Реферат тақырыбы: бақ жүйесінің трансформациясындағы юзабилитидің орны Орындаған : Самат Раимбеков



Дата12.10.2022
өлшемі35,91 Kb.
#152838
түріРеферат
Байланысты:
БАҚ жүйесінің трансформациясындағы юзабилитидің орны


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Журналистика және саясаттану факультеті
Баспасөз және баспа ісі кафедрасы

РЕФЕРАТ



Тақырыбы: БАҚ жүйесінің трансформациясындағы юзабилитидің орны


Орындаған: Самат Раимбеков
Тексерген: ф.ғ.к., профессор М.Б. Тоқтағазин

Нұр-Сұлтан 2022


Осыған дейін дәстүрлі журналистика мен web-журналистиканың қалай дамығанын, қайтіп трансформацияға түскенін бақылаған болатынбыз. Ал бұл жолғы тақырыбымызда осыған байланысты юзабилитидің орнын қарастырмақпыз. Сол себепті, бұл тақырыпты бастамас бұрын, юзабилити сөзіңнің мағынасын ашып алуымыз қажет. Ағылшын тілінен алғанда «usability» сөзінің қазіргі жаңа БАҚ негізіндегі мағынасы терең. Оның басты қарастыратын мәселесі, оқырман мен бұқаралық ақпарат құралының етене байланысы. Атап айтқанда, қаралым жинап отырған сайттың оқырман талабына сай жасалуы, барынша күрделіліктен қашып, қарапайымдылыққа ұмтылуы. Web-журналистиканың жаңа қыр-сырларының барлығын толық, әрі ұтымды пайдаланып оқырмандардың ақпаратты алуы үшін барынша жағдай жасау және өзге де оқырмандарға ақпаратты ыңғайлы жеткізудің жолдарын табу осы юзабилититдің басты талабы болып саналады. Бұның барлығы web-журналистиканың пайда болуы БАҚ жүйесіне елеулі өзгерістер әкелгенінің айқын дәлелі. Нарықтағы бәскелестіктің күшейуі жағдайында БАҚ ақпарат тарту үлгілерін жаңартуға талпынғанын көреміз. Web-журналистиканың кең етек алып дамуы да осыған байланысты олардың замана талабына сай ақпараттарды жеткізуі болып табылмақ. Ал дәл соның ішіндегі тағы бір ерекшелік web-журналистикадағы юзабилитиге айрықша орын берілуі, оқырманға ақпаратты жеткізудің барынша қолайлы, әрі ұтымды жолын қарастыруы болып табылмақ.
Бүгінгі таңда БАҚ пен БКҚ (бұқаралық коммуникация құралдары) үлкен билікке ие. Қазіргі заманда БАҚ-пен санаспау мүмкін емес. Осыған байланысты ақпараттық қоғамның қалыптасуы тұрғысынан бұқаралық ақпарат құралдарының даму перспективаларын қарай отырып, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың даму перспективаларын анықтау қажет. БАҚ күн сайын осы жерден туындайтын барлық салдарымен саяси коммуникацияның негізгі ортасы болып келеді. Я.Засурский енгізген «саясатты медиатизациялау» термині саяси өмір бұқаралық ақпарат құралдарының символдық кеңістігіне ауысатын процесті білдіреді. Ол, атап айтқанда, бұқаралық саясат нормалары ретінде БАҚ-тың жұмыс режимінің маңыздылығын түсіну үшін масс-медиадағы ақпаратты жинау мен пайымдау ішкі технологияларын талдауға назар аудару қажет екенін айтады.
Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары – ақпараттық саясатты іске асыру және одан әрі дамыту құралы. Азаматтардың мемлекеттік және аймақтық билік органдарының ақпаратына қол жеткізу еркіндігі туралы заңды билік аппаратының жауаптылығы айқын көрсетілген шаралармен қолдануға тырысу, сонымен қатар оның сәтті жүзеге асуы үшін, бірінші кезекте, мемлекеттік билік органдарының БАҚ-қа әсер ету проблемасын шешу керек. Содан кейін ақпаратты дегуманизациялау процесін тоқтату жөн. Ақпарат өзімен-өзі қоғамдық маңызы бар екенін анықтауға бағытталға күрестің объектісіне айналып жатыр. Бүгінгі таңда бұл күресте өз пікірлері мен пайымдаулары болғандықтан, БАҚ-тың өзі билік ете бастайды. Кем дегенде, журналистердің өзі «жаңалықтар» дегеннің не екенін жақсы біледі.
Құбылыстардың өзара байланысы жүйе құратыны белгілі. Ақпараттық процесс те жүйе болып табылады. Осылайша, ақпараттық мәселелерді зерттеуші Ю.Шерковиннің пікірінше, әрбір ақпараттық процесс – бұл құрылымдық, сондай-ақ функционалдық, бір коммуникациялық тізбекке бірнеше жүйелерді қосу. Өз мәні бойынша «жүйе» ұғымы ақпараттық процестің әртүрлі өлшемдеріне қолданылуы мүмкін. Жеке ғылыми зерттеулерде көрсетілгендей, сыртқы және ішкі саяси насихат жүйесінің негіз қалаушы байланыстары мынадай формула бойынша талдануы тиіс: БАҚ иесі (коммуникатор) – әлеуметтік тапсырыс – аудиторияға бағыттылығы.
БАҚ иесі (коммуникатор) – бұқаралық коммуникация жүйесіндегі бірінші және бағыттаушы буын. Мемлекеттік ақпараттық саясат жағдайында коммуникатор рөлінде мемлекет болады. Мұндай тәжірибе барлық жерде қолданылады.
Қазіргі Қазақстанда дәстүрлі медиақұрылым. Онда мерзімді баспасөз ерекше орын алады. Рас, мерзімді баспасөздің ұстанымы әрқашан республикадағы қоғамдық-саяси жағдайға байланысты. Мемлекеттік басылымдар түрі мен сипаты жағынан бір-біріне ұқсас. Негізінен оларда президенттің немесе шетелдік қонақтардың сапары, парламент және ел партияларының отырыстары туралы есептер басылып шығарылады. Бұндай басылымдар, яғни ресми басылымдар «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Казахстанская правда» газеттері және т.б. Бұл басылым беттерінде ресми сипат қолданылады және жазылым бойынша таратылады.
Орыс тілді қазақстандық мерзімді баспасөз төңірегіндегі жағдайды талдай келе, шын мәнінде, ол нарықта басымдыққа ие деп айтуға болады. Атап айтқанда, мұндай газет ретінде «Казахстанская правда», «Литер», «Караван», «Время», «Закуп инфо», сондай-ақ «Комсомольская правда – Казахстан», «Аргументы и факты» сияқты елімізде филиалдары танымал ресейлік басылымдар халық арасында танымал. Бұл басылымдар ел үшін мазмұны жағынан да, рәсімделуі жағынан да жоғары сапамен ерекшеленеді және таралымы қазақ тілді басылымдардан көбірек. Олардың арасында жарыққа шыққан сәттен бастап талқылау, тіпті зерттеу нысанына айналған «Караван» газеті танымал. Өйткені, газеттегі материалдар өте сенсациялық және тіпті арандатушылық сипатқа ие деп айтуға болады. Алайда бұл басылымға көп көлемді таралым мен танымал жоғары рейтингте болуға мүмкіндік береді.
«Караван» Қазақстанның бірінші коммерциялық республикалық газеті 1991 жылы шықты. Басылымды «Караван» қазақ медиахолдингінің иесі, журналист және кәсіпкер Борис Гиллер құрған. «Караван» алғашқы күннен бастап 50 мың дана таралыммен шығып, көптеген жарияланымдары, хабарландырулары бар Қазақстандағы ең танымал және оқылатын басылым болып саналады. Оқырмандар арасында өзінің танымалдығын газет 1998 жылы сатылғаннан кейін де жоғалтқан жоқ. Уақыт өте келе, сол кездегі «Кооперативные новости», «Избиратель» сияқты танымал басылымдар газеттік нарықтағы бәсекелестікке төтеп бере алмады. Газет мақалалардың әртүрлі тақырыбының арқасында жоғары рейтингке ие десе де, жоғарыда келтірілген деректер web-журналистиканың дамып, дәстүрлі БАҚ-тың трансформацияға түсуінің арқасында қарқынды дамып, өз оқырмандарымен байланысын үзіп алмағанын көрсетеді. Осыған орай жаңа дәуір журналистикасындағы басты ерекшеліктердің бірі осы юзабилити екенін аңғарамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет