарының мәні, негізгі түрлері және оларға сипаттама. 3.Тәрбие жұмысында тәрбие заңдылықтарының мәні, түрлері және оларға сипаттама. 4.Тәрбие жұмысында «тәрбие принциптерінің» мәні, түрлері және оларға сипаттама.

Оқыту теориясы мен практикасын заманауи талаптарға сай жетілдіру үшін оның теориялық негіздерін құрайтын ұғымдар мәнін анықтау қажет. Мұндай ұғымдарға заңдылық, заң, принцип жатады. 


Заңдар - бұл белгілі бір нысанаға (объект) қатысты шынайы теориялық білімдердің жиынтығы. Нәтижесінде, бұл білімдер ғылымға тиеселі болып келеді. Заңдар алдын-ала тәрбие жүйесінің «жағдайын» және тәрбие процесінің «бағытын» анықтауға, болжауға мүмкіндік береді. «Заң» сөзі - бұйрық, жарлық, талап, регламент секілді мәтінде және юристік «заң» деген терминге жақын жиі қолданылады.
Принцип дегеніміз — адамның нақты іс — әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шартты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер.
Заңдылық - құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс. Педагогикалық құбылыстар тұлғаның өмір сүруі, әрекеттері барысында жеке басында, айналасында кездесетін, ықпал ететін табиғи немесе табиғи емес әр түрлі жағдайларды айтуға болады.
Қазіргі кезде педагогика ғылымында Ю.К.Бабанский, В.И. Загвязинский, И.Я. Лернер, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин т.б. зерттеушілер тұжырымдаған заңдарға ерекше мән беріледі:
мақсат, мазмұн және окыту әдістерінің әлеуметтік шарттылығы заңы;
оқыту мен тәрбиенің оқушының іс-әрекеті сипатымен байланыстылығы заңы;
педагогикалық үдерістің тұтастығы мен бірлігі заңы;
оку іс-әрекетін жекелеген және ұжымдык ұйымдастырудың бірлігі мен өзара байланыстылығы заңы;
оқытудағы теория мен практиканың бірлігі мен өзара байланысы заңы;
тәрбиелей жэне дамыта оқыту заңы;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет