Құрметті Рысқали Қалиақбарұлы! Құрметті ауыл тұрғындары!



Дата25.02.2018
өлшемі188,9 Kb.
#38309
Құрметті Рысқали Қалиақбарұлы!

Құрметті ауыл тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №615 Жарлығын орындау мақсатында осы есепті жиынға ауыл тұрғындары, қоғамдық бірлестіктер, шаруа құрылымдар, тоқ, жылу, су, жол тазалаушы, учаскелік полиция, жергілікті қоғамдастық, мұғалімдер, жеке кәсіпкерлер және мекеме қызметкерлері шақырылған болатын.  



2015 жылдың 27 қаңтарында өткізілген кездесуде келіп түскен сұрақтар бойынша атқырылған жұмыстар:

  1. Сұрақ: Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны Арыстанова Бақыткүл жұмыссыздығына байланысты жаңадан ашылатын Ветлабороториядан санитарлық жұмысқа орналасуға көмек сұрады.

Орындалысы: Ауыл тұрғыны Арыстанова Бақыткүл жұмыссыздығына байланысты еңбек биржасына тіркелді және тұрмыстық жағдайына байланысты әлеуметтік көмек көрсетілді.

2. Сұрақ: Ауыл тұрғындары 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр-энергиясы тарифының қымбаттауына байланысты түсініктеме беруіңізді сұраймыз.

Орындалысы: Бұл мәселе қарастырылып жатыр. Тұрғындар жаққан электр-энергия бағасын ескі бағамен төлеңіздер деп жауабы берілді. Мәселе аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, тұрғын үй инпекциясы бөлімінің назарында болады.

Елбасының былтырғы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы табыстарымызға ұйтқы болып, еліміздің еңсесін биіктетіп, ғаламдық өркениет өрісіне шығарды. Ұлт көшбасшысы: қайнаған тіршіліктің бәрі елдің күре жолына қатысты екенін баса айтты. Өйткені жолдардың дамуы тіршілікпен тығыз, тікелей байланысты: бәсекелестік кеңістікте жолдары дамыған ел ғана алдыңғы орынға шығатынына көзіміз жетті. Осылай, алысты жақын ету — Жолдаудың ең басты түйіні болды». Нұрлы жол деген халықтың жағдайы, елдің өрлеуі, жарқын өмірі. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай еңбек етуімізге негіз болды.



Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басты назарында және Үкімет тарапынан лайықты қолдау жасалып отыр.

Осыған орай, ауылдық округі бойынша халық саны 5153 адамның, кәсіпкерлік саласымен айналысатындар 13% құрап отыр. 2015 жылы жалпы саны 406 жеке кәсіпкер тіркеліп, кәсіпкерлік саласында 664 адам еңбек етуде.

Ауылымызда ашылған Шет ауданының кәсіпкерлер палатасы жұмыс істеп жатыр, кәсіпкерлерге тегін консультациялар беріледі. «Бизнес жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы және т.б. бағдарламалар бойынша кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген ауыл тұрғындарын тегін оқытады.

Сондай-ақ, округтің азық-түлік саудасымен айналысатын дүкен иелерімен азық-түлік бағасын өсірмеу мақсатында көтерме орындарынан алатын бағадан 10-15 пайыз үстеме ақы қосу туралы меморандумдарға қол қойылған. Ауыл көлемінде азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға арнайы жұмысшы тобы және шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, инфляциялық процесстерді тежеу мақсатында арнайы жұмысшы тобы құрылған, жиналыстар өткізіліп тұрады.



Инвестициялық жобалар туралы

2015 жылы Ақсу-Аюлы ауылдық округі бойынша жүзеге асырылған инвестициялық жобалардың бірі С.Сейфуллин көшесіндегі жаңадан үлкен 500 орынға арналған «Тілек» тойханасы ғимаратының құрылысын жеке кәсіпкер А. Избасаров жүргізіп, 2015 жылдың 16 желтоқсанында – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай пайдалануға беріліп, іске қосылды және 5 адам жұмыспен қамтылды.

2015 жылы ивестициялық жобаларға еңгізілген жеке кәсіпкер «Е.Искаков» шағын наубайханасы, 2 адамды жұмыспен қамтып, тәулігіне 500-700 бөлке нан пісіреді. Ауыл дүкендерінде сапаға сай өз ауылымыздың наны сатылуда. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында, олар облыстан бөлінетін арзан әлеуметтік ұнмен қамтамасыз етіліп отыр.

Жеке кәсіпкер А.Амандыковтың «Автожуу» бекетіде жұмыс істеп жатыр.

Ауылымызда жаңадан «Турист», «Сезім» дүкендері іске қосылып қызмет көрсетуде. Қосымша жаңадан «Әділет», А. Қызылов және Б. Абдикаримовалардың дүкен құрылыстары жүргізілуде.

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2015 жылы Ақсу-Аюлы ауылдық округінен Шет ауданы әкімінің грантымен 11 адам марапатталды.

Сонымен қатар, 2016 жылы жеке кәсіпкер «А. Мактагулов» жаңадан аралас кешеннің құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр. Жаңадан 30 жұмыс орыны ашылады деп жоспарлануда.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Ақсу-Аюлы ауылдық округінен 2 жеке кәсіпкер 89 млн. теңгеге 6 жүк көлігін, 2 тиегіш көлігін несиеге алды, жаңадан 16 жұмыс жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша Ақсу-Аюлы ауылдық округінде бүгінгі күні 108 шаруа қожалығы тіркелген. Негізгі бағыты мал шаруашылығы болғандықтан, 18 шаруа қожалығы өз жерлеріне қыстақ салған, біраз шаруа құрылымдар асыл тұқымды бұқалар алып, мал бастарын көбейтіп жатыр.

Ауылдық округі бойынша: ірі қара малдың сыны 7368 бас, оның ішінде -4096 бас аналығы, қой және ешкі – 12130 бас, жылқы – 4557 бас құрап отыр.

Ауыл тұрғындарын ауыл шаруашылығы өнімдерімен, атап айтсақ етпен, маймен, қымыз, құрт, ірімшік, картоп, жуа, сәбіз, арпа, бидай және тағы басқа ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету бағытында 2015 жылы 3 жәрмеңке ұйымдастырылып, онда арзандатылған бағамен ет – 450 кг, картоп – 15 тонна, сәбіз – 1 тонна, балық – 200кг, ара балы – 20 кг, арпа – 300 қап, көмір- 20 тонна, шөп-12 тонна, пияз – 3 тонна және т.б. өнімдер сатылды. Қарағанды, Астана қалаларында ұйымдастырылатын жәрмеңкелерге ауыл тұрғындарымен шаруа қожалықтар өнімдерімен қатыстырылып отырады. Ауылдық округ бойынша 2015 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі төмендегідей: ет- 1439тн, сүт-6003тн, жұмыртқа – 700000 дана және басқа да өнім түрлері – 110тн.

2015 жылы «Береке» шаруа қожалығының жетекшісі Шохабаев С. 100га жерге арпа дақылын егіп, күзгі жиын-терін кезінде арпа дақылы толықтай орылды. Орташа түсімі 9,4 центнерден айналды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Агрорлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 3 шаруа қожалығы барлығы 52млн 140 мың теңгеге несие алды. Несие арқылы 100 бас жылқы, 122 бас ірі қара, 4 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды және 1 шаруа қожалығы МТЗ 80 тракторын 50 пайыздық лизингке алды.

Ақсу-Аюлы ауылдық округі бойынша 2015 жылы «Шет Көмек» несиелік серіктестігі арқылы 2 шаруа қожалық 13 млн. теңге мөлшерінде несие алып, несиеге 10 бас жылқы, ауыл шаруашылық техникасын және құрал саймандар алды.



Жұмыссыздық бойынша

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты аясында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жұмыссыздықтарына байланысты өз істерін ашып кәсіпкерлікпен айналысу үшін 2015 жылы 5 адам несие алды. барлығы 13 млн.800мың теңге көлемінде несие алынды.

Оның ішінде: 11 млн 200 мың теңгеге 4 адам мал шаруашылығымен айналысуға, оған – 28 бас ірі қара, 22 бас жылқы, 10 бас қой сатып алынды және 2 млн 600 мың теңгесі шаштараз ашуға алынған.

2015 жылы жыл басынан жұмыссыздар есебіне 267 адам тіркелді. Оның ішінде 123 адам тұрақты жұмысқа орналысты. Жыл ішінде 87 адам ақылы қоғамдық жұмыстар істеді. Жыл аяғында жұмыссыздар есебінде 27 адам қалды.

