Реферат пән : "История права зарубежных стран"



бет1/4
Дата20.11.2023
өлшемі30,05 Kb.
#192387
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
реферат Рим жеке құқығы дамуының негізгі кезеңдері.


РЕФЕРАТ
Пән : "История права зарубежных стран"

Тақырып : Рим жеке құқығы дамуының негізгі кезеңдері.




Орындаған : Гизатова Амина Олжасовна
Тексерген : Шакирова Алтынай Боранкулкызы


2023 жыл
Жоспар

1. Кіріспе


2. Рим құқығының түсінігі
3. Рим жеке құқығының кезеңдері:
4.Көне немесе квириттік құқық кезеңі
5. Классикалық құқық кезеңі
6. Классикалық құқықтан кейінгі кезең
7.Юстиниан дәуіріндегі құқық
8. Қортынды

Кіріспе
Рим құқығы –  ерте Римнің құлиеленушілік құқығының  жүйесі. Рим құқығының пәні антикалық Римнің толық емес көлемдегі құқығы, яғни жеке құқық шеңберіндегі құқығы.
Римде жеке құқық  деп нені түсінді? Ерте кездің өзінде Римде екі құқық саласы-жария құқық және жеке құқық болды. Тит Ливии (І ғ.б.э.), қалыптасқан терминологияға сүйене отырып,ХІІ кесте заңдарын жеке және жария құқықтың қайнар көзі деп атады. Мұндағы жария құқық дегеніміз мемлекеттің мүддесін қорғайтын және мемлекеттің және оның органдарының құқықтық жағдайын анықтайтын нормалар. Ал,жеке құқық жекелеген тұлғалардың құқықтық жағдайын білдіретін құқық жүйесі.Рим құқығы мүліктік және басқа да қатынастарды реттейтін өңделген нормалар жүйесін құрады.Рим құқығы Қазақстан Республикасының құқығының дамуына нақты әсер етеді. Қазіргі кезде, яғни Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің қалыптасу кезеңінде, кезінде рим құқығының нормаларымен реттелген жеке меншік институты, шарттар ерекшк орын алды. Қоғамның барлық даму тарихынан рим құқығы секілді заңи, техникалық және заңи нысаны жоғары деңгейдегі басқа құқық кездестірмейміз.
2. Рим құқығы
«Рим құқығы» термині құл иеленушілік қауымда құрылған Рим мемелекетінің, яғни антикалық Римнің құқығын білдіреді. Рим құқығының жүйесі сондай-ақ бұл мемлкеттің тарихи дамуы тұтастай алғанда көбінесе шет мемлекеттер құқығының тарихы.
Рим азаматтық құқығының оқыту пәні- мүліктік құқықтың маңызды институттар болып табылады (отбасылық қатынастар да жатады).
Рим құқығының негзгі институттарына мына төмендегілр кіреді: меншік құқығы; шарттар мен міндеттемлер; отбасылық құқықтық қатынастар; мұрагерлік мәселесі, сондай-ақ жеке құқықтарды талап арқылы қорғау мәселелері және тағы басқа маңызды мәселелер. Римдіктер әлемді 3 рет жаулап алды: бірінші рет легиондармен, екінші рет христиан дінімен, ал үшінші рет құқығымен. «Жазылып қойған сана» деп аталатын Римдік құқықтың классикалық түрін Батыс Еуропада көп феодалдық мемлекеттерде қолданылатын. Ол көп мемлекеттердің құқық жүйесінің негізін қалады. Бұл құқық жүйесі континенталды және романдық-германдық құқық жүйесі деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет