Жедел жүрек-қантамыр жүйесінің жеткіліксіздігі-бұл ағзаның заталмасу қажеттілігіне жүрек шығарылымының төмендеуімен жүретін патологиялық жағдай. Бұл жағдайда жүрек органдар мен тіндерді қажет қан көлемімен қамтамасыз ете алмайды,яғни оттегі және энергетикалық заттармен қамтамасыз ете алмайды.
Жүрек жеткіліксіздігінің ең жиі кездесетін түрі б/т.Жедел сол қарыншалық жеткіліксіздік өкпе ісінуімен көрініс береді.
Өкпе ісінуінің патогенезі:
Сол қарынша өкпеден қан қабылдап,үлкен қанайналым шеңберіне жібереді.Сол қарынша функциясы төмендегенде өкпеде қан ірікілісі дамиды,ол өз кезегінде өкпе қантамыры қысымының жоғарылауына әкеледі де,интерстициальді тін мен альвеолада массивті сұйықтық жиналуынан өкпе ісінуі дамиды.