Реферат Тақырып: Қой ешкі, шошқа және жылқы стандарттау



бет1/8
Дата21.04.2023
өлшемі49,02 Kb.
#175099
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
қайта өңдеу рк1


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР факультеті
ТАҒАМ ӨНІМ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІ кафедрасы

Реферат
Тақырып: Қой ешкі, шошқа және жылқы стандарттау

Орындаған: Сейлбек Гулназ
Тексерген: Дүйсенбекова О.
Алматы 2023
Мазмұны




Кіріспе 3
1. Қой шаруашылығы 5
2 Шошқа шаруашылығы 9
3 Ешкі шаруашылы 11
4 Жылқы шаруашылығы 13
5 Қой, ешкі, шошқа және жылқы қоңдылығын анықтау 16
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер 19

Кіріспе


Қазақ жері — мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі. Жабайы жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен басталды. Ең алғаш қолға үйретілген үй жануарлары — қой мен ешкі. Қойдың арғы тегі — арқар (муфлон), ал ешкінікі — таутеке. Қой мен ешкі мөлшермен б.з.д. 8—7-мыңжылдықтарда қолға үйретілген деп есептеледі. Осы кезге жататын Жерорта теңізі маңайындағы тұрақтарда қой мен ешкінің сүйегі табылған.


Сиыр тұқымының дәл қай жерден шыққаны әлі аныкталмаған.
Дегенмен де қолға үйретілген сиырдың да ең көне заманғы сүйегі б.з.д. 7-мыңжылдыққа жатады, ол Оңтүстік Анадолы жерінде (Түркия) табылған. Б.з.д. 6—5-мыңжылдықта Месопотамия жерінде мал шаруашылығы болғандығы бүгінде дәлелденген.
Қазіргі уақытта барлық сиырдың 87,3%-ы жеке меншікте, 6,2%-ы шаруа қожалықтарында, 6,5%-ы мемлекеттік ауыл шаруашылығы мекемелерінде жинақталған.
Бұл көрсеткіштер қой мен ешкі түліктері бойынша 80,2; 12,3 және 7,5%-ға, жылқы түлігі бойынша 83,8; 10,6 және 5,6%-ға, түйе түлігі бойынша 75,7; 11,3 және 13,0%-ға сәйкес келеді.
Ауыл шаруашылығы мекемелерінің шаруа қожалықтарына (ӨК, АҚ, т.б.) бөлінуінің артықшылығы ретінде 2000 жылдан бастап жеке және шаруа қожалықтарында орынсыз мал шығынына жол берілмеуі нәтижесінде соңғы 3 — 4 жылда түлік түрлері бойынша мал санының орташа өсімі 3 — 10%-ға, ет, сүт өнімдерін өндіру 3 — 6,5%-ға тұрақты артып келеді.
Бүгінгі таңда әр елдің ұлттық өндірістері негізінде дүниежүзілік біртұтас тауарлы ауыл шаруашылығы қалыптасып келеді. Өндірілген жалпы өнім мөлшері жөнінен Қытай, АҚШ, Жапония, Аустралия сияқты елдер жетекші орын алады. Жан басына шаққанда ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етілу дәрежесі жөнінен Батыс Еуропаның дамыған елдері мен Канада, АҚШ, Жапония және Аустралия ерекше көзге түседі.
Дамушы елдерде бұл керсеткіш өте төмен, тіпті жалпы өнімді аса көп өндіретін Қытай мен Үндістанда ол Канада және АҚШ-пен салыстырғанда 5—6 есе төмен.
Сол себепті ауыл шаруашылығының алдында әлі де оңтайлы шешімін таппаған мәселелер баршылық.
Ең бастысы — халықты сапалы, құнарлы әрі арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету; айналадағы ортаны ластанудан қорғау және табиғат байлықтарын пайдалануды, жетілдіру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет