- Редакция алқасы:
- Есенгельдиев Мадияр
- Жұмағалиев Мадияр
- Нұрмағанбетова Ботакөз
- Кусанова Айжан
- Сергеева Айнара
- Мазмұны:
- 1.Қазақтың ақын қызы
- 2.Ақын апаға арнау
- 3. “Кітап оқымаған адам-тамырсыз қаңбақ”
- 4. Мұғалімдік – киелі мамандық.
- 5.Ұлыдан ұлағат
- 6.Поэзия, сен менімен егіз бе едің?
- 7.
- Қазақтың
- ақын қызы –
- Фариза Оңғарсынова
1939 жылдың 5-желтоқсанында - 1939 жылдың 5-желтоқсанында
- Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.
- 1961 жылы
- Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.
- 1966-1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері.
- 1968-1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.
1970-1978 жж. - 1970-1978 жж.
- республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы,
- 1978 ж. желтоқсаннан «Пионер» журналының бас редакторы.
- Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлең жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, «Біздің Камшат» повесі, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрді.
- Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.
1979 жылы - 1979 жылы
- жарық көрген «Сенің махаббатың» жинағындағы «Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы» атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың поэмасында нанымды, салмақты көрініс тапқан.
- 1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды
Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған. - Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
- Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер.
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.
- Иә, сіздің жаратылысыңыз, дүниені қабылдауыңыз ерекше бөлек. Сол бөлектіктен де шығар жалқыны кейде жалпының түсінбей жататыны. Бәз біреулер «апамыздың мінезі қиын, жақын келсең өртейді, алыс кетсең тоңасың» – дейді. Мен айтар едім, сәл-пәл салқындық апамыздың сыртқы қорғаныш қабаты ғана. Ал, жанына енсең, жүрегіне бойласаң одан – жұмсақ, одан – мейірімді адамды таба аласың ба
Аңсар Алқаракөкке жайып қанатын, - Аңсар Алқаракөкке жайып қанатын,
- Сен едің келген ғайыптан Ақын.
- Жауһардай асыл жырыңды, апа,
- Естіген алғаш Жайық болатын.
- Жайық болатын – шайырдың мұңы,
- Оймақтай болды Ойылдың құны.
- Ақбөкен сынды адасып жүрмін,
- Орайын таппай ойымның бірі.
- Жетім жүрекке болған кім медет,
- Оятты өлең жарым түнде кеп.
- Селт етті-дағы секемшіл көңіл,
- Сандуғаш құсқа айналдым… кенет.
- Қауырсын қалам қолыма алып,
- Жыр жазғым келді толқынға малып.
- Өрлі өзен бүгін өксіп тұр, апа,
- Толағай текті Табылсыз қалып…
-
Бұлдыр елесті қуып сенделдім, - Бұлдыр елесті қуып сенделдім,
- Болашағымды біліп, сенген кім?
- Атырау бүгін ауаға зәру –
- Салқыны тиген суық сөздердің.
- Тағы да қолын бұлғады-ау аз бақ,
- Мазаңды алдым ба мұң ғана қозғап?
- Жаныма тар боп жер беті кейде,
- Жағаны кезем жындана жаздап.
- Налама айналып – Нарынның шері,
- Қанбай жүр, қайтем, жанымның шөлі.
- Жасын жырыңның жарқылын шашып,
- Жайыққа келші, сағындым сені!!!
- *Бақытгүл Бабаш, Атырау қаласы.* ӨЛЕҢ-ЖЫРДЫҢ ЖАЙЫҒЫ
- Бар сияқты менде де сана шыдам,
- Жылағанды демеуге тағы асығам,
- Жасайын-ақ десем де бір астамдық,
- Қорқам ардың айбалта – жазасынан.
- Ақынның творчествосына тән басты қасиет – шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп тұрады.
Қасым Аманжолов айтқандайын, ақын өмірбаяны өлеңдерінде екені рас қой. Фариза да өзі ғұмыр кешіп жатқан уақыттың жыршысы. Ол өз замандастарының, өз заманының өмірбаянын өз өлеңдерінде өрнектеп жүр. Сол себепті де оның тағдыр жолын толғаған жырлары онымен құрбы-құрдас бір ұрпақтың да өмір сыры. - Қасым Аманжолов айтқандайын, ақын өмірбаяны өлеңдерінде екені рас қой. Фариза да өзі ғұмыр кешіп жатқан уақыттың жыршысы. Ол өз замандастарының, өз заманының өмірбаянын өз өлеңдерінде өрнектеп жүр. Сол себепті де оның тағдыр жолын толғаған жырлары онымен құрбы-құрдас бір ұрпақтың да өмір сыры.
- Әйел жаратылысының нәзіктігі мен қылықтылығын, жаны мен тәнінің сұлулығын, махаббатының мөлдірлігін тап Фаризадай жарқыратып, сүйсінте жазған ақын жалғыз-жарым ғана. Әйелдің болмысындағы табиғи қадір-қасиетін, әсіресе мөлдір махаббатын, осы жолда кезігетін қызғанышы мен сүйінішін, рахаты мен ләззатын жеріне жеткізе иландыра, сүйсіндіре, тереңнен толғап жазған соң ғана ол мың сан оқырманға ой салуда
- Өз өлеңдері арқылы ақын біздерді – оқырмандарын жанарында мұңы жоқ, жамандықпен көре тұра күреспейтін, жылағанның қайғысын бөліспейтін, құлағанның қолтығынан демемейтін, бәріне риза, бәріне мәз, айналадағы адамдардың тіршілігінен, қоғамдағы өзгеріс-жаңалықтардан бейхабар әрі олардың не болып жатқанында шаруасы жоқ, безбүйрек, өзімшіл, өркөкірек пенделердің болмыс-бітімін айғақтайтын поэтикалық портреттерімен таныстырып, ондайлардан отауыңды оқшау қондыруыңды, сондай-ақ өзіңнің де сондай сүйкімсіз, сұмпайы мінезден аулақ болуыңды қалайтын қағидат-пікір пайымдап отыр.
- Жүрегімен жыр қашаған ақынның өлеңдері өмірлік өнеге алатын ақиқаттан бастау алатын, жан сусынын қандыратын тас бұлақтың таза суындай. Ендеше жұртты ысырып, өзіне жол ашпаған, басқаларды баса-көктеп төрге озбаған, ешкіммен жең ішінен жалғаспаған, арзан атақ-беделге жармаспаған, әкімдерге жағамын деп көңілдерін ауламаған, дөкейлердің қолына су құйып, қызметінен түскенде соңына шырақ алып түспеген, жалған күліп, жорта жылағансып, өтірік жаны ашығансымаған, жалғандықпен жұғыспаған адамды ардақ тұтып, өмірінен өнеге алуды дәріптеген ақын алдында да, оның осындай қазақы қасиет, мінезге бай лирикалық кейіпкеріне де қалай басыңды имессің?!
- Фариза ОҢҒАРСЫНОВА:
- “ КІТАП ОҚЫМАҒАН АДАМ – ТАМЫРСЫЗ ҚАҢБАҚ»
- – Фариза апа, Сіз қазақ поэзиясына жаңа көзқарас әкелген, өн бойында өр рухтың жарқылы ойнаған, айналасында сәруар сезімнің самалы ескен ерекше әлемі бар ақынсыз. Сізді ең алғаш ерекше әсерге бөлеген қандай кітап?
- – Біржан мен Сараның айтысы. Оны мен мектепке бармай тұрып оқығанмын. Аға, әпкелерім үйде көп кітап ұстайтын. Айтыс деген (атын ұмытып қалаппын) үлкен кітап болды. Құлмамбет пен Жамбылдың айтысында қызығып оқитынмын.
- Сараның (бұл айтысты Әріп ақын жазыпты деп жүр ғой біреулер) түйдек-түйдек жыр шумақтарын рахаттана оқығаннан мен алғаш рет ер-азаматтардан кем түспейтін қыздар да болады екен-ау деп таңданғанмын.
– Әр тұлғаның өзінің кітап оқу әдісі бар екенін білеміз. Кітапты қалай оқисыз, апа? - – Әр тұлғаның өзінің кітап оқу әдісі бар екенін білеміз. Кітапты қалай оқисыз, апа?
- – Кітап оқитын ерекше әдісім жоқ. Біздің балалық, жасөспірім шағымыз кітап оқумен өтті. Ол кезде теледидар деген атымен жоқ болатын және біздің заманымызда кітап оқу ана сүтіндей тәтті еді. Басқа тілден аударылған кітаптар да көп еді. Біз кітапты таңдап-талғамай оқи беретінбіз.
– Кез келген адамда бала кезінен оқып жүретін жанына азық, жүрегіне жақын бір кітап болады ғой… Сіз қандай кітапты қайта-қайта оқып, әлі күнге дейін тамсанып тастамай жүрсіз? - – Кез келген адамда бала кезінен оқып жүретін жанына азық, жүрегіне жақын бір кітап болады ғой… Сіз қандай кітапты қайта-қайта оқып, әлі күнге дейін тамсанып тастамай жүрсіз?
- – Ауыз әдебиетінің туындыларын әлі күнге дейін анда-сонда бір қарап қоямын. «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баянсұлу» секілді лиро-эпостық жырлар, сосын «Алпамыс», «Қобыланды батыр» жырлары мен баяғы айтыстар
Кітап оқымаған адам – тамырсыз қаңбақ. Өркениетті мемлекет болу үшін жеке пенделерді ғана байытып отырған материалдық байлық емес, ол мемлекет адамдарының рухани байлығы керек. - Кітап оқымаған адам – тамырсыз қаңбақ. Өркениетті мемлекет болу үшін жеке пенделерді ғана байытып отырған материалдық байлық емес, ол мемлекет адамдарының рухани байлығы керек.
- Кітап – сол рухани байлықтың негізі бөлімі.
- Сұхбаттасқан: Бауыржан Қарағызұлы
- «Кітап патшалығы» журналы
- Әке – білек, саусағы – балалары,
- Қан тамырмен жалғасқан аралары,
- Ана - тамыр бойымен бәріне де,
- Тіршіліктің жылуы таралады.
- Туғандай дүниенің нұр шақтары,
- ән кетті Атыраудан шырқап тағы!
- Күмбірлі күй төгеді, жыр төгеді
- Исатай – Махамбеттің ұрпақтары!
- Атырау кен байлықтың кіндігі еді,
- қалайша сайрамасын жыр-жүрегі!
Жайықтың аққуындай мың бұралған - Жайықтың аққуындай мың бұралған
- Дина мен Қыз Жібектің сіңлілері.
- Алтын Күн бақыт шашып туғанда алдан,
- еңбекпен, Ерліктермен шыңдалды арман.
- Ақ тілеу замандасым, сәлем сізге
- Атырау, Жайықтағы туғандардан!
- Атырау, Ақжайықтың өнерлі елі,
- күй төгіп, ән шырқайды өрендері,
- Балықты, мұнайлы елде, шұрайлы елде
- өнермен ұласады Ер еңбегі!
- Дүниеден ел көшеді қалмаса әні,
- өнерсіз адам жанын шаң басады.
- Халқымның ән мұрасы, күй мұрасы
- осылай ұрпақтарға жалғасады!
- Мұғалімдік – киелі мамандық.
- Ол үлкен, жан-жақты, терең білімдарлықпен қатар аса
- сезімтал болуды талап етеді. Әр бала – тұнып тұрған сезім. Олардың пианиноның
- тіліндей сезім пернелерін тура баса алсаң ғана жан дүние әлемдеріне еркін ене аласың.
- Әйтпесе, олар маңайлатпайды.
- Фариза Оңғарсынова
ЖАҚСЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖЫР - ЖАҚСЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖЫР
- Ей, жарық күн, нұрыңды шаш далама,
- шаш нұрыңды қарттарға, жас балаға,
- ызғар сіңген жеріме шуақ керек,
- мұқтаж оған ауыл да, астана да.
- Сәулеңменен себеле үміт демін,
- жер бетінен жылыссын күдіктерім.
- Адамдардың сатқындық, сұмдығынан
- қалжыраған жерімді жібіт менің.
- Күңгірттенбей, көтерсін шыңым басын,
- қарттарымның ұзартқын ғұмыр жасын.
- Қорқыныш пен үрей жер кеуделерде,
- қу бәрін де – соңына бұрылмасын!
- Кетсін тағы шарықтап алысқа үнім,
- қонақтасын ырыс пен табыс күнім.
- Ұл-қыздары көтерсін қол ұстасып
- қазағымның елдік пен намыс туын.
- Жарқырасын шуақ боп алғашқы үміт,
- жүректерді жүрекпен жалғастырып.
- Адамзатқа бірлік бер, тыныштық бер –
- ынтымақтан туындар бар жақсылық!
- Фариза!
- Фаризажан, Фариза-қыз,
- Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
- Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
- Бірімізден біріміз арылармыз.
- Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
- Шаң басқан архивтерден табылармыз.
- Сен мені білесің бе, білесің бе?
- Жаралмаған жан екем күресуге.
- Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
- Жүресің де қоясың, жүресің де.
- Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
- Тастағысы келеді күресіңе.
- Фаризажан, сен соны білесің бе?
- Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
- ...Серіппесі үзіліп тұр садағым.
- Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
- Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
- Ауырлар деп ойлап па ем мұңша халім...(үзінді)
- Мұқағали Мақатаев
- Қорыта айтқанда, Фариза ақынның адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңде күйсандық сазындай күйге толтырып, ой-санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді. Саңлақ ақынның жауһар жырларын бүкіл қазақ жаппай оқып, жаттап жүр десек асырып айтқандық болар еді. Ал оның отты өлеңдері барша қазақтың жырын жырлап, мұңын мұңдауға арналғандығын айтсақ әсте қателеспейміз,
- Ақиқатын айтып, ағымыздан жарылар болсақ, Фариза Қазақ Елінің тұлғалы азаматы, көрнекті қоғам қайраткері. Бұл атаққа ол ақтаңгер ақындығымен де, тәуелсіздік жолындағы сіңірген жанқиярлық еңбегімен де өте лайық Азамат екендігі талассыз шындық.
Өлең – өмір, өмір – өлең, - Өлең – өмір, өмір – өлең,
- Дегенімде қиялмен Сізді көрем.
- Көкорайлы көңілдің көктемі мен
- Күңіренген, күрсінген күзді көрем.
- Ақтарсам да тарихтың қай парағын,
- Байтақ мінез Сіз тұрсыз – байқағаным.
- Сізбен жерлес болғаным – бақытым деп,
- Мың мәртебе мақтанып айта аламын.
Замандастың жазира жүздерінен, - Замандастың жазира жүздерінен,
- Сізді көрем деп те бір ізденіп ем.
- Бәрін оқи алмадым, үлгертпеді,
- Көз алдымнан өткен соң жүз керуен.
- Заман сырын жүрекпен шын ұқтың ба?
- Махамбеттің жырымен шынықтың ба?
- Ақиқаттың ақ алмас қылышындай
- Айтар жерде түсіңді суыттың ба?!
-
- Қол жетпестей теңеймін Сізді шыңға,
- Қыраным да өзіңіз, қызғышым да.
- Фариза апа, ізетім өзіңізге –
- Сіңілің айтқан осынау ізгі сырда! *
Достарыңызбен бөлісу: |