Тақырып: Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу түрлері
Мазмұны
Аллельді емес гендердің әрекеттесу түрлері
Комплементарлық
Эпистаз. Оның түрлері.
Полимерия . Кумулятивті және кумулятивті емес полимерия.
Плейотропия.
Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің түрлері
Комплементарлық
Эпистаз
Полимерия
Плейстропия
Комплементарлық
Комплементарлық- екі не бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін-бірі толықтырып, бір белгіні жарыққа шығару.
Мысалы, көгілдір қауырсынды тотықұсты сары қауырсынды тотықұспен будандастырса, бірінші ұрпақтың (Ғ1-дің) будандары біркелкі жасыл қауырсынды болып шығады. Оларды өзара будандастырғанда екінші ұрпақта — Ғ2-де төрт түрлі фенотип көрініс береді. Атап айтқанда, 9 жасыл түсті, 3 көгілдір, 3 сары және 1 ақ қауырсынды ұрпақтар алынады. Ғ2 ұрпақ дарақтарының генотипіне назар аударсақ, бұл будандастыруға екі жұп аллельді емес гендердің қатысатындығын байқауға болады. А гені — қауырсынның көгілдір түсін, ал В гені сары түсті болуын анықтаса, олардың рецессивті а және b аллельдері қауырсынның ақ түсті болуын анықтайды.