Тақырыбы: Несиенің мәні және формалары. Несие жүйесінің қызметтері
Орындаған: Ю19-1К студенті Туребекова А.М
Тексерген: Суиндыков Ж.С
Қарағанды 2020
Несие кең мағынада экономикалық серіктестіктер арасындағы келісім шарт, қарыз нысанындағы мүлікті немесе ақшаны жеке немесе заңды тұлғаларға пайыз төлеу және қайтару мерзімін ұзарту шартында беру.
Ал, тар мағынада – қарыз капиталының қозғалысы, бұл қозғалыс жеделдіктің, қайтарымдылықтың және төлемдіктің бастауында жүзеге асады.
Несие беру қағидалары:
- мерзімді;
- қайтарымды;
- ақылы;
- материалдық қамтамасыз ету;
- бір мақсатқа бағытталу.
Несие, беру тәсіліне қарай, және кеңістік-уақыттың сипаттамасы бойынша әр түрлі нысандарға жіктеледі.
Несие беру тәсіл бойынша несие натуралды және ақшалай деп бөлінеді:
- Натуралды несие беруде несие нысаны болып инвестициялық тауарлар, тұтыну тауарлары, шикізат, ресурстар, өндірістік тұтыну заттары табылады.
- Ақшалай несиенің нысандары: ақшалай сатып алу құралдары, ақша капиталы, акциялар, вексельдер облигациялар және басқа да міндетті қағаздар.
Несие беру мерзіміне қарай: - қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- орта мерзімді (3 жылға дейін); - ұзақ мерзімді несие (10 жылға дейін); - арнайы ұзақ мерзімді несие (20 жылдан жоғары) болып бөлінеді. Несиелік кеңістік сипаты бойынша несие, халықаралық, мемлекеттік, банктік, коммерциялық, тұтынушылық, ипотекалық болып бөлінеді.