Реферат тақырыбы: Несиенің мәні және формалары. Несие жүйесінің қызметтері



бет2/3
Дата20.09.2022
өлшемі22,01 Kb.
#150100
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Экономикалық теория
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, Философияның Адам рөліндегі орны, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке, Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R
Халықаралық – бұл қарыз капиталының халықаралық эконмикалық қатынастың аумағындағы қозғалысы. Оның тауарлы немесе ақшалай нысаны болады.
Мемлекеттік несие – мемлекет несиені халыққа және жеке бизнеске береді. Бұл несиенің қайнар көзі мемлекеттік облигациялар болып табылады.
Банктік несие – несие-қаржылық мекемелер кез-келген шаруашылық субъектілеріне ақшалай қарыз береді.
Коммерциялық несие – бұл несиені шаруашылық тұлғалары басқаларына төлем мерзімін ұзарту арқылы тауарды сату түрінде берілді. Бұл - тауар несиесі.
Тұтынушылық несие – жоғары пайызбен (30%) көбіне анықталған мерзімге (1-3 жылға дейін) жеке тұлғаға беріледі.
Ипотекалық-кепілдік несие - бұл несиені банктер жеке тұлғаға қозғалмайтын мүлікті (жер, құрылыс, ғимарат) кепіл ретінде алып береді.
Несиелік қатынастың субъектілері: мемлекет, кәсіпорындар, үй шаруашылығы, банктер, сақтандыру компаниялары, әр түрлі қорлар, шіркеу және т.б.
Несие жүйесі – несие беру нысандары мен тәсілдерінің несиелік қатынастар жиынтығы. Несие өзінің қызметін банк арқылы жүргізеді.
Экономикалық көзқарас тұрғысынан, банктер несие-қаржы мекемесі. Банктің негізгі қызметі тұрғындар мен ұйымдардың, кәсіпорындардың еркін ақша қорларын тартып, қорландыруды жүзеге асыру болып табылады.
Несие жүйесінің негізгі құрамдас бөліктері:
- мемлекеттік орталық банк;
- коммерциялық банк;
- маманданған қаржы-несие институттары.
Бұл мекемелердің әрқайсысы өзінің қызметін атқарады. Мысалы: Ұлттық банк ақша эмиссиясымен, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен айналысып, коммерциялық және жинақ бактердегі несие резервтерін реттейді.
Коммерциялық банктер кәсіпорындар, компаниялар мен тұрғындардың бір бөлігінің ақшалай қорларын шоғырландырып, қысқа және орта мерзімді несиелер беруді жүзеге асырады.
Жинақтық банктер тұрғындардың салымдарын шоғырландырумен айналысып, қорларының көбін бағалы қағаздарға салады.
Инвестициялық банктер бағалы қағаздарды сатуға делдалдық жүргізіп, өнеркәсіп үшін кеңес беру қызметін атқарады.
ҚР-да екі деңгейлі банк жүйесі қызмет етеді:
· ұлттық банк;
· коммерциялық банктер.
Банк мекемесінің басты табыс көзі берілген қарыздың пайызы болып табылады. Берілген қарыз бойынша алынған пайыз жиынтығы, басқа да жүргізілген операциялар табыснан банк шығынын алып тастағандағы қалдық банк пайдасы болады. Банк пайдасын маржа деп атайды.
Банкке табыс әкелетін операцияны активті, ал ақша капиталын қосу арқылы жасалған операцияны пассивті деп атайды. Банк ресурстарын – банктің өз капиталы және клиенттер салымы немесе депозиттер құрайды.
Соңғы жылдары банк қызметінде операцияның жаңа түрлері кең етек ала бастады. Олар: лизинг, факторинг, қаржы - транстық операциялар.
Лизинг– бұл мүліктерді (машина, ірі құрал-жабдықтар т.б.) уақытша пайдалануға алу немесе беру. Лизингтік компания ірі құрал жабдықтарды сатып алып, жалгере 5-8 жылға жалға береді.
Факторинг– қаржы коммерциялық қызметтің бір түрі. Яғни, борышты өндіріп алу құқығын қайта сату немесе сенімхат жөніндегі коммерциялық операциялар немесе несиеге сатқаны үшін ақша алумен байланысты қызмет көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет