Реферат пәні: Бухгалтерлік есеп Тақырыбы: Ақша қаражаттарының есептері



бет1/6
Дата17.05.2024
өлшемі37,95 Kb.
#202495
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Реферат Дидар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Пәні: Бухгалтерлік есеп
Тақырыбы: Ақша қаражаттарының есептері

Орындаған: ГМУ-142 тобының студенті Қонысбаев Дидар


Тексерген: Бухгалтерлік есеп пәнінің мұғалімі Кадралиева Г.М.

Орал 2024

Жоспар


  1. Кіріспе.

  2. Негізгі бөлім.

  3. Қорытынды.

  4. Әдебиеттер тізімі.


Кіріспе

Барлық шаруашылық жүргізші субъектілер өз ақша қаражатта­рын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте, ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нормативтік құжаттармен белгіленген жағдайлар мен шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі.


Елдің экономикасында банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын нақты ақшасыз есеп айырысудың айрықша басымдылғы байқалады. Нақты ақшамен субьектілер персоналмен еңбекақы төлеу бойынша, есеп беруге тиісті адамдармен, депоненттермен, дебиторлармен жөне кредиторлармен қолданылып жүрген заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы өтпейтін төлемдер бой­ынша есеп айырысады.
Республикада банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын ақша аудару арқылы есеп айырысудың бірыңғай жүйесі қолданылады. Салыстырмалы түрде ұсақ төлемдерді субъектілер кассадан қолма-қол ақшамен, почта аударылымымен немесе байланыс кәсіпорындары арқылы үстеме төлем жасау арқылы төлеуге құқылы.
Ақша қаражаты субъектілердің шоттарынан олардың иелерінің өкімі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатгы есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген баска жағдайларда ғана жол беріледі.


Негізгі бөлім

Ұлттық Банк ақша-несие жүйесіне орталықтандырылған жоспарлы басқаруды, бюджеттің қассалық орындалуын жүзеге асырады және жиынтық валюта жоспарын қалыптастыруға қатысады. Ол ақша эмиссиясын, ұйымдар мен мекемелерге несиелендіруді, қаржыландыруды және есеп-айырысу қызметін атқарады.


Прогрессивті несие саясатын жүзеге асыру, негізгі қызметгі несиелендірудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыру, күрделі қаржыны қаржыландыру мен несиелендіру, сондай-ақ қажетгі есеп айырысуларды жүргізу төмендегі мемлекеттік акционерлік банктерге жүктелген: Тұран-Әлем банкі — өндірісте, құрылыста, көлік пен байланыста, материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында, сыртқы экономикалық қызметте; Қазагроөнёркәсіпбанкі-агроөнеркәсіп кешенінде; Қазкредсоцбанк — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта тұрмыстық қызмет көрсетуде және экономиканың басқа да салаларында; Халықтық банк — елдегі жинақ ісін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; Бюджетгік банк — бюджеттегі мекемелерге қызмет көрсетеді; Қазақстан Эксимбанкі—экспорт-импорт операцияларын несиелеуді, сондай-ақ Үкімет белгілейтін елдің эко­номикалық даму басымдықтарына сәйкес тиімді инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асырады; Медетші банк-қаржы жағдайын оңалтуы мен өндірісгі көтеруі /қайта құруы/ үшін мемлекет қаржы бөлетін субьектілерді несиелендіреді. Бұған қоса республикада коммерциялық және жекеменшік банктердің жүйесі құрылған, олар елде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субьектілерге қызмет көрсетеді.
Ақша бірлігі ретінде теңгені пайдаланатын коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысуларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктер орналасқан жерлерде құрылған өзінің есеп айырысу-кассалық орталықтары арқылы ұйымдастырады. Банкаралық есеп айырысуларды жүргізетін коммерциялық банктермен есеп айырысу орталықтарындағы құжаттар айналымы Ұлтық Банктің нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Банктердің қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үйлестіреді және оған бағыт береді.
Ақша қаражатын сақтау және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері мынадай шоттар ашады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет