ҚҰрметті мемлекеттік комиссиясының ТӨр ағасы және мүшелері сіздердің назарларыңызға «Еділбай қойларының төлдерін қарқынды өсіру және бордақылау технологиясы»



Дата31.08.2022
өлшемі29,52 Kb.
#148439
түріДиплом
Байланысты:
Баяндама


ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨР АҒАСЫ ЖӘНЕ МҮШЕЛЕРІ
Сіздердің назарларыңызға «Еділбай қойларының төлдерін қарқынды өсіру және бордақылау технологиясы» тақырыбында дипломдық жұмыстымды баяндауға рұқсат етіңіздер
Тақырыптың өзектілігі. Қой шаруашылығы Қазақ елінде басқа мал шаруашылығы салаларының ішіндегі ертеден келе жатқан дәстүрлі салалардың бірі болып саналады. Қой тұқымдарының барлығы негізінен ет алуға пайдаланылады, содан кейінгі үлесті жүн, елітірі, май, сүт өнімдері тұр. Қазіргі кезде қой шаруашылығы өнімдерін өндіруді дамытып, қой өнімдерін өңдеу технологиясын жетілдірудің маңызы зор екенін дәлелдеп отыр.
Қой шаруашылығын нарық заманына экономикалық жағынан тиімді етіп өсірудің кілті, ғылым мен озық тәжірибенің бірлігінде болып отыр. Соңғы жылдарда дүние жүзінде ауыл шаруашылық ғылымдарының қатарыда қой жөніндегі ғылым да сан алуан жаңалықтармен, жаңа технологиялармен, селекция әдістерімен байытылған еді. Соның ішінде қой шаруашылығының қазіргі кездегі жетістіктерін әрі қарай жетілдіріу барысында жас мамандарға тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, білімдерін шыңдау мәселесі тұр. Қазақстанда ет және биязы жүн өнімдерін молайту үшін еліміздегі мал өнімділігін жоғарлатуда селекцияға көп көңіл бөлінуі керек болатын.
Бұл дипломдық жұмыcтa мынaдaй мaқcaттaр мен міндеттер қойылғaн.Зерттеу жұмыстарымызда басты мақсат: еділбай қой тұқымының санын көбейте отырып, жергілікті аймақты жас қозының етімен қамтамасыз етіп, қозылардың өсіп-жетілуін және өнімділігін зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
-негізгі қошқарлар мен саулықтардың өнімділігі;
- саулықтардың төлдегіштігі;
- қозылардың өсіп жетілуі;
- қозылардың өміршеңдігі;
- ұрпақтарының ет өнімділігі;
- экономикалық тиімділігі;
Тәжірибелік бaзacы.
Зерттеу жұмыcтaры Алматы облыcы, Нарынқол ауданы ШҚ «Сулеймен» шaруaшылығындa еділбай қой төлдерін қарқынды өсіру және бордақылау технологиясы тaқырыбы бойыншa жүргізілді.

Кесте 1- Тәжірибеге қолданылған тұқымдық қошқарлардың өнімділігі



Мал тұқымы

n

Тобы

Тірі салмағы, кг

Қырқылған жүні, кг

Жуылған таза жүні, кг

Еділбай

3

І

110

1,75

-

Еділбай

3

ІІ

100

1,7

-

Бірінші топтағы еділбай қошқарлары екінші топтағы еділбай қошқарларынан салмағы бойынша 10 кг немесе 8 % басым түсті. Сонда, қырқылған жүні бойынша екінші топтың қошқары біріншіге қарағанда 0,05 кг немесе 3,4 % жоғары болып отырды.


Кесте 2- Тәжірибеге пайдаланылған тұқымдық қошқарлардың негізгі дене өлшемдері, см



Топ
тар

n

Шоқтық биіктігі

Тұрқының
қиғаш ұзындығы

Кеуде енділігі

Сербек
аралық
енділігі

Кеуде
орамы

Жіліншік орамы

Х±mх

І

3

86,3±0,70

85,2±0,56

26,3±0,30

27,6±0,40

119,3±0,94

11,6±0,20

ІІ

3

84,6±0,64

80,2±0,70

26,6±0,40

23,5±0,34

117,2±0,74

11,0±0,30

Тәжірибе мәліметтерінен І топтағы қошқарлардың шоқтығының биіктігі бойынша ІІ топтағы қошқарлардан 2 % басым болды. Кеуде орамы бойынша өлшемдерінен І топ ІІ топтан 1,74 % жоғары болды.


Кесте 3- Тәжірибелік зерттеуге пайдаланылған саулықтардың өнімділігі





Топ
тар

n

Тірі салмағы, кг

Қырқылған жүн салмағы, кг

Таза жүн салмағы, кг

Жүн ұзындығы, см

Х±mх

І

30

67,5±0,86

2,4±0,05

1,20±0,40

7,8±0,07

ІІ

30

64,6±0,81

6,1±0,04

3,1±0,19

12,1±0,05

Барлық топтағы саулықтардың дене өлшемдерінің арасынан шоқтығынан алынған биіктік өлшемі бойынша І топ саулықтарында ІІ топ саулықтарына қаорағанда жоғары, 1,5 және 2,0 %, тұрқының қиғаш ұзындығы бойынша 4,1 және 5,04 %, кеуде енділігінен 0,7 және 3,3 %, кеуде орамынан 2,5 және 2,4 % жоғары болды.

Кесте 4- Тәжірибеге алынған саулықтардың негізгі дене өлшемдері, см



Топ
тар

n

Шоқты
ғының биіктігі



Тұрқы
ның қиғаш ұзындығы

Кеуде енділігі

Сербек аралық енділігі

Кеуде орамы

Жілін
шік орамы



Х±mх

І

30

74,7±0,30

81,2±0,28

20,8±0,30

20,3±0,20

102,7±0,35

8,5±0,12

ІІ

30

73,2± 0,24

77,1±0,22

20,1±0,12

19,6±0,11

100,2±0,25

8,5±0,11

Кесте 5- Тәжірибедегі қозылардың (әр топтан 3 бас) бақылай сою нәтижелері





Көрсеткіштер

Тәжірибелік топтар

І

ІІ

Х±mх

4-4,5 ай

Сояр алдындағы тірі салмағы, кг

41,5 ±1,4

40,5 ±1,8

Ұша салмағы, кг
- // - // - // - , %

20,5 ±0,57
50,6

20,25 ±0,47
49,4

Құйрық салмағы, кг
- // - // - // - , %

3,6 ±0,22
9,0

3,4 ±0,15
9,0

Іш май салмағы, кг
- // - // - // - , %

2,4 ±0,06
5,9

2,3 ±0,02
5,8

Сойыс салмағы, кг
- // - // - // -, %

26,5±±3,1
65,5

25,95± 1,3
64

18 ай

Сояр алдындағы тірі салмағы, кг

69,60 ±0,03

67,25 ±0,02

Ұша салмағы, кг
- // - // - // - , %

26,4 ±0,21
38

24,1 ±0,31
36

Құйрық салмағы,кг
- // - // - // - , %

5,0 ±0,04
7,5

4,7 ±0,14
7,1

Іш май салмағы, кг
- // - // - // - , %

0,780 ±015
1,1

0,680 ±0,16
1,0

Сойыс салмағы, кг
- // - // - // - , %

32,1 ±0,28
46,5

29,4 ±0,17
44,6

Тәжірибеге алынған малдың 18 - айында бақылау үшін сою көрсеткіштеріне топ бойынша сипаттама беретін болсақ, барлық топтарда негізгі көрсеткіштері жеткілікті дәрежеде жоғары болады. Соның арқасында: І топта ұша салмағы 26,4 кг құрап, қалған ІІ топтан 8,7 және 22,7 % басым, сол сияқты құйрық (5,қ кг), іш май (0,790 кг), сойыс (32,1 кг), құйрық салмағы мен іш май салмағы бойынша жоғары көрсеткіште болды.


Кесте 6- Қозылардың ұшасының морфологиялық құрамы (әр топтан 3 бастан)

Көрсеткіштер

Тәжірибелік топтар




І

ІІ




4-4,5 ай




Ұша салмағы, кг

20,5±0,2

20,25±0,10

- // - // - // - , %

50,6

49,4

Ет салмағы, кг

17,5±0,25

17,1±0,31

- // - // -// -, %

86,0±0,02

84,4±0,12

Сүйек салмағы, кг

3,0±3,1

3,1±0,12

- // - // - // - , %

14,0±0,01

15,6±0,02

Еттік коэффициент

5,6±0,21

5,3±0,18

18 ай




Ұша салмағы, кг

26,4±0,18

24,1±0,12




- // - // - // - , %

38

36




Ет салмағы, кг

20,1±0,15

18,6±0,01




- // - // - // - , %

76,5±0,20

77,6±0,15




Сүйек салмағы, кг

6,3±0,21

5,5±0,15




- // - // - // - , %

23,5±0,19

22,4±1,12




Еттік коэффициент

3,0± 2,0

3,49±0,31




Біздің зерттеулерімізден 18 айлығындағы көрсеткіші бойынша ет салмағы 18,6-20,1 кг құрады. Ұшаның морфологиялық құрамының негізгі көрсеткіштері бойынша І топтағы қозылардың ет салмағы келесіден 1,5 және 7,4 % басым болды. Керісінше ең көп сүйек шығымының үлесін (23,5 %) алғашқы І топ құраса, ал ең көп еттілік коэффициенті (3,49) соңғы топта басым болып отыр. Қойлардың ет - май өнімділіктері тікелей тірі салмағына байланысты. Яғни, еттің үлесі көп болған сайын сүйектерінің үлесі азайып, ет-май өнімділігі көтеріліп отыратын және осыған керісінше заңдылық болатыны анық. Қой етінің химиялық құрамы.

Кесте 7- Экономикалық тиімділігі



Көрсеткіштер

І

ІІ

4,0-4,5ай

1,5 жас

4,0-4,5ай

1,5 жас

Тірі салмағы, кг

41,5

69,60

40,5

67,25

Ұша салмағы, кг

20,5

26,4

20,25

24,1

Өсіруге жұмсалған шығын, теңге

9222

12423

9222

12423

-оның ішінде азыққа

-

7500

-

7500

күтіп - бағуға

-

4000

-

4000

және басқа шығындар

-

923

-

723

Еттің бағасы, теңге/кг

2000

1800

2000

1800

Еттен түскен табыс, теңге

41000

47520

40500

43380

Қырқылған жүні, кг

0,513

1,240

0,710

1,412

Жүн бағасы, теңге

90

100

90

100

Жүннен алған табыс, теңге

46,1

124

63,9

141,2

Барлық өнімнен
алынған табыс, теңге

41046

47644

40563

43521

Алынған таза пайда, теңге

31824

35221

31341

30957

Рентабельділік деңгейі, %

155,0

106,5

143,4

88,9

Экономикалық тиімділік деп - шаруа қожалығында өсірілетін қой тұқымынан өндірілген ет және жүн өнімдерін сатудан түскен табысты қосып, одан жұмсалғанынан алып тастау арқылы қалған таза пайда көлемін айтамыз.
Алынған мәліметтерге сүйенсек, тәжірибедегі барлық топтағы 4-4,5 ай жасындағы қозылардың тірі салмақтары бойынша орта көрсеткіштері едәуір жоғары болған, соның арасынан І топ көрсеткіштері 41,5 кг құрап, қалған ІІ топтан 1,0 немесе 2,3 % жоғары көрсеткішке ие болды.
Зерттеулер нәтижелерін талдай келе, І және ІІ топтағы еділбай қойларын өсіру тиімді екен.

ҚОРЫТЫНДЫ


Жүргізілген зерттеулерде еділбай қойларын зерттеу нәтижесінде мынадай нәтиже шығарылды:


1. Алынған төлдер жоғары өсіп-жетілу көрсеткішіне ие, тез жетілгіш дене өлшемдері мен индекстері бойынша І топтағы қозылардың көрсеткіштері жоғары болды. Ұрғашы қозылар туған кезінде 4,8-5,0 кг, 4-4,5 айлығында 38,2-40,6 кг, 12 айлығында 49,9 және 51,5 кг, 18 айлығында 59,5-62,6 кг арасында болса, ал еркек қозылар туған кезінде 5,0-5,5 кг, 4-4,5 айлығында 40,9 - 45,2 кг, 12 айлығында 53,7-55,7 кг, 18 айлығында 68,8-70,8 кг салмақ тартты.
2. Бақылау үшін сою нәтижелері төлдердің ең жақсы еттілік қасиеттерімен сипатталады. Еркек тоқтыларды 4-4,5 айлық жас кезеңдерінде сойғанда сойыс шығымы тиісінше 64 және 65,5 %, 18 айлық жас кезеңінде 44,6 және 46,5 %-ды, ұшасының сұрпы еті -4-4,5 айлық жас кезеңінде 84,4 және 86,0 %, 18 айлық жас кезеңінде 76,5 және 77,6 %-ды құрады.
3. Аналықтардың төлшеңдігі 105,9-106 %-ды құрайды. Қозылардың өміршеңдігі енелерінен бөлгеннен жыл ерекшеліктеріне байланысты 2,5 және 3,0 % аралығында болды. І топтағы қозылардың сақталғыштығы төмендегі топтан тиісінше 1,0 және 0,9 % жоғары болып отыр.
4. Қойларды өсіру еркек қозылардың әрбір басынан оларды 4-4,5 айлығында етке тапсырғанда 41000 және 40500 тг, ал 18 айлығында етке өткізгенде 47520 және 43380 тг табыс алуын қамтамасыз етті.
Барлық топтағы 4-4,5 айлық қозылардың тірі салмақтары бойынша І топ 41,5 кг құрап, келесі топтан 1,0 кг немесе 2,3 % басым болды.
Зерттеулер нәтижелерінен жыл бойы жайылымдық жағдайда күтіп бағу арқасында, ең жоғары экономикалық тиімділік көрсеткіштері көрсетілген.
ӨНДІРІСКЕ ҰСЫНЫСТАР

1. Таулы аймақ жағдайында өндірісті арттыру мақсатымен, яғни етті молынан өндіру үшін жергілікті еділбай қойларын өсіру тиімді.


2. Өндірістің тиімділігін арттыру мақсатымен жоғары сапалы қой етін өндіру үшін аз шығын жұмсап, тоқтыларды 4-4,5 айлық жасында 40,5 және 41,5 кг-ға жеткенде немесе 18 айлық жас кезеңінде 67,2 және 69,6 кг тірі салмақпен етке өткізген тиімді болып отыр. Сондықтан да, бұл - әдісті шаруашылықтарда кеңінен өндіріске енгізулеріне болады.

ЗЕЙІН ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА ҮЛКЕН РАХМЕТ

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет