Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы



бет1/4
Дата11.01.2017
өлшемі5,76 Mb.
#7029
  1   2   3   4
Қостанай облысы , Әулиекөл ауданы

«Әулиекөл ауданы білім бөлімінің

№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ

Magic FLy» байқауы ,

«Жұлдызды жолдар ашық» номинациясы

Автордың аты-жөні: Ансаганов Тайлан Маратұлы

№2 Аманқарағай орта мектебі 3 сынып оқушысы 9 жас

Жетекшісінің аты-жөні: Аяпбергенова Алмагүл Бахитжанқызы

№2 Аманқарағай орта мектебі,

бастауыш сынып мұғалім

2014-2015 оқу жылы

Жұлдызды жолдар ашық

Жұлдызды аспан әлемі қай кезде де адамдардың ерекше қызығушылығын тудырып келеді. Бұлтсыз ашық түнде аспанға зер салсаң, көп жұлдызды көресің. Олар самалдай жарқырап, сәуле шашып тұрады. Жұлдызды аспанға қарап ,ғарыштың ұшы-қыры жоқ сырына үнілген сайын,ол жұмбақ бола түседі. Жұлдыздар неге жанады? Түнде олардың нешеуі жарқырап тұрады? Олар бізден алыс орналасқан ба? Жұлдызды аспанның шекарасы бар ма? Жұлдыздар қай жерде пайда болады? Ежелгі заманнан бастап адамдарды осы және басқа да көптеген мәселелер ойландырды, олар біз өмір сүріп жатқан үлкен әлемнің неден жасалғанын түсініп, білгісі келді.Адамдардың ол туралы ең алғашқы түсініктері ертегілер мен аңыздарда сақталған. Жер шары туралы ғылымның пайда болып, тереңге тамыр жаюынан және дамуынан бұрын ғасырлар және мыңжылдықтар өтті. Бұл ғылым бізге дүниенің қарапайымдылығы мен ерекше тәртібін ашып көрсетті. Оны ежелгі Грецияда Космос деп текке атамаған, ал Космос деген сөздің бастапқы мағынасы «тәртіп» және «әдемілік» дегенді білдіреді.

Әлем жүйесі - Жердің, Күннің,Айдың, планеталардың, жұлдыздардың және басқа да аспан денелерінің кеңістікте орналасуы мен қозғалысы туралы түсінік.



Табиғаттағы басқа да денелер сияқты жұлдыздар да өзгеріссіз қалмайды, олар да өмірге келеді, дамиды, және «өледі».Жұлдыз-қызған сутегінен құралған көлемді шар.Жердегілерге бұл шар түнгі аспанда жарқыраған кішкентай ноқат болып көрінеді. Жұлдыздардың өмірлік жолын қадағалап, олардың қалай қартаятынын түсіну үшін олардың қалай пайда болатынын білу қажет. Бұған дейін бұл құбылыс біз үшін үлкен жұмбақ болып көрінетін; қазіргі заманғы астрономдар біздің түнгі аспанымыздағы жарқыраған жұлдыздардың пайда болу жолдарын егжей-тегжейлі сипаттап бере алады.

Қаншама болдым – толдым десе де адам баласы қол жеткен табыстармен шектеліп қала алмайды,ол әрқашан көбірек білуге құштар болады да тұрады.Өйткені бізді қоршаған әлемде әлі де болса ашылмаған сырлар,шешілмеген жұмбақтар,жүрілмеген жолдар баршылық.Адам баласының ұшқыр ойымен ақылы әлем құрылысының таңғажайып сырларын ашуға бағытталғанымен ХХ ғасырға дейін планета аралық кеңістікті зерттеудің ғылыми негізін жасауға мүмкіндік болмады.Ракеталық – космостық техниканың тұңғыш ғылыми негізі қаланғанына көп уақыт өткен жоқ.Ол туралы ойлар алғаш рет Циолковский еңбектерінде қарастырылды.Әрине Циолковскийге дейін де ауасыз кеңістікте ұшу заңдылықтарын қарастырған кейбір зерттеулер болғандығын ескерте кеткен жөн.Мысал үшін инженер Кибальчич ұсынған ауада ұшатын аппарат жобасын еске алудың өзі жеткілікті.Әлемнің және аспан денелерінің пайда болуы және құрылымы жөніндегі алғашқы мифтік түсініктерге ертедегі грек философиясының көрнекті өкілдерінің бірі Гераклит көзқарасы бойынша бізді қоршаған әлемді құдай да, адам да жаратпаған.Ол бірде жанып,бірде сөніп тұратын мәңгі от. Грек материализмінің шарықтау шегі біздің заманымызға дейін Ү – ҮІ ғасырларды өмір сүрген Демокриттің көзқарастарымен ұштасады.Оның айтуынша,аспан әлемдері Ай,Күн және жұлдыздар уақытқа байланысты өзгеретін,шексіз кеңістіктегі материалдық денелер.Ай да Жер тәрізді,онда да жердегі сияқты биік таулар мен жазық далалар бар деп есептейді.Аристотель философиясынан нәр алған,сол философияға негізделген біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырда өмір сүрген Птоломей Жер – бүкіл әлемнің орталығы, оны Ай,Күн,Меркурий, Шолпан,Марс,Юпитер және Сатурн ғаламшарлары айналып жүреді, сонымен бірге олар қозғалмайтын жұлдыздармен қоршалған деп геоцентрлік жүйе ұсынды . Күн жерге ең жақын жұлдыз есептеледі, және ол жер энергиясының негізгі қайнар көзі болып табылады.Күннің жарығы жерге 8,3 минутта жетеді. Ал ең жақын Кентавр α жұлдызының сәулесі жерге 4 жыл 3 айда жетіп келе алады. Жұлдыздар Жерден өте қашық орналасқандықтан, телескоппен қарағанның өзінде нүктедей ғана болып көрінеді. Айсыз түнде жай көзбен қарағанда 5 мыңға жуық жұлдызды, ал күшті телескоп арқылы миллиардтаған жұлдызды көруге болады. Ғарышкерлер Ай бетінде көптеген зерттеулер жүргізді,жүздеген кг ай жыныстарын Жерге жеткізді.Жүргізілген зерттеулер жылу ағынын,магнит өрісін,радиация деңгейін,Күн желінің екпіні мен құрамын өлшеуге арналды.Бұл зерттеулер қорытындысында Айдан тараған жылу жердегіден үш есе аз екені,ай жынысында сақталған қалдық,магниттік қасиеттер,метеориттердің түсуінен Ай сілкінуінен болатын соққылар анықталды.Айдағы салмақ күшінің Жерге қарағанда 6 есе аздығы кристалдар,оптикалық айналар,өте таза медициналық және химиялық препараттар жасауға кең жол ашады.Айды игерудің болашағы әлі де болса алда,зерттеу маңызды бола бермек. Космостық зерттеу лабораториялардың ұшуы,адам баласының ғарыш төріне көтерілуі,туған мекеніміз Жерді жан – жақты зерттеуге жол ашты.Ғарыш кемелерінен алынған суреттерден мұнай мен газ қорларын іздеуде аса маңызды орын алатын әр түрлі құрамындағы тектоникалық құрылымының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туды.Жердегі зерттеулер арқылы мүмкін болмаған Қарабұғаз шығанағындағы тұз қабаттарының орналасу ауданы,егіс және мал жайылымдары,қалың қар қабаттары мен мұздықтар зерттеліп анықталды.Ғарыштық бақылау арқылы шаңды дауыл,өрт,су тасқыны сияқты қатерлі табиғи құбылыстарды өз уақытында анықтауға мүмкіндік ашылды.Ғарыштық техника арқылы көптеген елдер мен құрлықтардың,бүкіл дүние жүзінің дәлірек карталарын жасауға жол ашылды.Халықаралық маңызы бармәселе азық-түлік пен табиғи су қорларын,сол сияқты табиғи ресурстарды көбейту тақтасында әрбір елдің территориясын зерттеу және оның жүзеге асуы халықаралық қатынастарды жақсартудың ең қажетті шарты болып есептеледі.Күн – кәдімгі жұлдыз,сондықтан оны жалпылама зерттеу жұлдыздар табиғатын түсінуге көмектеседі. Ол Күн жүйесіндегі орталық және ең орасан зор дене болып табылады. Ол күн жүйесіндегі барлық денелерге –сәуле шығару арқылы күшті әсер етеді: оларды қыздырады,планеталар атмосферасына әсер етеді, жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді, барлық өсімдік пен жануарлар әлемінің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы ұғымдарды терең зерттеу арқылы мен аспан әлемі мен оның таңғажайып кереметтерін ұғындым. Аспан, жұлдыз, күн туралы ертегі құрастырып, жұмбақтар жинақтадым. Ертегілер мен жұмбақтарымның өзім қатарлы достарыма аспан әлемі туралы ойларын тереңдетуге септігі тиетініне сенімдімін.

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Менің шежірем»

Автордың аты-жөні: Салимов Ерсұлтан

№2 Аманқарағай орта мектебі

3 сынып оқушысы
Жетекшісінің аты-жөні: Аяпбергенова А.Б

№2 Аманқарағай орта мектебі,

бастауыш сынып мұғалім

2014-2015 оқу жылы



Жоспар:

  1. Кіріспе.

  2. Негізгі бөлім.

  3. Қазақтың туысқандық қатынастары

  4. «Жеті ата» ұғымның мәні

  5. Шежірем

  6. Өз жұртым .

  7. Менің отбасым.

  8. Қорытынды бөлім.

  9. Менің жұмысымның жаңалығы.

  10. Қорытынды


Аннотация

Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс. 
Негізгі мақсат - өзінің кім екенін, қайдан шыққанын тарихи білім мен тәрбиені тығыз ұштастыру. Біздің ата-бабаларымыздың тарихының жарқын беттерінен тәлім-тәрбие аларлық, Отан қорғаушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде үлгі берерлік айтулы оқиғалар мен іс-әрекеттер жеткілікті. 

I.Кіріспе.

Жүз түгілі өз руында білмей одан арғысынан хабары жоқ, "әйтеуір қазақпын, басқаның маған керегі жоқ" дейтіндер де көп. Осындайдан барып туысқандықтың нышандары мен мейірбандылықтан ажырап қалуға болады. Міне, содан аулақ болайық, ағайын, Үлкен кішілігіне қарамай адамға адамгершілікпен қараған сол мейірбандылықтан барып халқымыздың қай үйінде болсада дастарханы жаюлы, меймандостығымен,ағынан жарылып құдайы қонаққа үйіндегі барын аузына ұстап, әңгіме дүкен құрып, батасын алып, ақ көңілімен шығарып салуы бекер емес. Ата –бабамыздың айтып кеткен ақыл кеңесінің бірден-бірге жалғасып келе жатқан өшпес даналық ісі емес пе? Осы орайда ақын Қадыр Мырзалиевутің " Қазақ осы" деген өлеңі қазақ халқының бойындағы бар қасиетін, кім екендігін бір өлеңде жырлауы асыра мақтағандық емес.



Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян. Мұның қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық зор қызметі мен маңызын халқымыз ерте түсінген және оны берік ұстанып келген. Енді осы қағиданың терең тамырына көз жіберіп көрейік. Біріншіден, жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Бір рудың адамдары осы күнге дейін бір жерде мекендеп келе жатыр. Екіншіден, жеті атаға дейінгі туыс-туғандардың тұрмыс-тіршілігі де, күнкөрісі де, тұрған жер, суы да, өріс, қоныс, жайлауы да қысы-жазы қатар немесе бірге болады. Қиындықта бір-біріне демеуші, қамқоршы-пана, қуанышты да, реніш-қайғыны да бірге көтеріп бөліседі. «Туысы бірдің – уысы бір» деген сөз осыдан шыққан.Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар мен жас ұрпақтар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңілі дегендей, сыйластықта, бауырмалдықта бірге өседі. Мұндай туыс-туған, жақын-жуықтар арасында орынсыз жанжал, ұрлық-қарлық, барымта, зорлық-зомбылық сияқты жат істер болмайды. Өйтке¬ні тәртіп бойынша туыстар бір-бірі¬нің малын ұрламайды. Керісінше, сырттай қамқоршы болып, жақын-жуықтарының мал-жанына көз салып жүреді. Әкелер мен аналар бір кіндіктен шыққан перзенттерін ел, ру намысын қорғайтын ержүрек, қайырымды, қаншыл, ұйымшыл, бауырмал етіп тәрбиелейді. «Қанына тартпағанның қары сынсын» деп қатты айтатыны тағы бар. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектік тәрбие-тәлімі өте зор және бұл әдемі, ұтымды тәсілдермен жасалған. Ұрпақтарымызды парасатты да, бойында азаматтық намысы бар, елін, жерін сүйетін, өз отбасынын тарихын білетін азамат етіп өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек қрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз керек.Үлкендердің мойнындағы бір міндет – туыстарды жат болмауының қамын күйттеп, кімнің кім екенін, өзінің кім екенін, жеті атасын түгендеп, жалықпай бізге түсіндіріп беруі. Жеті атаны жаттату, тегінді айтқызу, халықтың дәстүрдегі өлең-жырларды айтқызу – бұл ата-әжелер үшін үлкен міндет. Оқушыларды өзінің жеті атасымен, өмірі мен ерлігімен таныстырып, олардың меңгерген білімдерін жетілдіріп, білік пен дағдыға айналдыру, танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын анық жеткізе білуге менінше бұл үлкен жетістік. тәрбиелеуде үлгі берерлік айтулы оқиғалар мен іс-әрекеттер жеткілікті.

ІІ. Зерттеудің мақсаты :

Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.

Міндеттері: «Жеті атасын білген ұл Жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген Құлағы мен жағын жер»,- деген жүйелі сөздің мағынасын ашу.

Болжам: Егер біз жеті атаға байланысты және оның қалай таратылатынын бұрынғылардан айтып қалдырған өнегелі сөздеріне сай назар аударсақ, онда өз ұлтымыздың, тіліміздің, дініміздің, ата-бабаларымыздың тарихын сақтай отырып «басқалардан кем болмаспыз».

Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинактау, салыстыру, сауалнамалар, зерттеу әдістері пайдаланылады.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Зерттеу барысында алынған нәтижелерді тірек сызбалар, диаграммалар жасауда пайдалануға болады.

Негізгі бөлімдері: 1. Қазақтың туысқандық қатынастары «Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бұл қазақтың аралас-құралас, алыс-берістік, құда-жегжат, жамағайын, жұрағатын аңғартататын сонау іргеміз сөгіліп, қаймағымыз бұзылмаған заманнан жеткен ұғым. Ата-тегін білмей, жеті атаға жетпей, жеті ата түгілі әртүрлі себептерімен көшіп, алыстап кеткен ағайындардың балаларының бір-бірімен үйленіп қалып жатқандары да аз емес. Өз тарихымызды, ата-тегімізді білу, түгендеу, тарату – әрқайсымыздың адамдық парызымыз болмақ. Менің ата бабам Шақшақ Жәнібек батырдан тараған. Жәнібек – Қошқардың ұлы ғой, алайда ол оны әке демеген, көке деген. Қошқар – Көшейдің ұлы ғой, алайда Жәнібек оны ата демеген, әке деген. Көшей – Шақшақтың ұлы ғой, Жәнібек осы батыр бабасын ата деп, бауырында өскен.
Бұл заман Көшейдің өзі алты ауыл, ал Шақшақ рулы ел-ді. Алты Шақшақ атанған Бақай, Көшей, Дүзей, Ақназар, Есназар, Томай атты балалары өсіп-өркендеп, дәулеттері шалқып тұрған. Бақай, Дүзей, Ақназар, Есназар есімді ұлдары батыр атанып, алыс-жақынға аттары шығып, айбынданып-ақ тұр. Көшей байдың алты ұлы: Тінет, Қарабас, Аю, Қошқар, Қалқаман, Еламандардың да осалы жоқ. Қошқар – ырғалған бай, белгілі би.


Шақшақ

 


Қошқар

Көшей

Жәнібек

Тінет

Ерназар

Төлеміс

маң

Қаз

Кәріпбек

Серік

Ерлан  

Жүніс

Сәлім

Кенжебек

Торғай

итен

Дүбірбай



қаз



Айтуған



Қанат  



Азамат  

«Жеті ата» ұғымның мәні «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз тегіннен тегін айтылмаған. «Жеті ата» деген ұғымда «ата» деген сөз бар. Яғни бұл «ата-баба» деген ұғымды көрсетіп, тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай айтып тұр. Олай болса, жеті ата шежіресі өзімізге дейінгі ата-бабаларымыздан бастап таратылады. Яғни: 1. Өзің. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6.Түп ата. 7. Тек ата . Бұл атаулар кей жерлерде басқаша айтылуы да мүмкін

Шежірем: Сонымен, мен орта жүзденмін. Руым: Тінет.

Жеті атам: 7. Мергенбай 6.Ақмадия 5. Кенжебек 4. Жүніс. 3 Сәлім.2.Нұрлан Ол мәліметтерді мен әжемнен білдім. Өз жұртымен қатар менің нағашы жұртым да бар. Өз ата-бабаларымның шежіресін зертегеннен кейін, өз заманында өз өңір, болыс көлемінде қолында бар билігіне қарай, қызметіне қарай Отанның тарихына үлестерін қосқан әже-аталарым туралы жеке тоқталғым келеді .

Өз жұрттым

Мергенбай Сәлім Жүнісұлы .1939 жылы Қостанай қаласында Қонай ауылында туған. 4 сынып білімі бар. Құдай берген 10 перзенттерінің барлығын оқытып, мамандық алып беріп, орын-орнына қоя білді. Жоқшылықтың әсерінен 7-жасынан жалданып мал бағып күн көрісін өткізді.Қазір атам біздің ауылда әжемен бірге өмір сүріп жатыр.Олар 75 жасқа толып кетті. Менің әже-аталарым қарапайым адам болды. Өз заманында өз өңірдің, болыс көлемінде Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосқан адамдар еді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет