Радиоактивтілік
Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбею түсуде.Атом электр станциялары салынып, олар іске қосылып жатыр.Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр.Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде. [1]
Табиғатта адамзат баласы, жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі табиғи радиоактивтік сәулеленудің сыртқы және ішкі әсерімен шектелініп тұрады.Радиaция адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отыр, әсіресе радиоактивті сәулені жерден алады, қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда [1].
Радиоактивтілік
Табиғи
Техногенді
Радиоактивтілік-орнықсыз атом ядроларының басқа элементтер ядросына бөлшектер немесе гамма-кванттар шығару арқылы өздігінен түрлену құбылысы [2].
1. Радиоактивтілік түрлері және радиоактивті ластану
Табиғи радиоактивтілік
Табиғи жолмен пайда болған радиоактивті элементтерді қоршаған ортаның барлық жерінде кездестіруге болады және миллиардтаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. Иондаушы сәулелер жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейінгі кезеңде, тіпті жердің өзі пайда болмай тұрып-ақ пайда болған. Радиоактивті материалдар жер пайда болған кезден бастап, оның құрамында бар. Кез келген адамда белгілі бір мөлшерде радиоактив болады . Адам денесі таканьдерінде табиғи радиоактивтіліктің көзі рубидий-87, калий-40 болып табылады. Қазіргі адам өз уақытының 80% -ін жабық кеңістікте, яғни үйде не кеңседе өткізеді де, радиацияның негізгі дозасын сол жерде қабылдайды. Құрылыстар мен ғимараттар сыртқы сәулеленуден сақтанғанымен, олар салынған құрылыс материалында табиғи радиоактивтілік болады [2].
Қоршаған ортадан келетін радиацияның адамға әсер салыстырмалығы
Иондаушы сәулелену - бұл элементарлы бөлшектер мен электромагнитті сәулелердің кванттар ағымы,олардың заттармен өзара араласу әсерінен әр полярлы иондар пайда болады.
Иондаушы сәлелену:
- альфа-бөлшектері – ядролық алмасу кезінде бөлінетін гелий атомдарының ядролары;
- бета-бөлшектері – үздіксіз энергиялық спектр бөлетін электронды (позитронды) сәулелену;
- гамма-сәуле – фотонды (электромагнитті) иондаушы сәулелену;
- нейтронды сәулелену – нейтрондар ағымы [7].
Техногенді радиоактивтілік
Техногенді радиоактивтілік-адамныің іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Табиғи радинуклидтердің қайта бөлініп, концентрациялануы пайда болатын саналы шаруашылық іс-әрекет процесінде табиғи радиациялық фонның өзгеруіне әкеліп соғады. Бұған тас көмірдің ,мұнайдың, газдың және тағы басқа жанғыш пайдалы қазбалардың, фосфат тыңайтқыштарының, кен өндірілуі мен өңделуінің де кең әсері бар. Және де адамзаттық авиация сияқты транспорт түрі өз жолаушыларын ғарыштық сәулелердің жоғары әсеріне ұшыратады [7].
Радиоактивті ластану және қазіргі жағдайы
Радиоактивтілік ластайтын заттарды тарататын негізгі көздер әзірге ядролық жарылыстар болып отыр. Айналадағы радиация қалдықтармен ластау-адамға да, табиғатқа да жасалған зиянкестік. Сондықтан атомдық реакторлар мен атомдық электор станцияларын салуда,уран өндіруде, олардан шығатын радиактивті қалдықтардан сақтануды ескеріп жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн.Аймаққа радиоактивтілік зақымдану, ластану қаупі төнгенде азаматтық қарғаныс мекемесі халықты алдын ала сақтандыру үшін радиациялық қауіп дабылын береді.Ластанған аймақта жүріп тұру ережесі және қорғаныс ғимараттарынын шығаруды азаматтық қорғаныс штабтары мен бастықтары белгілейді [3].
2. Радиацияның ағзаға түсу жолдары мен әсері
Адам организмі радиация көзіне емес, радиацияға жауап береді.Радиоактивті заттар болып табылатын радиация көздері ішек жолдары арқылы сумен және тамақпен бірге, өкпе арқылы тыныс алу кезінде, аз мөлшерде тері арқылы,сонымен қатар медициналық радиоизотопты диагностика кезінде адам организміне түсе алады.Бұл жағдайда ішкі сәулелену пайда болады [7].
Радиациялық сәулелену ағзаның гинетикалық жағдайына пайдалы және зиянды әсерін тигізеді [7]
Пайдалы әсері
Рентгент және күлгін сәулелер химиялық заттар әсері ақылы антибиотиктер түзетін саңырауқұлақтар табиғи қасиетін өзгерту үшін зерттеулер жүргізу.
Тіршілік ету жағдайында антибиотиктер сонымен қатар В12 дәруменін түзетін микроорганизмдердің жоғары активті штампаларын шығару және тағы басқалар.
Адам өміріне қажет, маңызды ферменттер, органикалық қышқылдар, сағырауқұлақтардың және микробтарды сәулелендіру үшін алады.
Зиянды әсері
Табиғи сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар және сртқы ортаның температурасы тұқым қуалау қасиетінің құрылымына әсер ету нәтижесінде ұрпақтарға таралатын табиғи мутацияға келтіреді.
Табиғи сәулелену , кейбір химиялық құрылымдар, сыртқы ортаның температурасы және ядролық сынақ әсерлерінен өмір сүру ортасына қарай ұрпақтарда 500-ден астам аурулар пайда болғандығы анықталады.
Иондық сәулелердің әртүрлі материалдар мен адамға әсері
3. Сәулелік ауру және құтқару жұмыстары
Сәулелік ауру-әр түрлі иондаушы сәулелердің әсерінен пайда болатын қатерлі сырқат. Адам, жануарлар, микроорганизмдер және өсімдіктерге жер қыртысынан бөлінетін гамма-сәулелер және космос сәулелері сырттан, организмде болатын радиоактивті элементтер (K, Ra, Rn, C т.б.) сәулелері іштен әсер етеді. Егер бұл сәулелер тірі организмге артық мөлшерде өтсе клеткалардың, органдардың тіршілігіне қауіпті ауру туғызады. Адамда ортаның әсерінен және ішкі органдарға, әсіресе тыныс алу жолы арқылы теріге, ішек-қарынға радиоактивті заттардың өтуінен пайда болады [2].
Жіті - бір мезгілде организмге сәуленің өте көп мөлшері өткен жағдайда пайда болады.
Созылмалы - сәуленің аз мөлшерінен зақымданғанда, кейде жедел түрі созылмалы түрге айналуынан болады.
Достарыңызбен бөлісу: |