Ресейдегі және Қазақстандағы есеп Дәріскер: Джакишева Уразгуль Кемаловна Қарастырылатын сұрақтар



бет1/3
Дата16.09.2022
өлшемі248,11 Kb.
#149652
  1   2   3
Байланысты:
лекция 8-9
Философия. лекция.жаңа, Эконом1 (копия), лекция 2 2, Болатбаев Е (1), Цито, цито асель улдана2.ом-003

АЛЬ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ «ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП» кафедрасы Пән: Бухгалтерлік есеп тарихы мен кәсіби
бизнес этика Тақырып:Ресейдегі және Қазақстандағы есеп
Дәріскер: Джакишева Уразгуль Кемаловна
Қарастырылатын сұрақтар:

1. Ресейдегі бухгалтерлік есептің даму тарихы
Революцияға дейін Ресейде бухгалтерлік есеп Европалық бухгалтерия үлгісінде дамыды. И.Ахматов кейбір француз идеяларын, Ф.В.Езерский таза қаржы есебін, А.П.Рудгеловский Франциялық доктрина ұсынды.
Крепостнойлық дамуы құқықтың ауыстырылуы және капитализмнің дамуы Ресейдегі ең мықты бухгалтерлік ойлардың стимулы болды. Өзінің дамуында ол екі ғалымдардың еңбектерінен тұратын кезеңдерден өтті. Олар П.И.Рейнбот және А.В.Прокофьев. Олар дәстүрлі білімнің шарықтауына кең жол ашты. Онымен қоса олар «Теориядағы бүлікшілер» атанып, жаңашыл ұсыныстармен кездесіп отырды.
Жедел есептің бастау П.И.Рейнбот кәсіпорындағы мүліктердің өзгеруіне бухгалтерлік есептің пәнін түйістірді. Ол екі жақты жазудың себебі деп регметрацияда қателіктердің жіберілмеуі және жүйелі түрде пайда мен зиянның анықталуын айтты. Синтетикалық шотты Рейнбот бақылау шоты деп немесе қалдықтар мен айналымдарды бақылау үшін қолданылатынын айтып көрсетті.
А.В.Прокофьев ол сол кездегі дербестеушілер, яғни П.И.Рейнботтың көзқарастарын жетілдіріп, ол ұқсас экономикалық теорияны және әрдайым шығып тұрытын шығындар мен құндылықтардың кірістерін қарады. Ол жаңа италияындық форманы орнатуды бастайды. Ол әрбір операцияны бөлек журналға тіркеуді талап етті және жазуды есептеді. Бас кітапта бөлек тіркеліп отыруын талап етті және бұл талаптар өз нәтижелерін көрсетті. Ол барлық теориктерге қарсы болып, осы кезге дейін Ресейде қолданып келген италияндық форманы өзгерткісі келді. Бұл италияндық формада бас кітаптағы біркелкі жазулар орындалғаны байқалды.
Социализм кезінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда түбегейлі өзгерістер жасауға себепші болған жаңа қоғамдык қатынастар қалыптасты. Есеп бүкіл мемлекет ауқымы бойынша реттелді. Барлық бас бухгалтерлер бірдей құқықтар мен міндеттерді, барлығы бірдей ережелерді есептердің бірынғай жоспарларын басшылыққа алды, халық шаруашылығының әрбір жеке саласына арналып жасалған нұсқаулар қолданылды.
30-ж бастап шаруашылық және шаруашылық ішкі есептер дамыды.
40-50 ж бухгалтерлік есепте оперативті-бухгалтерлік (сальдолық) тәсіл мен есептің журналдық-ордерлік формасы қолданыла бастады.
50-жылдардың ортасынан экономикалық ақпаратты өңдеу үшін қолданылатын есептегіш техниканың жаппай тарауы басталды.
60-жылдардың ортасында бухгалтерлік есеп дамуының жаңа кезеңі болып өтті. 
Мұның негізгі жолдары орталықтандыру мен есепті механикаландыру еді. Жоғарыда айтылғандарға сүйене келе, бухгалтерлік есеп жүйесінің дамуын мынадай кезеңдерге бөлуге болады: 
Мүліктілік (пайда болған сәттен бастап XIII ғ. дейін). Тек қана тауарлар, жабдықтар (таразылар, гирьлер, сөрелер және т.б.) есепке алынды. 
Интегралды (ХШ - XVII ғғ.) - есепте ақшалай өлшем қолдана бастады. Әуелі монетаның сан түрі сол жердегі кең таралған монетаның біріне аударылатын коэффициентке қайта есептеліп, сонан соң тауарлар да тек қана заттық емес, ақшалай өлшеуішпен де есептеле бастады. Осылайша есептің екі: заттай және ақшшіай сызбасы бөлініп шықты. Осы кезеңде екі жақты жазу пайда болды. 
Синтетикалық(ХҮП-ХІХ ғғ.). Есеп объектілерінің көптігі, тауарлық номенклатураны саралау (дифференциация), шаруашылық қызметі көлемінің өсуі синтетикалық шоттардың бөлініп шығуын тудырды және соған орай барлық шоттарды синтетикалық және талдамалы деп бөледі.
Осының арқасында шаруашылық қызметті талдауға жағдайлар жасалды. 
Методологиялық (XIX ғ. бірінші жарт). Бухгалтерлік есептің негізінде тек тауарлар мен ақша ғана жатпай, меншік иесі мен материалды жағынан жауапты тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастар да болатынын жете түсінді.Коллациондық (XIX ғ. ортасы). Мамандар шаруашылық процеске қатысатын тұлғалардың іс-әрекетін өзара бақылайтын есептік тәсілдер жасай бастады. Бір желі арқылы өзара байланысқан дәйектерді тіркеуді қарастыратын желілік жазба пайда болды.
Механикалық (XIX ғ. соңы). Механизацияның әсіресе кассалық аппараттардың пайда болуы коллацияны қарапайымдандырады және есеп қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттырады. 
Операциялық (XIX ғ. соңы - XX ғ. басы).
Автоматтандырылған (XX ғ. соңы ).
2. Ресей патшалығының ауыл шаруашылығындағы есеп
Бухгалтерлік есеп барлық шаруашылық қызметтердің құжаттық , мүліктік қатынастар мен жалпы ақша айналысы туралы ақпараттарды ұйымдастыратын жүйені құрайды.
Ресей патшалығы әлемдік ауыл шаруашылықта көшбасшылық орындарды иеленді. Мысалы дәнді-дақылдарға байланысты нәтижелерді қарасақ 20 ғасырдың алғашқы жылдарында егін алқаптары 15 пайызға,бидай қоры жан басына шаққанда 20 пайызға өскен. Жалпы бидай жинаудан 1-ші орынды иеленген, сонымен қоса дәнді-дақылдарды экспорттауда 1-ші орынды иеленген.
Ауыл шаруашылықтағы бухгалтерлік есептің обьектілері:
1.кәсіпорынның мүлкі;
2.жеке мүлік;
3.басқа ұйымдардың қарыздары;
4.шаруашылық операциялар.
Ресей патшалығындағы бухгалтерлік есептің ауыл шаруашылығындағы басты мақсаты талдау шығару болған, себебі оның экономикалық дамуы және басқару шешімдері арқылы кәсіпорынның дамуын анықтайтын болған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет