Р 042 02-2015-01 2016 г басылым


Әдебиеттер: 1.С.И. Хорошко, А.Н. Хорошко. Сборник задач по химии и технологии нефти и газа. Новополоцк. 2001 Практикалық сабақ 3 –



бет4/35
Дата06.07.2018
өлшемі0,91 Mb.
#47611
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

Әдебиеттер:

1.С.И. Хорошко, А.Н. Хорошко. Сборник задач по химии и технологии нефти и газа. Новополоцк. 2001




Практикалық сабақ 3 – Мұнай, газ, көмір және олардың өңдеу өнімдерін бөлудің физика-химиялық негіздері

Сабақтың мақсаты: Мұнай, газ, көмір және олардың өңдеу өнімдерін бөлудің физика-химиялық негіздерін меңгеру

Сабақтың міндеті: тақырыптың мазмұнын ашу, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, дәріс сабағында қамтылмаған мәселелерді қарастыру, ақпарат алмасу, студенттердің өздігінен жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Бақылау сұрақтары:

1.Айдау процессі қандай температурада жүреді?

2. Ректификация қандай процеске негізделген?

3. Кристаллизация қандай қосылыстарды бөлуге негізделген?



Әдістемелік нұсқау: «Мұнай, газ, көмір және олардың өңдеу өнімдерін бөлудің физика-химиялық негіздері» бөлімін алдын ала оқулықтар, дәріс жазбалары және оқу әдістемелік материалдар бойынша оқу. Практикалық жұмыстарға арналған журналға ректификация, адсорбция, экстракция және кристализацияның физика-химиялық негіздерін конспектілеңіз.

Бастапқы білім деңгейі келесі сұрақтарды фронтальды талдау жолымен жүргізіледі:



  1. Ректификация процесінің физика-химиялық негіздері

  2. Адсорбция процесінің физика-химиялық негіздері

  3. Экстракция процесінің физика-химиялық негіздері

  4. Кристалдау процесінің физика-химиялық негіздері

Практикалық сабақ барысы:

1. Мұнай, газ және көмірді бөлудің физика-химиялық негіздерін теориялық талдау.

2. Тесттік сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Қайнау температуралары өте жақын өнімдерді бөліп жоғары дәрежедегі таза өнімдерді түзіп алу процесі қалай аталады:

A ректификация

B экстракция

Cайдау

D кристалдау



E ұшыру

2. Ректификация ... жүзеге асады:

Aтүтікшелі пештерде

B химиялық реакторларда

C колонналарда

D құбырларда

E мұнай құбырларында

3. Ректификациялық мұнаралар қандай процестерінде қолданылады:

A. Көп компонентті сүйықтарды айруға

B. Күкіртті қосылыстарды адсорбциясында

C. Су буының абсорбциясында

D. Мұнай құрамынан механикалық қоспаларды айруға

E. Тас көмірді классификациялауға

4. 300градус Цельсия-дан жоғары температурада мұнайды айдау қалай жүргізеді:

A. Күкіртті газының қатысында

B. Су буының атмосфералық қысымында

C. Вакуумда

D. Атмосфералық қысымында

E. 3-4 МПа қысымында

5. Вакуумда айдау қандай жағдайларда қолданылады:

A. ашық фракцияларды бөлу үшін

B. дизельдік отындарды бөлу үшін

C. ауыр фракцияларды бөлу үшін

D. қанықпаған көмірсутектерді бөлу үшін

E. ароматты көмірсутектерді бөлу үшін

6. Түзілген булар жүйеден бөлінбейтін және белгілі бір шекті температураға дейін өнім қоспасын қыздыратын айдау түрі:

A. бірреті

B. көпреті

C. біртіндеп

D. бір рет емес

E. дұрыс жауабы жоқ

7. Буланушы агентті ректификациялық колоннаға ... концентрациясын жоғарлату үшін енгізеді

A. қайнау температурасы төмен компоненттердің

B. газ тәрізді фракциялардың

C. жоғары температурада қайнайтын компоненттердің

D. Барлық жауаптары дұрыс

E. Дұрыс жауабы жоқ

8. Түзілген булар айдау аппаратынан үздіксіз бөлініп шығып отыратын айдау түрі:

A. бір рет

B. көп рет

C. біртіндеп

D. бір рет емес

E. дұрыс жауабы жоқ

9. Қарапайым және күрделі қоспалар ректификациясы қандай колонналарда жүзеге асады?

A. Жартылай үздіксіз және үздіксіз

B. Мерзімді

C. Үздіксіз

D. Мерзімді немесе үздіксіз

E. дұрыс жауабы жоқ

10. Бір-бірінен қайнау температураларымен ерекшеленетін өзара еритін сұйықтар қоспасын фракцияларға бөлу процесі:

A ректификация

B экстракция

Cайдау

D кристалдау



Әдебиеттер:

1 Г.Қ. Бишімбаева, А.Е. Букетова. Мұнай және газ химиясы мен технологиясы. Алматы: Бастау, 2007. 146-166 б.

2. Ы.Қ. Тойбаев, Қ.А. Жұбанов. Химиялық технология негіздері. Алматы. 2011. 91-92 б.
Практикалық сабақ 4 – Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін есептеу

Сабақтың мақсаты: Мұнай және мұнай тығыздығын, молярлық массасын есептеу

Сабақтың міндеті: тақырыптың мазмұнын ашу, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, студенттердің өздігінен жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Бақылау сұрақтары:

1.Мұнай өнімдерінің тығыздығы қалай анықталады?

2. Тығыздықтың қандай түрлері бар?

3. Молярлық масса мен тығыздықтын арасында қандай байланыс бар?



Әдістемелік нұсқау: «Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін есептеу» бөлімін алдын ала оқулықтар, дәріс жазбалары және оқу әдістемелік материалдар бойынша оқу.

Бастапқы білім деңгейі келесі сұрақтарды фронтальды талдау жолымен жүргізіледі:



  1. Тығыздық.

  2. Молярлық масса.

Практикалық сабақ барысы:

1. Төменде көрсетілген келесі тапсырмалардың шешілу ретін анықтау



2. Есептерді шығару. С.И. Хорошко, А.Н. Хорошко. Сборник задач по химии и технологии нефти и газа. Новополоцк. 2001. Есептер1.11-1.31

Есептерді шығару мысалдары (С.И. Хорошко, А.Н. Хорошко. Сборник задач по химии и технологии нефти и газа. Новополоцк. 2001)

Мысал 1. 100°С температурада сұйық мұнай фракциясының салыстырмалы тығыздығын анықтау егер

Шешімі. Белгілі тығыздық бойынша кез келген анықтауға мүмкіндік беретін графикті (.1.1суретті қараңыз.) пайдаланамыз. Абсцисса осьінен 0,811 тығыздығының мәнін шегереміз. Алынған А нүктесінен берілген тығыздық (В нүктесі) анықталған 20°С температураға сәйкес келетін көлденең сызыққа дейін перпендикуляр тұрғызамыз. В нүктесінен жақын орналасқан қисықтан горизонтальмен қиылысқанға дейін сызық жүргіземіз, искомой температураға сәйкес келеді (С нүктесі) С нүктесінен абсицисса (D нүктесі) өсіне перпендикуляр жүргізе отырып қажетті тығыздықты анықтаймыз .


Сурет 1.1 – Сұйық мұнайөнімдерінің салыстырмалы тығыздығының температураға тәуелділігі


Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет