Алиакбарова Мафтуна ЖХБ-011
№2.Практикалық сабақтың тақырыбы : Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялылардың қызметі.
Деңгейлік тапсырмаларжауабы
1-деңгей. Негізгі ұғымдарға анықтама беру. Көтеріліс, революция, либерал-демократтық интеллигенция, революциялық-демократтық интеллигенция, жадидтік, түркілік доктрина, иммиграция, консолидация, петиция
2-деңгей. Реферат презентациясы:
А) Қазақ зиялыларының қалыптасуы
Ә) Қазақтардың Ресейдің І – ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы.
Б) 1916 жылғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасы.
3-деңгей. «Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 ж. көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарастың қалыптасуын көрсетіңіз.
1. Көтеріліс - орын алған биліктерге қарсы болған табысты немесе сәтсіз бұқаралық қарсылық.
Революция – дәурені өткен қоғамдық және саяси құрылысты жоюға және жаңа прогрестік қоғам орнатуга әкеліп жеткізетін, қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс.
Либералды демократия теориясы — классикалық либерализмнің идеялары, принциптері, саяси-идеологиялық бағыттары мен мақсаттарының теориялық негізі.
Жәдидшілдік — 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қозғалыс.
Доктрина - іс-әрекет жасауға бағыт беретін нақтылы нұсқаулар принциптерінің жиынтығы.
Иммиграция – қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп келуі.
Консолидация – 1) социологияда – адамдарды, әлеум. топтарды, қоғамдық ұйымдарды белгілі бір ортақ мақсат үшін біріктіру; 2) экономикада – алып-сатарлық акциялармен сауда жасаудан алынған пайда.
Петиция - билік орындарына, өкілдеріне қаратылған ұжымдық өтініш.
2. а) Ұлт мүддесі жолында қазақтың оқыған, ұлтжанды патриоттары алға шықты. ХХ ғасырдағы ұлы реформаторлар Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы ұлтты азаттыққа бастады. білім
алуды өздерінің тапталып, аяққа басылып келген құқықтарын бұдан былайғы жерде сеніммен қорғаудың кепілі деп білді. ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында тек Қазан қаласының өзінде ғана 100-ге жуық қазақ жастары оқыды. Санкт-Петербург университетінің заң факультетін М.Шоқай мен А.Тұрлыбаев алтын медальмен бітіріп шықты. Ал Ә.Бөкейханов Санкт-Петербург Орман институтын, С.Асфендияров Қарқаралыда туып-өскен Дінмұхамед Сұлтанғазин өте сирек кездесетін талантты студент болды.
Ә) Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан — Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан — Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан — Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Екінші Мемлекеттік Дума– Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан — Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан — Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов. Екінші Мемлекеттік Дума 1907 ж. 3-ші маусымда таратылды.
Б) Алаш басшылары қарулы көтеріліске қарсы болып, қазақтар босқа қантөгіске
ұшырауы мүмкін деп жарлықты орындауға үгіттеді. Алаш қайраткерлері халықты әскерге баруды, тыл жұмысын істеуге көндірді.
3. Қазақ ұлтының зиялылары қатарында бірлік болмады. Олар екіге бөлініп, революцияшыл радикалды бағыттағы Т. Рысқұлов, Т. Бокин, Ә. Майкөтов, С. Сейфуллин, С. Меңдешев, Ә. Жангелдин сияқты тобы қарулы күрес жолын таңдады. Ал ұлттық-либералдық бағыттағы Алаш зиялылары Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А: Байтұрсынов бастаған топ елді қантөгістен сақтау үшін патша үкіметімен келіссөз жүргізді, күрестің бейбіт саяси әдістерін жақтады. Дегенмен, қозғалыстың тарихи маңызы да жоқ емес, халықтың ұлттық санасезімінің өсуіне әсер етті.
WEB сайттар тізімі
1. e-history.kz
2. tarikh.kz
Достарыңызбен бөлісу: |