ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Премикс өндірісінің технологиялық үрдісінің сызбасын таңдау
Орындаған: Насыр Яссира
Қабылдаған: Ержан Қалнұр
Өскемен қаласы
2020жыл
1.Кіріспе
1.1 Примикске жалпы сипаттама
2.Негізгі бөлім
2.1 Премикс өндірісінің технологиялық үрдісінің сызбасын таңдау
2.2 Премикс өндірудің шағын зауыттары
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер
Примикске жалпы сипаттама
Премикс- қажетті ірілікке дейін ұнтақталған, микроқосымшалар (микроэлементтер, дәрумендер) мен толықтырғыштың біркелкі қоспасы.
Премикс өндірісінің технологиялық үрдісінің сызбасын таңдау
Көптеген зерттеулер бойынша биологиялық белсенді заттар мал өнімділігінің өсуіне көп ықпал етеді.
Жемді тиімді пайдалану және азықтандыру дұрыс болуын, мал организміндегі алмасу заттары мен өміршеңдік қы меттердің дұрыс жүруін қамтамасыз ету үшін бұл тапшы заттар құрамажем және жемдік қоспа құрамына байытқыш қосымша ретінде енгізілуі керек. Қазіргі құрамажем өндірісінде 100-ден артық әртүрлі заттар қолданылады.
Бройлер мен балапандарға арналған премикстер 9-дан-24-ке дейін құрауыштарды сақтайды: А, Д2, В2, ниацин, кальций пантотенат, В12, Е, тиамин, антибиотиктер, микроэлементтер-темір, мыс, йод, марганец, кобальт, мырыш.
Премиксті құрама жемге 1-5% мөлшерде енгізеді.
Премиксті бекітілген нормативті-техникалық құжат бойынша дайындайды. Әр премикстің жаңа рецебін жасағанда премикс пен құрамажем құрамындағы бастапқы құрауыштардың малдың асқазан-ішек жолы, мүшелері мен ұлпаларындағы өзара әсері туралы ғылымәліметтерге қатал сүйену қажет.
Премикстер құрамына кіретін құрауыштары немесе қолдану мақсатына байланысты жіктеледі. Премикстер кешенді немесе әмбебап, минералды, аминқышқылды, дәруменді, дәруменді-аминқышқылды, дәруменді- антибиотикті және басқа да түрлере бөлінеді.Қолдану мақсаты бойынша профилактикалық және емдік болып бөлініп, бір-бірінен құрамына енетін құрауыштары мен арнайы емдік препараттары бойынша ажыратылады.
Біздің елімізде көбінесе профилактикалық мақсаттағы әмбебап премикстер қолданылады.
Құрама жем зауытында құрама жемге 20-30 әртүрлі қоспаны енгізу қиын, өйткені бұл процесс жоғары дәлдікпен өлшеу мен араластыруды қарастырады.
Сондықтан әртүрлі қосымшаларды арнайы зауытта дайындап, одан кейін оны құрамажем, АДҚ қосу тиімді.
Премикс- қажетті ірілікке дейін ұнтақталған, микроқосымшалар (микроэлементтер, дәрумендер) мен толықтырғыштың біркелкі қоспасы.
Премиксті арнайы рецепт арқылы дайындайды. Рецепті белгілеу тәртібі құрамажемді белгілеу сияқты. Мысалы, П2-1- рецебі-1-60 күндік жас құсқа арналған, ал П51-1 рецебі- жас торайға арналған премиксті білдіреді.
Премикстер құрамы бойынша күрделі және қарапайым болып бөлінеді, қарапайым түрін көбінесе байытқыш қоспа деп атайды.
Қарапайым премикс жасағанда биологиялық белсенді заттарды дәлдікпен қолмен өлшейді, ал жақсы дамыған араластыру үрдісі олардың қоспа массасында біркелкі таралуын қамтамасыз етеді.
Арнайы зауыт пен цехтарда дайындалған күрделі премикстерді жасау тиімді болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |