Сабақ тақырыбы Тістің құрылысы мен қызметі, олардың гигиенасы



Дата08.02.2022
өлшемі147,46 Kb.
#119058
түріСабақ
Байланысты:
1545624460, 1545624460



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:



Мектеп:


Күні:



Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8



Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тістің құрылысы мен қызметі, олардың гигиенасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.2.2 тістердің құрылысы, әртүрлі типтері мен қызметтері арасындағы байланысты және тісті күту ережелерін сипаттау

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы
тістің құрылысы, тістің эволюциясы және гигиенасы туралы біледі
Оқушылардың көпшілігі
тістің құрылысымен таныстыру, тістің гигиенасы туралы түсінік алады
Оқушылардың кейбірі
Сұхбатта сөз, фразалық, ой екпінін орынды қолдана алады.
Уақыт өлшеміне қатысты тұрақты тіркестердің барлығын мағынасына сай қолданады;

Бағалаукритерийі



Бағалаукритерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Оқушы

А8. Сенімді және еркін жауап беру.
Тістің құрылысы мен қызметі, олардың гигиенасын түсіну



№ 1



Оқушылар жұпта сұхбат құрастырады.
тістің құрылысымен танысады, оны күту жағдайын біледі 

1






Тілдік мақсаттар


Оқытудың тілдік мақсаты. Оқушылар:
Сабақ барысында қолданылатын сөздермен жұмыс жасау
Өз идеяларын плакаттағы схема түрінде көрсете алады. Кейін оқушылар басқа плакаттармен жұмыс істеп, өз пікірлерін айтып және өз идеяларын дамыта отырып, басқаларының идеяларын толықтырады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Ғылым
Ғылым функциялары
Зерттеу жоспары
Гипотеза
Тәжірибе
Зерттеу мәселесі
Деректерді талдау
Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы тіркестері:
Менің зерттеуімнің кезеңдері … болады деп ойлаймын.
Бұлай айтуға … негіз болды.
Бұл … түсіндіріледі.
Менің түсіндіруім ...

Құндылықтарды дарыту


Теорияда алған білімдерін, практикада ұштастыра білуге баулу. Өз бетінше жұмыс дағдысын арттыра отырып, еңбекке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру,оқушыларды бір – бірін тындай білуге, бірігіп жұмыс жасауға, сыйлауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

География

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, https://twig-bilim.kz/film/how-long-is-a-metre-5958/ бейнематериал

Бастапқы білім

Тәжірибе жүргізу жоспарын құрастыруды, қоршаған әлемге бақылау жүргізуді және диаграммалар түрінде құрастырылған жоспар бойынша жүргізілген тәжірибе нәтижелерін белгілеуді, қорытындылар тұжырымдауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы
0 – 1 мин

2-6 мин



6-8 мин


Оқушылармен амандасу. Cабақта ынтымақтастық атмосферасын құру. Сұрақ қою арқылы оқушылардың көңіл күйлерін сұрау.
Қызығушылықты ояту:
Тақтада әріптер тұрады, оқушы бір әріпті таңдап, соған тапсырмаға байланысты сөйлемдер айтады.
Сабақтың тақырыбы, оқыту мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады
. Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;
Жетістік критерийлерін болжайды;
Жетістік критерийлерімен танысады.

Қосымша 1.


Үй тапсырмасын тексеру

Оқушыларға сұрақтар беріледі:
Асқорыту тақырыбы бойынша сұрақтар қою.

  1. Асқорыту жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар.

  2. Ауыз қуысының құрылысы қандай?

  3. Асқазанның орналасқан орнын және құрылысын сипаттаңдар.

  4. Тоқішектің құрылысы мен атқаратын қызметі.

  5. Тіл қандай қызмет атқарады?



Презентация

12-18 мин

Терминдер кабинеті».
а). Асқорыту жүйесінежататын мүшелердіатаңдар.
б). Ауызқуысының құрылысықандай? (1)
в). Жұтқыншаққұрылысықандай? (2)
г). Өңештің құрылысы қандай? (3)
д). Асқазанның орналасқанорнынжәнеқұрылысынсипаттаңдар. (4)
е). Аш ішек қандай бөлімдердентұрады? (5)
ё). Тоқішектіңқұрылысықандай? (6).
а) Сандарғаанықтама беру.
11-13 см ересекадамныңжұтқыншақтынұзындығы.
25 см өңештіңұзындығыішіқуыс бұлшықеттімүше.
5,5-6 метр,бұладамныңашішектіңұзындығы.
25-30 см, аш ішектің асқазаннанбасталған бөлімі -ұлтабар.
1,5-2 метр, тоқішектіңұзындығы ашішектеңекіеседейжуан.
7-8 см-дей құртпішіндітұйықөскінсоқырішекболады.
Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Отыз екі мықты,
Қаз-қатар боп шықты.
Он алтысы үсті,
Он алтысы асты (тіс)




Ортасы

Тістің құрылысы. Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және түбірі болады. Тіс сауытының сырты жылтыр кіреукемен (эмаль) қапталған (79-сурет). Кіреуке адам денесіндегі ең қатты ұлпа. Оның бір шаршы миллиметр ауданы 400 килограмдай салмаққа төтеп береді. Кіреукенің бұл қасиеті, оның құрамындағы бейорганикалық заттарға тікелей байланысты. Тіс кіреукесінің 95% кальций фосфатының қосылысынан тұрады. Бұдан басқа оның құрамында фтор, мыс, мырыш, темір, кремний және т.б. заттар кездеседі. Тіс кіреукесінің қалыңдығы да түрліше болады. Тіс сауытының үстіңгі бұдырларында кіреуке едәуір қалың. Балалар тістерінің кіреукесінің құрамында минералдық заттар аз болғандықтан ол жұқа болады. Тістің қызылиектен шығып тұрған бөлігі – тіс сауыты деп аталады. Тістің келесі бөлімі – мойны. Тіс мойны арқылы тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді.

 

1-сурет. Тістің құрылысы:

І – тіс сауыты; ІІ – тіс мойны; ІІІ – тіс түбірі
1 – кіреукесі (эмаль); 2 – дентин; 3 – дәнекер ұлпалы тіс пульпасы; 4 – цемент заты; 5 – тіс бекінген сүйек; 6 – қан тамырлары; 7 – жүйке талшығы

 Тістің үшінші бөлімі – түбірі. Тістің түбірі жақ сүйектеріндегі арнайы ұяшықтарда орналасқан. Күрек және сойдақ тістердің түбірі бір-бірден болса, азу тістердің түбірі екеу (кіші азу тістерде) немесе үшеу (үлкен азу тістерде). Тіс түбірінің ұшында кішкене тесік болады. Осы тесік арқылы тістің ішіне қантамырлары мен жүйкелер енеді. Тістің ішкі қуысы борпылдақ дәнекер ұлпасымен толтырылған. Тістің түбірлері дәнекер ұлпалы талшықтар арқылы тіс ұяшықтарына өте берік бекіген (79-сурет).
Тіске келетін қантамырлар оны қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Тіс ауырғанда немесе тісті жұлғанда ауыратыны жүйкелердің сезімталдығына байланысты.
Тістің көп бөлігін дентин (латынша «dens» – тіс) заты құрайды. Дентин өте тығыз сүйек ұлпасынан түзілген. Оның құрамының 70% фосфаттардан, фтордан және кальций карбонаттарының қосылыстарынан тұрады. Микробтардың әсерінен тістің дентин затының бұзылуынан болатын ауру тісжегі (кариес ) деп аталады (80, a-сурет).
Бүтін, әрі сау тістер адам денсаулығының басты кепілі. Ауырған тістерде ауру қоздырушы микробтар көптеп кездеседі. Тістің бүлінуі тіс кіреукесінің шытынауынан басталады. Тіс кіреукесінің шытынауы қатты заттарды (мысалы, жаңғақ) шағудан және т.б. жағдайлардан да болады. Кейде тым ыстық немесе өте салқын сусындарды бірінің артынан бірін ішу кіреукенің шытынауына әсер етеді. Тіс кіреукесіндегі шытынаған жерлерге микробтар шоғырланып, тістің бүлінуі жалғаса береді. Ауру тістер адам ағзасындағы басқа мүшелерге (жүрекке, бүйрекке, буындарға және т.б.) де зардабын тигізеді. «Ауру ауыздан кіреді» деген сөзде терең мағына бар. «Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді. Іш бүлінді дегенше, іс бүлінді» деген сөздер тістің ауруының ішкі мүшелерге әсерін дәл көрсетіп тұр.

а)



ә)



 2сурет: Тіс ауруы және оны күту:

а) микробтар әсерінен дентиннің бұзылуы (тісжегі – кариес); ә) тісті күту

Ауыз қуысына түскен тағам алдымен тістердің көмегі арқылы шайналып ұсақталады да, сілекеймен араласады. Ауызда толық шайналған, әрі сілекеймен шыланған тағам ағзада жеңіл қорытылып, тез сіңеді. Көрнекті ақын Мұзафар Әлімбаевтың «апыл-ғұпыл ішкен ас, асқазанға түскен тас» деген нақылынан өздерің қорытынды шығарыңдар.
Адамның да тістері басқа сүтқоректі жануарларға ұқсас жеке топтарға бөлінген. Тістер күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер деп бөлінеді (81-сурет).
Ересек адамдарда 28–32 тұрақты тіс болады. Олар үстіңгі және астыңғы жақ сүйектеріндегі арнайы тіс ұяшықтарында орналасқан. Әрбір жақ сүйектерінде 16 тіс бар. Тістердің пішіні де әр түрлі. Жақ сүйектерінің алдыңғы жағында орналасқан жалпақ тістерді күрек тістер деп атайды. Кейде оларды халық арасында маңдай тістер немесе қасқа тістер деп те атай береді. Жалпы күрек тістердің саны 8. Күрек тістердің екі шетіндегі пішіні үшкірлеу келген сойдақ тістер. Олардың саны 4. Адам күрек және сойдақ тістері арқылы тағамды жұлып алып жейді. Бұл тістерден кейін кіші азу тістер орналасқан. Олардың саны 8. Кіші азу тістерден кейін үлкен азу тістер бар. Олардың саны 12. Азу тістердің үстіңгі беті кедір-бұдырлы болады. Азу тістердің көмегімен тағамды ұсақтап шайнайды.
Сәби дүниеге тіссіз келеді. Сәбидің 6–9 айлығында алғаш рет күрек тістер шыға бастайды. Сәбиде 2 жасқа дейін барлығы 20 тіс шығады. Бұл тістер сүт тістер деп аталады. 6–7 жастан бастап сүт тістер түсіп, орнына тұрақты тістер шығады. «Баланың жетіде тісі түседі» деген нақыл соны аңғартады. Өйткені балалардың жақ сүйектерінің мөлшері мен пішіні ересек адамдардан өзгеше болады. Тұрақты тістердің бастапқы нышаны сүт тістердің түбірінің астында орналасқан. Олар бірте-бірте сүт тістерін ығыстыра бастайды да, сүт тістеріне қоректің келуіне кедергі жасайды. Қорек келмеген сүт тістер бірте-бірте түседі, оның орнына астыңғы жағынан тұрақты тістер шығады. 12–14 жаста толық тұрақты тістер шығып бітеді. Ең соңғы үлкен азу тістер 18–20 (одан да кешірек) жаста шығады. Оларды кеш шығатындықтан «ақыл тістер» деп атайды. Шын мәнінде олардың ақылға ешбір қатысы болмайды.

2сурет. Тістің топтары:
1 – үлкен азу тістер; 2 – сойдақ (шошақ) тістер; 3 – күрек тістер; 4 – кіші азу тістер.
Тіс гигиенасы. Тісті сау қалпында сақтау үшін әрбір тамақтанғаннан кейін ауызды шайып, тісті тазалау қажет. Күн сайын тісті таңертең және кешке мұқият тазалап жуу керек. Тісті тазалауда белгілі ережені есте ұстау шарт. Алдымен бөлме температурасындағыдай сумен ауызды бірнеше рет шаю; содан соң арнайы тіс щеткасымен тазалау; алдыңғы жағын үйкелей бермей алдыңғы, артқы бүйір тұстарын да мұқият тазалау. Тіс щеткасын тістердің арасымен жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға қарай ысқылау; тістердің ауыз қуысына қараған ішкі беттерін де тазалау қажет (80, ә-сурет).
Әрбір адамның жеке басының арнайы тіс щеткасы болуы тиіс. Тіс щетканы пайдаланғаннан кейін жақсылап тазартып жуып, сабындап қою керек. Келесі пайдаланарда сабынын жуып тазартып алу қажет.


Қосымша 2


Топтық жұмыс

Берілген терминдердің анықтамаларына стрелка қою арқылы белгілеу.

1

Тіс эмалі

Жақсүйектердегі арнай ұяшықтарда орналасады

2

Тіс мойны

Тығыз сүйек ұлпасынан түзіледі

3

Тіс түбірі

Адам денесіндегі ең қатты ұлпа

4

Дентин

Микробтардың әсерінен тістің дентин затының бұзылуы

5

Тісжегі

Жақ сүйектеріндегі тіс ұяшықтарына цемент арқылы бекиді

1-топ тапсырма. Тістуралымақал-мәтелдер.
Темекітартутістіңертетүсіпқалуынасебепші.
Ауыздақатерліісіктіңпайдаболуы жағдайларыныңбарлығына темекісебепші.
Ұзақуақыттемекітартқанадамныңтісіндесарғайу, тіпті қарайуқұбылысыпайда болады.
Темекі шегу тістіңтүсуі мен пародонтозға шалдықтырады.
2-топ. Бес жолды өлең.

  1. Затесім. Темекі

  2. Сын есім. Зиянды, ұлы.

  3. Етістік. Сарғайады, қарайады, бүлінеді.

  4. Сойлем. Темекіденсаулыққазиян.

  5. Синоним. Шылым.




таза парақтар, сызғыштар

Соңы

Сұрақтарға жауап беріңдер:
1.Ересек адамда тістің жалпы саны нешеу, олар қандай топқа бөлінеді?
2.Сүт тістер мен тұрақты тістер қанша жаста шығып қалыптасады?
3.Ең соңғы үлкен азу тістер неше жаста шығады?
4.Тісжегі дегеніміз не?
5.Сендер тістеріңді қалай күтесіңдер, қандай тіс пастасын пайдаланасыңдар?

«Құпия хат» әр түрлі фигуралар тізбегі оқушыларға таратылады.



  1. Сабақта қандай бөлімді қарастырдық?

  2. Оқу мақсатына жету үшін біз қандай іс –әрекеттер жасадық?

  3. Жұптық жұмыс түрінен алған әсеріңізбен бөліссеңіз?

  4. Сөздік қорын қандай жаңа сөздермен толықтырдық?

  5. Жеке жұмыс қаншылықты қиын болды?


Бағалау
Жетістік критерийлері бойынша
Үй жұмысы
Жаңа сөздерді жаттау
Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.
Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды?
Оқушылар партадағы суреттерді өздерінің көңіл күйлеріне қарай таңдайды. Кейін неге осы таңдауды жасағанын мұғалім сұрайды.

Қосымша 3
https://twig-bilim.kz/film/how-long-is-a-metre- карточкалар 5958/

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





Қабілеті жоғары оқушыларға жеке тапсырма беру

Оқушылардың бағалануы топтық жұмыс, жұптық және жеке жұмыстары бойынша бағаланады

Сабақ кезінде оқушылар қауіпсіздік ережесін, мектеп мүлкін бүлдірмей ережені сақтау қажет

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет