Әдебиеттер:
1.С.И. Хорошко, А.Н. Хорошко. Сборник задач по химии и технологии нефти и газа. Новополоцк. 2001
Практикалық сабақ 5 - Қатты жанғыш қазбалардың және олардың өңдеу өнімдерінің термодеструкциялық өзгерістері
Сабақтың мақсаты: Қатты жанғыш қазбалардың термодеструкциялық процестерінің механизмін, химизмін меңгеру
Сабақтың міндеті: тақырыптың мазмұнын ашу, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, дәріс сабағында қамтылмаған мәселелерді қарастыру, ақпарат алмасу, студенттердің өздігінен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Бақылау сұрақтары:
1.Пластикалық көмірлі масса дегеңіміз не? Қандай жағдайда түзіледі?
2. ҚЖҚ термиялық өңдеу кезінде қандай негізгі өнімдер түзіледі?
3. Термототықтыру процестері қандай температурада жүреді?
Әдістемелік нұсқау: «Қатты жанғыш қазбалардың және олардың өңдеу өнімдерінің термодеструкциялық өзгерістері» бөлімін алдын ала оқулықтар, дәріс жазбалары және оқу әдістемелік материалдар бойынша оқу. Практикалық жұмыстарға арналған журналға мұнайды өңдеудің термодеструктивті әдістерінің физика-химиялық негіздерін, крекинг және пиролиз процестерінің механизмін, химизмін конспектілеу.
Бастапқы білім деңгейі келесі сұрақтарды фронтальды талдау жолымен жүргізіледі:
1. ҚЖҚ-ң термиялық деструкция процестерінің заңдылықтары. Олардың термодинамикалық және кинетикалық сипаттамалары.
2. Көмір заттарының термиялық деструкция процестерінің механизмі, олардың сатылылығы.
Практикалық сабақ жоспары:
1. Мұнай пиролизі мен крекингісінің физико-химиялық негіздерін теориялық талдау
2. Тесттік сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Қатты жанғыш қазбалардың ауа жібермей қыздыру арқасында түрленуі қалай аталады?
A. қатты жаңғыш қазбалардың ыдырауы
B. қатты жаңғыш қазбалардың конденсациялануы
C. қатты жаңғыш қазбалардың термиялық деструкциясы
D. қатты жаңғыш қазбалардың өңдеуі
E. қатты жаңғыш қазбалардың бөлінуі
2. Ауа өткізбей 500-5500 С қатты жаңармайдың термиялық ыдырау процесі аталады:
A. кокстеу
B. жартылай кокстеу
C. ыдырау
D. пластификациялау
E. жартылай ыдырау
3. Жаңармай газдарын (H2, CO, CH4) алу мақсатымен жаңармайдың көміртегісі тотықтырғыштармен әрекеттесуінің жоғарытемпературалы процесі қалай аталады:
A. кокстеу
B. жартылай кокстеу
C. газдандыру
D. пластификациялау
E. крекинг
4. Көміртектің ауа оттегісімен әрекеттесу реакциясында алынған газ:
2C + O2 + 3,76N2 → 2CO + 3,76 N2
A. жартылай сулы
B.сулы
C. ауалы
D. көміртекті
E. оттекті
5. Көміртектің су буымен әрекеттесу кезіндегі газ-өнім С + Н2О → СО + Н2:
A. жартылай сулы
B.сулы
C. ауалы
D. көміртекті
E. оттекті
6. Реакция бойынша буауалы үрлеуді қолданғанда алынған газ
3,65C + O2 + 3,76N2 + 1,65H2O → 3,65CO + 1,65H2 + 3,76N2
A. жартылай сулы
B.сулы
C. ауалы
D. көміртекті
E. оттекті
7. 94-96% С, 1,5% Н және 1,5-2% О бар көмірлі қалдық қалай аталады:
A. кокс
B. жартылай кокс
C. шайыр
D. тасты көмір шайыр
E. күл
8. Қатты, сұйық, газ тәрізді өнімдерден туратын, қақталған көмірдің ауа өткізбей 300-5500С температура интервалында қыздырған кезде түзілетін күрделі гетерогенді жүйе қалай аталады:
A. кокс
B. жартылай кокс
C. шайыр
D. пластикалық көмірлі масса
E. пек
9. Көмірлі пластикалық массаның тұтқырлығын ненің көмегімен анықтайды:
A. пикнометр
B. ареометр
C. вискозиметр
D. нефелометр
E. фотоколориметр
10. Көмірлі пластикалық массаның қопсылануы қай әдіспен анықталады:
A. дилатометрия
B. вискозиметрия
C. гравиметрия
D. кулонометрия
E. кондуктометрия
Әдебиеттер:
1 Глущенок И.М. Теоретические основы технологии горючих ископаемых. –М.: металлургия, 1990. С. 126-142.
2 Ы.Қ. Тойбаев, Қ.А. Жұбанов. Химиялық технология негіздері. Алматы. 2011. 79-82 б.
3 Каменева А.И. Платонов В.В. Теоретические основы химической технологии горючих ископаемых. –М.: Химия, 1990. 149-161 б.
Практикалық сабақ 6 – Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін есептеу
Сабақтың мақсаты: Мұнай және мұнай тығыздығын, молярлық массасын есептеу
Сабақтың міндеті: тақырыптың мазмұнын ашу, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, студенттердің өздігінен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Бақылау сұрақтары:
1.Фугитивтілік дегеніміз не?
2. Критикалық параметрлерге қандай параметрлер жатады?
3. Қаныққан бус қысымы дегеңіміз не?
Әдістемелік нұсқау: «Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін есептеу» оқулықтар және дәріс материалдары блйынша алдын ала оқу.
Бастапқы білім деңгейі келесі сұрақтарды фронтальды талдау жолымен жүргізіледі:
Қаныққан бу қысымы.
Критикалық және келтірілген параметрлер.
Фугитивтілік.
Практикалық сабақ жоспары:
1. Төменде көрсетілген келесі тапсырмалардың шешілу ретін анықтау
2. Есептерді шығару. С.И. Хорошко, А.Н. Хорошко. Сборник задач по химии и технологии нефти и газа. Новополоцк. 2001. Есептер1.32-1.43
Есептерді шығару мысалдары (С.И. Хорошко, А.Н. Хорошко. Сборник задач по химии и технологии нефти и газа. Новополоцк. 2001)
Мысал 1. 150°С температурадағы жеңіл бензин фракциясының қаныққан буларының қысымын анықтау, егер бұл фракцияның орташа қайнау температурасы 95°С тең болса.
Шешімі. Қаныққан булардың қысымын анықтау үшін Ашворт формуласын (1.5) қолданамыз.
Алдымен 4 қосымша бойынш 150°С және 95°С температура үшін f(T) және f(T0) функцияларының мәндерін анықтаймыз, 95°С температура үшін интерполяция әдісімен анықтаймыз. f(T)=4,48 и f(T0)=5,73.
Алынған мәндерді (1.5) формуласына қоямыз:
Антилогорифмдер кестесі бойынша немесе микрокалькулятор көмегімен анықтаймыз:
Достарыңызбен бөлісу: |