Экстрагениталді патологиясы жоқ, жүктілігі физиологиялық жағдайда өткен жағдайда жүкті әйел консультацияға неше рет келу керек
Ұрық жүйке трубкасы дұрыс қалыптасу үшін әйелге жүктіліктің 12 аптасына дейін қандай препарат тағайындау керек
Жүктіліктің 10-13 аптасында жүргізілетін екілік тест деп аталатын пренаталды биохимиялық скринингте қандай эмбрионспецификалық белоктар зерттеледі
Ана қанындағы эмбрионспецификалық белоктар концентрациясы анықталатын пренаталды скрининг қалай аталады.
Жүктіліктің 16-21 апта мерзімінде жүргізілетін үштік тест деп аталатын пренаталды биохимиялық скринингте қандай эмбрионспецификалық белоктар зерттеледі.
Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында бос эстриол гормонының концентрациясының қалыптыдан төмендеудің аналық себебіне жатпайды.
Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында бос эстриол гормонының концентрациясының қалыптыдан төмендеудің ұрықтық себебіне жатпайды.
Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында бос эстриол гормонының концентрациясының қалыптыдан төмендеу себебіне жатпайды.
Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында β-ХГЧ гормонының жүктілктің ІІ үшайлығында концентрациясының қалыптыдан жоғарылау себебіне жатпайды.
Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында ПАП-А гормонының концентрациясының қалыптыдан жоғарылау себебіне жатады.
Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында β-ХГЧ гормонының концентрациясының қалыптыдан жоғарылау себебіне жатады.
Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында β-ХГЧ гормонының концентрациясының төмендеу себебіне жатады.
Босанып үйіне келгеннен кейін дәрігер нәрестені тексеріп келесі өзгерістерді көрді: Жалпы жағдайы қанағанаттанарлық, кіндігінің айналасы қызарған, жарасынан аз мөлшерде серозды-іріңді бөлінділер байқалады. Дәрігердің болжамалы диагнозы.
Босанғаннан 12 тәуліктен кейін әйелдің дене қызуы 380 дейін көтеріліп, қалтырау, сүт бездерінде ауыру сезім пайда болды. 2 тәуліктен кейін дәрігерге көрінді. Жалпы тексеру кезінде бір жақ сүт безінде ауыру сезімді, көлемі 2х3 см. инфильтрат пальпацияланды. Диагноз.
Босанғаннан кейін жатыр өзінің қалыпты өлшеміне қай уақытта келеді.
«Босанудан кейінгі кезеңі» деп аталады.
Қалыпты жүктілік барысында жүкті әйелдерде RW, ВИЧ инфекциясына талдауды қай аптада жүргізіледі.
Ұрықтың жүрек жиырылуының базальды жиілігі дегеніміз.
Жүктіліктің ІІ үшайлығында ультрадыбысты скрининг жүргізуде мына көрсеткіш бағаланбайды.
Жүктіліктің ІІІ үшайлығында ультрадыбысты скрининг жүргізуде мына көрсеткіш бағаланбайды.
Жүктіліктің І үшайлығында жүктілік мерзімін анықтауда ең нақты мәлімет беретін биометрия параметрі.
Шағымы: вульва аймағындағы түзіліс, жыныстық қатынас кезіндегі ауырсыну жіне дискомфорт сезімі. Гинекологиялық тексеруде: вульва аймағында беті тегіс түзіліс, гиперемия, ісік, флюктуация анықталмайды. Сіздің диагнозыңыз.
Шағымы жыныс мүшелерінің қышуы, күдіру сезімі, жыныс жолдарынан бөліністің бөлінуі. Кольпоскопияда: вульва және қынап шырышты қабатының тегістелуі, жұқаруы, контактылы қан кету, вульва және қынап эпителиінің жұқаруы, Шиллер сынамасында біркелкі емес боялуы. Қынаптық бөліндіні цитологиялық зерттеуде базальды және парабазалды қабат жасушаларының анықталуы. Сіздің диагнозыңыз.
Науқасты тексергенде келесі өзгерістер байқалды: қынап бөлінділерінің рН 4,5 жоғары, шырышты қабатының гиперемиясы, аминді тест -оң, микроскопиялық зерттеу кезінде жағындыдан "кілттік жасушалар" байқалды. Диагноз.
25 жастағы тұрмыс құрмаған әйелдің шағымдары: жыныс жолдарынан аз мөлшерде бөлінділер, жыныстық қатынастан кейін – қанды бөлінділер, оң жақ қабырға доғасының астындағы аймақтағы ауыру сезім, жалпы әлсіздік. Бір айдан бері жаңа жыныстық серіктесімен тұрады. 2 жыл бұрын бір жүктілік болған – аборт жасалған. Гинекологиялық тексеру мәліметтері: қынаптық бөлінділері шырышты, цервикал канал бөлінділері – ірің тәрізді. Жатыр мойынында көлемі кішкентай эктопиясы байқалады. Бимануалді зерттеу: жатыр мойыны ауыру сезімді. Жатыр қосалқылары, оң жақ қабырғаларының асты пальпация кезінде ауырады. Болжам диагноз.
Жасөспірімдерде ювенилді жатырдан қан кетудің жиі кездeсетін себебі.
Пременопауза кезеңінде дисфункционалдық жатырдан қанкетуді тоқтататын негізгі әдіс.
Шағымы: етеккірдің ауырсынып келуі, етеккір алдында іштің кебуі, ісіну, көңіл күйдің өзгеруі, қынаптық тексеруде еш өзгеріс жоқ. УДЗ де қалыпты. МРТ нәтижесі қалыпты. Сіздің диагнозыңыз.
Медициналық аборттан кейін әйел инъекциялық ДМПА (депо-медроксипрогестерон ацетаты) контрацептивін қолданатын болды. Бірінші инъекцияны қанашан жасау керек.
ҚOК қабылдауға қарсы көрсеткішті атаңыз.
Науқасқа қойылған диагноз: Кандидозды вульвовагинит. Этиологиялық терапия тағайындаңыз.
Сальпингоофориттің жиі кездесетін асқынуы.
Төменгі тізімнен ЖІС-ке қарсы көрсеткішін көрсетіңіз.
Әйелдің 4 баласы бар. Анамнезінде – жатыр мойынының рак in situ бойынша ем алды. Контрацептив тағайындаңыз.
49 жастағы науқас соңғы екі жыл бойы етеккірі ретсіз, сирек келетін болды. 3 аптадан қазіргі мезгілге дейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалды. Болжам диагноз.
49 жастағы науқас соңғы екі жыл бойы етеккірі ретсіз, сирек келетін болды. 3 аптадан қазіргі мезгілге дейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалды. Сіздің тактикаңыз.
15 жастағы қыздың шағымдары: 2 аптадан бері жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалады, ал соңғы 2 күн бөлінділер мөлшері көбейді. Етеккірі 13 жастан басталды, қазіргі кезеге дейін реттелмеді. Соңғы етеккір 2,5 ай бұрын басталды. Науқасты тексергенде тері жабындысы боз, жыныс жолдарынан кеткен қан мөлшері көп. Ректалді зерттеу мәліметтері: жатыр көлемі кішкентай, қосолқылары пальпацияланбайды. Диагноз.
42 жастағы науқасқа дисфункционалды жатырдан қанктеу себебінен хирургиялық гемостаз жүргізілді. Гистологиялық зерттеу мәліметі: эндометрий гиперплазиясы. Әрі қарай қандай ем тағайындау керек.
«Норплант» имплантын қандай жағдайда енгізуге болмайды.
«Норплант» имплантанты дененің қай жеріне енгізіледі.
Гормоналді контрацептивтер әсерінің механизмі.
Күйеуі бар студент 25 жаста, бір баласы бар. Аяқ тамырларының созылмалы тромбофлебиті бар. Контрацептив тағайындаңыз.
ЖІС-ке қарсы көрсеткіш.
Студент қыз, тұрмыста жоқ, контрацептив жөнінде кеңес алуға келді. Жыныстық қатынас айына 2-3 рет болады, серіктестері бірнеше. Жүктілік болған жоқ. Контрацептив тағайындаңыз.
Жанұяда зайыбының біреуі АИД инфицирленген. Қандай контрацепция әдісін ұсынасыз.
Жанұяда екі зайыбы да АИД инфицрленгене, дені сау балалары бар. Контрацептив тағайындаңыз.
Күйеуі бар, бір балалы, қант диабетімен ауыратын әйелге контрацептив тағайындаңыз.
Жедел контрацепция қолдану тәртібі бойынша таблеткаларды 2 рет қабылдау керек: біріншісін - 72 сағаттан кешікпей, екіншісін - 12 сағаттан кейін. «Стандартты дозалы» ҚАК-ты дұрыс тағайындаңыз.
Жедел контрацепция қолдану тәртібі бойынша таблеткаларды 2 рет қабылдау керек: біріншісін - 72 сағаттан кешікпей, екіншісін - 12 сағаттан кейін. Жедел контрацепция мақсатында левоноргестрел (Постинор) препаратын дұрыс тағайындаңыз.
Күйеуінен ажырасқан, бір балалы 32 жасар әйелге контрацептив тағайындаңыз. Әйелдің бір жыныстық серіктесі бар, жыныстық қатынас айына 1-2 рет болады.
Әйел медициналық аборттан кейін контрацептив ретінде инъекциялық прогестинді ДМПА (депо-медроксипрогестерон ацетаты) қолданатын болды. Бірінші инъекциясын қашан жасау керек.
Әйел инъекциялық прогестинді ДМПА (депо-медроксипрогестерон ацетаты) контрацептив ретінде қолданатын болды. Осы контрацептив жөнінде кеңес бердіңіз, бірінші инъекциясын жасадыңыз. Екінші рет әйел қашан келу керек.
Әйел 2 апта бойы етеккірің кідіруі, тәңертеңгілікте жүрек айну, ішінің төменіндегі ауыру сезіміне (көбіне сол жағында) шағымданады. Дәрігер арнайы гинекологиялық зерттеу жүргізіп, УДЗ-дан кейін «Үдемелі жатырдан тыс жүктілік» деген диагноз қойды. Диагнозы дәлелдеу үшін қандай қосымша зерттеу жүргізу керек.
Даун ауруын анықтайтын УДЗ мәліметтері.
Босанғаннан 7 күн өткен соң әйел дене қызуы 380С, әлсіздік, жөтелуіне шағымданып гинекологқа келді. Сүт бездері жұмсақ, емізіктерінде сызаттар байқалмайды. Өкпесінің төменгі аймақтарында тыныс әлсізденген, бірен-сараң сырыл естіледі. Іші жұмсақ, төменгі аймақтарын пальпациялағанда сезімталдық байқалады. Лохиялары – қан аралас, орташа мөлшерде. Дәрігердің тактикасы.
Әйел 20 жаста. Жағдай ауыр, адинамия. Дене қызуы 40-410 С, қалтырау. Лимфобездері ұлғайған. Сүт бездері қызарып, қатайып, көлемі үлкейген. Диагноз.
Науқасты қынаптық тексеру кезінде жатырдың артқы маңайында түзіліс пальпацияланды. Анамнезінен: ауырғанына 1 ай болды – аборттан кейін дене қызуы көтеріліп, қалтырау байқалады. Дәрігерге қаралған жоқ. Соңғы аптада ауру сезім тік ішегінде пайда болды. Диагноз.
Жүктіліктің қандай мерзімінде әйелге босануға дейінгі декреттік демалыс беріледі.
Даун ауруын анықтау үшін қандай скрининг әдісін қолдану керек. Төменгі тізімнен көрсетіңіз.
Қайта жүкті әйелдің осы жүктілігінің 28 аптасында балтыр және ішінде ісік пайда болды. АҚҚ – 160/110 мм с.б., 170/110 мм с.б., зәрінде 3,0г/л протеинурия. Әйелдер консультациясындағы дәрігердің тактикасы
Әйелге ЖІС енгізілген. Әйел етеккірі келіп кеткеннен кейін ЖІС-тің мұрташаларын өзі қолымен тексеріп таба алмай қалған жағдайда не істеуі керек.
Репродуктивтік жастағы дисфункционалды жатырдан қан кетуді қандай аурумен шатастыруға болады.
34 жастағы науқас, етеккір циклі овуляторлы, бірақ етеккірге 1-2-3 күн қалғанда тот басқан-қанды түсті бөлінділер байқалады. Етеккір бұзылысының түрі.
Біріншілік ана бездік аменорея қандай аурудың зардабы.
Біріншілік аналық бездік аменореяның генезін анықтау үшін қандай зерттеу жүргізілу керек.
Бактериалдық вагинозға тән емес.
Қыз балалар вульвовагинитінің жиі кездесетін асқынуы.
Сальпингит (оофорит, эндометрит) этиологиясын дәлілдеу үшін қандай зерттеу жүргізу керек.
Хламидиозға қарсы ем тағайындаңыз.
Бейспецификалық вульвовагинитке шалдыққан 2 жасар қыз балаға ем тағайындаңыз.
Туберкулездік эндометрит кезіндегі науқастың шағымдары.
Леопольд-Левицкидің 3-ші әдісі қандай мақсатпен жүргізіледі.
Қайта жүкті әйелдің осы жүктілігінің 28 аптасында балтыр және ішінде ісік пайда болды. АҚҚ – 160/110 мм с.б., 170/110 мм с.б., зәрінде 3,0г/л протеинурия. Диагноз.
24 жастағы жүкті әйелдің эпигастрий аймағында ауру сезім байқалды. Әйелді тексергенде жүктіліктің 31-32 аптасы анықталды, АҚҚ 150\100 мм с.б. екі жағында, зәрі лай, балтырларында ісік байқалады. Диагноз.
Эклампсияның негізгі белгілері.
Ауыр преэклампсияның белгілері.
Преэклампсияның жеңіл дәрежесінің белгілері.
Босанғаннан кейінгі іріңді септикалық асқынулырдың І сатысының клиникалық көрінісі
Сальпингоофоритте мынадан басқаның бәрі хирургиялық емге көрсеткіш:
Жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдалардың емінде қолданылатын кальций антогонистер тобының препараты:
Жүктілік мерзімі 33 апта 5 күн, жатыр мойны ашылуы 2 см емге көнбейтін гестациялық қант диабетіндегі дәрігерлік тактика
Босанғаннан кейінгі іріңді септикалық асқынулардың ІІ сатысының клиникалық көрінісі
Босанғаннан кейінгі іріңді септикалық асқынуларының ІІІ сатысының клиникалық көрінісі
Жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдалардың емінде қолданылатын альфа-адреномиметик тобының препараты:
Жүктілік мерзімі 31 апта 3 күн, жатыр мойны ашылуы 4 см дәрігерлік тактика
Жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдалардың емінде қолданылатын вазодилятатор:
Босанғаннан кейінгі іріңді септикалық асқынулырдың І сатысының диагностикалық критерийлері
Шихан синдромы диагнозы негізделіп қойылады
Босанғаннан кейінгі іріңді септикалық асқынулырдың ІІ сатысының диагностикалық критерийлері
Босанғаннан кейінгі іріңді септикалық асқынулырдың ІІІ сатысының диагностикалық критерийлері
Босанғаннан кейінгі іріңді септикалық асқынулырдың ІV сатысының диагностикалық критерийлері
Фунционалды аменорея диагнозы негізделіп қойылады
Киари Фрюммеля диагнозы негізделіп қойылады
Альгодисменорея диагнозы негізделіп қойылады
Лютеинді фазаның ұзаруымен жүретін АЖҚ диагнозы негізделіп қойылады
Лютеинді фазаның қысқаруымен жүретін АЖҚ диагнозы негізделіп қойылады
Фолликулярлы фазаның ұзаруымен жүретін АЖҚ негізделіп қойылады
Резусконфликт кезіндегі дәрігерлік тактика
Босанудан кейінгі резусконфликттің алдын алу шарасы
Жүктілікке дейін пайда болған немесе жүктіліктің бірінші жартысында пайда болған, жүктіліктен тыс бүйректік, тамырлық, эндокриндік немесе басқа да бұзылыстардан туындаған гипертензия:
Жүктілік мерзімі 32 апта 2 күн, жатыр мойны ашылуы 2 см дәрігерлік тактика
Жүктіліктің 20 аптасынан кейін пайда болған, қандай да бір полиорганды бұзылыс белгісінсіз дамитын, босанғаннан кейін 6 апта ішінде жойылатын гипертензия:
Преэклампсия ауыр дәрежесін емдеудегі 1 линия препараты
Антирезус иммуноглобулин D препаратының жүктіліктің 12 апта мерзіміне дейінгі мед түсік және өздігінен түсіктен кейінгі резус қайшылықтың алдын алудағы мөлшері.
Мерзімі жеткен жүктілік, плацентаның жартылай төмен жатуында ареактивті КТГ кезіндегі дәрігерлік тактика
Мерзімі жетпеген жүктілік, плацентаның толық төмен жатуында, қалыпты КТГ кезіндегі дәрігерлік тактика
Cыртқы акушерлік тексеруде жатыр түбі биіктігі 33 см, іш айналымы 95 см, ұрықтың жатуы тігінен, жатыр түбінде жұмсақ, көлемді бөлігі анықталады, ұрықтың І позиция, алдыңғы түрде жатыр, төмен келіп тұрған бөлігі қатты, домалақ, қозғалмалы. Ұрықтың жүрек соғысын тыңдау нүктесін анықтаңыз:
Cыртқы акушерлік тексеруде жатыр түбі биіктігі 33 см, іш айналымы 95 см, ұрықтың жатуы тігінен, жатыр түбінде қатты, домалақ, қозғалмалы бөлігі анықталады, ұрықтың ІІ позиция, алдыңғы түрде жатыр, төмен келіп тұрған бөлігі жұмсақ, көлемді. Ұрықтың жүрек соғысын тыңдау нүктесін анықтаңыз:
Антенаталды кардиотокография жүргізудің негізгі мақсаты:
Жүктіліктің 41 апта мерзімінде «пісіп жетілген» жатыр мойнында кардиотокограммада децелерация пайда болғанда дәрігердің тактикасы:
Акцелерация -бұл:
Босанудан кейінгі
Децелерация – бұл:
Ерте децелерация – бұл ұрықтың жүрек соғысының сиреуі:
Стрестік емес тест ұрықтың жүрек соғысының өзгерісін бағалау болып табылады:
Жүктіліктің бірінші үшайлығындағы ең жиі кездесетін асқынуға жатпайды:
Геморрагиялық шоктың І дәрежесінің клиникалық критерилері
Босанғаннан кейінгі тонус себепті қан кетуде дәрігерлік тактика
Босанғаннан кейінгі тромбин себепті қан кетуде дәрігерлік тактика
Босанғаннан кейінгі жарақат себепті қан кетуде дәрігерлік тактика
Аралас жамбаспен келуде қолданылады:
Физиологиялық дамушы жүктілікте әйел ағзасының гемостаз жүйесінде келесі өзгерістер болады:
Босанудың ІІІ кезеңінде плацентаның жатыр қабырғасынан толық бөлінуінің визуалды белгісіне мынадан басқасы жатады:
Босанудың І кезеңінде және тірі ұрық кезінде клиникалық тар жамбастың ІІІ дәрежесін диагностикалағанда ең дұрыс акушерлк тактика:
Босану барысында жүрек шамасыздығы бар әйел мына қалыпта болуы керек:
Жүрек жеткіліксіздігінің ІІ-ІІІ сатысындағы жүктілерді босандырудың ең оптималды мерзімі:
Жүкті әйелдер жыныс мүшелерінің микоздық зақымдалуы жиі қосарланады:
Сифилиспен ауыратын жүктілерді босандыру:
Кеш гестозда орын алады:
34 апталық жүкті әйел үйінде эклампсия ұстамасы болған. Перзентханаға келгенде АҚҚ 150/100 мм.сын.бағ. Ұрықтың болжам салмағы– 1500 г. Беті және аяқтары ісінген. Зәрдегі белок – 0,66%. Босану жолдары дайын емес. Қарқынды комплесті ем басталған. Дұрыс дәрігерлік тактика:
Жүктілік кезіндегі преэклампсияда тиімді дәрігерлік тактиканы көрсетіңіз:
Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы ең жиі дамиды:
Акушерлік перитонит жиі мынадан кейін дамиды:
Қандай жағдайда босанғаннан кейін жатыр инволюциясының бұзылысы айқын дамиды:
Қандай микроағзалар жмі босанғаннан кейінгі эндометритті дамытады:
Ең жиі кездесетін босанудан кейінгі эндометриттің түрі:
Жатыр қосалқылары іріңді түзіліспен қабынған науқасқа төменде көрсетілгендерден мынадан басқаның бәрі қарсы көрсеткіш:
Ұрық арқасының жатырдың алдығы және артқы қабырғасына қатынасы - бұл:
Ұрық осінің жатыр осіне қатынасы - бұл:
Ұрық арқасының жатыр бүйір қабырғаларына қатынасы - бұл:
Адреногениталды синдром кезінде ЕҚБ емдеу тактикасы
Штейн Левенталь синдромы кезінде ЕҚБ емдеу тактикасы