Реферат Тақырыбы: Керамикалық қабырғалық бұйымдар Курс: I группа: см-20-8кс



бет1/4
Дата23.04.2022
өлшемі44,24 Kb.
#140574
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Керамикалық қабырғалық бұйымдар




Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті


Реферат




Тақырыбы: Керамикалық қабырғалық бұйымдар


Курс: I


Группа: СМ-20-8кс


Орындаған: Темірбайұлы Н.
Тексерген : Нұрымбетова Р.


Шымкент 2020 ж.
Мазмұны

Кіріспе
1.Керамикалық қабырғалық бұйымдар


2.Керамикалық кірпіштер
3.Керамикалық плиталар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Керамика – деп keramike грек сөзі (keramos – саз деген сөзден шыққан) – қыш өнері деген мағынада. Кермикалық деп әр алуан ылғалдылықтағы, көпшілігінде минералдық немесе органикалық қоспалары бар, саздық бір келкі массадан түрлі тәсілдермен қалыпталып және жоғары температурада күйдіріліп жасалатын жасанды тас материалдары мен бұйымдарын айтады.


Керамикалық материалдар мен бұйымдар өнеркәсібі қазіргі кезде бүкіл процестері механикаланған және автоматикаланған өндіріс саласы. Мұндағы ең басты өндіріс процесі – қалыпталынып кептірілген шикі материалдар мен бұйымдарды пештерде жоғары температурада белгілі режимде өртеу. Сондықтан, бұл өндірісте шығарылатын өнімдер күйдірілген (өртелген) материалдар мен бұйымдар деп аталады. Керамикалық материалдар номенклатурасы орасан көп. Оларға жататындар: кәдімгі күйдірілген кірпіштер, түрлі мақсатқа арналған керамикалық тастар, черепицалар, құбырлар, қаптаушы плиталар, санитарлық техникалық бұйымдар, электер айырушы материалдар мен бұйымдар, жеңіл толтырушылар және жылу айырушы материалдар (керамзит, перлит, вермикулит, аглоперит) және т.б. толып жатқан түрлі кермикалық материалдар мен бұйымдар.
Керамика біздің ерте заманнан бері қолданылып келе жатқан өте көне материалдың бірі. Керамикалық өнеркәсіптің соңғы жүз жылдықтардағы дамуы орыс ғалымдарының еңбектері мен байланысты екенінде дау жоқ. Әсіресе академик В.И.Вернадскийдің және проф. А.П.Земятченскийдің керамика өндірісіне керекті шикізат қасиеттерін зерттеу жұмыстары, академик П.П.Будниковтың, Д.Н.Полубояриновтың, А.К.Киптенко және т.б. ғалымдарының керамикалық материал өндірісін жетілдіру тұрғысындағы еңбектері, керамикалық өнеркәсіптің жан-жақты дамуына, сан-алуан құрылыстық керамиканы жергілікті шикізаттар негізінде қалыптасқан технологиясымен жасап шығаруға және санын көбейтіп, сапасын жақсартуға ғылыми-өндірістік әсер етті.
Жақсылап дайындалған сапалы шикізаттардан технологиялық нақтылы режимде жасалынып күйдірілген материалдар мәңгілік жетерліктей басым және де түсі, фактурасы бойынша сырты еш бір қосымша өңдеуді қажет етпейтіндей болып шығады.
Саздан жасалынып, жоғары температурада өртелген материалдар керамика технологиясында керамикалық шыны (черепок) деп аталады. Шикі зат құрамына және күйдіру температурасына байланысты керамикалық материалдар екі топқа бөлінеді: толық күйдірілген, сындырылған жері жылтыр, тығыз структуралы керамика – су сіңіруі 2-4 %-дан аспайды (мысалы, фарфорлар, шала фарфорлар, жол кірпіші, еден плиталары және т.б.); жарым-жартылай күйдірілген, сондықтан, кеуектілі керамика – су сіңіруі 8-20 %-ға дейін (толық денелі, қуыс денелі және жеңіл кірпіш, керамикалық тас, черепица, қаптаушы плиталар, дренажды құбырлар және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет