Құрылымдық-функциялық



Дата06.02.2022
өлшемі321,14 Kb.
#81297
Байланысты:
Презентация Microsoft PowerPoint

Құрылымдық-функциялық теория әлеуметтік ұйымның қалай жүзеге асырылатыны туралы проблеманы зерттейді. Бұл теориялық көзқарас жаратылыстану ғылымынан және қоғам мен ағза арасындағы ұқсастықтардан бастау алады. Биолог ғалым жасушалардың бөліктерін (құрылымдарын) және олардың қалай жұмыс істейтінін (функциясын) анықтаса, қүрылымдық-функциялық теорияны қолданатын әлеуметтанушы да қоғамның құрылымдарын және олардың қызметінанықтауға тырысады.

  • Құрылымдық-функциялық теория әлеуметтік ұйымның қалай жүзеге асырылатыны туралы проблеманы зерттейді. Бұл теориялық көзқарас жаратылыстану ғылымынан және қоғам мен ағза арасындағы ұқсастықтардан бастау алады. Биолог ғалым жасушалардың бөліктерін (құрылымдарын) және олардың қалай жұмыс істейтінін (функциясын) анықтаса, қүрылымдық-функциялық теорияны қолданатын әлеуметтанушы да қоғамның құрылымдарын және олардың қызметінанықтауға тырысады.

Құрылымдық-функциялық теория - әлеуметтік ұйымдар(құрылым) мен оның қызметін (функциясын) зерттейді.
Құрылымдық-функциялық теорияны қолданатын әлеуметтанушылар әлеуметтік құрылымдардың табиғатын және салдарын зерттеумен шұғылданады. Құрылымдық-функциялық теория ғалымдары әлеуметтік құрылымдардың жағымды (пайдалы) нәтижелерін функция ретінде, ал әлеуметтік қүрылымдардың теріс (зиянды) салдарын дисфункция ретінде сипаттайды. Олар сондай-ақ айқын (танылған және жоспарлашан) салдарлар мен астыртын (кейін дамитын және жоспарланбаған) салдарлар арасындағы айырмашылықтарды қарастырады. Маңызы зор болғандықтан құрылымдық-функциялық теория ұғымдарын басқа көзқарастағы әлеуметтанушылар да қолданады.
Р.Мертон-(1912 ж)-американ социологы, функционалдық талдаудың теориялық негізін қалыптастырған ғалым. Р.Мертон негізгі еңбектері:” Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым”, "Функционалдық талдаудың парадигмалары”, "Социологиядағы құрылымдық талдау”. Ол "Орта деңгейлі” теорияны қалыптастырып енгізу керек деген өте маңызды ғылыми ұсыныс жасады. Оның айтуынша мұндай теория арнайы теориялар аралығында орналаса отырып, әлеуметтік әдет-ғұрыптардың , әлеуметтік ұйымдар мен әлеуметтік өзгерістердің түрлерін түсіндіруге бағытталады. Бұл теорияның негізінде функционалдық жатыр. Р.М. функционалдық талдаудың 3 жолын көрсетті:
функционалдық бірліктің қағидасы-қоғамды теориялық тұрғыдан қарастырудың бірлігі әлеуметтік деректердің тереңдігінде. 2. Функционалдықтың жан-жақтылық қағидасы-мәдениеттің барлық түрлері өзіндік функционалдық қасиеттерге ие болады. Р.Мертонның айтуы бойынша оларды аналитикалық тұрғыдан талдау қажет. 3. "мәжбүрлік қағидасы”-функциялардың мәжбүрлілікке ие болмай қоймайтындығын көрсетеді.
Р.Мертонның айтуынша функционалдық объект ретінде қайталанып отыратын және стеоротипті әлеуметтк құбылыстарды(әлеуметтік рольдер, әлеуметтік процестер, әлеуметтік құрылым т.б) алуға болады. Әлеуметтік нақтылық жеке адамнан жоғары бола алмайды. Р.Мертон әлеуметтік құрылым өзіне адамдарды не олардың іс-әрекетін біріктіре отырып, олардың қарапайым жиынтығы емес екендігін көрсетті. Оның айтуынша әлеуметтік құрылым дегеніміз-қоғамдағы барлық мүшелер мен топтар қатысатын әлеуметтік қатынастардың ұйымдасқан жүйесі.
Т.Парсонс(1902-1979)-американдық социолог, "құрылымдық функционализмнің негізін салушы, әлеуметтік жүйелер туралы теорияны қалыптастырушы. Негізгі еңбектері: "әлеуметтік іс-әрекеттің құрылымы”, "әлеуметтік жүйе”, т.б Парсонстың теорияларына М.Вебердің, Э.Дюркгеймнің Ф.Теннистің,Г.Зиммельдің,К.Маркстің т.б еңбектері үлкен әсерін тигізді. Оның теориялық мұрасын 3 кезеңге бөліп көрсетуге болады:
1)әлеуметтік іс-әрекет теориясын өзіне дейінгі социологиялық ой-пікірінің дамуының негізінде көрсетеді.
2)әлеуметтік іс-әрекеттің жалпы теориясында құрылымдық функционализмді негіздейді және әлеуметтік функциялардың қоғамның тұрақтылығына тигізетін әсерін талдайды.;
3) әлеуметтік іс-әрекет және жеке адам мәселесі. Парсонс қоғамдық дамудағы 3 негізгі құрылымды көрсетеді.: жеке адам, мәдениет және әлеуметтік құрылым. Парсонс әлеуметтік жүйелердің ішкі бөлінуінің мынадай басты құрылымын көрсетеді: объективті ролдерді орындаушы актерлер,осыдан туындайтын әлеуметтік рольдердің бағыттық түрлері; бағдарладың экономикалық негіздері; мәдени бағдарлар жүйесі; ресми және бейресми функциялар.
Парсонс жеке адамды әлеуметтену процесінде қарастырды. Әлеуметтену-қоғамдық функциядағы материалдық пен идеалдықтың бірлігі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет