Студент Тазабек Марал
Семинар сұрақтары:
1.Еңбекақы мәні, оның жіктелуі
2.Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық борыштар есебі
1.Еңбекақы мәні, оның жіктелуі
Бухгалтерлік есепте еңбекақы төлеудің 2 нысаны бар:
1-нысаны–мерзімдік;
2-нысаны—кесімді;
Мерзімдік нысан кезінде еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Еңбекақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады:
1. Жұмысшы өнім шығарудың артуаны тікелей әсер ете алмайды;
2. Кесімді бағалауға қажетті шығарылымның көрсеткіштері толық емес;
3. Жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген уақытына қатаң есеп жүргізіледі;
4. Жұмысшыларды дұрыс тарифтендірген кезде, яғни жұмысшының біліктілігі орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес келу;
5. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін;
Мерзімді еңбекақы жай және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді.
Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады:
—Сағаттық;
—Күндік ақы;
—Айлық
Мерзімдік – сыйақылық еңбекақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі бір көрсеткішьерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді).
Кесімді еңбекақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана (токарьлар, тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады.Бұл нысанда еңбекақы төлеудің 5 жүйесі бар:
1.Тікелей кесімді жүйе;
2. Кесімді- сыйақылақ жүйе;
3. Ілгерішіл – кесімді жүйе;
4. Жанама – кесімді жүйе;
5. Аккордық жүйе;
Тікелей кесімді төлемде жалақының мөлшері тек шығарылған бұйымның саны мен өнім бірлігі үшін белгіленген бағалауға тәуелді болады.
Кемісді – сыйақылық төлемде кесімді жалақы сомасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы есептейдә.
Ілгерішіл – кесімді төлемде өндірілген өнімді белгіленген нормалар шегінде тікелей бағалаулар бойынша төлеу көзделген. Ал нормадан тыс бұйымдарды шығару көтермеленген бағалар бойынша (2 есе кесімді бағалаудан аспайтындай төленеді).
Жанама — кесімді жүйе жабдықтарға және жұмыс орындарына қызмет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек өнімділігін өсіруге ынталандыру үшін қоланылады. Мұндай жұмыскерлердің еңбегі олар қызмет көрстетін негізгі жұмысшылар өндіретін өнімнің есебінен жанама – кесімді бағалаулар төленеді.
Аккордық жүйеде орындалатын жұмыстың көлемі алдын ала белгіленіп, бағалау белгіленеді. Жұмыс орындалу мерзімін көрсету арқылы бағаланады. Жұмысты орындауға наряд жазылады да, онда табыстың жалпы сомасы, жұмысты аяқтау мерзімі, көрсеткіштер мен сыйақының мөлшері көрсетіледі.
Кесімді, сондай — ақ мерзімді еңбекақылар жеке түрде және ұжымдық (бригада) түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Бригадалық нысан әдетте кәсіптерді қоса атқару және орындаушылар бірін бірі ауыстыруы қажет болғанда қолданылады. Бригада ұжымының жалақыны және жұмыстың жалпы нәтижесіне бригаданың әрбір мүшесінің шынай үлесін есекере отырып сыйақыны анықтауға құқығы бар. Кәсіби шеберлігі мен кәсіптерді қоса атқарғаны үшін қосымша ақылар мен үстемелерді белгілеу жөнініде айталық. Бригадалық табысты бөлу КТУ ескерілген тариф бойынша жалақыға пара – пар жүргізіледі. Тарифтік ставкалар мерзімдік ақы алатындар үшін және бір сағат жұмыс үшін кесімді ақы алатын үшін қызметкерлер разряды бойынша белгіленген. Жұмысшылардың қызметіне ақы төлеу тарифтік ставкалардың негізінде, ал қызметкерлер үшін лауазымдық қызметақы негізінде жүргізіледі. Кесімді бағалаулар қолданыстағы уақыт нормалары мен шығарылым нормаларына негзделеді. Уақыт нормасы – бұл адам / сағат, адам / күн көрсеткіштерімен көрсетілген, жұмыс бірлігін орындауға қажетті уақыт. Шығарылым нормасы қызметкер уақыт бірлігінде жасауға тиіс жұмыс санымен анықталады. Кесімді бағалау (Б) былайша есептейді:
1.Шығарылым нормасын қолданған кезде (Н шығ.) Б=Т/Н шығ. , мұндағы Т – тиісті разрядтың тарифтік ставкасы (Бірегей тарифтік кесте айлық балансына бөлу жолымен анықтайды).
2.Уақыт нормасын қоладнған кезде (Н уақ.) Б=Т*Н уақ.
Төлемнің мерзімдік нысаны қызметкерлердің барлық санатына қолданылады. Жалақыны есептеу жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табелінің негізінде жүргізіледі. Мерзімдік ақы алатын жұмысшының жалақы сомасы нақты жұмыспен өтелген сағаттардың сағаттық тариф ставкасына көбейтіндісі ретінде анықталады.
Мысалы: қызметақысы 11300 теңге фирма менеджері айдағы 26 жұмыс күнінң 20 күнінде жұмыс істеген.
Айдың орташа күндік жалақысы: 11300/26 =434,62 теңге. Менеджердің жалақысы 434,62*20=8692,4 теңге құрайды. Жай мерзімдік жүйе жұмыскер еңбегінің түпкілікті нәтижесі мен оның жалақысы арасындағы байланысты қамтамасыз етпейді. Шаруашылық субъектісі жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу үшін мерзімдік – сыйақылық жүйені қолдануға құқылы. Бұл орайда сыйақы беру мынадай көрсеткіштер бойынша жалақы қорына немесе тұтыну қорына жүргізіледі:
1.Өндірістік тапсымаларды орындау және асыра орындау;
2.Еңбек өнімділігінің өсуі, бұымның еңбекті қежет етуін төмендету, шығарылымының жаңа нормасын, қызмет көрсету мерзімін игеру басқалар.
Сыйақы мөлшері орындалған жұмыстың маңыздылығы мен күрделілігіне қарай кәсіпкер мен жұмысшылардың толтарына сараланып белгіленеді.
Мысалы, сыйақы беру туралы ережеде жабдықтың тұрып қалуын қысқарту үшін кезекші слесарьларға тарифтік ставкасының 20% — ті мөлшерінде сыйақы беру көзделеді.
Техникалық себептерге байланысты жабдықтардың тұрып қалу нормасы 5% құрайды. Кезекші слесарь есепті айда 180 сағат жұмыс жасаған. Тарифтік сатвка 100 %, жабдықтың айішінде тұрып қалуы — 3%.
1.Мерзімдік жалақы: 180*100=18000 теңгеге тең.
2.Жабдықтың тұрып қалуын төмендетудің әрбір % — ті үшін сыйақы мөлшері 20%/5%=4%.
3.Жабдықтың тұрып қалуын қысқарту 5% — 3% = 2%,
4.Сыйақының % — тік мөлшері 4%*2%=8%,
5.Сыйақы сомасы: 18000*8% = 1440 теңге,
6.ай ішіндегі жалақы 18000+1440 = 19440 теңге.
Материалдарды үнемдеген жұмысшыларға сыйақы беруге ір бір жұмыс орны, бригада учаскесі боынша нақты үнемделген материалдар сомасынан белгілі бір % жасалуы мүмкін.
Мысалы. Құрамында 3-ші, 5-ші, 6-ші разрядты 3 адам бар кесімді ақы алушы жұмысшылар бригадасы әрқайсысы 8-40,40 теңгеден бағаланған екі машинаны жинады. Ахметов 80 сағат жұмыс істеген (6-разряд), Ким 60 сағат жұмыс істеген (5-разряд), Петтов – 70 сағат жұмыс істеген (3-разряд).
1.Бригаданың жалақысы 8040,40*2машина = 16080,80 теңге.
2.Тариф бойынша жалақы:
Ахметов 80*100=8000 теңге
Ким 60*80=4800 теңге
Петров 70*56= 3920 теңге.
3.Нақты жалақыны бөлу коэффиценті
16080,8 /(8000+4800+3920) =096
4. Айлық жалақы:
Ахметов 8000*0,96=7680 теңге
Ким 4800*0,96=4608 теңге
Петров 3920*0,96=3000 теңге
Жиыны:16080,80 теңге.
Жанама – кесімді жүйеде қызмет көрсетуші жұмысшылардың жалақы мөлшері осы жұмысшылар қызмет көрсеткен негізгі өндірістік жұмысшылар еңбегінің түпкілікті нәтижесіне тікелей тәуелді болыды. Бұл орайда жанама – кесімді бағалау қызмет көрсетуші жұмысшылардың тарифтік жалақысының негізгі жұмысшылар жоспарлаған өнім шығарылымның санына қатынасы ретінде анықталады.
Мысал: Жай мерзімдік
Қызметақысы 21300 теңге фирма менеджері айдағы 26 жұмыс күнінің 20 күнінде жұмыс істеген. Еңбекақысын табу керек.
Айдың орташа күндік еңбек ақысы: 21300/26 =819,23 теңге. Менеджердің жалақысы 819,23 *20=16384,61 теңге құрайды.
Мысал:
Кәсіпорынның жұмыс тәртібі бойынша аптаның 5 күнін жұмыс күні етіп белгілеген. 1-ші разрядтың мөлшерлемесі ұжымдық келісім шартта 25000 теңге мөлшерінде бекітілген. 14-ші разряды бар маман ағымдағы айда 18-ақ күн жұмыс істеген.Еңбекақысын табу керек.25000*2,55=63750 тенге
63750/21=3035,71 тенге
3035,71 *18=54642,86 тенге
Мысал: Мерзімнен тыс жұмысқа есептеулер.
Бесінші разряды бар жұмысшы апрель айында 12 сағат артық жұмыс істеді.Сағаттық тарифтік мөлшерлеме келісімшарт бойынша 165,25тенге.
Ұжымдық келісімшарт бойынша мерзімнен тыс жұмысқа 1,5 есе төленеді. Жұмысшыға мерзімнен тыс істеген жұмысының ақысын есептеу керек. 165,25т*12 с*1,5= 2974,50
Мысал:Демалыс және мейрам күндеріне есептеулер.
Төртінші разряды бар жұмысшы 8 наурыз күні 8.00ден 17.00дейін жұмыс істеді. Жұмыс күнінің ұзақтығы 8 сағат.Мекемеде 5 күндік жұмыс уақыты белгіленген. Ұжымдық келісімшарт бойынша мейрам күндеріне екі есе төленеді. Сағаттық тарифтік мөлшерлеме келісімшарт бойынша 154,35тенге.
154,35*8 сағат * 2=2469,60 тенге
2.Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық борыштар есебі
Еңбек ақы есебі бойынша шаруашылық операцияларға шоттар корреспонденциясның кестесі
Шаруашылық операция мазмұны
|
Дебет
|
Кредит
|
Еңбек ақы есептелді:
|
|
|
Негізгі өндіріс жұмысшыларына
|
8110
|
3350
|
Көмекші өндіріс жұмысшыларына
|
8310
|
3350
|
Цех персоналдарына
|
8410
|
3350
|
әкімшілік- басқару қызметкерлеріне
|
7210
|
3350
|
өнімдерді сату сферасы жұмысшыларына
|
7110
|
3350
|
Резерв есебінен жұмысшыларға кезекті демалыс ақысы есептелді
|
3130
|
1030
|
Жеке табыс салығы есептелді
|
3350
|
3120
|
Атқару қағаздары бойынша депоненттелген еңбек ақы ұсталды
|
3350
|
3390, 4170
|
Есепті сомалар ұсталды, материалдық зиян жойылды
|
3350
|
1250, 2150
|
Еңбек ақы кассадан берілді
|
3350
|
1010
|
Достарыңызбен бөлісу: |