Р 042-1.02-2015-01
|
2016 г. басылым
№ ______
|
беттің беті
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ФР 042-1.02-2015-01
|
Практикалық (семинарлық) сабақтардың әдістемелік нұсқаулары
|
2016 ж.
№ 1 басылым
|
Факультет Инженерлік-технологиялық
Кафедра Химия және химиялық технологиялар
5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы
мамандығына арналған
«ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАР ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»
пәнінен практикалық (семинарлық) жұмыстардың
әдістемелік нұсқаулары
Семей
2016
Кіріспе
1 ӘЗІРЛЕНГЕН
Құрастырушылар ___________ « » 2016 ж.
Л.К. Оразжанова, х.ғ.к., «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының доцент м.а.
Әдістемелік нұсқаулық «Дәрілік полимерлер технологиясы» пәнінен 5В072100 - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының барлық оқыту түрлерінің практикалық (семинарлық) жұмыстар жүргізуіне арналған.
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының отырысында
« » 2016 ж. № хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________ Б.Х. Мұсабаева
2.2 Әдістемелік нұсқаулық инженер-технологиялық факультетінің оқу-әдістемелік бюросы отырысында қарастырылып оқу үрдісінде қолдануға ұсынылды.
« » 2016 ж. № хаттама
Төрайымы ______________ А.Н. Нұргазезова
Мазмұны
1
|
Кіріспе
|
5
|
2
|
Мұнай, газ және көмірді өңдеу процестерінің физика-химиялық сипаттамалары
|
6
|
3
|
Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін есептеу
|
8
|
4
|
Мұнай, газ, көмір және олардың өңдеу өнімдерін бөлудің физика-химиялық негіздері
|
10
|
5
|
Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін есептеу
|
12
|
6
|
Қатты жанғыш қазбалардың және олардың өңдеу өнімдерінің термодеструкциялық өзгерістері
|
14
|
7
|
Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін есептеу
|
17
|
8
|
Жанғыш қазбалардың және олардың өңдеу өнімдерінің термодеструкциялық өзгерістері
|
20
|
9
|
Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін есептеу
|
22
|
10
|
Кокстың пайда болуының механизмі мен кинетикасы
|
24
|
11
|
Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін есептеу
|
26
|
12
|
Гидрогенизациялық және каталитикалық процестердің катализаторлары
|
27
|
13
|
Көмірсутекті газдардың құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін есептеу
|
30
|
14
|
Мұнай шикізатының каталитикалық крекингі
|
31
|
15
|
Көмірсутекті газдардың құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін есептеу
|
33
|
16
|
Мұнай өнімдерінің каталитикалық риформингі
|
35
|
17
|
Көмірсутекті газдардың құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін есептеу
|
37
|
18
|
Мұнай және мұнай өнімдерінің гидрогенизациялық процестер
|
40
|
19
|
Сұйтылған көмірсутекті газдар
|
42
|
20
|
Винилді мономерлерді алу процестерінің теориялық негіздері
|
44
|
21
|
Ректификациялық колонналардың технологиялық параметрлері
|
44
|
22
|
Функционалды топтары бар винилді мономерлерді алу процестерінің теориялық негіздері
|
46
|
23
|
Ректификациялық колонналардың температуралық режимі
|
47
|
24
|
Диенді мономерлерді алу процестерінің теориялық негіздері
|
50
|
25
|
Ректификациялық колонналардың материалды балансы
|
50
|
26
|
Полимерлерді экструзиямен өңдеудің теориялық негіздері
|
51
|
27
|
Ректификациялық колонналардың жылулық балансы
|
52
|
28
|
Қысыммен құюдың теориялық негіздері
|
56
|
29
|
Ректификациялық колонналардың геометриялық өлшемі
|
57
|
30
|
Каландрлеу
|
59
|
31
|
Термиялық процестердің реакциялық қондырғылары
|
60
|
КІРІСПЕ
Әдістемелік нұсқаудың өзектілігі және маңызы
«Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері» пәнінен ұсынылып отырған әдістемелік нұсқау 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтың студенттеріне арналған.
Кредиттік жүйе бойынша оқыту ең алдымен, студенттердің өз бетінше жұмыс жасауының сапалылығын қамтамасыз ете отырып, оқытушының жұмысын түбегейлі өзгертеді, олардың білімін үнемі жетілу үстінде болуын қажет етеді. Әсіресе, практикалық сабақтарда студенттердің пәнге қызығушылығын толық ескеріп,танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруда және басқаруда әдістемелік нұсқаулардың арнайы жинағы зор роль атқарады.
Практикалық сабақ пән бойынша студенттер талдау жүргізу, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу, жорамал қалыптастыру, белсенді ой-әрекетті талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруге бағытталған аудиториялық сабақ. Практикалық сабақтарпәннің негізгі бөлімдерін үйренуді қорытындылайды, дәріс сабағынан, БӨЖ-нан кейін жүргізіледі. Практикалық сабақтарда студент теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуі қажет.
Әдістемелік нұсқау - негізгі оқу-әдістемелік құжаттардың бірі, оның құрамына зерттелетін тақырыбтар, олардың мақсаты мен міндеті, қысқаша мазмұны, өздік жұмыс тапсырмалары және әдебиет тізімі кірген.
Практикалық сабақтың мақсаты: Практикалық сабақтарда студент «Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері» пәнінен теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуіне қажет жаттығуларды орындау және есептерді шығару білігі мен дағдыларды қалыптастыру.
Практикалық сабақтардың нәтижесінде білім алушы міндетті:
Дәрілік полимерлердің жіктелуін білу тиіс
Дәрілік полимерлерге қойылатын шарттарды білу тиіс
Дәрілік полимерлерді синтездеу әдістерін білу тиіс
Полимерлік физиологиялық активті заттардың синтездеудің негізгі заңдылықтарын білу тиіс
Полимерлерден әртүрлі медициналық субстанцияларды алуды білу тиіс
Пәнаралық байланыстар: «Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері» пәні «Жалпы химиялық технология», «Көмірсутекті шикізатты өңдеу технологиясы» пәндермен байланысты және дипломдық жобаны орындауға негіз болып табылады.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
Практикалық сабақ 1– Мұнай, газ және көмірді өңдеу процестерінің физика-химиялық сипаттамалары
Сабақтың мақсаты: Мұнай, газ және көмірді өңдеу процестерінің теориялық негіздерін меңгеру
Сабақтың міндеті: тақырыптың мазмұнын ашу, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, дәріс сабағында қамтылмаған мәселелерді қарастыру, ақпарат алмасу, студенттердің өздігінен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Бақылау сұрақтары:
1.Термиялық процестерініңерекшеліктері
2. Қандай процестер каталитикалық процестерге жатады?
3. Қатты жнғыш қазбалар қандай процестер арқылы өңдіріледі?
Әдістемелік нұсқау: «Мұнай, газ және көмірді өңдеу процестерінің физика-химиялық сипаттамалары» бөлімін алдын ала оқулықтар, дәріс жазбалары және оқу әдістемелік материалдар бойынша оқу. Практикалық жұмыстарға арналған журналға көмірді, мұнай мен газды өңдеу процестерінің жіктелуін, өңдеу процестерінің сипаттамасын конспектілеңіз немесе презентацияны дайындаңыз.
Сабақ барысы:
1. Презентация бойынша баяндау немесе фронтальды талдау әдісімен келесі сұрақтарды қарастыру
Мұнай, газ және көмірді өңдеудің физика-химиялық процестерінің классификациясы
Мұнай, газ және көмірді өңдеудің термодеструктивті процестері
Мұнай, газ және көмірді өңдеудің термототығу процестері
Мұнай, газ және көмірді өңдеудің каталитикалық процестері
2.Тақырып бойынша келесі тест тапсырмаларын орындау
1. Мұнайдың құрамындағы компоненттерді химиялық өзгеріссіз бөліп шығару процесі ... деп аталады:
A. химиялық
B. физикалық
C. жылулық
D. деструктивті
E. каталитикалық
2. Химиялық айналулар жолымен жаңа өнім алып мұнайды өңдеу:
A. химиялық
B. физикалық
C. жылулық
D. деструктивті
E. каталитикалық
3. Қатты жанғыш қазбалардың ауа жібермей қыздыру арқасында түрленуі қалай аталады?
A. қатты жаңғыш қазбалардың ыдырауы
B. қатты жаңғыш қазбалардың конденсациялануы
C. қатты жаңғыш қазбалардың термиялық деструкциясы
D. қатты жаңғыш қазбалардың өңдеуі
E. қатты жаңғыш қазбалардың бөлінуі
4. Жоғары температураның әсерімен жүретін процестер ... деп аталады
А. термиялық
B. температуралық
C. термохимиялық
D. каталитикалық
E. химиялық
5. Мұнай өңдеу заводтарының (МӨЗ) технологиялық процестері бөлінеді:
A. химиялық
B. физикалық
C. жылулық
D. деструктивті
E. А, В жауаптары
6. Каталитикалық процесстерді катализ типі бойынша келесідей жіктелінеді:
А. Гетеролитикалық
В. Гомолитикалық
С. Гидрокаталитикалық
D. деструктивті
E. А, В, С жауаптары
7. Термодеструктивтіпроцеске жатады (термиялық крекинг, висбрекинг, кокстеу, пиролиз)
А. Пиролиз
В. Каталитикалық крекинг
С. Гидротазарту
D. Изомеризация
E. Термототығу
8. Физикалық процесстерге жатады:
А. Пиролиз
В. Каталитикалық крекинг
С. Гидротазарту
D. Атмосфералық айдау
E. Термототығу
9. Қатты жанғыш қазбаларды жоғары температурада оттегінсіз өңдеу ... процеске жатады
А. Гетеролитикалық
В. Гомолитикалық
С. Гидрокаталитикалық
D. деструктивті
E. Термиялық
10. ҚЖҚ термиялық әдістеріне жатады:
А. Пиролиз
В. Каталитикалық крекинг
С. Кокстеу
D. Атмосфералық айдау
E. Термототығу
Көрнекіліктер: слайд, практикалық дәптер, оқулықтар
Әдебиеттер:
1. Г.Қ. Бишімбаева, А.Е. Букетова. Мұнай және газ химиясы мен технологиясы. Алматы: Бастау, 2007. 127-137 б.
2. Глущенок И.М. Теоретические основы технологии горючих ископаемых. –М.: металлургия, 1990. 123-126 б.
3. Каменева А.И. Платонов В.В. Теоретические основы химической технологии горючих ископаемых. –М.: Химия, 1990. С. 245 б.
Практикалық сабақ 2 – Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін есептеу
Сабақтың мақсаты: Мұнай және мұнай өнімдерінің компоненттік құрамын, мұнай фракцияларының орташа қайнау температураларын, сипаттаушы факторды есептеу
Сабақтың міндеті: тақырыптың мазмұнын ашу, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, студенттердің өздігінен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Бақылау сұрақтары:
1.Сипаттаушы фактор дегеніміз не?
2. Көлемдік үлес нені білдіреді?
3. Молярлық үлес массалық үлеспен қалай байланысқан?
Әдістемелік нұсқау: «Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін есептеу» бөлімін алдын ала оқулықтар, дәріс жазбалары және оқу әдістемелік материалдар бойынша оқу.
Бастапқы білім деңгейі келесі сұрақтарды фронтальды талдау жолымен жүргізіледі:
Компоненттік құрамы
Мұнай фракциясының орташа қайнау температурасы
Сипаттаушы фактор
Практикалық сабақ барысы:
1. Келесі төменде көрсетілген тапсырмалардың шешілу ретін анықтау
2. Есептерді шығару. С.И. Хорошко, А.Н. Хорошко. Сборник задач по химии и технологии нефти и газа. Новополоцк. 2001. Есептер 1.1-1.10.
Есептерді шығару мысалдары (С.И. Хорошко, А.Н. Хорошко. Сборник задач по химии и технологии нефти и газа. Новополоцк. 2001)
Мысал 1. Үш мұнай фракциясын келесі көлемде: m1=81 кг; m2=135 кг; m3=54 кг араластырды
Қоспадағы әрбір фракцияның массалық үлесін анықтау
Шешімі. Қоспаның жалпы массасын анықтаймыз: m=m1+m2+m3=81+135+54=270 кг.
Әрбір фракцияның массалық үлесін анықтаймыз:
Достарыңызбен бөлісу: |