«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы



Дата29.03.2017
өлшемі310,59 Kb.
#12424
Ф.7.22-17
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

ҒЖ жХБ жөніндегі проректор
___________________ Бахов Ж.К.

«____»_________________20___ж.



6М010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханының


БАҒДАРЛАМАСЫ

Шымкент, 20__ ж.


Қабылдау емтиханның бағдарламасы 050101- Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы пәндерінің ( Дүниетану теориясы мен әдістемесі, Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру, Мектепке дейінгі педагогика, Тіл дамыту әдістемесі) типтік бағдарламалары негізінде құрылған


Қабылдау емтиханның бағдарламасы Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының мәжілісінде талқыланған



«____»_________________20___ж, №____хаттамасы

Кафедраның меңгерушісі п.ғ.д.,профессор Искакова Л.Т. ______________

(қолы)
Қабылдау емтиханның бағдарламасы Филология факультетінің әдістемелік комиссиясымен мақұлданған ___________«____»_________________20___ж., №____хаттамасы

Төрағасы___________________

(қолы, тегі, аты)

Қабылдау емтиханның бағдарламасы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығымен келісілген

ЖООКББО бастығы__________________Ж. Изтаев


Кіріспе
Бакалаврлық білім бағдарламасын озық меңгерген бітірушілеріне ғылыми жұмыстарын жалғастыру үшін магистратурада оқуларына мүмкіндік бар. Оқу уақыты 2 жыл, 6М010200- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының магистратурасын бітірушілерге «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі магистрі» академиялық дәрежесі беріледі. Бұл ұйымдастырылған оқу-педагогикалық іс-әрекет ғылыми фактілерді теориялық курс негізінде тереңірек меңгеруге, бакалаврдың әдістемелік дайындығын болашақ ЖОО мен ОАОО оқытушысы ретінде мүмкіндік береді. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі магистрі бастауыш мектеп мұғалімі, педагогикалық колледж, және ЖОО оқытушысы, педагогикалық ғылыми ұйымдардың қызметкері, сондай-ақ педагогикалық білім жүйесінің мененджері болып жұмыс істей алады.


1. Пәндердің атауы және олардың негізі бөлімдері

1.1 Қазіргі қазақ тілі
Тіл біліміне кіріспе. Тіл білімі және олардың салалары. Тіл білімінің басқа ғылымдарымен байланысы. Тілдің қоғамдық мәні мен қызметі. Тіл және оңлау. Тіл және сөйлеу. Тілдің құрылымы, оның жүйесі.

Фонетика. Қазақ тілі фонетикасына кіріспе. Фонетиканың зерттелуі. Салалары мен объектісі. Қазіргі қазақ тілі фонетикасындағы өзекті мәселелер.

Дыбыс туралы ұғым. Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар.

Бастауыш сынып «Қазақ тілі» оқулығындағы тілдің дыбыстық жүйесіне қатысты тақырыптар.

Буын, оның түрлері. Буын үндестігі.Дыбыс үндестігі және оның түрлері. Дыбыс үндестігімен орфография мен орфоэпияға қатысты.

Бастауыш сынып қазақ тілі оқулығындағы буын және дыбыс үндестігі кездесетін тақырыптар.

Орфография, орфоэпия, графика.

Лексикология. Сөз бен дыбыстың, сөз бен мағынаның және ұғымның өзара бірлігі мен айырмашылығы. Сөзге тән белгілер.

Семасиология. Сөз мағынасының түрлері (тура және ауыспалы мағына, лексикалық, грамматкалық мағына, нақты және абстракт мағына, сөздің көп мағыналылығы, т.б.)

Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылу тәсілдері.

Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер. Фразеологизмдер. Мақал-мәтелдер және олардың мәні.

Бастауыш сыныпта оқытылатын лексикалық ұғымдар.

Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы туралы түсінік. Сөздік құрамының толығу жолдары. Ана тілімізге өзге тілдерден енген сөздер туралы мәлімет.



Стиль туралы жалпы түсінік. Сөздердің стильдік мәніне қарай бөлінуі және оның түрлері. Диалект сөздер. Кәсіби сөздер. Терминдер. Көнерген сөздер, олардың түрлері (архиизм, историзм). Неологизмдер және олардың жасалу жолдары.

Қазақ тілі лексикографиясы. Сөздік жасау принциптері. Лингвистикалық сөздіктердің негізгі түрлері: «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» т.б.

Сөздіктердің өзіндік сипаттары мен атқаратын қызметі.

Сөзжасам. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне кіріспе. Сөзжасам жүйесінің проблемалары. Сөзжасам жүйесінің негізгі тәсілдері. Морфемалар. Жалаң сөз. Күрделі сөз оның түрлері. Сөзжасамға қатысты ұғымдардың бастауыш сынып бағдарламасы мен «Қазақ тілі» оқулықтарында берілу жайы

Грамматика, оның объектісі. Грамматикалық ұғымдар. Грамматикалық форма және грамматикалық категория туралы ұғым. Грамматиканың теориялық және парктикалық мәні. Оның бастауыш сынып бағдарламасында алатын орны, маңызы қатынас

Грамматикалық категориялар және олардың сөз таптарымен ара қатынасы. Сөз таптары категориясы туралы жалпы түсінік. Қазақ тілінде сөздерді қалыптастыру принциптері. Сөз таптарының дербес сөздер, көмекші сөздер болып бөлінетіні.

Зат есім. Көмекші есім. Олардың зат есімдерше түрленетіні. Көмекші есімдердің қызметі. Сын есім. Сан есім. Есімдік. Етістік. Етістіктің лексикалық грамматикалық категориялары. Үстеу. Шылау сөздер. Еліктеу сөздер. Одағай сөздер. Бастауыш сыныпта оқытылатын сөз таптарының оқулықта берілу жайы және олардың оқыту. Синтаксис. Синтаксис туралы жалпы түсінік.

Сөйлем. Сөйлемнің грамматикалық белгілері. Сөйлемнің құрылысына қарай жай және құрмалас сөйлем болатыны. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері.

Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері.

Сөйлем мүшесі. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Айқындауыш мүше және оның мүшелері. Оқшау сөздер. Оқшау сөздерінің түрлері, олардың орналасу тәртібі және тыныс белгілері.

Жай сөйлемнің құрылысына қарай бөлінетін түрлері. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем. Синтаксистен бастауыш сыныпта берілетін материалдар және оларды оқыту. Бөгде сөз,оның түрлері.

Емле және тыныс белгілері. Қазақ емлесінің кейбір мәселелері. Тыныс белгілерінің мәні мен атқаратын қызметі. Тыныс белгілерінің түрлері және олардың қолданылуы.

Сөйлеу мәдениеті. Сөйлеу мәдениеті туралы түсінік. Тілдік норма, оның тіл мәдениетіне қатысты.


1.2 Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы.

Қазақ тілі оқыту теориясы мен технологиясы оқу пәні ретінде. Пәннің объектісі, пәні және курстың міндеттері, оның басқа ғылымдармен байланысы (психология, педагогика, лингвистика, философия, психолингвистика, физиология т.б.)

Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориялық негіздері. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері. Бастауышта қазақ тілін оқытудың мазмұны. Бастауышта қазақ тілінен білім берудің мемлекеттік стандарты. Қазақ тілінен мектепке дейінгі дайындық, бастауыш және негізгі орта мектеп бағдарламаларын талдау. Қазақ тілін бастауыш мектепке оқыту әдістері. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту құралдары. Қазақ тілінен бастауыш сыныптар үшін жасалған оқу-әдістемелік топтама. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың ұйымдастыру формалары.

Балаларды қазақ тілін оқуға дайындау. Қазақ тілін оқытудағы сабақтастық байланыстар. Қазақ тілін оқытудағы пәнішілік және пәнаралық байланысы. Қазақ тілінен берілген білім, білік, дағдыларғы әрбір оқу жылының соңындағы бағдарламалық талаптар. Білім, білік, жағдыларды тексеру және бағалау. Бақылау түрлері және қазақ тілін оқыту нәтижелерін диагностикалау.



Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың технолгиясы. Сауат ашу технологиясы: сауат ашу технолгоиясының мектептегі оқу тәрбие жұмысының жалпы жүйедегі маңызы, сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық негіз және психовизиолгиялық негізі. Дыбыстың талдау, жинақтау әдісі. Сауат ашу жүйесіндегі дәстүрлі әдіс және қазіргі жаңалықтар. Балалардың сауат ашуға психологиялық дене тілдік дайындығы. Олардың дайындығын зерттеу өлшемі. Сауат ашуды оқыту процессі. Дайындық кезең, әліппе кезеңі және әліппеден кейінгі кезең. Сауат ашу кезеңіндегі оқу тәрбие міндеттері. Оқу сабақтарының негізгі түрлері. Бастапқы оқуды қалыптастыру: буындап оқу, тұтас сөзді дауысты дыбысқа бағыттай оқы, Тіл дамыту: сөзге, сөйлемге, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Бастапқы жазуға үйрету, оның мазмұны мен міндеттері, қазіргі «Жазу үлгілеріне» сипаттама. Жазуға дағдыландыру этаптары. Соңғы кезеңдегі жазу сапасына қойылатын талаптар. Жазудың дұрыстығын тексеру. Оқу сабақтарында оқушылдарға өздіктерінен жұмыс жастау. Сауат ашуға арналған оқу әдістемелік топтама. Әдебиеттік оқу техноглогиясы: оқудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы, мақсаты мен міндеттері. Бастауыш мектепке арналған әдебиеттік оқу топтамасы. әдебиеттік оқу топтамасы. әдебиеттік оқудың түрлері. Оқу дағдысына сипаттама: саналы, дұрыс, шапашаң, мәнерлеп оқу. Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс жасаудың әдебилік және психолог педагогикалық негіздері. Оқушылардың көркем шығарамаларды қабылдау ерекшеліктері. Кіші жастағы оқушыларды шығарманы оқуға және сонымен жұмыс жасауға үйрету. Оқу сабақтарындағы шығармашылық жұмыстар: толық, ықшам, іріктеп сөзбен айту, сурет салу, диафильм жасау, драмалау т.б. Өздіктерінен жұмыс жасау. Әр түрлі жанрдағы шығарамаларды оқудың технологиялық ерекшеліктері. Оқу сабақтарның типтері, құрылымы, ерекшеліктері.Сыныптан тыс оқу.

Фонетика. Сөз жасам және грамматиканы оқыту технолгоиясы: кіші жастағы оқушыларғы грамматиканы оқытудың мәні және оның оқу тәрбиелік міндеттері. Оқушыларда грамматикалық және сөзжасам ұғымдарын қалыптастырудың әдістемелік негіздері. Грамматикалық ұғымдардың мәні оларды ұғыну қиындықтары. Грамматика және сөзжасам жаттығулары, олардың типтері, қолданылуы. Сөздің морфемалық құрамын оқыту. Морфема және орфография жаттығуларының өзара байланысы. Морфология тіл ғылымының бөлімі. Бастауыш мектепте сөз таптарын оқытудың әдістемелік негіздері. Бастауыш сыныптарда морфологияны оқудың қиындықтары және оны жеңу жолдары. Сөз таптарын оқыту барысындағы тіл дамыту жұмыстары. Қазақ тілінің синтаксистік жүйесі. Бастауыш мектепте синтаксиспен тыныс белгісімен қарапайым мағлұматтар беру, оларды оқыту әдіс тәсілдері.

Орфографияны оқыту технологиясы: орфография әдістемесіндегі грамматикалық және грамматикаға қарсы бағыттар. Орфографиялық дағды қалыптасытыру. Орфографиялық жұмыстарының түрлері және оларды жүргізу. Қазақ тілінен қолданылатын көрнекіліктер, дидактикалық материалдар және оларды қолдану жолдары.

Тіл дамыту технологиясы: Тіл дамытудың мақсат міндеттері мен жолдары. Сөйлем туралы ұғым және оны дамыту. Сөйлеу әрекет ретінде оның түрлері мен қызметі. Оқушылдардың сөйлеуіне қойылатын талаптары. Сөйлеу ойлауды дамыту құралы. Сөздікпен жұмыс жасау байланыстырып сөйлеу және оны дамыту міндеттері. Бастауыш сыныптардағы жазбаша іс-қағаздарына түрлері. Ресми сөйлеу жұмысы.

Қазақ тілінің теориясы мен технологиясын оқыту барысында оқущылардың әрекетін ұйымдастыру технолгиясы. Сауат ашу, әдебиеттік оқу, қазақ тілінің қазіргі сабақтарына қойылатын талаптар. Бастауыш сыныптағы сабақ құрылымына қазіргі көзқарастар. Сабаққа дайындық және оны жоспарлау. Сауат ашу, әдебиттік оқу, қазақ тілі сбақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастырудың қазіргі педагогикалық технологиялары. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру балалардың ойлауын танымдық шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушылардың өздік әрекетіне жетекшілік жасау.

Сауат ашу, әдебиттік оқу, қазақ тілі сабақтарында әдістемелік талдау жасау. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, оны өткізуі және талдауы барысындағы еңбегін ғылыми ұйымдастыру (НОТ) сауат ашу әдебиеттік оқу қазақ тілінің сыныптан тыс саабақтарында оқушылап әрекетін ұйымдастыру технологиясы.



Оқушылардың үйдегі оқу жұмысы. Сыныптан тыс сабақ түрлері оқушылардың өздік шығармашылық әрекеттеріне жетекшілік. Дәстүрлі емес және қызықты жаттығуларды орындау әдіс тәсілдері оқушылардың таңдауы үшін жүргізілетін курстар. Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу қазақ тілін тереңдетіп оқыту мүмкіндіктері.

Қазақ тілі оқыту теориясы мен технолгиясы педагогикалық ғылым. Сауат ашуды әдебиеттік оқуды қазақ тілін бастапқы оқыту жөніндегі ғылым психологиялық, педагогикалық зерттеулердің оқыту теориясы мен технолгиясын дамытудағы ролі. Сауат ашуды, әдебиеттік оқуды, қазақ тілін оқыту заңдылықтаын ғылыми зерттеу әдістері. Педагогикалық практика. Озат тәжірибелерді зерттеу. Зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу. Курстық, дипломдық жұмыстарды орындалуы. Жарқын, алыстағы шетелдегі оқыту жүйесінің алуан түрлі модульдерін жасау.

1.3 Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы
Математиканы оқытудың теориялық негіздері. Математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Математиканы бастауыш оқытудың мазмұны бастауыш математикалық білім берудің мемлекеттік стандарты. Метеп алды дайындық, мектептің бастауыш және орта оқытудағы сатыларындағы математика бағдарламалық талдау. Математиканы оқытудағы перспективтік және сабақтастық байланыс. Математиканы оқытудағы пәнішілік және пәнаралық байланыс. Математиканы бастауыш оқытудың әдістері. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту құралдары. Бастауыш сыныптарға арналған ОӘТ.

Математиканың бастауыш оқытудың ұйымдастыру формалары қазіргі сабаққа қойылатын талаптар. Бастауыш сыныптарда математика сабағын қазіргі заман тұрғысынан құру. Сабаққа дайындалу және жоспарлау. Сабақты өткізу. Сбақты әдістемелік тұрғыдан талдау. Математика сабақтарын дайындалу, өткізу және талдау барысында мұғалімдердің еңбегін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру.

Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуға балаларды дайындау. Математикадан оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесі, әр сынып соңындағы математикадан оқушылардың білім, білік, және дағдыларына, құзыреттілігіне қойылатын бағдарламалық талаптар.

Арфиметикалық материалды оқыту технологиясы. Қарапайым түсініктер. Заттарды сану: заттарды және олрдың топтарын салыстыру; геометриялық фигуралар; практикалық әрекеттер (біріктіру, бөліп алу, құрастыру, бөліктерді бөлу, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеу); кеңістік және уақыт жайлы қарапайым түсініктер.

Нумерацмялық ұғымдар: сан және цифр; есептік және реттік натурал сандар; ондық санау жүйесі; он көлеміндегі сандар; ондықтар екі таңбалы сандар; үш таңбалы және көп таңбалы сандар; теріс емес бүтін сандар;

Арфиметикалық амалдар және олардың қасиеттері; амалдардың мән мағынасы; математикалық символика, арфиметикалық амалдардың компоненттері мен олардың нәтижелері; өзара кері амалдар, қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері; көбейтудің үйлесімдік қаситеттері, орфометикалық амалдардың дербес жағдайлары (амалдардағы нол мен бірдің қасиеттері)

Есептеу тәсілдері: ауызша есептеу тәсілдерінің ерекшеліетері; арфиметикалық амалдардың алгоритмдері; ауызша және жазбаша тәсілдерінің үйлесімділігі; бастауыш мектепке есептеу тәсілдерін қарастыру реті.

Қарапайым шамалар (ұзындық,масса, уақыт,аудан,көлем,және т.б.) сан шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде; шаманың бірліктері және олардың ара қатынасы; атаулы сандар; атаулы сандар түрлендіру; атаулы сандарға амалды қолдану:

Үлестер және бөлшектер; шамалар үлпестері және олардың салыстыру. Бөлшек ұғымы. Бөлшектерді салыстыру. Бөлшектерге қолданылатын арфиметикалық амалдар.

Есептерді шешуге оқытып үйретіп технологиясы. Бастауыш математика курсындағы «Есеп » ұғымы. Жай және құрама есептер. Жай есептің негізігі түрлері. Өзара кері есептер. Есептердің шешу тәсілдері. Есептің шешу кезеңіндегі және оларды орындау тәсілдері. Жай және құрама есептерді шешуге үйрету тәсілдері. Есепті шешудің арифиметикалық тәсілі. Есепті шешудің алгебралық тәсілі. Есепті шешу процессін модульдеу. Геометриялық мазмұнды, үлес және бөлшек, пропрционал шамалар мен байланысты есептерді шешуге үйрету тәсілдері. Шығармашылық іс-әрекетті көздейтін тапсырмалар.

Бастауыш математика курсында кездесетін құрамы есеп түрлері және оларды шешу процесі.



Алгебра элементтерін оқыту технолгоиясы. Санды өрнек және оның мәні: өрнкектердегі амалдардың орындалу реті; сандық теңдік және санды теңсіздік; әріппен белгілеудің енгізуі; әріпті өрнек және оның мәні; өрнектердің қарапайым теңбе-тең түрлендірулері. Теңдеу және оны шешу тәсілдері.

Геометрия элементтерін технологиясы: қарапайым геометрия фигуралар; олардың қасиеттері және белгіленуі; қарапайым геометриялық салалар; геометриялық мазмұнды есептер.

Математиканы оқыту процесінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру технолгоиясы. Математика сабақтарында оқушылардың іс- әрекетін ұйымдастырудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары. Жаңа ұғым және әрекет тәсілін оқытып үйретуге дайындық кезінде; жаңа ұғым және әрекет тәсілімен таныстыру барысында; білім, білік, дағдыларды бекіту және оқыту нәтижелерін тексеру кезінде оқушылардың оқу математикалық іс-әрекетін ұйымдастыру.

Оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың өздік жұмысына басшылық жасау.

Дайындық кезеңінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқушылардың үй тапсырмсын ұйымдастыру технолгиясы. Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері олардың ерекшеліктер, математика сабағымен байланысы. Оқушылардың өздік шығарамашылық іс-әрекетіне басшылық жасау. Стандартты емес және қызықты тапсырмаларды орындау технологиясы. Таңдамалы курстар. Бастауыш сыныптарда математиканы тереңдеп оқыту міндеттері.

Бастауыш метепте математиканы оқытудың теориясы мен технолгиясы схологиялық ғылыми ретінде. Математиканы бастауыш оқыту туралы ұғым. Математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы дамуындағы педагогикалық психологиялық зерттеулердің ролі. Математиканы оқыту процесінің құбылыстарын ғылыми зерттеу әдістері. Озат педагогикалық тәжірибені оқып үйрену. Зерттеу нәтижелерін тәжірибеге ендіру. Алыс және жақын шетелдердегі математиканы әр түрлі модельдерін дайындау.

1.4 математиканың бастауыш курсының негіздері
Курстыың объектісі, пәні, міндеттері және басқа оқу пәндермен байланысы (философия, логика, бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы және т.б.). Курстың кәсіби бағыттылығы.

Математиканың негізгі ұғымдары. Жиындар: «жиын ұғымы», «жиынның элементі», «бос жиын», «шекті жиын», «шексіз жиын», «тең жиындар», «ішкі жиын», «әмбебап жиын» ұғымдары; жиындардың берілу тәсілдері; Эйлер-Венн диаграммалары; жиындарға қолданылатын амалдар және олардың заңдары.

Графтар: граф ұғымы; графтардың түрлері; уникурсты фигуралар; жазық граф туралы Эйлер теоремасы.

Сәйкестіктер; сәйкес ұғымы; сәйкестің графы мен графигі; бейнелеулер және олардың түрлері; тең қуаттас жиындар; жиындағы қатынастар және оның қасиеттері.

Математиканың логикалық негіздері; математикалық ұғымдар және оларды анықтау тәсілдері; математикалық ұғымдарды анықтаудың құрыдымы; пікірлер және оларға амалдар қолдану; предикаттар және оларға амалдар қолдану; кванторлар; математикалық логиканың заңдары; сөйлемдер арасындағы келіп шығу және мәндес болу қатынастары; қажетті және жеткілікті шарттар; теорема және оның құрылымы; теореманы дәлелдеу тәсілдері; дұрыс және дұрыс емес пайымдаулар.

Комбинаторика элементтері комбинаторлық есептер, қосынды мен көбейтінді ережесі, ауыстырулар, терулер, орналастырулар.



Сан ұғымының кеңеюі. Арифметика математиканың бөлімі ретінде. Натурал сандар; «натурал сан» ұғымы және сандардың натурал қатарының кесіндісі, санау, реттік және есептік натурал сандар, натурал сандар жиыны, реттік қатынас.

Теріс емес бүтін сандар; нөлдің, теріс емес бүтін сандар жиынының, реттік қатынастың, арифметикалық амалдардың теориялық-жиындық тұрғыдағы түсініктемесі; Пеано аксиомалары, теріс емес бүтін сандарға қолданылатын амалдарды анықтау; теріс емес бүтін сандар жиынын аксиоматикалық тұрғыда құру; математикалық индукция әдісі, арифметикалық амалдардың және Zо жиынының жүйелері.

Санау жүйелері: санау жүйесі туралы ұғым; ондық санау жүйесі; позициялық және позициялық емес санау жүйелері.

Сандардың бөлінгіштігі: бөлінгіштігі қатынас және оның қасиеттері; бөлінгіштік белгілері; жай және құрама сандар; Әратосфен елегі; жай сандар жиынының шексіздігі; сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші мен ең кіші ортақ еселігі, олардың негізгі қасиеттері мен оларды табу алгоритмдері; арифметиканың негізгі теоремасы.

Бүтін санда: «бүтін сан» және «бүтін сандар жиыны», «бүтін санның модулі» ұғымдары; бүтін сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар; бүтін сандар жиынының қасиеттері және олардың геометриялық кескіні.

Рационал сандар: бөлшек және рационал сан ұғымдары; рационал санжарға қолданылатын арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері; рационал жиыны және олардың қасиеттері, ондық бөлшектер және оларға қолданылатын арифметикалық амалдар; рационал сан шектеусіз периодты ондық бөлшек ретінде.

Нақты сандар: иррационал сан ұғымы; иррационал сан шектеусіз периодсыз ондық бөлшек ретінде; нақты сандар жиыны және оның қасиеттері; нақты сандарға қолданылатын амалдар және олардың қасиеттері; сандарды дөңгелектеу ережелері; жуық сандарға амалдар қолдану, санның квадраты мен кубы, дәрежелеу; квадрат және куб түбір.

Комплекс сандар: комплекс сан ұғымы; комплекс санның геометриялық кескіні; комплекс сандарға қолданылатын амалдар және олардың заңдары.

Арифметикалық есептеулер техникасы: ауызша және жазбаша есептеулер; тиімді және тез есептеу тәсілдері; есептеуіш құралдардың көмегімен есептеулер жүргізу.

Алгебра элементтері. Алгебра математиканың бөлімі ретінде. Математикалық өрнектер: өрнек туралы ұғым; өрнкетер (санды және айнымалысы бар) және олардың мәндері, теңбе-теңдік; теңбе-тең түрлендірулер; бірмүшеліктер және көпмүшеліктер.

Теңдік және теңсізді: «санды теңдік», «санды теңсіздік» ұғымдары, олардың қасиеттері.

Теңдеулер: «теңдеу» ұғымы, теңдеулердің мәндестігі; сызықтық және квадрат теңдеулер; теңдеулер жүйелері мен жиынтықтары; есептерді алгебралық әдіспен шығару.

Теңсіздіктер: «бір айнымалысы бар теңсіздік» ұғымы; теңсіздіктер жүйелері мен жиынтықтары.

Функциялар: «функция» ұғымы, функцияның берілу тәсілдері және графигі; сызықтық және квадраттық функциялар; тура және кері пропорционалдық.

Геометрия элементтері. Геометрия математиканың бөлімі ретінде.

Планиметрия: планиметрияны аксиоматикалық тұрғыда құру; нүкте, түзу, кесінді, сәуле, бұрыш және оның түрлері; шеңер және дөңгелек; сынық және қисық сызықтар; көпбұрыш және оның түрлері; параллель түзулер; перпендикуляр түзулер; центрлік және осьтік симметриялар; шеңберлер жанама; томотетия, нүктенің геометриялық орны; координата әдісі; фигуралардың; екі нүктенің арақашықтығы; берілген қатынаста кесіндіні бөлу; сызықтың, түзудің және шеңбердің теңдеулері;

Стереометрия: стереометрияны аксиоматикалық тұрғыда құру; перпендикуляр, көлбеу, дене; көпжақ және оның түрлері, призма және оның түрлері, пирамида және оның түрлері; цилиндер, конус, шар және сфера; денелер беттерінің аудандары мен көлемдерінің негізгі формулалары; көпжақтар туралы Эйлер теоремасы.

Қарапайым геометриялық салулар: берілген ұзындықтағы кесіндіні салу; дөңгелекті және шеңерді, параллель және перпендикуляр түзулерді салу; кесіндіні қақ бөлу; бұрыштарды, үшбұрыштарды, тік төртбұрышты (шаршыны) салу; нүктеге және түзуге қарағанда симметриялы фигураларды салу; геометриялық денелерді кескіндеу; координаталар бойынша геометриялық фигураны салу. Геометриялық мазмұнды есептер.

Шамалар және оларды өлшеу. Шама және оны өлшеу барысы: нақты дүние қасиеттерінің шама ұғымы арқылы бейнеленуі; «шама» және шаманы өлшеу шаманың мәні скаляр шамалардың негізгі қасиеттері; сан шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде; шамаларға қолданылатын амалдар; өлшем бірліктері жүйесі.

Кесіндінің ұзындығы: кесінді ұзындығын анықтау; кесінді ұзындығының негізгі қасиеттері; кесінді ұзындығын өлшеу; ұзындықтың стандарт бірліктері және олардың арасындағы қатынастар.

Фигураның ауданы: Фигураның ауданыын анықтау; фигураның ауданының негізгі қасиеттері; фигураның ауданын өлшеу және есептеу; ауданның стандарт бірліктері және олардың арасындағы қатынастар.

Дененің көлем (сыйымдылық): дененің көлемін анықтау; дене көлемінің негізгі қасиеттері; дене көлемін өлшеу және есептеу; көлемінің стандарт бірліктері және олардың арасындағы қатынастар.

Бұрыштың шамасы: бұрыш шамасы туралы ұғым; бұрыш шамасының негізгі қаситеттері; бұрыштың щамасын өлшеу; бұрыш шамасының стандарт бірліктері және олардың қатынастар.

Масса: масса туралы ұғым; массаның негізгі қасиеттері; дененің массасын өлшеу; массаның стандарт бірліктері және олардың арасындағы қатынастар.

Уақыт және оны өлшеу: уақыт туралы ұғым; уақытты өлшеу; уақыттың өлшем бірліктері және олардың арасындағы қатынастар.

Шамалар арасындағы тәуелділік: бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс кезіндегі уақыт, жылдамдық және жол арасындағы тәуелділік; жұмыс мөлшері, уақыт және еңбек өнімділігі арасындағы тәуелділік. Тіктөртбұрыштың ұзындығы, ені және ауданы.

Ықтималдықтар теориясының және математикалық статистиканың негіздері. Ықтималдықтар теориясы: «ықтималдық», «сынау», «оқиға», «кездейсоқ шама» ұғымдары; оқиғаларға қолданылатын операциялар; ықтималдықтар теориясының теоремалары мен формулалары; дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары; үлкен сандар заңы.

Математикалықт статистика: «математикалық статистика жиынтық арифметикалық орта медиана мода вариация ауытқуы таңдама дисперсиясы стандартты ауытқу диаграмма гистограмма полигон ұғымдары; зерттелетін обьектілерді іріктеу; бақылау нәтижелерін өрнектеу тәсілдері; бақылау нәтижелерін статистикалық өңдеудің әдістері.

Есеп және оның шешу процесі. Есеп: есеп ұғымы; есеп шығару барысы; есептерді классификациялау; есептерді шығару әдістері (арифметикалық, алгебралық, геометриялық, графиктік, логикалық, пратикалық); есептерді шығару кезеңдері және оларды орындпудың тәсілдері (анализ, есептің шешу жолын іздестіру, жоспар құру, есептің шешуі, есептің шешуін тексері)

Стандартты емес және қызықты жаттығулар: сиқырлы фигуралар; лабиринттер; математикалық фокустар, ребустар басқатырғылар және сөзжұмбақтар, логикалық ойын және практикалық жаттығулар.

2. 6N0102- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының магистратураға қабылдау емтихан сұрақтарының ұсынылған тізімі


  1. Лингвистикалық сөздіктердің негізгі типтері: «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Қазақ тілінің синонимдер сөздігі», т.б. сөздіктердің сөздік сипаттары мен атқаратын қызметі.

  2. Баяндауыш. Баяндауыштың тұлғалық белгілері, сөйлемдегі орны. Баяндауыштың құрамына қарай дара және күрделі болатыны. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

  3. Қазақ тілінің лексика саласын оқыту ( омоним, синоним, антонимдерді оқыту).

  4. Сабақтың құрылымы, элементтері.

  5. Бұрын әзілдесіп сөйлесе беруші едім, бұл жерде тілім байланды. ( Б.Майлин)

  6. Лингвистикалық сөздіктердің негізгі типтері: «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Қазақ тілінің синонимдер сөздігі», т.б. сөздіктердің сөздік сипаттары мен атқаратын қызметі.

  7. Баяндауыш. Баяндауыштың тұлғалық белгілері, сөйлемдегі орны. Баяндауыштың құрамына қарай дара және күрделі болатыны. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

  8. Қазақ тілінің лексика саласын оқыту ( омоним, синоним, антонимдерді оқыту).

  9. Сабақтың құрылымы, элементтері.

  10. Талдау (синтаксистік) Бұрын әзілдесіп сөйлесе беруші едім, бұл жерде тілім байланды.( Б.Майлин)

  11. Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің жек сөзден және сөйлемнен айырмашылығы.

  12. Омоним туралы ұғым, омонимдердің көп мағыналы сөздерден өзгешелігі, оларды ажыртаудың негізгі белгілері

  13. Ана тілі мен қазақ тілін байланыстыра өту

  14. Оқудың түрлері, ( іштен оқу, дауыстап оқу, мәнерлеп оқу) оған қойылатын талаптар.

  15. Талдау (сөз табына, тұлғасына). Ұшықтырмай тез тыңдырсыңдар, осының аяғын тоймен таратар едім. деді (Ғ.Мүсірепов)

  16. Зат есім. Оның жасалу жолдары.

  17. Анықтауыш. Анықтауыш болатын сөз таптары. Анықтауыш құрлысына қарай дара, күрделі және үйірлі болып келетіні

  18. Сөз тіркесін оқыту

  19. Одағай оның түрлері, оқыту тәсілдері

  20. Фонетикалық талдау. Осы кезде сайыста жүрген, (Ғ.Мүсірепов)

  21. Буын, оның түрлері. Буын үндестігі.

  22. Қазақ тілі—оқу пәні. Оның мазмұны мен құрлымы, басқа пәндер ішінде алатын орны, білімділік, тәрбиелік маңызы

  23. Дафрлық кезеңіндегі ауызша тіл дамыту жолдары.

  24. Фонетикалық талдау Үнсіз—түнсіз бұрылды. (Т.Аханов)

  25. Грамматиканың теориялық және практикалық мәні.

  26. Қазақ тілі лексикографиясы. Сөздік жасау принциптері

  27. Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту

  28. Оқушылардың ойлауын, дүниетанымын қалыптастыруда пәнаралық байланыстың алатын орны

  29. Талдау (сөйлем мүшесіне, түріне) Сіз қазір пәтеріңізге барып, жуынып, тамақтанып, ұйықтап алыңыз. (Х.Есенжанов)

  30. Сын есім. Сын есімдердің негізгі екі түрі—сапалық сындар мен қатыстық сындар

  31. Графика. Қазақ алфавитінің дамуы, қалыптасу кезеңдері.

  32. Кластан тыс оқу,оның пайдасы мен жүргізу жолдары

  33. Мақал—мәтелдер олардың тәрбиелік мәні, оқыту тәсілдері

  34. Талдау (синтаксистік) Жер бетін желпіген таңғы самал тоқтады. (Ғ.Мұстафин)

  35. Бастауыш. Бастауыштың құрамына қарай дара және күрделі болатыны. Бастауыш болатын сөз таптары

  36. Жақ категориясы, бұлардың мағыналық, формалық ерекшеліктері мен жасалу жолдары.

  37. Талдау (сөз табына, тұлғасына). Қатты өзгеріп, жас толқынға түскен Абай оңалған жоқ. (М.Әуезов)

  38. Етіс туралы мәлімет. Оның түрлері, жасалу жолдары.

  39. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Бірыңғай мүшелерінің жалғаулықсыз және жалғаулықты түрлері.

  40. Оқу және тіл дамыту жұмыстары

  41. Бастауыш сыныпта мәтінмен жұмыс жасау түрлері

  42. Талдау (сөз табына, тұлғасына)

  43. Бабына келген алғыр қыран аңға шығуды сұранып отыр деп жорыды. (Ғ.Мүсірепов)

  44. Синтаксистік туралы жалпы түсінік. Синтаксистік негізгі объектілері

  45. Көнерген сөздер туралы түсінік, олардың түрлері (архаизм, историзм)

  46. Ана тіліндегі шығармалардың тәрбиелік мәні

  47. Бастауыш сыныпта әдебиет теориясынан берілетін білімдер

  48. Талдау (синтаксистік) Шай да дұрыс ішілмеді, пісірілген тамақ та сол күйі қалды.(Х.Есенжанов)

  49. Терминдер, оның жасалу жолдары

  50. Сын есім. Сын есімдердің негізгі екі түрі—сапалық сындар мен қатыстық сындар

  51. Бастауыш класта сан есім, оны оқыту жолдары

  52. Фонетиканы оқытудағы іскерлік пен дағды

  53. Талдау (синтаксистік). Ол шыдай алмай ышқынып, бұратылып қатты жиналып жатыр. (Ғ.Мүсірепов)

  54. Етістік. Етістіктің лексикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері

  55. Емле. Емле және оның негізгі принциптері. (Сөздерді біріктіріп жазу, бөлек жазу, т.б. жазу түрлері)

  56. Бастауыш класта үстеу тақырыбын өту, одан берілетін білім көлемі

  57. Оқу сабақтарында балалардың дағдыларын, шеберліктерін есепке алу

  58. Фонетикалық талдау. Әке сөзін қайталатқан жоқ. (Ғ.Мүсірепов)

  59. Дыбыстау мүшелері мен олардың қызметі

  60. Грамматика. Грамматика объектісі: тараулар, грамматикалық единецалар, негізгі грамматикалық ұғымдар

  61. Орфография мен орфоэпияны оқыту жолдары.

  62. Сабақ түрлері, өту тәсілдері

  63. Талдау ( Сөз табына, тұлғасына). Жамал бар қимылды көзімен өткізіп тұр. (Ғ.Мұстафин).

  64. Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

  65. Буын үндестігіне бағынбайтын сөздер мен қосымшалар

  66. Баяндау, суреттеу, сұрақ жауап, суретпен жұмыс істеу әдістері

  67. Сабақ кезінде тестік жүйе мен оқушы білімін тексеру

  68. Талдау (Сөз табына, тұлғасына). Хакім көзі көпке дейін ілінбеді.(Х.Есепжанов).

  69. Сөйлемнің айтылу мақсатына және интонациясына қарай бөлінетін түрлері. Олардың өзіндік ерекшеліктері, тыныс белгілері.

  70. Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.

  71. Прозалық шығармаларды үйрету.

  72. Қатені болдырмау үшін жүргізілетін жұмыстар.

  73. Талдау ( Сөз табына, тұлғасына). Қарағандының құрғақ жері өртке қосыла ол да құтырып барады. (Ғ.Мүсірепов)

  74. Антонимдер. Мұның өзіндік сипаты.

  75. Аралас құрмалас сөйлем. Аралас құрмаластардың өзіндік белгілері, жасалу жолдары, оның тәртібі

  76. Қазақ тілінің синтаксис саласынан берілетін білім оның маңызы.

  77. Бастауыш сыныптарда жер, су, географиялық атауларды оқыту жолдары

  78. Талдау ( Сөз табына, тұлғасына). Тіл жетпесті үн жеткізіп жатыр.(Ғ.Мүсірепов)

  79. Есімше, оның мағыналық тұлғалық өзгешеліктері, түрлері,синтаксистік қызметі.

  80. Еркін және тұрақты тіркес, олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылық

  81. Сабақ өту жаңа әдіс-тәсілдерді, қолдану түрлері

  82. Бастауыш сыныпта би, шешен, ұлы кісілердің сөздерін оқыту, олардың тәлім тәрбиелік жағын оқушылаға түсіндіру.

  83. Талдау ( Сөз табына, тұлғасына). Алғаш шапшаң түрегелген жерде буын буыны қалтырап жығылып қала жаздады. (М.Әуезов)

  84. Сөз жасайтын және сөзді өзгертетін морфемалар

  85. Сөйлеу тілінің лексикасы және жалпылама лексика

  86. Оқу. Оның түрлері

  87. Жазу жұмыстарына қойылатын талаптар

  88. Талдау ( Сөз табына, тұлғасына). Күн арқан бойы көтерілген екен (М.Әуезов)

  89. Рай категориясы, онығ түрлері, жасалу жолдары

  90. Сөйлем мүшесі туралы түсінік. Дара мүше мен күрделі мүше, үйірлі мүше

  91. Ана тілі сабағында алынатын мазмұндама, шығарма жұмыстары

  92. Сын есім оның жазылу емлесі мен сөйлемдегі қызметін оқушыға түсіндіру жолдары.

  93. Талдау ( сөйлем мүшесіне, түріне). Арада қанша мезгіл өткенін Бақтығұл білмейді. (М.Әуезов)

  94. Синоним туралы ұғым, синонимдік қатар, доминант

  95. Негізгі және туынды етістіктер

  96. Буын мен тасымал ұғымы, оларды әр класта оқушыларға меңгерту жолдары

  97. Сауат ашу кезеңінде баланың тілі мен ойын дамыту.

  98. Фонетикалық талдау. Асқар инженер

  99. Сандық өрнек және оның мәні. Сандық теңдік және оның қасиеттері.

  100. Екі предикаттың конъюнкциясы және дизъюнкциясы, олардың ақиқаттық жиындары. Предикатты теріске шығару оның ақиқаттық жиындары.

  101. Бастауыш сыныптарда математиканы дамыта оқыту идеялары және оны іске асыру жолдары

  102. Бөлшектерді оқыту әдістемесі.

  103. Кортеж. Екі және одан да көп жиындардың декарттық көбейтіндісі, олардың қасиеттері

  104. Теріс емес бүтін сандар жинындағы «тең», «кем», «артық»,қатынастары:

  105. Теріс емес бүтін санның натурал санға бөліндісінің анықтамасы. Бөліндінің бар және жалғыз болуы.

  106. Тік бұрышты параллелепипед, куб. Осы фигураларды жазықтықта бейнелеп көрсету.

  107. Жай есептерді шығаруы үйрету. Жай есептердің классификациясы.

  108. 100 көлеміндігі қосу және азайту тәсілдерін оқыту әдістемесі.

  109. «Жүздік» тақырыбындағы геометриялық материалдарды оқыту әдістемесі.

  110. Математикадан сыныптан тыс жұмыс және оны өткізу әдістемесі.

  111. Математиканың бастапқы курсындағы алгебралық материалды оқыту әдістемесінің жалпы сұрақтары.

  112. Жай есептерді оқыту әдістемесі

  113. Екі жиынның қилысуы мен бірігуі және оның қасиеттері

  114. Позициялық және позициялық емес санау жүйелерінде арифметикалық амалдарды қолдану.

  115. Мың көлеміндегі сандарды көбейту мен бөлуді оқыту әдістемесі.

  116. Құрама есепті таныстыру әдістемесі. Бір айнымалысы бар теңдеу ұғымы және оның шешулер жиыны. Тең мәндес теңдеулер. Тең мәндес теңдеулер туралы теоремалар.

  117. Санау жүйесі ұғымы. Санаудың позициялық емес жүйелері

  118. «Жүз» және «мың» көлеміндегі сандарды нөмерлеуді оқыту әдістемесі.

  119. Бастауыш сыныптарда «масса», «уақыт» өлшемдерін оқыту әдістемесі

  120. Жиындар арасындағы сәйкестіктер. Сәйкестіктің графы мен графигі.

  121. Бір айнымалысы бар теңдеулер және теңсіздіктер

  122. «Көп таңбалы сандар» тақырыбындағы геометрия элементтері

  123. Қосу және азайту амалдарын оқыту әдістемесі

  124. Рационал сандарға арифметикалық амалдарды қолдану және оның қасиеттері.

  125. Теріс емес бүтін сандар жинындағы бөлінгіштік қатынасы, оның қасиеттері.

  126. Предикат. Предикаттың түрлері.Кванторлар

  127. 100 көлеміндігі қосу және азайтуды ауызша және жазбаша тәсілдерін оқыту әдістемесі. (21-100аралығындағы сандар)

  128. Шағын комплектілі мектепте мтематиканы оқыту әдістемесі

  129. Қосындының, айырманың және көбейтіндінің бөлінгіштік қатынасы

  130. Бастауыш сыныптарда көп таңбалы сандарды қосу мен азайтуды оқыту әдістемесі

  131. Он көлеміндегі жай есептермен жұмыс әдістемесі

  132. Теріс емес бүтін сандардың көбейтіндісінің анықтамасы. Көбейтіндінің бар және жалғыз болуы. Көбейтудің заңдары.

  133. Жиындардың элементтерінің арасындағы сәйкестіктер. Сәйкестіктің графы мен графигі.

  134. Кесінді ұзындығын оқыту әдістемесі.

  135. Бір жиын элементтерінің арасындағы қатынас, оның графы мен графигі

  136. Предикат ұғымы. Кванторлар.

  137. Сызықтық функция оның қасиеттері мен графигі

  138. «Масса және оның өлшемі» тақырыбын оқып үйрену әдістемесі

  139. Ауызша есептеулер әдістемесі. Ауызша есептеулерге арналған жаттығулардың түрлері

  140. Сандардың бір жүйедегі жазылуынан екінші жүйедегі жазылуына көшу.

  141. Арифметикалық амалдардың қасиеттерін және арифметикалық амалдардың компоненттері мен нәтижелерін арасындағы байланыстарды оқыту әдістемесі.

  142. Есеппен жұмыс әдістемесінің жалпы мәселелері.

  143. Есептің жауабын тексерудің жалпы түрлері

  144. Теріс емес бүтін сандардың қосындысының анықтамасы. Қосындының бар және жалғыз болуы. Қосу заңдары.

  145. Тура және кері пропорционалдық, оның қасиеттері және графигі

  146. «Ондықтар» тақырыбындағы шамалар және олардың өлшемдерімен таныстыру әдістемесі

  147. Бір жиын элементтерінің арасындағы қатынастар. Қатынастардың қасиеттері.

  148. Тең мәндес теңсіздіктер. Тең мәндес теңсіздіктер туралы теоремалар.

  149. «Арифметикалық амалдар» тақырыбын оқыту әдістемесінің жалпы сұрақтары.

  150. Айырма және қатынас ұғымымен байланысты жай есептермен жүргізілетін жұмыс әдістемесі.

  151. Теріс емес бүтін сандардың бөлінгіштік қатынас

  152. Жиын ұғымы. Жиынның берілу тәсілдері, Бос жиын, тең жиын. Эйлер-Венн диаграммасы.

  153. Пікірлердің импликациясы мен эквиваленциясы. Берілген импликацияға кері және қарама қарсы импликация.

  154. Теріс емес бүтін сандар жиыны.

  155. Бастауыш сыныптарда айнымалысы бар өрнектерді оқыту әдістемесі

  156. Пропорционал шамалар мен байланысты есептер мен жұмыс әдістемесі.

  157. «Уақыт және оның өлшемі» тақырыбын оқыту әдістемесі

  158. Жай есептердің классификациясы

  159. Есеппен жұмыс әдістемесі

  160. Функция ұғымы. Функцияның беруі тәсілдері. Тура және кері пропорционалдық, олардың қасиеттері мен графиктері

  161. Нақты сандар жиыны және оларға арифметикалық амалдар қолдану.

  162. Есептерді оқыту әдістемесінің жалры сұрақтары

  163. 10 көлемінде сандарды қосу мен азайтуды оқыту әдістемесі

  164. Натурал сан және нөл ұғымдары.

  165. Бейнелеулер және олардың түрлері. Тең қуатты жиындар.

  166. Айнымалысы бар теңсіздіктер

  167. 20 көлеміндегі сандарды қосу және азайту тәсілдерін оқыту әдістемесі. Бір таңбалы сандарды қосу кестесі.

  168. Құрама есептерді шығаруға үйрету әдістемесі.

  169. Жай және құрама сандар. Эратоспен елегі /торы/

  170. Арифметикалық амалдарды қосу, көбейту, азайту және бөлу жайлы түсініктерді қалыптастыру әдістемесі

  171. 1000 көлемінде қосу мен азайту жазбаша әдістерін оқыту технологиясы.

  172. Айнымалысы бар өрнек, оның анықталу облысы және мәні.

  173. Эквивалентті және реттік қатынастар

  174. «Геометриялық фигураның ауданы және оның өлшем бірлігі» тақырыбын оқып үйрену әдістемесі.

  175. Шамаларды оқыту әдістемесі

  176. Пікір ұғымы. Қарапайым және құрама пікірлер. Пікір теріске шығару.

  177. Бір айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер

  178. Математиканың бастапқы курсындағы геометриялық материалдарды оқыту әдістемесінің жалпы сұрақтары.

  179. Көп таңбалы сандарды қосу және азайтуды оқыту әдістемесі.

  180. Сандық теңдік және оның қасиеттері.

  181. Теореманың құрлысы мен түрлері

  182. «Ұзындық және өлшем бірліктер» тақырыбын оқыту әдістемесі

  183. Көрнекілік және математикадан көрнекі құралдады пайдалану әдістемесі.

  184. Бір айнымалысы бар теңсіздік ұғымы және оның шешулер жиыны

  185. Бинарлық қатынастың қасиеттері.

  186. Көп таңбалы сандарды нөмерлеуді оқыту әдістемесі.

  187. Предикаттардың импликациясы мен эквиваленциясы, олардың ақиқаттық жиындары. Қажетті және жеткілікті шарттар.

  188. Пікірлердің конъюнкциясы және дизъюнкциясы олардың заңдары.

  189. Математика сабағында жаңа технолгияны пайдалану.

  190. Жиындарды өзара қиылыспайтын ішкі жиындарға бөлу амалы. Геометриялық фигураны нүктелер жиыны түрінде қарастыру.

  191. Жазық графтар, жазық граф туралы Эйлер теоремасы.

  192. Теңдеулерді шешуді оқыту әдістемесі.

  193. 1-3 сыныптарға арналған математика оқулықтары мен оқу құралдары.

  194. Геометриялық фигураның ауданын оқыту әдістемесі


Ұсынылғани әдебиеттер тізімі


  1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А., 1993

  2. Балақев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – А.,1997

  3. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. – А.,2005

  4. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – А., 1998

  5. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. – А.,1999

  6. Ысқақов А. Қазіргі қаза тілі. – А.,1991

  7. Сыздықона Р. Емле және тыныс белгілері. – А.,1996

  8. Қалиев Ғ., Оралбаева Н. және т.б. Қазіргі қазақ тілі (жаттығулар жинағы). – А.,1997

  9. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – А.,1996

  10. Қаза тілінің грамматикасы, А.,2004

  11. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі. – А.,1999

  12. Рахметова С Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – А.,2005

  13. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. – А.,1998

  14. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. – А.,1999

  15. Бейсенбаева З. Сөзжасамды оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері. – А.,

  16. Үшінші мыңжылдықтың оқулығы: жасау, шығару және тарату. – А.,2003

  17. Смирнов С.А. Технология как средств обучения второго поколения. – М.,2005

  18. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы. – Өскемен,2002

  19. Тілдерді қолдану мен дамытудың жылдарға арналған мемелекеттік

  20. Бағдарламасы. « Егемен Қазақстан», 2001 ж. 14ақпан.

  21. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. – А.,2003

  22. Сауат ашу бағдарламасы ( 1-сынып). – А.,2003

  23. Әдебиеттік оқу бағдарламасы (2,3,4-сыныптар). – А.,2003

  24. Қазақ тілі бағдарламасы (2,3,4-сыныптар). – А.,2003

  25. Әуелбаев Ш., т.б. «Әліппе» оқулығына әдістемелік нұсқау. – А.,2000

  26. «Әліппе», «Әліппе серігі», «Жазу үлгілері». – А.,2000-2002

  27. Әбдікәрімова Т, Рахметова С, Қабатаева Б. «Ана тілі» оқулықтары (2,3,4-сыныптарға арналған). – А.,2001-2003

  28. Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі оқулықтарына әдістемелік нұсқаулар. – А.,2001-2003

  29. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. – Алматы: РОНД, 2002

  30. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы орта білім. – Алматы: РОНД, 2002

  31. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Мектеп алдындағы дайындық. – Алматы: РОНД, 2002

  32. Бағдарламалар. Математика. (1-4 сыныптар). Алматы: РОНД, 2002

  33. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сыныптар. «Атамұра»,2005

  34. Акпаева А.Б. Практические и лабораторные занятия по методике преподавания математике в начальной школе. – Алматы: АГУ им.- Абая, 2003

  35. Кдырбаева А.А и др. Внеклассная работа по математике в начальной школе. – Алматы,2000

  36. Курманалина Ш.Х. Задачи и упражнения, направленные на развите интелектуальных умений у младших школьников. – Алматы,2000

  37. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика. 1-4 сыныптар.-Алматы,2000

  38. Оспанов Т.Қ. және басқалар. №1,№2 математика дәрігерлері.1-сынып Алматы «Ататмұра»

  39. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика. Оқыту әдістемесі Алматы «Ататмұра»,2005

  40. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика. Дидактикалық материалдар Алматы «Ататмұра»,2000

  41. Белошистая А.В. Обучение математике в начальной школе: методическое пособие. –М. Айрис-пресс,2006

  42. Белошистая А.В. Обучение математике в начальных классах: справочное пособие.–М, 2006

  43. Шадрина И.В. Обучение математике в начальных классах.–М., 2003

  44. Демидова Т.Е. Чижевская Л.И. Методика обучение математике в начальных классах курс лекций:вопросы частной методики.-Брянск,2001

  45. Истомина Н.Б. Методика обучение математике в начальных классах. М: Изд цент «Академия»,2000.18. Демидова Т.Е. Тонких А.П. Теория и практика решения текстовых задач. Учебное пособие для студентов Вузов6, обучающихся по специальности ПМНО.-М.,2002

  46. Оспанов Т.Қ., Астамбаева Ж.Қ. және басқалар. Математикадан 12жылдық білім беретін мектептің

  47. 1-4- сыныптарына арналған оқу әдістемелік топтама.- Алматы: «Атамұра»,2003-2006

  48. Оспанов Т.Қ. Математика. Оқу құралы.-А.,2000

  49. Стойлова Л.П. математика. Учебное пособие для студентов педвузов.- М.,1000

  50. Стойлова Л.П. математика. Учебное пособие для студентов педвузов–М.,2004

  51. Тонких Л. Математика. Учебное пособие для студентов факультетов подготовки учителей начальных классов. В 2-х книгах. –М.,2002

  52. Кдырбаева А.А. Математика. Опорный курс лекций.-Алматы,2005

  53. Кдырбаева А.А. Математика. Руководство к решению задач.-Алматы,2005

  54. Жолымбаев О.М., Берікханова Г.Е. Математика.-Алматы,2004

  55. Демидова Т.Е. Гонких А.П. Теория и практика решения текстовых задач. Учебное пособие для студентов ВУЗ-ов, обучающихся по специальности ПМНО.-М.,2002

  56. Гмурман В.Е.Руководство к решению задач по теории вероятностей и математической статистики.-М.,2000

  57. Фридман Л.М. Величины.-М.,2000

  58. Фридман Л.М. Сюжетные задачи.- М.,2001

  59. Кдырбанва А.А. к др. Внеклассная работа по математике.- А.,2000

  60. Курманалина Ш.Х. и др. Задачи и упражнения, направление на развите инт-х умений школьников- А., 2000.

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет