Рубежка-2 Физиология
Қан
1.Қанның құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері.
Қанның құрамы
Қан сарғылттау келген сұйық зат – плазмадан және оның ішінде жүзіп
жүрген қан жасушаларынан , яғни пішінді элементтерден тұрады . Ересек
адамда канның көлемі 5-6 литрдей . Қан жасушалары қызыл түйіршіктер
( эритроциттер ) мен ақ түйіршіктер ( лейкоциттер ) , кан пластинкалары
- тромбоциттер . Плазма қан құрамының 52-58% - іне , қан жасушалары -
42-48 % -не тең. Қанның негізгі қызметтері :
1 ) Тіршілікке қажет заттарды тіндерге жеткізеді , ал зат алмасу
өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады ( тасымалдау қыз меті ) .
2 ) Оттегін өкпеден тіндерге , жасушалардағы көмірқышқыл газды өкпеге
жеткізеді ( тыныс алу қызметі ) .
3) Ішек - қарыннан қоректік заттарды , витаминдерді , су мен тұздарды
( минералдарды ) тіндерге жеткізеді (нәрлендіру қызметі ) .
4 ) Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді , мәселен , адам
денесіндегі уытты заттар , азот қалдықтарын тіндерден бүйрекке ,
өкпеге , тер бездеріне , ішекке апарады . Сөйтіп оларды шығарып тастайды
( экскрециялық қызмет ) .
5 ) Қан жасушалары ( лейкоциттер ) , плазмадағы антитәндер денеге енген
микробтарды , вирустарды , табиғаты жат , улы заттарды
бейтараптайды ( қорғаныс қызметі ) .
6 ) Адам денесіндегі көптеген әрекеттерді , үрдістерді реттеуге қатысады
( гуморалдық реттеу ) . Қандағы биологиялық әсері күшті заттар -
гормондар , медиаторлар , метаболиттер ағзалар мен тіндерге өтіп
тікелей
немесе
қантамырларының
ішкі
бетінде
орналасқан
хеморецепторларды тітіркендіру арқылы әсер етеді ( рефлекстік реттеу ) .
7 ) Қан жасушалары ( пішінді элементтер ) тін жасушаларымен
креаторлық байланыста болады . Креаторлық байланыс жаңарған
жасушалардың және жасушалардың табиғи құрылысы мен кейпінің
сақталуын қамтамасыз етеді . Жаңа жасушалар құрылысы жағынан
ескілеріне ұқсас болу үшін олардағы ақпараттардың маңызы өте зор .
8 ) Қан бүкіл денеге тән гомеостазды сақтай отырып жасушалар мен
тінаралық сұйықтықтың коллоидтық , осмостық тұрақтылығын
сақтайды . Осмостық тұрақтылық бұзылса жасушалар ісіп небүрісіп
қалады . PH тұрақтылығын сақтауда буферлік рөл атқарады .
9 ) Қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суытады , ал суыған
ағзаларды жылытады . Сөйтіп , дене қызуын бірқалыпта сактауға
қатысады .
Достарыңызбен бөлісу: |