2015 жылы Жұмыспен қамту Жол картасы бойынша Ж.Ақылбаев атындағы мектебінің жөндеу жұмыстарына еңбек биржасының жолдамасымен 18 адам және Агротехникалық колледжің жөндеу жұмыстарына 29 адам қатыстырылып, жұмыспен қамтылды.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жұмыссыздықтарына байланысты өз істерін ашып кәсіпкерлікпен айналысу үшін 5 адам 79 280 теңгеден барлығы 396 400 теңге қаржылай көмек алды.

Отбасы жағдайларына байланысты өтініштері бойынша 19 адам 531 176 теңге қаржылай көмек алды.



Әлеуметтік сала бойынша 2015 жылы аз қамтылған, жағдайы төмен 13 отбасындағы 65 адамға 1млн 206 мың 247 теңгеге атаулы әлеуметтік көмек жәрдем ақысы төленді.

18 жасқа дейінгі 121 отбасындағы 364 балаға 6 млн 39мың 461теңге жәрдем ақысы төленді.



Салық базасы бойынша Ақсу-Аюлы ауылдық округі бойынша 2015 жылға есептелінген жергілікті мүлік және жер салығы жоспары 252 432 теңге орындалып жергілікті бюджетке түсті.

2016 жылға салық базасын 13млн.260 мың теңгеге ұлғайту жоспарланып отыр. Оның ішінде:



  • Жеке табыс салығы - 5 млн. теңге

  • Жеке тұлғалардан алынатын көлік салығы – 8 млн. теңге

  • Мүлік салығы- 110 мың теңге

  • Жер салығы – 150 мың теңге.

Қаржы игерілімі бойынша Ақсу-Аюлы ауылдық округіне 2015 жылы бөлінген қаржы толығымен игеріліп, біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің аппараты 2015 жылы ауыл келбетін өзгертіп, ауылды абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бағытында жұмыстарды жүргізу үшін аудандық бюджеттен бөлінген 149 млн. 49 мың теңге қаржыға төмендегідей жұмыстар атқарылды:

Қолжетімді тұрғын үй - 2020 бағдарламасы бойынша 2015 жылы М.Жапақов көшесінде орналасақан 16 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, 16 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

2015 жылдың көктем айында су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге республикалық және аудандық бюджеттен барлығы 26млн.164мың теңге қаражат бөлініп 4 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Оның ішінде: 3 отбасыға Тлеулин көшесінен жаңадан тұрғызылған тұғын үйлер берілсе, 1 отбасыға дайын тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілді.

Сонымен қатар, ауылда өз қаражатымен тұрғын үй салушардың саны ұлғайуда. 2015 жылдың өзінде тұрғын үй салу мақсатында 12 адам жер учаскелерін алып, тұрғын үй салуға ниеттерін білдірді.

Ауыз су мәселесіне келсек Ақсу-Аюлы ауылдық округінде барлығы 600 тұрғын үйге су тартылып, пайыздық мөлшерде 84% болып отыр. Су тарту жұмыстары «ШетКоммунСервис» КМК арқылы жүргізіледі. 2015 жылы 21 тұрғыннан сү жүйесін тартуға өтініштер түсіп, тұрғын үйлеріне су жүйесін тарту жұмыстары жүргізілді.

Автомобиль жолдарында көлік қызметін қамтамасыз ету бойынша:

1. Ақсу-Аюлы ауылындағы С.Сейфуллин көшесімен Ә.Хасенұлы көшелерінің жолың орташа жөндеу жұмыстарын мердігер «Бірлік» ЖШС-гі (34 млн. 151 мын теңге соммасына) жүргізді.

2. Ақсу-Аюлы ауылындағы мемлекеттік кірістер басқармасы алдындағы жолдың орташа жөндеу жұмыстарын мердігер «Бірлік» ЖШС-гі (5 млн. 751 мын теңгеге) жүргізді.

3. Ж. Күлейменов көшесінің 3 және 5 қиылыстарының жолын орташа жөндеу жұмыстарын мердігер «Кaplan-Group» ЖШС-гі (10 млн. 216 мын теңге соммасына) жүргізді.

4. Ақсу-Аюлы ауылының, С.Сейфуллин көшесі бойында орналасқан «Автостанция» аланың орташа жөндеу жұмыстарын мердігер «Кaplan-Group» ЖШС-гі (2млн 204 мың теңге соммасына) жүргізді.

4. Ақсу-Аюлы ауылының ішкі жолдарының шұнқырларын ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша, өнім беруші «Кaplan Group» ЖШС-гі (1млн. 309мың теңге қаражатқа) жүргізді.



Жарықтандыру жұмыстары бойынша:

  1. Тлеулин, Құмжон, Күлейменов көшелерінің бойына барлығы 75 дана күн көзінен қуат алатын жарықтандуру нүктелерін орнату жұмыстарын өнім беруші мердігер «Ғайса-KZ» ЖШС-гі (келісім шарт бойынша 17 млн 400 мың теңге соммасына) жүргізді.

  2. Жапақов көшесінің жолының жиегіне күн көзінен қуат алатын бағана шамдарын орнату жұмыстарын мердігер «Ғайса-KZ» ЖШС-гі (800 мың теңге соммасына) жүргізді.

Абаттандыру жұмыстары бойынша:

  1. Тлеулин көшесінде орналасқан орталық саябақты абаттандыру жұмыстарын мердігер «Авто-Бан» ЖШС-гі (36 млн. 173 мың теңге соммасына) жүргізді. Саябақтың ішіне: тротуар төселді, жаңадан қоршау орнатылды, шырша ағаштары отырғызылды, балалар ойын алаңы, күн көзінен қуат алатын жарық нүктелері, сахна орнатылды, көпфункционалды теннис корты, саябандар, орындықтар, қоқыс төгетін жәшіктер орнатылды, күзетшілер бекеті және дәретханасыда қарастырылған.

  2. Дербісалы батыр көшесінің төменгі жағынан Дербісалы батыр ескерткіші орнатылатын алаңды абаттындыру жұмыстарын «Шет-құрылыс» ЖШС-гі (7млн 176 мың теңге соммасына) жүргізді. Ескерткіштің алыңы брусчатка төселіп, қоршаулар, орындықтар, қоқыс жәшіктері, жарықтандыру нүктелері, гүлзарлар және тал көшеттері отырғызылды.

Ауылды көркейту, санитарлық тазазалау, көгалдандыру жұмыстары бойынша:

    • Балқаш қаласынан ауылға кіреберіс жолдың оң жақ жиегінен «Ақсу-Аюлы» стелласын орнату жұмыстарын «Центр европоставок» ЖШС-гі (3млн 304 мың теңге соммасына) жүргізді.

    • Балқаш қаласынан ауылға кіреберіс жолға, ветеринарлық станция мекемесінің жанынан арка орнату жұмыстарын «Шантин» ЖШС-гі (946 мың теңге соммасына) жүргізді.

    • Ә.Хасенұлы көшесіне және Дербісалы батыр, Тлеулин көшесінің қиылыстарына жаңадан металды профильді қоршауларды орнату жұмыстарын ЖК «Д.Боранбаев» (2млн 222мың теңге соммасына) жүргізіді.

    • С.Сейфуллин көшесінде орналасқан №1 саябақтың ішіне, балалар және жасөсіпірімдер спорт мектебінің жанына, жаңадан балалар ойын алаңдары орнатылды.

    • Ауылды көркейту жұмыстары бойынша ауыл ішінде орнатылған барокко стиліндегі қоршаулардың сынған бөліктерін қайта жөндеп, ауыстыру және оларды бояу жұмыстары жүргізілді.

    • Шортанбай жырау көшесіндегі Ы.Алтынсарин мектебіне қарама-қарсы орналасқан екі қабатты тұрғын үйдің сыртын бояу жұмыстарын ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыскерлері жүргізді.

    • Қарағанды қаласынан ауылға кіреберісте орналасқан арканы бояу жұмыстарын ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыскерлері жүргізді.

Сонымен қатар, Ақсу-Аюлы ауылында орналасқан бір қатар мекемелірдің ғимараттарының сырттары қапталып, жөндеуден өткізілді. Оның ішінде:

    • Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының сыртын металлосайдингпен қаптау, кіреберіс бөлмені пластикпен қоршап, плитка төсеу жұмыстарын «Хынар» ЖШС-гі жүргізді.

    • Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратын сыртын қаптау жұмыстары жүргізілді.

    • Аудандық экономика және қаржы бөлімінің ғимаратын сыртын металлосайдингпен қаптау жұмыстары жүргізілді.

Санитарлық тазалық жұмыстары бойынша көшелердің тазалығы үнемі басты назарға алынып, сенбіліктер тұрақты ұйымдастырылып отырылды. Санитарлық тазалық жұмыстары бойынша аудан халқының әлеуметтік –тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында елді мекендерді көріктендіру, санитарлық және экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес 2015 жылдың сәуір айының 6 мен 29 мамыр аралығында «Елді мекендерді санитарлық тазалау,көркейту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі екі айлық» өткізілді.

Көктемгі екі айлық аясындағы жұмыстарға Ақсу-Аюлы ауылдық округі бойынша жалпы 50 ұжым, 200 адам қатысты, 5 техника оның ішінде 2 тиегіш, 3 жүк тасымалдайтын техникалар тартылып,60 тұрмыстық қалдық орындарынан 3 500 тонна күл-қоқыс сыртқа тасып шығарылды. 100 метр қоршаулар жөнделіп, сырланды, 70 дана ағаштар санитарлық кесуден өткізіліп, 15 дана ағаштар отырғызылды.

Участкелік полиция инспекторларымен бірлесе санитарлық талаптарды өрескел бұзған жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 505 бабы негізінде 77 ресми ескертулер берілді.


    • Көктемгі су тасқынын алдын алу мақсатында ауыл ішіндегі өзектердің, арықтардың бойын қазып тазалау, кеңейту жұмыстарын «Нұрлыұлан» ЖШС-гі (1млн 590 мың теңге қаражатқа ) жүргізді.

    • Күл қоқыс төгу алаңын (полигон) тазалау жұмыстары бойынша мердігер ЖК «А.Амирова» келісім-шарт бойынша 450 мың теңге соммасына тазалау жұмыстарын жүргізді.

Қыс айларында ауыл ішінде жолдарды, Ақтөбе, Қайрақты, Еңбекшіл, Ақсу ауылдарының жолдарын қардан тазарту жұмыстары «ШетКоммунСервис» КМК-ны арқылы тұрақты түрде жүргізіліп отырылады.

Сондай ақ, өз күштерімен ауылдың тазалығына атсалысқан ауылдың азаматтары Дүйсенбаев Жетпіс, Мустафа Нұрхан, «Тазалык» ЖШС-гі Амиров Құрманғазы, «ШетКоммунСервис» КМК – Социал Саят бірталай иесіз жатқан күл-қоқыстарды сыртқа шығарып, бірнеше үйлердің маңайына тазалық жұмыстарын жүргізгені үшін рахметімізді айтамыз.

Жекелеген тұрғындар тарапынан күл-қоқыстарды жол жиегіне, арыққа, көше жаққа, ауыл жанындағы тау арасына төгу фактілері орын алды. Бұған аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері шара қолданып, бұндай кемшіліктерге барлық жұртшылық болып жол бермеуіміз керек.

Ішкі саяси тұрақтылық пен баспасөзге жазылу және діни бірлестіктермен атқарылып жатқан жұмыстар туралы

2015 жылы Ақсу-Аюлы ауылдық округі бойынша баспасөзге жазылу 100 пайызға толық орындалды.

Ақсу-Аюлы ауылдық округінде мемлекеттік және ресми мерекелер өз мәнінде ұйымдастырылып, үнемі концерттік бағдарламалар, салтанатты шерулер, спорттық іс-шаралар өткізіліп отырады. Ауылда діни мерекелерде әрдайым үлкен жиналыстар, жастар арасында құран оқудан жарыстар ұйымдастырылып тұрады.

Конституциямыздың және Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Осы мерекелерді басшылыққа ала отырып, әр айтулы мереке сайын, ауылдағы аз қамтылған отбасыларына, көп балалы шаңырақ иелеріне, үлкен кісілерге құрмет көрсетіліп, тұрмыстық керек жарақ, азық-түлік себеттері табыс етілді, жыл аяғында 10 жанұя «Шет Шұғыласы» газетіне ауыл әкімшілігі тарапынан тегін жазылды.

Жас жеткіншектерге  діни тәрбие беру, Ислам діні туралы кеңінен түсіндіру мақсатында «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Берік Алпысбайұлы оқушылармен кездесулер өткізіп тұрады.

Мүбарак болған мәуліт айында, еліміздің барлық аумағында рухани кештер өткізілген. Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің ұжымыда 2015 жылдың 18 ақпан күні Мәуліт мерекесін атап өтті. Мерекелік шараға Қарағанды облысының орталық мешітінің наиб имамы Жақия Мерей, Қарағанды облысы орталық мешітінің ұстазы әрі белгілі  теолог Нұрбол Тағаев, Қарағанды қалалық №1 мешіттің наиб имамы Ермахан Оралбай, айтулы айтыскер ақындар — Дидар Қамиев, Мақсат Аханов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Смағұлов Елдос, аудан тұрғындары және мешіт имамдары қатысқан болатын.

2015 жылы жұма күндері бірқатар Шет ауданы Агротехникалық колледжінде студенттермен кездесу өткізіліп, «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Берік қажы Алпысбайұлы колледж студентеріне қазіргі кездегі әлем бойынша сонымен қатар Қазақстанда кең таралып келе жатқан жат ағымдар туралы түсінік беріп келеді. «Экстремизм және терроризмнің алдын алу жолдары» тақырыбында баяндама оқылып тұрады. Теріс тәрбие беретін, мұсылмандарға қарсы шығушы жат ағымдардың жетегінде кетпеу үшін «Жастарға экстремизмге қарсы» бейне материалдар көрсетіліп келеді. «Жанқұтты би» мешітінде «Экстремизм – тұрақтылыққа  төнген қауып» деген тақырыпта және т.б. дөңгелек стөлдер жиі өтіп тұрады. Жиынға жасөспірімдер, қызыметкерлер, ауыл ақсақалдары қатысады. Бас имам Б.Алпысбайұлы  экстремизм, терроризм және жат ағымдар туралы мол ақпарат беріп келеді. Үлкен өмірге аяқ басқан жоғары сынып оқушыларына діни сауатты мешіттен алғандары дұрыс екендігіне ерекше назар аударылған. Жас ұрпаққа жөн сілтеп, дұрыс пен бұрысты айыратын бағыт-бағдар көрсету, тәлім мен тірбие беру – сіз бен біздің міндетіміз.

Жастарды жұмыспен қамту, жастарды мерекелік шараларға тарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы

Жастар орталығы және Ақсу-Аюлы ауылдық әкімшілігің ұйымдастырумен Ақсу-Аюлы ауылындағы жас мамандар, ауыл жастары көптеген мерекелік іс-шараларға белсене араласып келеді. Атап айтсақ: Жеңістің 70 жылдығына орай «Ұлы Жеңістің 70 жылдығына 70 күн» атты акция аясында Балқаш қаласынан эстафета қабылданып, ол бірер күдерден кейін келесі кезекте тұрған Ақтоғай ауданына табыс етілді. Қуғын сүргін құрбандарын еске алу т.б. іс-шараларға, «Ардағым – Ардагерім», «Нашақорлыққа жол жоқ» және т.б. осындай акциялар, дөңгелек үстелдер жиі ұйымдастырылып, ауыл жастары белсене қатыстырылады.

Шет ауданындағы «Жанқұтты би» мешітінде Құрбан айт қарсаңында ауылдың әрбір үйінде дайындық жүргізіліп, үйдің іші-сырты күл-қоқыстан тазартылады. Ауданның Бас имамы Маханбетчин Берік қажы мешіттің іші-сыртын тазалауды істің басы деп санап, дайындықты бір ай алдын бастап, осы дайындықта «Жасыл ел» жастар жасағымен ауыл жастары белсене қатысты.

Жастарды жұмыспен қамту, оларды мерекелік шараларға тарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айта кетсек, Шет ауданының кәсіпкерлік палатасында ауыл жастарын кәсіпкерлікке тарту мақсатында үнемі жиындар, дөнгелек үстедер, «Бизнес жол картасы-2020», «Жұмуспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы және т.б. бағдарламалар бойынша оқылар өткізіліп отырады.

2015 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Ақсу-Аюлы ауылдық округінен облыс әкімінің грантымен 4 жас кәсіпкер марапатталды.

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жастары «Жасыл ел» жастар жасағында 57 жас Ақсу-аюлы ауылында жұмыс істеді. Атап айтқанда, «Жасыл ел» жастар жасағы маусым, шілде, тамыз айларында 20 баладан жұмыс істеп, еңбектенді. Ауылды көгалдандыру, санитарлық жұмыстары бойынша ауылымыздың көшелерін күл-қоқыстардан тазартып, гүл егіп, тал отырғызып, шарбақтарды сырлап, талдарды, бордюлерді әктеп, парк, скверлерді күтіп ұстау, тазалау, көгалдандру жұмыстарын істеп, еңбектеніп, ауылымызды көркейтуге ат салысты. Олар күніне 6 сағат жұмыс істеп, бір айда әр балаға 36 800 теңге жалақы төленді. Оның ішінде 19 300 теңге «Кемеңгер жол» ЖШС-гі төлесе, 17 500 теңге Республикалық бюджеттен бөлінді. Қыркүйек, қазан айларында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша Шет агротехникалық колледжінің студенттері жұмысқа тартылып, ауылды көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары бойынша 37 жас жұмыс ақтарды.

Жастарымыз Төменгі Қайрақты ауылында өткен жастар форумына, өз ауылымызда өткен мәдени іс-шараларға да белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2015 жылы Ақсу-Аюлы ауылдық округінде 10 жас маман әр қайсысы 138 740 теңгеден қаржылай көтерме жәрдемақы алды және бюджеттік кредит арқылы барлығы 20 млн 811 мың теңге қаражатқа 7 жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді.



Спортты және білімді жетілдіру

2015 жылы Ақсу-Аюлы ауылында орналасқан Ж.Ақылбаев атындағы мектеп күрделі жөндеуден өтті және мектеп ішінен ауылымыздың тумасы Ж.Ақылбаев атындағы мұражай ашылды.

Ы.Алтынсарин атындағы мектептін шатыры толығымен күрделі жөндеуден өткізілді.

Ы.Алтынсарин атындағы және Ж. Ақылбаев атындағы мектеп оқушылары Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары бойынша жақсы балл жинап, алдынғы орындардан көрінуде. Бұл оқушыларға жоғары оқу орындарына грантқа түсіп, тегін білім алуға мүмкіндіктер туғызуда. Осы көрсеткіштер білім саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар және мектеп қабырғаларында беріліп жатқан сапалы білімнің нәтижелері деп білеміз.

Денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан салауатты өмір салтын насихаттау бағытында көше бойында баннерлермен тартпалар орналастырылды.

Ақсу-Аюлы ауылдық округінде мекемелер, оқушылар, жастар арасында волейболдан, футболдан, қазақша күрестен тағы басқа спорт түрлерінен түрлі жарыстар өткізіліп тұрады. Ақсу-Аюлы ауылы спортшылары үнемі барлық деңгейдегі спорт жарыстарына қатысуда және спорттың жазғы және қысқы түрлерінен аудан бойынша жүлделі орындар алып, дүбірлі додалардан жеңімпаз болып оралуда.

Спортты жетілдіру бағытындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарда аз емес. Ақсу-Аюлы ауылдық округінің спортшылары 2015 жылы Ақадыр кентінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған XVIII аудандық «Сарыарқа-2015» жазғы спартакиадасына ауылымыздан спортшылар қатысып, ауылымыздың абыройын түсірмей, спорттың 18 түрінен Ақсу-Аюлы ауылдық округі жалпы командалық есепте III-орынды иеленді. Осы аудандық Спартакиададан іріктелген ауылымыздың спортшылары, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде өткен облыстық XXIX «Сарыарқа-2015» жазғы Спартакиадасына қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Ұлттық күресіміз Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін республикалық «Жас барыс» және облыстық «Жас барыс» атты турнирге іріктеу үшін Ақсу-Аюлы ауылында аймақтық барыс және Шет ауданының «Жас барыс» атты жарыс өткізіліп, жастар арасында ауылымыздың намысын қорғаған бірнеше жас палуандарымыз қатысып, жүлделі бірінші орындарға ие болып Шет ауданының «Жас барысы» атанды. Қарағанды қаласында өткен турнирде ауылымыздың спортшылары облыстық «Жас барыс» турнирінде жеңімпаз атанып, ауданымыздың атын шығарып, мерейін асқақтатты. Сонымен қатар, қазақша күрес, дзюдо күресі, басқада көптеген спорт түрлерінен ауылымыздан шыққан талай спортшыларымыз әлемдік жарыстарда Қазақстанның атын шығарып, намысын қорғап, көк туымызды желбіретіп, талай биіктерді бағындырып жүр.

Отбасы күніне арналған ата-аналар арасында «Толағай» спорттық сайысы өткізілді.

Жақын арада, алғаш рет Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің кубогына арналған волейболдан ауданаралық ашық біріншілік өткізілді.

Бұл жарыстарды өткізудегі мақсатымыз, тұрғындарды бұқаралық спортпен шұғылдануға тарту, денсаулықты сақтау, денсаулықты нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауылымызда спорт ойындарын насихаттау және одан әрі дамытуға бағытталған шаралар.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсiм, реформалар, даму» Жолдауында Елбасы айтқандай, әлемдiк қоғамдастықтың бiр мүшесi болғандықтан, дүниежүзiлiк дағдарыстан айналып кете алмайтынымыз анық. Осындай кез — нағыз бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығарып, бiрлiктiң маңызын түйсiне түсетiн кез.«Бiрiмiз бәрiмiз үшiн, бәрiмiз бiрiмiз үшiн» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиiспiз. Сәт сайын құбылған аласапыранға сай амал табуымыз керек. Бiз де заманның беталысына қарай, межелерiмiздi белгiлеп, жоспарларымызды жөндеп отыруымыз қажет.

Елбасы Жолдауының қағидаларын толық қолдай отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін, Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппараты ағымдағы жылға және жақын перспективаға арналған іс-қимыл жоспарын бекітілген Ақсу-Аюлы ауылының 2014-2018 жылдарға арналған элеуметтік-экономикалық кешенді даму жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

2016 жылы Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің аппараты төмендегі жұмыстарды жүргізу жоспарлап отыр:


  1. Күлейменов көшесінің №2-6 қиылысындағы жолдарды орташа жөндеу жұмыстары.

  2. Мәдениет үйінің алдындағы автотұрақ алаңын асфальттау жұмыстары.

  3. С.Сейфуллин көшесінде орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескертікіштің алаңын абаттандыру жұмыстары.

  4. Ақсу-Аюлы ауылындағы көп қабатты тұрғын үйлердің жанындағы күл-қоқыс төгетін контейнерлерді қоршау және әжетханалар орнату жұмыстары.

  5. Ақсу-Аюлы ауылдық округіне қарасты полигонды қоршау, су ағар қаздыру және тал көшеттерін отырғызу жұмыстары.

2016 жылы Ақсу-Аюлы ауылыдық округі бойынша жергілікті мүлік және жер салығынан ҚҚБШ-на жобамен 12 645 000 млн теңге түсуі жоспарланып отыр. ҚҚБШ-ға түскен қаржыларды төмендегідей игеру жоспарланып отыр:

  1. С.Сейфуллин көшесіндегі жолдың жиегіне тротуар төсеу жұмыстары.

  2. Дербісалы батыр көшесіне металды профильді қоршау орнату жұмыстары.

3. Тлеулин көшесіндегі орталық саябақтың ішіне спорттық құрал-жабдықтар орнату жұмыстары

4. Ақсу-Аюлы ауылдық округінің Қайрақты ауылының көпірін жөндеу жұмыстары.

5. Құмжон көшесіне баратын айналма жолын көтеру, жөндеу жұмыстары.

6. Ауыл ішіндегі көшелердің бойына жаңадан билбордтар орнату жұмыстары.

7. Көшелердің бойына балалар ойын алаңдарын орнату жұмыстары.

8. Ауыл ішінде иесіз жатқан ғимараттармен боқаттарды тазалау жұмыстары.

Сөзімді аяқтай келе алдағы уақытта, атқарылған жұмыстармен қатар, ауылымызды көркейту үшін, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту бағытында алдымызда көптеген маңызды мәселелер тұр. Бәріміз бір кісідей, бірлікпен ауылымыздың гүлденуіне аянбай еңбек етіп, ат салысуымыз қажет.

Тыңдағандарыңызға рахмет!



Ақсу-Аюлы ауылдық

округінің әкімі Б.М.Арыстанбеков


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет