ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3 дәрежелі құжаты
|
Силлабус
|
Силлабус
042-18.28.1.3/01–2016
|
Пәннің оқу бағдарламасы (силлабус)
|
№ 1 басылым 08.09.2016 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(СИЛЛАБУС)
|
Пән атауы: Қазақ тілі
Кредит саны: 3
Шифр – мамандық атауы: Аграрлық факультеті, Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар факультеті, Жаратылыстану – математика факультеті, Инженерлік-технологиялық факультеті, Қазақ филологиясы факультеті, Тарих-педагогика факультеті, Шетел және орыс филологиясы факультеті, Экономика және құқық факультеті мамандықтарына арналған
Факультет, кафедра: Қазақ филологиясы факультеті, Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы
Семей 2016
Алғысөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН
Құрастырушы
Түрікпенова Айгүл Жұманқызы, филология магистрі, қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы _______________ «___» __ 2016 ж.
2 КЕЛІСІЛДІ
2.1 Кафедра отырысында қаралды.
Хаттама «____» __________ 20__ жыл, № __.
Кафедра меңгерушісі Мұқанова Қ.Қ. ______________
2.2 Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында қаралды.
Хаттама «____» __________ 20___ жыл, № __.
Төраға Сәмекбаева Э.М. ______________
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды және баспаға ұсынылды
Хаттама «____» __________ 20___ жыл, № __.
ОӘК төрағасы, оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор Искакова Г.Қ.___________
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ (№ басылымның орнына ___ «__» ______ 20___ ж.)
Мазмұны
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
3 КУРС САЯСАТЫ
4 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
5 ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
Оқытушының аты-жөні, тегі: Түрікпенова Айгүл Жұманқызы
Ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы: филология магистрі, аға оқытушы
Факультет, кафедра: қазақ филологиясы факультеті, қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы
Байланыс ақпараты – тел.: , Aidilan_76@mail.ru, № 2 оқу корпусы, кабинет- 305.
1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:
«Қазақ тілі» пәні мемлекеттік міндетті пәндер модулі аясында барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдерінде оқытылады.
Осы «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
- Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесінің 2016 жылғы 30 маусымдағы мәжіліс хаттамасының шешімімен бекітілді және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаментінің 2016 жылғы 07 шілдедегі №14-4/1134 хатымен іске қосылды.
- Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесінің 2014 жылғы 22 қазандағы мәжіліс хаттамасының шешімімен бекітілген пәндердің типтік оқу бағдарламалары орнына енгізілген.
- Типтік оқу бағдарламалары Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесінің 2016 жылғы 30 маусымдағы мәжіліс хаттамасының шешімі негізінде бекітілген типтік оқу жоспарына сәйкес әзірленген.
- ҚР МЖМБС 23 тамыз 2012 ж. №1080 (13.05.2016 ж. № 292 бұйрығы) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
- ДП 042-1.09-2016-1 «Пәннің оқу бағдарламасы (силлабустың) және таңдау компоненті оқу бағдарламасының құрылымы» құжаттау үлгісі.
Қазақ тілі пәні орыс тілді топтарға мектептен алған білімдерін жетілдіру үшін арналған. Курс барысында студент болашақ мамандығына байланысты мәтіндерді еркін аударып, еркін сөйлеу үшін жағдай жасалады.
1.3 Пәнді оқыту мақсаты:
Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілінің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру. Қазақ тілін оқытудың қарастырылып отырған деңгейлеріне сәйкес лингводидактикалық үлгі негізінде, бірыңғай әдістемені жүйелі жетілдіру. ЖОО-да қазақ тілін қарым-қатынас құралы деңгейіне айналдыру дағдыларын қалыптастыру. ЖОО түлектерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, тілдік біліктілігі жоғары маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, кеңселік қатынас құралы ретінде ғана біліп қоймай, халықпен қарым-қатынас жасау барысында ұтқыр ойды шешен тілмен жеткізе білуге, жергілікті халықтың ұлттық мәдениетін тануға, ұлттық таным ерекшеліктерін ажыратуға дағдыландыру.
Мемлекеттік тілді ынталы студеттер үшін «қазақ тілінің түрлі стильдегі әлеуметтік-мәдени болмыстағы аясын» «тілдік тұнық орта» қалыптастыру арқылы ұйымдастыру».
Мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік оқыту арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік азаматының ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫН қалыптасыру.
Пәнді оқытудың міндеттері:
Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, қазақ тілінде айтылған ой-пікірді түсініп, дұрыс жауап бере алу; қазақ тілінің грамматика жүйесін еркін біліп, қазақ еліне қатысты тарихи мәдени материалдарды өз бетімен игере алу; өз мамандығына сәйкес терминдер жүйесін пайдалана отырып мемлекеттік тілде жатық сөйлеу дағдысын қалыптастыру керек.
Қамтылған тілдік деңгейлер аясында қатысымдақ (коммуникативтік) және танымдық (когнитивтік) міндеттердің орындалуы барысында жүзеге асырылады. Атап айтқанда:
орта көлемді және көлемді мәтіндерді жатық әрі шапшаң түсініп оқу;
тұрақты сөз тіркестері, кәсіби сөз мағыналары мен салалық терминдер ұғымын түсініп қолдану;
монолог, диалог, полилог түрінде (хабарлама, таныстырылым (презентация), баяндама, дискуссия және т.б.) әңгімелесу, сұхбат жүргізу;
жазба жұмыстарын (эссе, аннотация, түйіндеме, жоспар, тезис, мәлімдеме, пресс-релиз, хат, аударма, реферат, мақала және т.б.) орындау;
қазақ тілінің функционалдық грамматикасы аясында тілдік дағдыларды шыңдай отырып, тілдік тұлғаның қазақ тілінде жүйелі талдау жасауға, өз ойын еркін жеткізуге және ұсынылған материалдар бойынша сипаттама, салыстырма, қорытынды жасай білу сияқты т.б. тілдік біліктіліктерін жетілдіре дамыту;
әлеуметтік және кәсіби маңызды ақпаратты жеткізу, болашақ қызметінде қазақ тілінде деректерді қолдану дағдысын қалыптастыру.
Пәннің әдіс-тәсілдері: «Қазақ тілі» пәнін жүргізу барысында тіл үйренудің
Пәннің әдіс-тәсілдері: «Қазақ тілі» пәнін жүргізу барысында тіл үйренудің әлемдік деңгейде танылған замануи үлгілері, отандық және шетелдік ғалымдардың авторлық озық әдіс-тәсілдері басшылыққа алынды. Жұмыс барысында уақыт көлемі, тақырып ерекшелігі, тіл үйренушінің қабілет-қарымы, оқытушылық шеберлігі сияқты т.б. маңызды факторлар есепке алынып, соған сәйкес ақпараттық әдіс, түсіндіру әдісі, жаттығу әдісі, практикалық әдіс, кейс әдісі, ізденіс әдісі, ойын әдісі, жобалау әдісі сияқты т.б. әдіс түрлері мақсат-міндетке сәйкес қолданылады.
1.5 Құзыреті (оқыту нәтижелері)
білу:
Алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу;
орындай алу:
- Тілдік талдаудың негізгі әдістерін орындай алу;
дағдысының болуы:
- Берілген өздік жұмыстарға дағдысының болуы;
1.6 Курстың пререквизиті
А1, А2-негізгі деңгейлері
1.7 Курстың постреквизиті
Кәсіби қазақ тілі